Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 22:33, курсовая работа

Описание

Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны.

Содержание

Кіріспе 5

Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері 7
1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы 7
1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері 16
1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 30

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті 35
Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары 35
Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын
құру 38
Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын
жүргізу 44

3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.
«Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы
сипаттамасы 52
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және
бухгалтерлік есебі 57
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және
еңбек заңдылықтарының сақталынуы 61

Қорытынды 65


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

дипломная.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

    Көрсетілген  талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.

    Кәсіпорынның  таңдап алған есеп саясаты  оның объектілерді есептеу жолын  толық қамтамасыз етуі керек.

    Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіңдік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.

      Есептің  таңдалынған әдістері - әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

     Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек. Есеп саясатының мазмұнына мынадай түсініктер кіреді:

    Біріншеден, кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорыңда қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

    Екіншіден, есеп саясатынының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міңдеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

    Осылайша белгіленген  заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.

   Негізгі құралдарына амортизациялық аударым  сомасын есептеу әдістері.

    Материалдық  емес активтеріне амортизациялық  аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары.

     Шығындарды  топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері.

     Өндіріс  шығындарын жэне өнімнің өзіндік кұнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі. Жанама шығыңдарды анықтау және оларды объектілер арасыңда тарату әдісі.

    Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.

    Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары. 
    Материалдық қорларды бағалау әдістері.

Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.

Курстық айырманы есептеу.

Тағы да басқалар.

   «Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммерцияльық  кұпия болып есептеледі.

 Есеп саясатын дайындау:

 Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны дайьндаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалык) бөлімі айналысады. Дайыңдалған есеп саясатын кәсіпорынның  басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.

Бұйрықтың құрамында  есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қаңдай нормативтіқ құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.

Мемлекеттік мекеме есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруыңда қолданылады.    

         Ұйымдардың түсініктеме жазуларында жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.

   

    3.2 Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және бухгалтерлік есебі

 

Қызметкер алғаш компанияға жұмысқа кірген кезде, компания басшысының атына жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазады. Өтініші қабылданғаннан кейін, жұмысқа қабылданғандығы жөнінде компания тарапынан бұйрық шығады. Жұмыс беруші жұмысқа қабылданушы тұлғамен келісім шартқа отырады. Келісім шартта жұмысшыға тағайындалған еңбекақы мөлшері , келісім шарт мерзімі және т.б. шарттар көрсетіледі.  Компания қызметкерлерге, жұмысшыларға айдың соңында еңбекақы есептеген кезде, бірінші кезекте жұмыс уақытын пайдалану табелін толтырады. Осы табельдегі күндерді қою арқылы еңбекақыны есептеу ведомосы жасалынады. Еңбекақы есептеу ведомосында есептелінген жалақыдан ұсталынған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, жеке табыс салығының сомалары және қолына алынуға тиісті сомалар көрсетіледі. Еңбекақыдан ұсталынған салықтар сомасы төлем тапсырмалары құжаттары негізінде бюджетке және бюджеттен тыс мекемелерге аударылады. Қызметкерлер мен жұмысшыларға кассадан айлықтарын төлеу төлем водомосы арқылы іске асырылады. Жалпы, еңбекақы есебін жүргізген кезде мынадай жағдайларды ескерген жөн: Егер компания өндіріспен айналысатын болса, онда өндірістік жұмысшыларға еңбекақы басқаша есептеледі, ондағы жұмысшыларға есептелген еңбекақы сомалары, есептелінген әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар сомалары өндірілген өнімнің өзіндік құнына жіберіледі. Міне, осыларды кестеде көрсетейік: кесте 7

Компанияда әкімшілік  басқару қызметкерлеріне еңбекақыны есептегенде, есептелінген еңбекақы сомасы әкімшілік шығындарына жіберіледі, дәлірек айтқанда жұмыс беруші есептелінген еңбекақы сомасын өз шығынына алады.

Мекемеде орташа еңбекақыны есептеу былай жүргізіледі. Мысалы, мекемеде жұмыс істейтін есепші  2010 жылдың қаңтар айының 8-нен 11-не дейін уақытша еңбекке жарамсыз болды. Оны есептеу үшін төмендегідей мәліметтер бар: кесте 8

бес күндік жұмыс аптасы; есепті кезеңде, яғни 2009 жылдың сәуір  айының 5-нен 10-на дейін есепші уақытша еңбекке жарамсыз болды және 2009 жылдың желтоқсан айының 3-нен 20-на дейін еңбекақы сақталынбайтын демалыста болған;

Еңбекке жарамсыз болған уақыттағы  кезеңдегі жұмыс күнінің  саны – 4 жұмыс күн.

 

Кесте  7  

Өндірістік жұмысшыларға есептелген еңбекақы

 

Операциялар

Дебет

Кредит

Сомалар

1

Өндірістегі жұмысшыларға жалақы есептелінді

8112

3350

120 000

2

Есептелінген жалақыдан  міндетті зейнетақы жарнасы ұсталынды

3350

3220

12 000

3

Есептелінген жалақыдан  жеке табыс салығы ұсталынды

3350

3120

9 305

4

Жұмысшыға кассадан жалақы төленді 

3350

1011

98 695

5

Әлеуметтік салық есептелінді

8113

3150

6 480

6

Әлеуметтік аударымдар есептелінді

8113

3210

5 400

7

8112,8113 шоттарының жабылуы

8110

8112,8113

131 880

8

Негізгі өндірістен дайын өнім алынды

1320

8110

131 880

9

Әлеуметтік салық бюджетке аударылды

3150

1040

6 480

10

Әлеуметтік аударымдар мемлекеттік сақтандыру қорына аударылды

3210

1040

5 400

11

Міндетті зейнетақы  жарнасы зейнетақы төлеудің мемлекеттік  орталығына аударылды

3220

1040

12 000

12

Жеке табыс салығы бюджетке аударылды

3120

1040

9 305


 

Кесте  8  

Әкімшілік қызметкерлерге есептелген еңбекақы

 

Операциялар

Дебет

Кредит

Сомалар

1

Өндірістегі жұмысшыларға жалақы есептелінді

7211

3350

100 000

2

Есептелінген жалақыдан міндетті зейнетақы жарнасы ұсталынды

3350

3220

10 000

3

Есептелінген жалақыдан  жеке табыс салығы ұсталынды

3350

3120

7 505

4

Қызметкерлерге кассадан жалақы төленді 

3350

1011

82 495

5

Әлеуметтік салық есептелінді

7211

3150

5 400

6

Әлеуметтік аударымдар есептелінді

7211

3210

4 500

7

Әлеуметтік салық бюджетке аударылды

3150

1040

5 400

8

Әлеуметтік аударымдар мемлекеттік сақтандыру қорына аударылды

3210

1040

4 500

9

Міндетті зейнетақы  жарнасы зейнетақы төлеудің мемлекеттік  орталығына аударылды

3220

1040

10 000

10

Жеке табыс салығы бюджетке аударылды

3120

1040

7 505

11

7211 шотының жабылуы

5510

7211

109 900


 

Кесте 9 Еңбекке жарамсыз қағазын есептеу

 

 

Айлар

 

Бес күндік жұмыс аптасына келетін баланс бойынша жұмыс  күнінің саны

 

Есептелінген еңбекақы, теңге

Желтоқсан 2009 ж.

7

13 611

Қараша 2009 ж.

20

35 000

Қазан 2009 ж.

21

35 000

Қыркүйек 2009 ж.

22

35 000

Тамыз 2009 ж.

20

35 000

Шілде 2009 ж.

22

35 000

Маусым 2009 ж.

22

35 000

Мамыр 2009ж.

19

35 000

Сәуір 2009 ж.

22

28 333,33

Наурыз 2009ж.

20

35 000

Ақпан 2009 ж.

20

35 000

Қаңтар 2009 ж.

19                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

35 000

Жиыны

236

391 944,33


 

Есепті кезеңдегі есепшіге  есептелінген еңбекақының сомасын  анықтаймыз: Кесте 9

Орташа күндік табысты  есептеу үшін , күндік жұмыс санын  анықтап аламыз және төмендегілер есепке алынбайды:

  • 2009 жылдың желтоқсан айының 3-нен 20-на дейінгі сақталынбайтын еңбекақы демалысына келетін жұмыс күндері. Сәйкесінше, көрсетілген аралыққа есептелінген сома есепке алынбайды.
  • Орташа күндік табысты  есептейміз: 391 944,33 теңге/ 236 күн = 1 660,78 теңге.

    Есепшінің уақытша жұмысқа жарамсыз болған кезеңіндегі орташа еңбекақысын есептейміз: 1 660,78 теңге * 4 жұмыс күні = 6 643,12 теңге.

    Сонымен есепшіге уақытша жұмысқа жарамсыз болған кезеңіндегі есептелінген еңбекақы сомасы және оған төмендегідей бухгалтерлік проводка беріледі:

              Дебет                                       Кредит                          Сома

                7211                                          3350                              6 643,78теңге.

     

    Кезекті еңбек демалысына мысал қарастырайық:

    Мекеменің бухгалтеріне 2010 жылдың қаңтар айының 28-нен ақпан айының 20-не дейін , 24 күнтізбелік күнге төлемді кезетті еңбек демалысы берілді. Есепті кезеңде бухгалтер 2009 жылдың сәуір айының 2-нен 19-на дейін өткен жылғы 2009 жылдың қаңтар айының 1-нен желтоқсан айының 31-не дейінгі аралықтағы еңбек демалысында болған, 2009 жылдың шілде айының 20-нан 25-не дейін десаулығына байланысты жұмыста болмаған.

    Есепті кезеңдегі есептелінген еңбекақының сомасын анықтаймыз. Ол үшін есепті кезеңнен істелінбеген жұмысты және осы кезеңде істелінбеген уақыт   үшін есептелінген соманы алып тастаймыз:

     

    Кесте  10

    Кезекті еңбек демалысын  есептеу

     

     

    Айлар

     

    Нақты іселінген уақытқа  келетін баланс бойынша жұмыс  күнінің саны

     

    Есептелінген еңбекақы сомасы , теңге

    Қаңтар  2009 ж.

    19

    30 000

    Ақпан 2009 ж.

    20

    30 000

    Наурыз 2009 ж.

    20

    30 000

    Сәуір 2009 ж.

    22

    10 000

    Мамыр 2009 ж.

    19

    30 000

    Маусым 2009 ж.

    22

    30 000

    Шілде 2009 ж.

    22

    24 545,45

    Тамыз 2009ж.

    20

    30 000

    Қыркүйек 2009 ж.

    22

    30 000

    Қазан 2009 ж.

    21

    30 000

    Қараша 2009 ж.

    20

    30 000

    Желтоқсан 2009 ж.

    21

    30 000

    Жиыны

    248

    334 545,45

    Информация о работе Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері