Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 22:33, курсовая работа
Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны.
Кіріспе 5
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері 7
1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы 7
1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері 16
1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 30
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті 35
Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары 35
Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын
құру 38
Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын
жүргізу 44
3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.
«Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы
сипаттамасы 52
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және
бухгалтерлік есебі 57
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және
еңбек заңдылықтарының сақталынуы 61
Қорытынды 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кесімді еңбекақы – жұмысшылар
мен қызметкерлердің еңбек
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
Сурет 2.
Еңбекақы нысандары мен жүйесі
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленеген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері – бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табылады.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен бірге сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем - өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы түрінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.
Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі – ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналыссатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.
Халық шаруашылығының әр
түрлі салаларындағы
Мерзімді еңбекақыны есептеу:
Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелінетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем, тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатады.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойғы қызмет атқарған (белгілі бір есеп айырмасын) уақытқа есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер толық бір ай қызмет атақаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе кәсіпорынның басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті айды бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келе алмай қалған болса, онда оларға төленуше тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алған нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы жұмысшының немесе қызметкердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады.
Кесімді еңбекақыны есептеу: кәсіпорындарда кесімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша – жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімді және істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылған алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге белгілеген бағаға көбейтеді.
Ұйымдарда тапсырманы жеке адам орындаған, яғни операция немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшының немесе қызметкердің қолынан өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып табылады. Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысына төленетін жағдайда жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы мен қызметкердің жұмыс істеген уақыты, мамандық дәрежесі, бригада болып өндірген өнімі мен істеген жұмысының көлемі мен саны және олардың бір данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады. Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың саны мен көлемін, олардың бір данасын өндіріп шығаруға белгіленген бағаға көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің еңбекақысы есептеліп шығарылады. Бригаданың жалпы табысы ондағы жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың мамандық дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен барлық бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты табылады. Содан соң жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаттарының санына көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әрқайсысының тариф бойынша есептелетін еңбекақысының жалпы сомасы табылады. Алғашқы құжаттар бойынша есептелген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының жоғарыда көрсетілген тариф бойынша есептелген еңбекақының жалпы сомаларының қосындысына қатынасы қосымша табыс коэффициенті болып табылады. Осыдан кейін тариф бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің әрқайсысына есептелген еңбекақы сомасы осы коэффициентке көбейтіліп, әр жұмысшының немесе қызметкердің орындаған жұмысы мен өндрген өнімінің саны мен оның мамандық дәрежесіне байланысты еңбекақысы табылады.
Мысалы: Құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір айында өндірген өнімі мен істеген жұмысына тиісті еңбекақы қоры 62669 теңге 60 тиынды құрайды делік. Бұл жағдайда осы бригадағы әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына сәйкес былайша есептеліп шығарылады:
Кесте 1
Жұмысшылардың еңбекақы мөлшерін есептеу
№ |
Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні |
мМа-мандық дәрежесі |
Жұмыс істеген сағатта-рының саны (сағат) |
Тариф-тік коэффи-циенті |
Тариф бойынша есептелген еңбекақы сомасы (теңге) |
Қосым-ша табыс коэф-фициенті |
Жұмысшыларға есептелген еңбекақы сомалары (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 (2х3) |
5 (6*/4*) |
6 (4х5) | ||
1 |
Ақжігітов А. |
1 |
175 |
1,76 |
308 |
26,1 |
8838,8 |
2 |
Аманбаев Б. |
2 |
160 |
2,06 |
329,6 |
26,1 |
8602,06 |
3 |
Әбдірахманов Ж. |
3 |
165 |
2,35 |
187,75 |
26,1 |
10120,3 |
4 |
Бақтыбаев С. |
4 |
154 |
2,64 |
406,56 |
26,1 |
10611,2 |
5 |
Жұмашев М. |
5 |
150 |
2,93 |
439,5 |
26,1 |
11471,0 |
6 |
Тілесов Ж. |
6 |
164 |
3,23 |
529,72 |
26,1 |
13825,7 |
Жиыны: |
968 |
2401,13 |
62669,6 |
Қосымша табыс коэффициенті бұл мысалымызда 26 (жиырма алты) теңге 10 (он) тиынға тең болып отыр (яғни 6 бағана/4 бағана немесе 62669 теңге 60 тиын бөлінген 2401 теңге 13 тиын = 26 теңге 10 тиын).
Егер кәсіпорындарда
өнім өндірудің тапсырмасын
Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін кейбір төлемдердің мөлшері олардың өткен уақыттағы алған еңбекақысының орташа мөлшеріне байланысты есептеледі. Орташа еңбекақының сомасына байланысты есептелетін мұндай төлемдерге мыналар жатады:
Ұйымдар жұмысшылар мен қызметкерлерге орташа еңбекақыны есептегенде оның қай мерзімге есептелу керек екендігін белгілеу керек. Осы күнгі қолданылатын заңдарға сәйкес орташа еңбекақы мынадай уақыттарға (мерзімдерге) есептеледі:
Информация о работе Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері