№1 Тақырып. Басқару
психологиясы дербес пән ретінде.
Лекцияның мақсаты: Студенттерге басқару психологиясының
мәнін түсіндіру. Басқару психологиясының
негізгі мақсаты мен міндетін таныстыру,
басқару пәніне кіріспе жасау.
1.Басқару психологиясы: мақсаты,
міндеті, мазмұны және ерекшеліктері.
2.Басқарудың негізгі жолдары.
3.Басқарудың деңгейлері
және функциялары. Ұйымның мәні
және құрылымы.
1. Басқару қарым-қатынастарының
жүйесі екі әлеуметтік-психологиялық
феноменге арқа сүйейді:
- дербес басқару, яғни белгілі бір объектіге нысананы көздейтiн әсері;
- бағыну, яғни субъектінің нысананы көздейтiн әсеріне қабылдағыштық және ұшырағандық әсері. Ол адамдардың өзіндік бағыну сезіміне байланысты болып келеді.
Зерттеушілер бағынудың
үш түрін белгіледі:
- асауы (строптивое): қызметкер бағынуды мәжбүр етілген және сырттай байлалған қатынас сияқты қабылдайды; ол үшін бағыну және парыз түсінігі аса маңызды емес болып келеді;
- селқостық (равнодушное): қызметкер өз жағдайымен қанағаттанған, себебі маңызды шешім қабылдауға керек емес. “Басқарушы ойлансын” қағидасын қолданады.
- әрекеттік (инициативное): қызметкер бағынудың керектігін сезінеді және парыз сезімі әдетке айналып кетеді, бірақ әрекетті басып тастамайды.
Басқару психологиясының
өзінің пайда болуының және дамуының
екі басты көзі бар:
- тәжірибенің қажеттілігі. Қазіргі заманғы қоғамдық даму келесімен сипатталады: адам басқарудың объектісі де субъектісі де ретінде бола алады. Ол дегеніміз осы екі көзқарастардан адам туралы психикалық мәліметтерді есептеуді және зерттеуді талап етеді:
- психологиялық ғылымның даму қажеттілігі. Бұл жерде басты мақсат ол психикалық үрдістерді басқару, күйлерді, қасиеттерді және толығымен қызметті және адам мінезін басқара білу.
Қазіргі уақытта басқару
психологиясының объектісіне екі
көзқарас қалыптасты:
- объект болып келетін жүйелер «адам – техника» және «адам – адам», бұл жүйелер көмегімен басқаруды ықшамдау мақсатында қарастырылған болатын. Басқарушының психологиясын және басқарушы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу.
- Объект болып келетін тек қана «адам – адам» жүйесі, бұл жерде де сол бұл жүйемен басқаруды ықшамдау мақсатында қарастырылған. Аталған жүйемен бірге келесі кіші жүйелер қарастырылған: «тұлға – топ», «тұлға – ұйым», «топ – топ», «топ – ұйым», «ұйым – ұйым».
Басқару психологиясының
пәні деп, ұйымдардағы өзіндік тіл
табысу және әртүрлі біріккен қызметтерді
басқару үрдісінің психологиялық
аспектілері яғни басқарушылық қарым-қатынастардың
психологиялық аспектілері болып
табылады.
Басқарушы қызметінің психологиялық
аспектілері:
- Жалпы басқарушылық еңбектің психологиялық ерекшеліктері, оның әртүрлі салалардағы өзгешелігі:
- Басқарушы жеке тұлғасының психологиялық анализі,басқарушының жеке тұлғалық қасиеттеріне психологиялық талаптар.
- Басқарушылық шешім қабылдаудың психологиялық аспектілері.
- Басқарушының дара басқару стилі және оны өзгерту мәселелері.
Сонымен басқару
психологиясы дегеніміз – бұл психологиялық
ғылымның саласы, әртүрлі ғылымдардың
жетістіктерін басқару үрдісінің психологиялық
акспектілерін зерттеу саласында біріктіретін
және үрдістің тиімділігін арттыру
және ықшамдау бағыттарын қарастырады.
Басқару психологиясының
мақсаты – ұйымдық жүйелердің
өмірлік іс-әрекетінің сапасы мен
тиімділігінің жоғарлату жолдарының
жетілдірілуі.
2. Басқарудың негізгі
жолдары.
Ең алғаш басқарудың психологиялық
аспектілеріне анализ жасаған Фредерик
Тэйлор болатын. Ол өндірістің ең төменгі
деңгейіндегі техникалық операциялар
мен процедуралардың орындалуына
көптеген зерттеуілер жасаған. Осы
негізде Тэйлоризм концепциясы
пайда болады. Бұл концепцияны
«үнемді адам концепциясы» деп те
атайды.Осы зерттеулердің негізінде
Фредерик Тэйлор төмендегідей қағидаларды
ұсынған:
- Орындалуға тиісті жұмыстың көлемі арнайы әдістерді қолдану арқылы талдау жасау және жүзеге асыру.
- Белгіленген стандарттардан ауытқымау.
- Қызметкерлерді таңдау, оқыту, үйрету және жұмыс орнына орналастыру.
- Еңбек нәтижесіне байланысты жалақы төлеу.
- Функционалдық менеджерлердің еңбегін тиімді пайдалану.
- Басқарушы мен бағынушы арасындағы достық қарым-қатынасаты орнату.
Ғылыми менеджменттің
европалық мектептерінің ішіндегі
ең жарық бейнесі Анри Файоль болған.
Ол объектіні басқарудың кешендік көзқарасын
ұсынған. Яғни оған қатысты құрылымдық
бөлімшелердің барлық қызметін тиімді
пайдалана білу.Осы жағдайда объект
жақсы нәтиже алу үшін құрылған жүйе
ретінде қызмет жасайды. Осы негізде
Анри Файоль кез келген ұйымға тән
және оған қажетті функцияларды ұсынған:
- Техникалық функциясы – яғни өндіріс.
- Коммериялық функциясы – яғни сату, сатып алу және айырбас.
- Қаржылық функциясы – яғни капиталды тиімді пайдалану.
- Қауіпсіздік функциясы – яғнм адам меншігін қорғау.
- Экканутинг функциясы – бұл функция бухгалтерлік есеп және талдау, аудит және статистика бағытындағы қызметтерді сипаттайды.
- Басқару функциясы – яғни жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау ретінде көрсетіледі.
3.Басқарудың деңгейлері
және функциялары. Ұйымның мәні
және құрылымы.
Ұйым дегеніміз – басқарушы
еркімен құрылған, қызметтері саналы
түрде көздеген мақсатқа жету үшін
үйлестірілген екі немесе одан да
көп адамдардың жиынтығы.
Ұйымның үш сипаттамасы бар:
- Ресурстардың болуы.
- Сыртқы ортаға тәуелділігі.
- Еңбек бөлінісі. Оның екі түрі бар:
- Көлденең еңбек бөлінісі.
- Тік еңбек бөлінісі.
Көлденең еңбек бөлінісі
– нәтижесінде функционалдық
сипатына байланысты атқаратын жұмысына
байланысты бөлімшелер пайда болады.Тік
еңбек бөлінісі – нәтижесінде
басқарудың иерархиясы қалыптасады. Соның
нәтижесінде басқару деңгейлері
пайда болады.
Кез-келген ұйымға тән басқарудың
үш деңгейі бар:
- Техникалық – өндірістік операциялар мен процедуралардың дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Яғни төменгі буын ретінде қарастырылады.
- Басқарушылық – ол көлденең еңбек бөлінісі нәтижесінде пайда болады, бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. Бұл деңгей ортаңғы буын арқылы сипатталады.
- Институционалдық – ол ұйым көлеміндегі қабылданған шешімдерді жүзеге асырумен сол шараларға байланысты стратегиялар мен басымдылықтарды анықтау мүмкіндіктерін бейнелейді. Бұл деңгей жоғарғы буын арқылы сипатталады.
Жеке тұлғаның қызметкерлер
арасындағы мәртебесі жоғары болу үшін
оның атқаратын роліне жеткілікті көңіл
бөлуіміз қажет. Өндірісті басқарудың
және басқару қызметінің негізгі
элементі ретінде басқарушы ролі
қарастырылады. Осы салада жан-жақты
зерттеулер жүргізген Генри Минцберг
басқарушы роліне келесідей анықтама
берген:
Яғни басқарушы ролі –
белгілі бір мақсаттар мен
міндеттерді орындау үшін адамға
қажетті қасиеттер қабілеттіліктер
және мінез-құлық ережелерінің жиынтығы.
Генри Минцберг – кез-келген
басқарушыға және кез-келген қызметтерге
тән 10 рольді атап көрсеткен. Осы рольді
3 категорияға бөліп жіктеген:
- Жеке адамаралық рольдер категориясы:
1. Жетекшілер
2. Лидерлер
3. Байланыстырушы буын
2.
Информациялық рольдер категориясы:
1. Информация жіберуші
2. Информация қабылдаушы
3. Информация өкілі
3. Шешім
қабылдау рольдер категориясы:
1. Кәсіпкерлер
2. Ресурстарды бөлуші рольдер
3. Келіссөз жүргізуші рольдер
4. Қателікті жоюшы рольдер
Бақылау
сұрақтары:
Басқару психологиясы дегеніміз
не?
Басқару психологиясының
негізгі мақсаты, міндеті.
Басқару психологиясының
пәні.
Басқарушылық қызметтің
негізгі психологиялық аспектілері.
Ұсынылатын
әдебиеттер:
1. Е. Н. Мананикова «Психология
управления»
2. Ахтаева Н. С., Әбдіғапбарова
А. І., Бекбаева З. Н. «Басқару
психологиясы»
3. В. А. Розанова «Психология
управления»
№ 2 Тақырып. Басқару
қызметі субьектісінің психологиясы.
Лекцияның мақсаты: Студенттерге көшбасшы ұғымын
жете түсіндіру, олардың лидер болуға
деген талпынысын ояту, сонымен қатар
лидерліктің негізгі түрлерін олардың
бір бірінен ерекшеліктерін айқындап
беру.
- Көшбасшылық және жетекшілік.
- Жетекші басқарушылық қызметтің субьектісі ретінде.
Лидерлік дегеніміз - бұл
басқарушының басқа адамдардың іс-әрекетіне
әсер етіп оларды өзінің соңынан нақты
мақсаттарды көздей отырып алып жүру
құралы.
Топтық жиынтығында лидерліктің
негізгі үш түрі бар. Олар келесідей-
- Іскерлік лидер
- Эмоционалды лидерлік
- Информационалды лидерлік
Бұл лидерліктің үшеуіде
қолданылса онда бұндай лидерлік ең жақсы
болып саналады. Алайда мұндай функционалды
лидер өте кезек кездеседі. Бірақ
мұндай түрлерінде тек екі түрі кездеседі.
Олар «Эмоционалды және Іскерлік, информационалды
және Іскерлік».
Лидерлікті белгілі бағыттау
бойынша келесідей түрлермен
қарастыруға болады-
- Конструктивті «функциональное»- белгілі бір компанияның көздеген мақсатын қамтамасыз ету.
- Деструктивті «дисфункциональное».
- Нейтральды лидерлік.
Қазіргі өмірде лидерліктің
осы екі типтің арасындағы шекті
сызығы қозғалмалы, әсіресе конструктивтік
және нейтральды арасындағы лидерлік.
Белгілі стиль арқылы лидерліктің
келесідей типтері қарастырылады-
«авторитарлық, демократиялық, анархиялық».Лидерлік
топта негізінен формальды және
формальды емес түрі қарастырылады.
Формальды емес түрі келесідей лидерліктің
үш типін қарастырады. Көсемші «Вожак»-
топ ішіндегі ең танымылы адам. Американдық
ғылым Р.Стогдилл басқарушының келесідей
түрлерін келесідей қарастырып өткен
болатын:
- Физикалы түрдегі сапа- күшті, мықты, белсенді.
- Жеке тұлғалы сапа- өзіндік жеңіске жету мақсаты, өзіндік сенім.
- Интелектуалды сапа- білім, белгілі бір шешімді дұрыс шешу жолы.
- Лидерлік.
- Ситуациялық лидер.
Басқару процесінде негізгі
бес этапты қарастыруға болады. Олар
келесідей.
- Жоспарлау
- Ұйымдастыру
- Басқару
- Мативация
- Бақылау
Осы негізгі түрлерді қарастыра
отырып біз келесідей басқару
функцияларын қарастырып өтеміз.
- Стратегиялық «жоспарлау»- бұның негізгі кездесетін үш проблемалары бар-
- Администаторлық «ұйымдастыру»
- Коммуникативтік
- Мотивациялық
- Контрольдік
Бақылау
сұрақтары:
- Лидерліктің анықтамасын айтып беріңіз.
- Лидерліктің негізгі түрлері.
- Стогдилл басқарушының қандай түрлерін анықтаған?
- Басқару процесіндегі негізгі бес этапты атап көрсетіңіз.