Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 22:33, курсовая работа

Описание

Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны.

Содержание

Кіріспе 5

Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері 7
1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы 7
1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері 16
1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 30

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті 35
Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары 35
Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын
құру 38
Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын
жүргізу 44

3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.
«Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы
сипаттамасы 52
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және
бухгалтерлік есебі 57
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және
еңбек заңдылықтарының сақталынуы 61

Қорытынды 65


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

дипломная.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)
  • пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
  • материалдық көмек түріндегі ақшалай жәрдем ақы;
  • тәулік ақынаң орнына жалақыға қосылатын қосымшалар  мен үстемелер;
  • арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің, арнайы тамақтың құны;
  • біржолғы көтермелеу төлемдері;
  • бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
  • оқушылардың, студеттер мен аспираттардың степендиялары;
  • қызметкерге келтірілген залалды, оның жұмысқа байланысты ертігуі немес өзге жарақаттануын төлеу және өтемақы беру.

 

  Қызметкерлер  жалақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінідегі жәрдемақыны алады. 
  Негізгі және қсымша жалақылар жалақы қорын құрайды. Жалақы қорының құрамына жалақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады. 
  Кәсіпорынның жоспарымен (болжамымен) белгіленген, жалақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиісті жалақының сомасы кәсіпорындағы жалақының есептік қоры деп аталады.  
  Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің 2 нысаны бар:

Бірінші нысаны – мерзімдік, екіншісі – кесімді. 
  Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады: 
- Жұмысшы өнім шығарудың артуына тікелей әсер ете алмайды; 
- Кесімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес; 
- Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі; 
- Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу; 
-. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін; 
  Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.  
  Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Тәжірибеде осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады: Сағаттық, күндік ақы, айлық ақы. 

 Марзімдік – сыйақылық еңбекақы  кезінде тек нақты жұмыспен  өтелген уақыт қана ескеріліп  қоймай, сондай – ақ еңбектің  соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі  бір көрсеткішьерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді). 
  Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.

Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар: Тікелей кесімді жүйе, кесімді сыйақылық жүйе, ілгерішіл кесімді жүйе, жанама кесімді жүйе, аккордтық жүйе.  

 Тікелей кесімді төлемде  жалақының мөлшері тек шығарылған  бұйымның саны мен өнім бірлігі  үшін белгіленген бағалауға тәуелді  болады. 
  Кесімді – сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейді. 
  Ілгерішіл – кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару көтермеленген бағалар бойынша (2 есе кесімді бағалаудан аспайтындай төленеді). 
  Жанама - кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қолданылады. Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрстетін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама – кесімді бағалаулар төленеді. 
  Аккордық жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі.  
  Кесімді, сондай - ақ мерзімді еңбекақылар жеке түрде және ұжымдық (бригада) түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Бригадалық нысан әдетте кәсіптерді қоса атқару және орындаушылар бірін бірі ауыстыруы қажет болғанда қолданылады. Бригада ұжымының жалақыны және жұмыстың жалпы нәтижесіне бригаданың әрбір мүшесінің шынайы үлесін ескере отырып сыйақыны анықтауға құқығы бар. Кәсіби шеберлігі мен кәсіптерді қоса атқарғаны үшін қосымша ақылар мен үстемелерді белгілеу жөнінде айталық. Бригадалық табысты бөлу ескерілген тариф бойынша жалақыға пара – пар жүргізіледі. Тарифтік ставкалар мерзімдік ақы алатындар үшін және бір сағат жұмыс үшін кесімді ақы алатын қызметкерлер үшін разряды бойынша белгіленген. Жұмысшылардың қызметіне ақы төлеу тарифтік ставкалардың негізінде, ал қызметкерлер үшін лауазымдық қызметақы негізінде жүргізіледі. Кесімді бағалаулар қолданыстағы уақыт нормалары мен шығарылым нормаларына негізделеді. Уақыт нормасы – бұл адам / сағат, адам / күн көрсеткіштерімен көрсетілген, жұмыс бірлігін орындауға қажетті уақыт. Шығарылым нормасы қызметкер уақыт бірлігінде жасауға тиіс жұмыс санымен анықталады. Кесімді бағалау (Б) былайша есептейді: 
- Шығарылым нормасын қолданған кезде (Н шығ.) Б=Т/Н шығ. , мұндағы Т – тиісті разрядтың тарифтік ставкасы (Бірегей тарифтік кесте айлық балансына бөлу жолымен анықтайды). 
- Уақыт нормасын қоладанған кезде (Н уақ.) Б=Т*Н уақ.  
  Төлемнің мерзімдік нысаны қызметкерлердің барлық санатына қолданылады. Жалақыны есептеу жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелінің негізінде жүргізіледі. Мерзімдік ақы алатын жұмысшының жалақы сомасы нақты жұмыспен өтелген сағаттардың сағаттық тариф ставкасына

көбейтіндісі ретінде анықталады.

 
 Жалақы = нақты жұмыспен*сағаттық  тариф 
сомасы өтелген сағаты саны ставкасы 
  мерзімдік ақы алатын 6-разрядтағы сағаттық тариф ставкасы 76 теңге болған кезде 182 сағат жұмыс істеген.

Жалақы сомасының есептелуі: 182*76=13732 теңге. 
 Қызметкерлердің жалақысы бойынша есептеледі: 
- егер жұмыскер сол айдағы жұмыс күндерінде толықтай жұмыс істесе, онда жалақының мөлшері қызметақы мөлшеріне сәйкес келеді: 
- егер жұмыскер сол айдағы жұмыс күндерінде толықтай жұмыс істемесе, онда жалақы нақты жұмыспен өтелген уақытқа қарай есептеп шығарылады. 
Мысалы: қызметақысы 11300 теңге фирма менеджері айдағы 26 жұмыс күнінң 20 күнінде жұмыс істеген. 
  Айдың орташа күндік жалақысы: 11300/26 =434,62 теңге. Менеджердің жалақысы 434,62*20=8692,4 теңге құрайды. Жай мерзімдік жүйе жұмыскер еңбегінің түпкілікті нәтижесі мен оның жалақысы арасындағы байланысты қамтамасыз етпейді. Шаруашылық субъектісі жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу үшін мерзімдік – сыйақылық жүйені қолдануға құқылы. Бұл орайда сыйақы беру мынадай көрсеткіштер бойынша жалақы қорына (К-т 3350) немесе тұтыну қорына (5520-шот) жүргізіледі.

Өндірістік тапсымаларды орындау  және асыра орындау; 
  - Еңбек өнімділігінің өсуі, бұйымның еңбекті қажет етуін төмендету, шығарылымының жаңа нормасын, қызмет көрсету мерзімін игеру басқалар. 
  Сыйақы мөлшері орындалған жұмыстың маңыздылығы мен күрделілігіне қарай кәсіпкер мен жұмысшылардың топтарына сараланып белгіленеді.  
  Мысалы, сыйақы беру туралы ережеде жабдықтың тұрып қалуын қысқарту үшін кезекші слесарьларға тарифтік ставкасының 20% - ті мөлшерінде сыйақы беру көзделеді. 

 Техникалық себептерге байланысты жабдықтардың тұрып қалу нормасы 5% құрайды. Кезекші слесарь есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған. Тарифтік сатвка 100 %, жабдықтың ай ішінде тұрып қалуы - 3%. 
  - Мерзімдік жалақы:

180*100=18000 теңгеге тең. Жабдықтың тұрып қалуын төмендетудің әрбір % - ті үшін сыйақы мөлшері 20%/5%=4%. Жабдықтың тұрып қалуын қысқарту 5% - 3%=2%, сыйақының %-тік мөлшері 4%*2%=8%, сыйақы сомасы: 18000*8% = 1440теңге, ай ішіндегі жалақы 18000+1440 = 19440 теңге. 
  Материалдарды үнемдеген жұмысшыларға сыйақы беруге бір жұмыс орны, бригада учаскесі бойынша нақты үнемделген материалдар сомасынан белгілі бір пайыз жасалуы мүмкін.  

 Мысалы. Мерзімдік  ақы алушы жұмысшы 180 сағат  жұмыс істеп есепті айда 1200 теңге  сомасының материалдарын үнемдеген. Сыйақы беру туралы ережеге сәйкес сыйақы нақты үнемделген материалдардың 35% мөлшерніде есептелінеді. Тарифтік сатвка 100 (сағатпен): 
- Мерзімдік жалақының сомасы 180*100 = 18000 теңге. 
- Материалдарды үнемдегені үшін сыйақы 1200*35% = 42000 теңге. 
- Айдағы жалақы сомасы 18000+42000=60000 теңге. 
  Сыйақы цехтардың және бүкіл кәсіпорынның жалпы ұжымдық жұмыс көрсеткіштер үшін есептелуі мүмкін (өндірістік тапсырмаларды, жеткізу шарты, өткізу көлемін орындау және асыра орындау). Сыйақы көлемі жалпы кәсіпорын бойынша белгіленеді. 
  Мысалы. Цехтың қол жеткізген жұмыс көрсеткіштері үшін бұйрыққа сәйкес кезекші слесарь 15% мөлшерінде сыйақы алады. Слесарь 160 сағат жұмыс істеген. Тарифтік ставка 100 теңге. 
 -  Тарифтік жалақы: 160*100 = 16000 теңге. 
 -  Сыйақы: 16000*15% = 2400теңге. 
 -  Жалақы сомасы 16000+2400 = 18400 теңге. 
   Қызметкерлер кәсіпорын жұмысының жалпы көресткіштері үшін сыйақы алады.

Табыс әрбір жұмысшының жұмыс нәтижесіне байланысты. Ол белгіленген бағалауды дайындалған бұйымдардың сапасына көбейту жолдарымен анықталады.  
  Мысалы. Кесімді ақы алатын жұмысшыға белгілі 250,56 теңге бағаланатын 30 бөлшекті әзірлеу тапсырылды. Жалақысы 30*205,56=7516,8 теңге. 
Жұмысшыларды жалақысы бригадалардың, учаскенің жұмыс нәтижесі бойынша анықталады. Бағалар жеке (әрбір кәсіпке) және кешенді (ұжымдық) болуы мүмкін.

 Жеке бағалауды  қолданған кезде жалақы жұмыстың  осы түрінің бағалауын бригада,  цех, учаске жасаған (өңдеген)  бұйым (жұмыс) санына көбейту жолымен анықталады. 

Кешенді бағалауды қолданған кезде бригаданың кесімді табысы анықталады. Ол бригада мүшелерінің арасында жалақы тарифіне пара – пар бөлінеді (жұмысшы разрядының тарифтік ставкасын нақты жұмыспен өтелген сағаттарға көбейту арқылы). Жалақы ескерілген тариф бойынша  есептелінеді, содан кейін бөлу коэффициенті анықталады (бригаданың кесімді жалақысы  ескерілген тариф бойынша бригада жалақысына бөлінеді). Әрбір жұмысшының айлық жалақысы тариф бойынша жалақыны бөлу коэффициентіне қайта көбейту арқылы анықталады. 

 Мысалы. Құрамында  3-ші, 5-ші, 6-ші разрядты 3 адам бар  кесімді ақы алушы жұмысшылар бригадасы әрқайсысы 8-40,40 теңгеден бағаланған екі машинаны жинады. Ахметов М.К. 80 сағат жұмыс істеген (6-разряд), Қалымов А. О. 60 сағат жұмыс істеген (5-разряд), Жанғыров У.С. – 70 сағат жұмыс істеген (3-разряд). 
  -Бригаданың жалақысы 8040,40*2машина = 16080,80 теңге. Тариф бойынша жалақы:

    • Ахметов М.К.  80* 100 = 8000 теңге;
    • Қалымов А.О.  60*80 = 4800 теңге
    • Жаңғыров У.С.   70*56= 3920 теңге.
    • Нақты жалақыны бөлу коэффициенті 16080,8/ (8000 + 4800 + 3920) = 0,96
    • Айлық жалақы:
    • Ахметов М.К.   8000*0,96=7680  теңге;
    • Қалымов А.О.   4800*0,96=4608 теңге;
    • Жаңғыров У.С.   3920*0,96=3000 теңге.

Жиыны: 16080,80 теңге.

Жанама – кесімді  жүйеде қызмет көрсетуші жұмысшылардың  жалақы мөлшері осы жұмысшылар қызмет көрсеткен негізгі өндірістік жұмысшылар еңбегінің түпкілікті нәтижесіне тікелей тәуелді болады. Бұл орайда жанама – кесімді бағалау қызмет көрсетуші жұмысшылардың тарифтік жалақысының негізгі жұмысшылар жоспарлаған өнім шығарылымның санына қатынасы ретінде анықталады.  
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы  жұмыста болған уақытына, яғни олардың  істеген жұмысына, атқарған қызметіне  төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төменде аталғандар жатқызылады:

- Мерзімді және кесімді еңбекақы;

- Сыйлықтар мен сыйақылар;

- Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарды қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Мұндай төлемдер қатарына:

- Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.

- Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.

- Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.

- Жасөспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.

- Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсыз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.

- Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.

- Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және де басқа мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдер.

- Әскери жиындарға қатысқаны үшін сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалары жатады.

Өндіріс пен құрылыста  халық шаруашылығының басқа да салаларында  еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны қолданылады.

Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген  уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені  немесе өнім өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.

Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның басшыларына қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне, тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының төмендегідідей түрлері бар:

- Жай мерзімді;

- Мерзімді сыйлықты.

Жай мерзімді жүйесі бойынша  – жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

Мерзімді сыйлықты –  жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың  тарифте немесе штатта көрсетілген  тұрақты еңбекақысына қосымша олардың  өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және ьағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.

Информация о работе Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері