Басқару психологиясы дербес пән ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 21:00, контрольная работа

Описание

Басқару қарым-қатынастарының жүйесі екі әлеуметтік-психологиялық феноменге арқа сүйейді:
a. дербес басқару, яғни белгілі бір объектіге нысананы көздейтiн әсері;
бағыну, яғни субъектінің нысананы көздейтiн әсеріне қабылдағыштық және ұшырағандық әсері.

Работа состоит из  1 файл

1 Тақырып.docx

— 75.04 Кб (Скачать документ)

Психологияда «мәселе  немесе міндет» нақты бір жағдай жіне оыс жағдайдың өзгеруі арқылы қол жететін мақсат ретінде қарастырады.Психологияда «мәселені шешу» термині үш түрлі  мағынада қоладанылады:

  1. шешім – мәселені жүзеге асыру жоспары
  2. шешім – мәселенің талптарын оырндау процесі
  3. шешім – шешім жоспарн орындау қорытындысы.

 

Басқарушылық міндеттерді  шешу процесінде басқарушының интеллектуалды және тұлғалық мүмкіндіктері айқындалады.

Басқарушылардың ойлау стилінің саналуандығына қарамастан,оларды типтік түрлері белгіленген;

 

  1. Жүйелік стиль бойынша проблеманы шешудің әдісін анықтауға аса қатты көңіл бөлінеді.
  2. Интуициялық стиль – проблеманы толықтай сезінумен сипатталады.
  3. Рецептивті стиль  - прпроблеманың жекелеген аспектілеріне көп көңіл бөледі.
  4. Перцептивті стиль – проблеманың түрлі бөлшектері арасында байланыс құруға ынтаның туындауы.

 

Басқарушылық міндеттердің өзіндік белгілері болады. Олардың ерекшеліктері төмендегідей:

  • мәселелер анықталмаған,кейде қайшы жағдайды қамтуы мүмкін
  • мәселеде оны шешудің мүмкін болатын әдістері туралы ақпарат жоқ болуы мүмкін
  • шешімнің нақты алгоритмі болмайды

 

Басқарушылық  міндеттердің негізгі 3типін бөліп  қарастыруға болады:

  1. Концепуталды міндеттер (ұзақмерзімді жоспарлау,божаумен байланысты стратегиялық міндеттер)
  2. өндірістік функцияның технико-технологялық жағынан алғандағы міндеттері (жаңа техника,технологияларды ойлау,оларды енгізу)
  3. адам факторының іс-әрекетіне байланысты мәселелер (кадрлық мәселелер ,коллективті әлеуметтік-психологиялық есеп және т.б.)

 

 

2. Басқарушылық міндеттерді  қарастырғанда олардың классификациялануының бірнеше критерийлерін атап өту керек:

  • мазмұндылық критерийлеріне байланысты басқарушылық міндеттер маңызды және онша маңызды емес болып бөлінуі мүмкін
  • міндеттердің орындалу критерийлері негізінде міндеттер шешілетін және шешілметін
  • басқарушының белгілі бір критерийлеріне қарай басшы компетенттілігіне кіретін және бұл сфераға кірмейтін болып бөлінеді.

 

Кез келген ұйым басшысына  ең алдымен басқарушылық міндеттердің дейгейін нақты анықтау аса маңызды.Дегенмен басқарушылық қызмет тәжірибесі басшылардың  бұл стратегияны таңдай бермейтіндігін көрсетеді.Әдетте басқарушылар міндеттерді  маңызды және аса маңызды емес сияқты 2 категорияға бөлмейді.Мұндай бағыт басшылардың көп мәселені шешуге бел буып,натижесінде көбісін  жүзеге асыра алмайтындығын көрсетеді.

Басқарушулық қызметте түрлі  қиындықтар кездеседі:объективті немесе субъективті.Кез келген басшыға  түрлі деңгейдегі қиын мәселелерді  шешуге тура келеді.Қиыншылықтар әдетте 2 түрге бөлінеді:

  • басшы компетенттілігінен тыс
  • өндірістің өзінің объективті жағдайымен байланысты

 

Сонымен қатар, кез келген басшы мақсаты барлық басқарушылық жағдайды дұрыс бағалау.Басқарушылық жағдайды  дұрыс бағаламау салдары  басшының көз алдынан маңызды  мәселенің бір бөлігі жоғалуы  мүмкін және т.б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Басқарушылық қызметтің ерекше белгілері.
  2. Басқарушылық міндеттердің негізгі типтері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н. Мананикова «Психология управления»
  2. Ахтаева Н. Е.  С., Әбдіғапбарова А. І., Бекбаева З. Н. «Басқару психологиясы»
  3. В. А. Розанова «Психология управления»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 9Тақырып. Басқарушылық қызметтегі шешімдердің, мотивацияның және  ынталандырудың рөлі.

 

Лекцияның мақсаты: Ұйымда басқарушының орын алған жағдайға байланысты қабылдаған шешімдер түрлерімен және сол шешімдерге қойылатын талаптармен таныстырып өту. Басқарушының ұйым өнімділігін арттыруда мотивация, ынталандыру түрлерін тиімді қолдану жолдарын үйрету.

  1. Мотивация басқарушылық шешім қабылдау.Басқарушылық шешімдердің түрлері.
  2. Ұйымдық шешім қабылдау принциптері.
  3. Басқару тапсырмаларының стратегиялық және тактикалық шешімдер.
  4. Басқару тапсырмасын шешу әдістері.

 

Басқарушылық шешімдер басқару  қызметінің барысында қабылданады. Басқарудың кез келген қызметкерінің  жұмысы шешім қабылдаумен және оны  жүзеге асырумен байланысты.

Мотивация басқарушының, сонымен  қатар ұйым қызметкерлерінің еңбегін  ынталандыруға арналған. Бұл жерде  қазіргі тәсілдердің, мысалы, экономикалық,әлеуметтік – психологиялық, корпоративтік  мәдениеттің факторы сияқты, барлығы  қолданады. Ұйымның және мотивацияның функциясы – қабылданған жоспардың  орындалуын қамтамасыз ететін функциялар.

Басқарушылық шешімдердің  түрлері:

  1. Ұйымдық және тұлғалы шешімдер.
  2. Операциондық және стратегиялық шешімдер.
  3. Зерттеушілік және кризистік – интуитивтік шешімдер.

Басқарушылық шешімдердің  типтері:

  1. Ұйымдық шешімдер: басқарушының қызметіне байланысты міндеттерін орындау кезінде қабылданған шешімдері.

Мақсаты: ұйым мақсатына  жету үшін қажетті іс – әрекетпен  қамтамасыз етуі. Оның екі түрі бар:

  1. Ұйымдық бағдарланған шешімдер;
  2. Ұйымдық бағдарланбаған шешімдер.
  3. Интуивті шешімдер – дұрыс екендігін сезінгеннен кейінгі жасалынған таңдау.

Басқарушылық шешімдердің  жіктелуі:

  1. Ұйым болашағына әсер етуі бойынша:

а) стратегиялық шешімдер.

б)тактикалық шешімдер.

2. Масштабы бойынша:

а) жаһандық.

б) локальды.

3. Мерзіміне байланысты:

а) ұзақ мерзімді.

б) орта мерзімді.

в) қысқа мерзімді.

5. Атқару міндетері бойынша:

а) директивті;

б) кеңестік;

в) бағытталған;

6. Функционалдылығы бойынша:

а) реттеуші:

б) үйлестіруші;

в) бақылаушы.

Басқарушылық қызметте ұжымдық  шешім қабылдау процесі келесідей  принциптерді орындау арқылы жүзеге асырылады:

  1. Бірегейлілік ;
  2. Көпшілік;
  3. Келіспеушіліктерді азайту және келісімге келу.

Бірегейліктің екі түрі бар:

  1. Нақты- мәселеге шығармашылық талдау жасау және әр түрлі альтернативаны қарастыру;
  2. Басшылықпен келісімге келу.

 

Ұжымдық шешімдердің қолайсыз жақтары да кездеседі. Ол ұйымға теріс  әсер етуі мүмкін.

Көпшілік коалицияның  жоқтығынан болады. Ұйымда екі бейресми топтың пікір таласуынан дауыс беру қажеттілігі туындайды. Ол жағдайда мынадай әрекеттер орын алуы мүмкін:

  • Дауыстардың теңге бөлінуі
  • Көпшілік дауысқа ие болу
  • Абсолюттік дауысқа ие болу

Келіспеушіліктерді азайту және келісімге келу- бұл жағдай көбінесе иерархиялық топтардың  арасында кездеседі. Келіспеушіліктерді азайтудың келесідей тәсілдері  бар:

  1. Басшының пікіріне көңіл бөлу;
  2. Мәселені талқылауда қатысушылардың белсенділігі

Тиімді шешім қабылдау басшыға ұйым жұмысының тиімділігін  арттыруға көп септігін тигізеді. Басқару тапсырмаларын орындау  барысында жетекші стратегия  мен тактиканы таңдайды.

Басқару стратегиясын таңдау келесі сұрақтарға жауап береді:

  1. Басқару мәселесін шешу қажет пе? Бұл жерде екі критерийдің қарым қатынасы туындайды: құрылымдық және мерзімдік.
  2. Қойылған тапсырманы орындауда шарттар қарастырылған ба?
  3. Басқару тапсырмасының шешімін табу тиісті ме, тиісті емес пе?

Нақты басқару шешімдеріне байланысты тактиканы таңдау кезінде келесі критерийлер қарастырылады:

  1. Тапсырмалардың маңыздылығын дұрыс бағалау;
  2. Тапсырмалардың маңыздылығын уақытқа байланысты өзгеруін дұрыс бағалау;
  3. Перспективті және ағымдағы тапсырмалардың қарым қатынасын дұрыс бағалау;
  4. Тапсырма күрделілігін дұрыс бағалау;

Кәсіпорындар  жетекшелерімен жұмыс істеген кезде  ең көп қолданатын тактиканың түрлері:

  1. Тәуекел тактикасы;
  2. Ұзақ уақыттағы шешім тактикасы;
  3. Тапсырмаларды өзіндік шешу тактикасы;
  4. Минималды өзіндік ісәрекеттік тактика.

Тапсырмаларды орындауда  ең көне тәсідерінің бірі “жақсы идея”, негізінен интуицияға байланысты болып  келеді. Оны басқару “ноу-хау” деп  те атайды. Бұл кезде мәселе нақты  қарастырылмауы мүмкін, бірақ интуицияға байлансты дер кезде шешім  қабылданады. Басқару тапсырмасын  шешу әдістері:

  1. “ми шабуылы” – 5-6 адамнан құралған мамандар шешім қабылдайды. Алға қойылған идеялардың 10% ғана қарастырылады.
  2. Синтетика әдісі төрт фазадан құралған: бірінші фазасында қатысушылар негізгі проблема мен оның шешу жолдарын қарастырып, нұсқауларын жұмыс дәптеріне жазады. Екінші фазасында қатысушылар жетекшіні тағайындайды, ол мәселеге байланысты өз ойын айтады. Үшінші фазасында әр қатысушы мәселені шешуге байланысты өз ойын айтады, ол жетекшіге бағытталған дискуссияға айналады. Ең сонғы төртінші фазасында шақырылған маман эксперттер тобымен шешімге байланысты анализ жүргізіледі.
  3. Күнделік әдісі. Егер орындалатын тапсырма күрделі болса көптеген творчествалық күш қуатты ұзақ уақытқа қажет ететін болса, арнайы эксперттер тобы құрылады. Ол 1-2 жетіге(апта) созылады.
  4. Гордон әдісі. Жалпылама мәселе ғана қарастырылады, дискуссия кезінде жинақталған материалдар арқылы эксперттер шешім қабылдайды.
  5. Дельфи әдісі. Үш этаптан тұрады: бірінші этапта қатысушылар субъективтік қалауына байланысты 10 баллдық жүйемен бағаланады. Екінші этапта қатысушылар өз баллдарын салыстырады және қандай деңгейде келісетінін қарастырады. Үшінші этапта негізгі альтернативті шешімдер арасында ең дұрысы алынады, ол матрица арқылы есептелінеді.
  6. Утопиялық ойын әдісі. Қазіргі уақытта орындалуы мүмкін емес әр түрлі идеялар айтылады.
  7. Дельбек әдісі. Әр түрлі сфераларда білім қажет ететін мәселелерді шешуде қолданылады. Бұл әдіс келесідей этаптардан тұрады:
  1. Мәселені анықтау;
  1. Шешімге әсер ететін факторларды анықтау, олардың арасындағы байланысты қарастыру;
  2. Мәселелерді шешу нұсқаларын табу, оптималдысын таңдау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мотивация дегеніміз не?
  2. Шешім дегеніміз не, оған анықтама беріңіз.
  3. Басқарушылық шешімдердің түрлері қандай?
  4. Ұжымдық шешім қабылдауда қандай принциптер орындалуы қажет?
  5. Басқарудың тактикасына анықтама беріңіз.
  6. Басқарудың стратегиясына түсініктеме беріп өтіңіз.
  7. Басқару тапсырмаларын шешудің қандай әдістері бар?
  8. Ми шабуылы әдісінің негізгі мәні неде?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Н. Мананикова «Психология управления»
  2. Ахтаева Н. Е.  С., Әбдіғапбарова А. І., Бекбаева З. Н. «Басқару психологиясы»
  3. В. А. Розанова «Психология управления»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 Тақырып.  Басқару іс- әрекетінің қолданбалы  негіздері.  

Лекцияның мақсаты: Студенттерге басқарушының іскерлік сапасын бағалау және тұлғаралық қатынастағы жеке стильін анықтауға,

қатынасқа түсу мәнерін бағалау  және іскерлік жағдайлардың нақты шешімін  табуға арналған тест тапсырмаларымен  таныстырып, олармен жұмыс жасауға  үйрету.

1. Басшы тұлғасының кәсіби  маңызды қасиеттерін анықтауға  арналған әдістемелер

                                    Басқару стилін бағалау

Берілген сұрақтарға нақты  жауап беру, өз мінезіңізге қатысты  қарым-қатынас, әдет, өз мінезіңізге  келетін тұсын белгілеңіз.Егерде ішінде кездеспейтін бір жағдай болса, онда оны көз алдыңызға елестетіңіз.

  1. Адамдармен жұмыс істеу барысында менің бұйрығымды бұлжытпай орындауы.
  2. Мені жаңа істермен қызықтыруға болады, бірақ мен олардан тез суынамын.
  3. Адамдар менің шыдамдылығыма және ұстамдылығыма қызғана қарайды.
  4. Мен қиын кезде басқалардың жайын, содан кейін ғана өзімді ойлаймын.
  5. Менің ата-анам қаламаған ісімді істеуге қысым жасамайды.
  6. Көп қызығушылық танытатындар ұнамайды.
  7. Мен қинала жұмыс істеймін. Өз көмекшілеріме сене бермеймін.
  8. Егерде маған сенім білдіре тұра, сенбесе, іс-әрекетімді өзгертемін.
  9. Өз көмекшілерімді бағалай білемін, олардың ортасынан жақсы, орташа, төмен деңгейлерін анықтаймын.
  10. Әртүрлі бұйрықтар бермес бұрын, көмекшілерммен ақылдасамын.
  11. Мен өз дегенімді анда-санда жасатамын.
  12. Өз көмекшілерім туралы дұрыс баға бере аламын.
  13. Менің бұйрықтарымды дәл және әділ орындау үшін өз көмекшілеріме  талап қоя аламын.
  14. Маған бұйрық бергеннен, өзім істеген ұнайды.
  15. Көбі мені әділ басқарушы деп бағалайды.
  16. Ұжымның барлық жаңалықты білгені дұрыс деп санаймын.
  17. Егер мен кедергілерге жолықсам, онда менің жұмысқа деген қызығушылығым жойылады.
  18. Мен біріккен жұмысты қалаймын.
  19. Мен өз беделімді түсірмес үшін, қателігімді мойындамаймын.
  20. Маған уақыт жете бермейді.
  21. Көмекшілерімнің қатал сөздеріне дау туғызбайтын жауап айтқым келеді.
  22. Көмекшілерім менің айтқанымды орындауы үшін барлығын жасаймын.
  23. Көмекшілерімен жақсы қарым-қатынастамын.
  24. Мен алғашқылардың бірі болғым келеді.
  25. Басқару стилінің әмбебап түрін таңдаймын.
  26. Мен әрдайым ұжымның әділ пікірлерін қолдаймын.
  27. Көмекшілерді мақтап отыру қажет.
  28. Көмекшілерімді басқа адамдардың көзінше сынамаймын.
  29. Мен бұйрық бергеннен гөрі, өтініш білдіремін.
  30. Ашуланған уақытта өз сезіміме жауап бере алмаймын.
  31. Өз көмекшілерімнің ортасында жиі боламын.
  32. Көмекшілерімнің қызығушылығына кейде мән бермеймін.
  33. Мен білімді көмекшілерімді таңдаймын.
  34. Көмекшілерімнің қуаныштары мен реніштерін бөлісемін.
  35. Көмекшілерім өз жұмыстарын орындап қана қоймай, маған да көмектесе алады.
  36. Жоғарғы жақтағы даудан қашамын.
  37. Өз бұйрықтарымның орындалғанын қалаймын.
  38. Маған ең қиыны – адамдардың жұмысына араласу.
  39. Көмекшілерімді түсіну үшін, өзімді олардың орнына қоямын.
  40. Басқару қатал түрде жүргізілуі қажет.
  41. Мен өз мәселеме көңіл бөлемін.
  42. Ағымдағы жұмыспен айналысамын.
  43. Мен ата-анама бағынамын.
  44. Адамдармен жұмыс істеу өте қиын.
  45. Ұжымның бір-бірін түсінгенін қалаймын .
  46. Көмекшілерімнің ақыл-ойын тыңдаймын.
  47. Басқарудың негізгі қызметі – жұмысты дұрыс бөлу деп санаймын.
  48. Көмекшілер тапсырманы дұрыс орындай білулері қажет.
  49. Көмекшілер сөзінде тұра алмайды.
  50. Өзін-өзі басқара білу қажет.
  51. Жақсы басқару үшін, жақсы көмекшілер қажет.
  52. Мен қателіктерімді мойындаймын.
  53. Сәтсіздіктерімді түсіндіре білемін.
  54. Тыныштықты бұзғандарды жауапқа тартамын.
  55. Көмекшілерді сынау барысында өте қатал боламын.
  56. Кейде мен ұжымға бөтен адам ретінде көрінемін.
  57. Көмекшіні сынағаннан гөрі, мақтағанды ұнатамын.
  58. Мен ұжыммен жақсы қарым-қатынастамын, ойларымен бөлісемін.
  59. Көмекшілерге жұмсақтығым үшін ескерту аламын.
  60. Егерде менің көмекшілерім айтқанымды орындаса, биікке жетер едім.

Информация о работе Басқару психологиясы дербес пән ретінде