Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:36, курсовая работа
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу – бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді. Салықтан жалтарғаның, халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.
Кiрiспе……………………………………………………………………………. 3
IСалықтардың экономикалық мәні мен түрлері
1.1. Салық жүйесі және оның даму тарихы..……………………………………4
1.2. Салық саясаты ..........................................................…………………………6
II. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесi………………………………20
2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюдеттегі салық түсімдерін
талдау ..............................................................................................................24
III Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары
3.1 ҚР салық жүйесін дамытуда кездесетін мәселелер ....................................26
3.2 Салық жүйесін жетiлдiру жолдары ..............................................................30
Қорытынды …………. …………………………………………………….….33
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………….35
Бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн салық төлеушi мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жасайды. Ал, шет тiлiнде жасалған құжаттамалар мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аударылады.
Есеп құжаттамасы электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеушi мониторинг кезiнде және тексеру барысында салық органдырының талап етуi бойынша мұндай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн беруге мiндеттi.
Салық объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң бөлек-бөлек есебi жүргiзiледi. Мұндай есептi бухгалтерлiк есеп деректерi негiзiнде есеп-қисапты жүзеге асыру арқылы, әрбiр қызмет түрі бойынша бөлек жүргiзедi. Белгiлi бiр қызмет түріне жатқызылған барлық кiрiстер мен шығыстар тиiстi есеп құжаттамасымен расталуға тиiс.
Салық есептiлiгi - салық төлеушi, салық агентi салық органдарына табыс ететiн, салық мiндеттемелерiн есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.
Салық
есептiлiгiне мынадай құжаттар, сондай-ақ
олардың қосымшалары мен
Салық есептiлiгiн салық төлеушi, салық агентi не олардың өкiлдерi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша дербес жасайды. Салық есептiлiгi қағазда немесе электрондық көздерде мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жасалады. Салық есептiлiгi электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеушi, салық агентi салық органдарының талап етуi бойынша осындай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi. Қағазға тiркелген салық есептiлiгiне салық төлеушi, салық агентi қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушiнiң, салық агентiнiң мөрiмен расталуға тиiс. Салық есептiлiгi электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушiнiң электрондық сандық қол таңбасымен куәландырылуға тиiс. Салық төлеушi жеке тұлғаның өзi болмаған не ол iс-әрекетке қабiлетсiз болған жағдайда, салық есептiлiгiне оның өкiлi қол қойып, куәландырады. Салық төлеушiнiң, салық агентiнiң салық есептiлiгiн жасау жөнiнде қызмет көрсететiн өкiлi оған қол қойып, мөр басуға және өзiнiң салық төлеушi ретiнде тiркеу нөмерiн көрсетуi тиiс. Есептердiң дұрыстығына салық агентi жауап бередi.
Салық төлеушi қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда, қайта ұйымдастырылған, таратылған әрбiр салық төлеушiге салық кезеңi басталғаннан қайта ұйымдастырылу және тарату аяқталған күнге дейiн тиiсiнше бөлу, тарату және өткiзу баланстарының негiзiнде салық есептiлiгi бөлек-бөлек жасалады. Мұндай есептiлiк салық органдарына қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап он бес күн iшiнде табыс етiледi.
Салық төлеушiлер, салық агенттерi салық есептiлiгiн өз қалауы бойынша:
II. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салықтардың түсімін талдау
2.1.
Қазақстан Республикасының
салық жүйесi
Салық жүйесін мемлекет пен
жеке және заңды тұлғалар
Салық жүйесі мемлекет қаржы
көздерін жасаудың ең негізгі
құралы болуымен қатар ел
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың
25 желтоқсанында қабылданған ҚР
Салық жүйесі туралы Заң
Осы Заң бойынша алғаш рет ҚРда 42 салықтың түрі қызмет етті және олар 3 топқа бөлінді:
- жалпы мемлекеттік салықтар - 10;
- міндетті
түрде төленетін жергілікті
- жергілікті салықтар мен алымдардың түрлері – 18 түрі.
Бұл салықтардың негізін табыс салығы, пайдаға салынатын салық, қосылғын құнға салынатын салық, акциз салығы, жер салығы және т.б. салықтар құрады.
Алғашқы салық жүйесінің
Аталмыш концепцияны іске
1999 жылы салық жүйесі 5 рет күрделі өзгерістерге ұшырады. Осыған орай 2000 жылы 1 қаңтарынан бастап ҚРда 17 түрлі салықтар мен алымдар қызмет етті. 4-ші кезеңде, яғни 2001 жылдың 12 маусымынан Жаңа Салық Кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап іске қосылды. Салық Кодексінде ҚРда қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда, 9 салық түрі, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттік баж, 4 кедендік алым белгіленген.
Қазақстан Республикасының салық жүйесiн мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдiстерi мен тәсiлдерi, салық заңдары мен салыққа қатысты актiлер, салық салу органдары мен салық қызметi құрайды.
Салық жүйесi мемлекет қаржы көздерiн жасақтаудың ең негiзгi құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндiрiстiң ұлғайып дамуына және саяси –әлеуметтiк шаралардың толығымен iске асуына мүмкiндiк туғызды.
Салық жүйесi дегенiмiз белгiленген тәртiппен жиналатын салықтар, алымдар бар төлемдерi және тағы да басқа төлемдердiң жинтығы болып табылады. Сонымен қатар кез-келген мемлекеттiң салық жүйесiн қалыптастыруға негiз болатын келесiдей мiндеттi элементтерi бар:
Салық жүйесi келесiдей экономикалық көрсеткiштермен сипатталады:
Салық
ауыртпашылығы дегенiмiз
Кейбiр
дамыған шет мемлекеттерде
Көптеген дамыған шет мемлекеттерде тiкелей салық салу кеңiнен қолданады. Себебi ол салық заңдылықтарның, салық аппараттарының қайта жаңарып жетiлiп отыруын талап етедi. Ал дамушы мемлекеттерде жанама салық салу формасы кеңiнен қолданылады. Себебi ол салық заңдылықтарының және салық аппараттарының өзгеруiн талап етпейдi. Салықтарды мынадай нышанды белгiлерi бойынша топтастырамыз немесе жiктеймiз:
- салық салу объектiсiне байланысты;
- қолданылуына қарай;
- экономикалық ерекшелiгiне байланысты;
- салық салу объектiсiн бағалау дәрежесiне қарай.
Салық жүйесi – нарықтық қатынастардың құрамдас бөлiгi. Қазақстан Республикасы егемендiгiн алғаннан бастап қоғамның қажеттiлiгiне жауап беретiн өз салық жүйесiн қабылдауы қажет болды. Осыған байланысты 1991 жылы 25 желтоқсанда ең алғашқы ¢¢Қазақстан Республикасының салық жүйесi туралы заңы¢¢ қабылданды.
Кез-келген елдiң салық жүйесi таңдалған салық салу обьектiсiне табыстарға немесе шығындарға тәуелдi болады. Нарықтық экономикасы тұрақты және өнеркәсiбi дамыған елдер үшiн салық салу обьектiсi ретiнде табысты ерекше қолдану моделiн пайдалану тән. Ал өтпелi кезеңдегi, яғни дағдарыстық жағдайдағы, оның есесiне салық салынатын базасы тар Қазақстан мемлекетi салық салу обьектiсi ретiнде шығындарды қолданады. Сонымен бiрiншi жағдайда белсендiлiк тұрде тiкелей салықтар, ал екiншi жағдайда жанама салықтар қолданылады.
Салық салу объектiсiне қарай салықтар - тiкелей және жанама салықтар болып жiктеледi.
Тiкелей салықтар дегенiмiз - тiкелей салық төлеушiден ұсталатын салықтар. Мысалы, табыс салығы, мүлiк салығы, жер салығы және тағы басқа.
Жанама салықтар - тiкелей емес жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.
Жанама салықтарға мына салықтар жатады:
Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейдi. Тауар немесе қызмет бағасына салық енгiзiлмегендiктен iс – жүзiнде оны сатушы аударады.
Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгiсiне қарай салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлiнедi.
Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салық, акциздер тағы басқалар.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгiленген мiндеттер бойынша нақтылы шараларға жұмсалады.
Информация о работе Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау