Басқару психологиясы дербес пән ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 21:00, контрольная работа

Описание

Басқару қарым-қатынастарының жүйесі екі әлеуметтік-психологиялық феноменге арқа сүйейді:
a. дербес басқару, яғни белгілі бір объектіге нысананы көздейтiн әсері;
бағыну, яғни субъектінің нысананы көздейтiн әсеріне қабылдағыштық және ұшырағандық әсері.

Работа состоит из  1 файл

1 Тақырып.docx

— 75.04 Кб (Скачать документ)

Іскерлік  әңгіме - бұл тілдесушілердің өз ұйымдары мен фирмалары атынан өкілеттігі бар іскерлік қатынас жүргізу және міндеттерді шешу үшін сөйлесу немесе тілдесу қатынасы.

Іскерлік әңгімелер  келесі функцияларды жүзеге асыруға  бағытталған:

  • жаңа бағыттарды іздеу және песпективалық шаралардың бастамасы
  • ақпарат алмасу
  • басталған шараларды бақылау
  • жаңа идеялар мен ойларды іздеу және оперативті түрде оларды жүзеге асыру
  • кәсіпорын,фирма,сала,мемлекеи деңгейінде іскерлік қатынасты ұстап тұру

 

Іскерлік  әңгіме құрылымы:

  • іскерлік әңімеге дайындық
  • кездесу уақытын және орнын белгілеу
  • әңгіме бастамасы:қатынасқа түсу кіріспесі
  • мәселелерді анықтап белгілеу
  • аргументтеу
  • тілдесуші дәлеледеріне қарсы шығу
  • альтернативаны таңдау,оптималды немесе компромисті вариант іздестіру
  • шешім қабылдау
  • келісімдік фиксациясы
  • контактыдан шығу
  • әңгіме нәтижесінің анализі

 

Әңгімені бастау үшін негізгі төрт әдіс қолданылады:

  1. шиеленісушілікті төмендету әдісінің мақсаты – тығыз қатынас орнату,жеке адама қатысты бірнеше жағымды сөздер,кейде жеңіл әзіл ретінде қолданылуы мүмкін.
  2. іліп алу әдісі – бұл ерекше сұрақ,салыстыру,жеке әсер алу,мәселені қысқаша мазмұндау.
  3. елесті ынталандыру әдісі- әңгімеде қарастырылуы тиіс сұрақтарды құру
  4. тура бағыт әдісі- кіріспесіз әңгімені бастау,бірақ қысқамерзімді контактілер үшін қолданылады.

 

Міндеттерді қою мен ақпарат  жіберу- әңгімедегі маңызды этап.

Әңгіменің мақсатын анықтау түрлі болуы  мүмкін:

  1. Мақсат шешілуі тиіс мәселе немесе проблема түрінде болуы мүмкін. Бұл жағдайда проблеманы шешу жауапкерлшілігі  әңгімеге қатысушылардың екеуіне де жүктеледі.
  2. Мақсат тапсырма,есеп күйінде – тек басқарушы ғана емес,бағынушы да бұл бағытты қолдануы болады.
  3. Кейде (әдейі немесе байқаусызда) тілдесу кезінде тыңдаушыны манипуляциялау процесі жүреді,мысалы қойылған мақсаты сырт жағдайда проблема сияқты болады,бірақ проблемалық жағдай басқа адамды белгілі бір нақты шешім қабылдауға итермелейді,яғни проблеманы шешу жауапкершілігі екі адамда болады,алайда оны шешуді бір ғана адам белгілейді

 

Серіктеске әсер етудің психологиялық әдістері.

Дәлеледеме (аргументация) - дәлелді аргументация (оның көмегімен басқарушы бағынушылармен тілдесу кезінде бір нәрсені дәлелдеу  және негіздеу үшін қоладанады)

  • контраргументация (басқарушы әңгімелесушісінің айтқандарын теріске шығарады)

П.Миссич бірнеше дәлелдеу әдістерін көрсеткен:

  1. фундаменталды әдіс
  2. қайшылық әдісі
  3. қорытынды шығаруәдісі
  4. салыстыру әдісі
  5. «ия....бірақ» әдісі
  6. «бумеранг» әдісі
  7. «шындықты елемеу» әдісі

 

Егер де ұзақ келіссөздерге  келер болсақ, онда қолда бар дәлелдерді тез арада қолдануға болмайды. дәлел келтіре отырып,шешім қабылдауға асықпау керек.

 

Дәлеледеу  тактикасының негізгі түрлері:

  1. Дәлелдеме техникасын таңдау. Серіктестің ерекшеліктеріне байланысты дәлелдемелердің түрлі әдістерін қолдану.
  2. Келіспеушіліктреді жою. шиеленісушілікті болдырмау
  3. Екіжақты дәлелдеме. Ұсынылып отырған шешімнің жағымды және жағымсыз жақтарын көрсеткенде қолданады.
  4. Жетістіктері мен кемшіліктерін атап өту реті
  5. Дәлелдемені жекелеу (персонофикация)

Л.А.Введенсал мен Л.Г.Пвлова таласты пікірлерді қақтығысы, көзқарастардағы  келіспеушіліктер  немесе әр жақ  өз дұрыстығын дәледейтін құрал ретінде  сипаттайды.

Бұдан бөлек : дискуссия,диспут,полемика,дебат  сияқты сөздерді қолдануға да болады.Әдетте бұл сөздер «талас» сөзінің синонимі ретінде қолданылуы мүмкін.Дегенмен ғылыми зерттеулерде бұл сөздер таластың өзге түру ретінде қолданылады.

Дискуссия  (лат.discussio  зерттеу,қарастыру,талқылау)- түрлі көзқарастарды анықтау және біріктіру,шынай пікірді іздеу,дұрыс шешім табу мақстындағы көпшілік алдындағы талас түрі.Дискуссия сендірудің тиімді әдісі болып саналады.

Диспут (лат. disputes талқыға салу) – ғылыми және қоғамдық тақырыптағы көпшілік алдындағы талас.

Полемика(лат. polemicus жауынгер,дұшпандық) – белгілі бір сұраққа қатысты қарсы жақтардың күресі,өз көзқарастарын дұрыстау және оппонент пікірін теріске шығару. Полемика диспут және дискуссиядан мақсатты бағытымен ерекшеленеді.Полемика – сендіру,көз жеткізу ғылымы.

         Таластың ерекшелігіне әсер ететін  негізігі факторлар – оның  мақсаты,талас мәселесінің мәнділігі,қатысушылар  саны,талас жүргізу нысаны.

 

Талас:

  • шындықты іздеу
  • оппонентті сендіру
  • жеңіске жеті
  • талас үшін талас (спор ради спора)  құралы болуы мүмкін.

 

Талас спецификасына қатысушылар  саны да әсер етеді.Осыған байланысты үш негізгі топқа бөлеміз:

  • талас-монолог
  • талас-диалог
  • талас-полилог

Бұлардан бөлек ауызша немесе жазбаша,ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған болуы мүмкін.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Вербалды және вербалды емес қарым қатынастың айырмашылығы?
  2. Дискуссия, диспуттың, полемиканың психологиялық ерекшеліктеріне анықтама беріңіз?

 

Ұсынылатын  әдебиеттер:

  1. Е. Н. Мананикова «Психология управления»
  2. Ахтаева Н. С., Әбдіғапбарова А. І., Бекбаева З. Н. «Басқару психологиясы»

3. В. А. Розанова «Психология управления»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№7 Тақырып. Басқарушының іскерлік қарым- қатынасты жүргізу ерекшеліктері.

 

Лекцияның мақсаты: Оқушыларды басқарушының іскерлік қарым – қатынасты жүргізу ерекшеліктерімен таныстыру, сонымен қатар ұйымда басшының іскерлік жиналысты жүргізу тәсілдерін үйрету. Ұйымааралық келіссөздердің қалай жүргізілітінімен және кезеңдерін түсіндіріп, анализ жасауды меңгерту.

1. Аудитория  алдына шығудың  психологиялық  ерекшеліктері. 

2. Іскерлік  жиналысты жүргізу. 

3. Іскерлік  келіссөз: дайындық, кіріспе, келіссөз  нәтижелерінің анализі.

Кез келген адам көрермендер  алдында шыққан кезде келесідей  тапсырмаларды кезекпен орындау  қажет:

  1. Аудиторияның назарын аудару;
  2. Өзінің басты ойын жеткізіп, адамдардың қызығушылығын ояту;
  3. Тындаушыларды өз идеясының дұрыстығына келістіру;
  4. Жетістікті дамытып, тұрақтылығын қамтамасыз ету, оны күнделікті процеске айналдыру.

1. Аудиторияның назарын  аудару үшін келесідей шарттарды  орындау қажет:

  • Өз тыңдармандарынды “ояту”;
  • Тыңдармандарды қызықтыру ;
  • Тыңдармандар сізді тыңдауға келісуі керек;

Іскер адам сөз айтпай-ақ өзінің келуімен аудиторияға әсер ете  алады. Әсер ету эффектті болуы үшін келесілер орындалуы қажет:

  • Бәрін көрген кезде қуанышты екеніңізді көрсете біліңіз;
  • Дауыс ырғағыңызды өзгертпей, сөздерді нақты шығару қажет;
  • Бәрі түсінікті және анық болуы қажет: сөздер, қимылдар, жесттер.

2. Тыңдармандарды қызықтырып, оларға басты ойларды жеткізу  жолдары:

  • Көрермендер алдына шығу мақсатын белгілеу;
  • Мәселенің қажеттілігін көрсету;
  • Әр адамды әнгімеге тарту.

3. Басты кепіл ретінде  фактілер, салыстырулар мен қарама  қайшылықтар, сандар, цитаталар болып  табылатын сенім факторларын  қолдану. Көрермендер алдында  сөз сөйлеу нақты және түсінікті  болуы үшін ассоциациялар,салыстырулар,иллюстрациялар, мысалдар қолданылады.Артық сөздер  мен жаргондар қолданылмайды.Өздеріңіздің  салыстыруларыңызды құрастырып  ерекшеленіңіз.

4.Төртінші тапсырманың  шешімі қорытынды сөз айту  қажет,көрермендердің алдында сөз  айтудың нәтижесі болуы қажет.Оған  жету үшін келесілерді орындау  қажет:

  • Қорытындыда тыңдаушыларға айтылған ақпараттың қажеттілігін түсіндіру;
  • Алынған ақпараттын қолдану тәсілдерін түсіндіру;
  • Қажетті жағдайда қысқаша қайталау.

Қорытынды- ұзақ сақталатын, ең маңызды стратегиялық элемент.

Жиналыс- ол проблемаларды шешу мақсатында, сонымен қатар мақсатқа жету жолдарын табу үшін жүргезілетін коллективтік пікір алмасудың іскерлік формасы. 

Жиналыстың негізгі үш түрі бар: Мәселелік, әдістемелік (инструктивное), оперативті.

Жиналысты өткізуге дайындалу  келесі қимылдарды талап етеді: оны  өткізу туралы шешімдер, нақты тақырып, күн тәртібін қалыптастыру.

Жиналыс қажетті нәтиже беру үшін жетекші дайындық кезінде келесілерді  атқару қажет:

  • Күн тәртібін нақты анықтау және негізгі мәселелер мен оған қатысушыларды анықтау ( 7-8адам);
  • Қатысушыларға жиналыстың күнін, уақытын, орнын жеткізу;
  • Қатысушыларды мәселеге байланысты анықтамалық және ақпараттық материалдармен таныстыру;
  • Жиналыс регламентін ойластыру;
  • Жиналыс өтетін орын дайындау.

 

Іскерлік қарым-қатынастағы келіссөздер- бұл келісілген шешімге жету мақсатында жақтардың байланысынан туындайтын  процесс.

Келіссөздің үш кезеңін көрсетуге  болады:

1. Келіссөз жүргізуге  дайындық екі аспектіден тұрады: ұйымдастырушылық және құрылымдық.

Келіссөздерге дайындық кезеңнің ұйымдастырушылық жағы:

    1. Кездесу орнын таңдау;
    2. Келіссөздер уақытын таңдау;
    3. Келіссөздер ұзақтығы;
    4. Күн тәртібін анықтау;
    5. Келіссөзге қатысушылардың құрылымын қалыптастыру;

Келіссөздерге дайындық кезеңнің құрылымдық жағы:

    1. Мәселелер анализі;
    2. Келіссөздерде келісімге келудегі альтернативті мүмкіндіктерді бағалау;
    3. Келіссөздер позициясын анықтау;
    4. Қажетті құжаттар мен материалдарды дайындау.

 

2. Келіссөздер жүргізу  процесі жақтардың мәселені шешуге байланысты пікір алмасудан басталады. Келіссөздер процесі үш этаптан тұрады:

  1. бастапқы немесе зерттелінетін этап.
  2. Мүмкін келісімнің шектеулері анықталатын этап.
  3. Барлық келісім мен контракттың қалыптасатын кезеңі.

 

3. Келіссөздер нәтижесінің  анализі және қол жеткен келісімдерді  орындау.

Келіссөз  нәтижелігін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады:

  • Мәселені шешу деңгейі.
  • Келіссөздер мен олардың нәтижелерін субъективті бағалау;
  • Келісім шарттарын орындау.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Кез келген адам аудитория алдына шығу үшін қандай тапсырмалар кешенің орындауы қажет?
  2. Жиналысқа анықтама беріңіз.
  3. Жиналыстың негізгі түрлерін атап көрсетіңіз.
  4. Келіссөз жүргізудің қандай кезеңдері бар?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н. Мананикова «Психология управления»
  2. Ахтаева Н. Е.  С., Әбдіғапбарова А. І., Бекбаева З. Н. «Басқару психологиясы»
  3. В. А. Розанова «Психология управления»

 

 

   

 

 

 

 

 

 

  № 8 Тақырып. Басқарушылық міндеттерді шешу психологиясы

 

Лекцияның мақсаты: Басқарушылық міндеттерді шешу процесіндегі басшының ойлау стилінің дұрыс түрін таңдау, басқарушылық міндеттердің ерекшелігін анықтау және олардың классификациясы.

 

  1. Басқарушылық міндеттер,олардың  ерекшеліктері.
  2. Басқарушылық міндеттер классификациясы

 

Кез келген ұйым тиімді қызмет атқару үшін өз алдына мақсат қояды,ол басқарушылық деп аталады.Ұйым міндеті  мен мәселесін шешуде басқарушы  жауапты болады.Оның қызметінің негізгі  құрамы басқарушылық функицияның барлық этаптарындағы басқарушылық міндеттерді  шешу арқылы жүреді.

Информация о работе Басқару психологиясы дербес пән ретінде