Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:36, курсовая работа

Описание

Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу – бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді. Салықтан жалтарғаның, халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.

Содержание

Кiрiспе……………………………………………………………………………. 3


IСалықтардың экономикалық мәні мен түрлері
1.1. Салық жүйесі және оның даму тарихы..……………………………………4
1.2. Салық саясаты ..........................................................…………………………6

II. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесi………………………………20

2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюдеттегі салық түсімдерін
талдау ..............................................................................................................24

III Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары

3.1 ҚР салық жүйесін дамытуда кездесетін мәселелер ....................................26

3.2 Салық жүйесін жетiлдiру жолдары ..............................................................30


Қорытынды …………. …………………………………………………….….33

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………….35

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВОЙ-САЛЫК.doc

— 276.00 Кб (Скачать документ)

      Экономикалық  белгiсiне қарай салықтар табысқа  салынатын салық  және тұтынуға салынатын  салық болып жiктеледi.

      Табысқа салынатын салық төлеушiнiң кез-келген салық салынатын объектiсiнен түсетiн табысынан  алынады.

      Олардың қатарына мына салықтар кiредi: заңды  және жеке тұлғалардан алынатын табыс  салығы, жер салығы, мүлiк салығы тағы басқалар.

      Ал  тұтынуға салынатын салықты, салық  төлеушi, тұтынушы ретiнде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзiнiң шығынынан төлейдi. Тұтынуға салынатын салыққа қосылған құнға салынатын салық және акциздер жатады.

      Салық салу объектiсi бағалау дәрежесiне қарай  нақтылды және дербес салықтар болып  жiктеледi.

  Нақтылы салықтар – салық төлеушiнiң  салық салу объектiсiнен алынатын табысының мөлшерiне байланысты емес, яғни салық төленушiнiң мүлкiнiң сыртқы белгiсiне қарай алынады.

Оларға  жер салығы, мүлiк салығы жатады.

      Дербес  салықтар салық төлеушiнiң салық  төлейтiн объектiсiнен алынатын табыстың мөлшерiне байланысты алынады.  Оларға  заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жатады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2. Қазақстан Республикасы  мемлекеттік бюдеттегі  салық түсімдерін  талдау 

     Бюджеттiң  қалыптасуында салықтар үлкен маңызға ие. Сонымен ҚР салық жүйесінде төмендегі салық түрлері бар:

    • корпорациялық табыс салығы;
    • жеке табыс салығы;
    • әлеуметтiк салық;
    • жер салығы;
    • көлiк салығы;
    • акциздер;
    • қосылған құн салығы;
    • мүлiк салығы;
    • жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары мен арнаулы төлемдерi.

       Төмендегi кестеден мемлекет бюджетiндегi салықтардың түсiмiнiң көлемi мен әрбiр салықтардың алатын үлесiн  келесi  кестелерден  танысамыз. 

Кесте-1

      Қазақстан  Республикасы  салық  жүйесiндегi салықтардың  орындалуы 

      Мың тенге

 
Салықтар
Жылдар 
2004 2005 2006
Корпорациялық табыс салығы 10107922,5 4951686,0 7276365,1
Жеке  табыс салығы 1590348,4 2043308,2 2656696,5
Әлеуметтiк  салық 5044295,1 5862455,4 6456900,5
Жер салығы 338337,5 338359,3 331144,0
Көлiк  салығы 366554,0 376910,0 305750,0
Акциздер 3127972,2 2920483,1 6155958,4
Қосылған  құн салығы 3242333,1 4435230,2 5782774,2
Мүлiк  салығы 494640,4 570755,1 782773,7
Жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары  мен арнаулы төлемдерi  
24048,1
 
45891,8
 
65032,2
Барлығы: 24336451,3 21545079,1 29813394,6
 
 
 
 

      Жоғарыдағы кестедегi мәлiметтер  бойынша салықтардың жалпы көлемi  2004 жылы  29813394,6 мың тенгенi құраған. Салықтардың көлемiне жеке –жеке тоқаталатын болсақ: 

- корпорациялық  табыс салығы  - 7276365,1 мың тенгенi
- жеке  табыс салығы - 2656696,5 мың тенгенi
- әлеуметтiк  салық - 6456900,5 мың тенгенi
- жер салығы - 331144,0 мың тенгенi
- көлiк  салығы - 305750,0 мың тенгенi
- акциздер - 6155958,4 мың тенгенi
- қосылған  құн салығы - 5782774,2 мың тенгенi
- мүлiк  салығы - 782773,7 мың тенгенi
- жер  қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi - 65032,2 мың тенгенi құраған
 

      Кейбiр  дамыған шет мемлекеттерде бюджеттiң  кiрiс көзi ел iшiндегi саудадан немесе iшкi саудадан қалыптасады. Себебi бұл мемлекеттер экспортқа тек дайын өнiмдер шығарады, оған белгiленген кедендiк баж төлемдерiнiң денгейi өте төмен болады. Сондықтан бюджет тек iшкi сауда есебiнен қалыптасады. Ал дамушы мемлекеттер  экспорттқа тек шикiзат шығара алады және оған жоғары ставкiлермен кедендiк төлемдер белгiленедi. Сондықтан бюджет тек сыртқы сауда есебiнен қалыптасады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

III Қазақстан Республикасының  салық жүйесін  дамыту жолдары 

3.1 ҚР салық жүйесін  дамытуда кездесетін  мәселелер 

      Мемлекет  белгiлi бiр таптардың мүдделерiн қорғай отырып, бiр жағынан, қоғамдық қажеттiлiктi қамтамасыз ету мүмкiндiгiн анықтайды, ал екiншi жағынан, осы қажеттiлiктi  қамтамасыз ету жолдарын  iздестiрiп, жүзеге асырады.

   Мемлекеттiң нарықтық экономикада   атқаратын  қызметтерiн  мына топтарға бөлуге болады:

        -  тиiмдiлiктi қамтамасыз ете отырып,  монополияға  жол бермеу;

    • нарықтық жүйе еңбекке жарамсыз топтар мен  балалар, қарттарға мемлекет әлеуметтiк  әдiлеттiлiктi қамтамасыз етуге тырысады;
    • бағаның өзгеруi мен  бағалық мехзанизмдi ретке келтiредi:
  • прогрессивтi салық салу;
  • зейнеткерлер, еңбекке жарамсыз, көп балалы, жұмыссыздар, әлеуметтiк мұқтаж азаматтардың табыстарын  қорғау шараларын қарастыру.
    • экономикалық   тұрақтылықты  сақтау;
    • шаруашылық жүргiзу туралы бекiтiлген  шешiмдердi заңдылық- құқықтық жағынан  қамтамасыз ету;
    • несие саясатын жүргiзу, ақша айналымын тұрақтандыру.

    Жалпы мемлекеттiң  саладағы саясаты  екi бағытта жүргiзiледi:

    • бiлiм беру, денсаулық сақтау, экология сферасында күрделi мемлекеттiк әлеуметтiк бағдарлама бекiтiлiп жүзеге асырылуда;
    • нарыққа көшуге байланысты  халықты әлеуметтiк жағынан қорғау.

    Экономиканы реттеуде  мемлекет әртүрлi тәсiлдер қолданады:  әкiмшiлiк - құқықтық, ақпарат хабарлармен, қаржы бөлу, экономикалық тетiктер (салық, несие, баға тағы басқалар) мемлекеттiк тапсырыс, лимиттер мен квоталар тағы басқалар.

    Нарықтық  қатынастар жағдайында  салықтарды мемлекет тек экономикалық  әсер етушi құрал ретiнде ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан әлеуметтiк процестерге әсер ететiн негiзгi реттеушi ретiнде  пайдаланады.

    Салықтар өте күштi әлеуметтiк  құрал болғандықтан оларды тиiмдi және өз бағыттарында пайдалану керек. Салықтық заңдылықтұ құрайтын салықтар туралы, салық салу, салық жүйесi туралы және тағы да  басқалар ғылыми негiзделген бiлiмдi қажет етедi.

    Мемлекеттiң  экономикасын  көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық тұрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Қоғамның тарихында  салықтық формаларымен әдiстерi  мемлекеттiк сұранымды  және қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге ұшырайды. Олардың қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге  ролi  де өзгерiп отырады.

    Тауар – ақша  қатынастары неғұрлым дамыған елдерде  салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi.

    Қай мемлекетте  болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды түрде бекiтедi.

    Жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады.  Бұл бағытта ең негiзгiлерiн мүлiк салығын,  акциздердiң  және басқа да салықтардың  мәнiн арттыру. ұқсас жағдайларда  салық салудың шамамен  тең тәртiбi қолданылатын болады.

    Салық салу механизiмi кез - келген  экономикалық жүйенiң күрделi бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тәсiлi ретiнде орын алып,  оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк және экономикалық саясатының жетiстiктерiне әкеледi.

     Кез - келген  елде, мемлекет шығындары мен салық салу мәселелерiне өте көңiл бөлiнедi.

    Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарда басты рол атқарады да, экономиканы басқарудың күштi ынталандырушы құралы болып келедi. Әсiресе, олар ғылыми –техникалық прогрестi жеделдетуге, анти инфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендi орын алады.

    Сондықтан салықтарды төлеу - төлеушiлер үшiн онша қызық  iс болып келмегенмен өте қажеттi де маңызды iс болып табылады. 

    Дүние жүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бүкiл өркениеттi мемлекеттердегi салықтық реттеу несие - қаржылық реттеумен бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономканы жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп,  мемлекеттiк экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар қоғамның экономикасын тұрақтандыруын және әлеуметтiк теңдiктi қамтамасыз ететiн маңызды элементтерi болып келедi.

    Қазiргi  кездегi  жағдайларға салықтардың мәнi мен ролi мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен  қаматамсыз ету  шекарасынан  шығып отыр.

    Ендi, салықтар ұлттық табысты  мемлекеттендiрудiң маңызды құрамы бола бастады.  Олар макроэкономикалық  реттеуге белсендi араласа отырып, iшкi ұлттық табыстың жалпы көлемiнде салықтық  төлемдердiң салыстырмасы  мөлшерiнiң  өсуiн қамтамасыз етiп отырады.

    Салықтар экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерге де әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әркет ете отырып, мемлекет капиталының қорлауына асқан ықпал етедi. Сондай-ақ салықтық реттеу шаралары әртүрлi  салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып капиталдық қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруна ықпалын тигiзедi.

    Үкiметiмiздiң алдында түрған мiндет ол  тұрақты қабылданған заңдардың негiзiнде қаржы жүйесiн тез арада қалпына келтiрiп, ондағы салық арқылы  түсетiн түсiмдердi реттеп, олардың дұрыс бөлiнуiн қамтамасыз ету болып табылады және де салықтар қазынаны толтырып қана қоймай өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы ролiн атқаруы қажет деп тұжырымға келемiн. Олар кәсiпкерлiкке  деген ынтаны тежеу механизiмi болып келемей,  керiсiнше оның тиiмдi әрекет етудiң  қосымша, бiрден бiр фактордың ролiн атқаруы қажет. Сондықтан бiздер салықтар жүйесiн жақсартуда әрқашан қарапайым және баянды принципiн естен шығармауымыз қажет.

    Салық төлеушi және жинаушы салық төлеу процесiнде  белгiлi бiр қарым-қатынасқа түседi. Бұл қарым-қатынас дұрыс, өзара тиiмдi әрi объективтi болса, соғұрлым  салықтық  жиналу денгейi де  жоғары болады. Салық жинауына әсер ететiн объективтi  және субъективтi жағдайлар бар. Олар: өндiрiс қаржысының төмендеуi, кәсiпорындар мен мекемелер арасындағы төлемақылар дағдарысы, заңды бiлмеу немесе оның алдындағы жауапкершiлiктiң төмендеуi, салық салу нормаларын бұзу, салық жүйесiндегi қызметкерлердiң жалақысының аздығы тағы басқалар.

Информация о работе Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау