Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 22:33, курсовая работа

Описание

Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны.

Содержание

Кіріспе 5

Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері 7
1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы 7
1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері 16
1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 30

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті 35
Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары 35
Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын
құру 38
Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын
жүргізу 44

3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.
«Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы
сипаттамасы 52
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және
бухгалтерлік есебі 57
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және
еңбек заңдылықтарының сақталынуы 61

Қорытынды 65


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

дипломная.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

Алтыншы операция: 
Әлеументтік салық мөлшері 21%, сомасы–11025 теңге,Әлеументтік қамтамасыз ету 1,5%, сомасы–787 теңге 50тиын,Барлығы 11821 теңге 50 тиын 
Алтыншы операцияны жазу  
Дебет шотында «Жалпы және әкімшілік шығындары»–11812 теңге 50 тиын 
Кредит шотында «Бюджетпен есеп айырысу»–11025 теңге, Кредит шотында «Басқада есептелген шығындары»–787 теңге 50 тиын;

 

1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп

 

Кәсіпорындардағы  жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізілімі (ведомосі) деп атайды. Ұйымдарда бұл тізімдеме әрбір цехтар,  бөлімшелер бойынша толтырылады.   Еңбекақы   жөнінде   есеп   айырысу   төлеу тізімдемесі   әрбір   жұмысшы   мен   қызметкер   бойынша есептелген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады.  Бұл тізімдемеде  жұмысшы-қызметкерлердің  аты-жөні,   табельдік   нөмірі,   оларға   есептелінген негізгі   және   қосымша   еңбекақылары   мен   одан   ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы  мен соңындағы  кәсіпорынның жұмысшылар   мен   қызметкерлерге   немесе   жұмысшылар   мен қызметкерлердің кәсіпорынға қарыз сомалары көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу тізімдемесі   бойынша  ұйымның  кассасынан   өзіне   тиісті еңбекақыны  алып,   қол  қояды.   Бұл тізімдеме  бойынша біріншіден жұмысшы немесе қызметкерлермен еңбекақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден бұл тізімдеме еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық есебі болып  табылады,   ал   үшіншіден   осы   тізімдеме   арқылы жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбекақыларын төлейді. Кейбір ұйымдарда есеп айырысу-төлеу тізімдемесі мен дербес шоттың орнына есеп айырысу тізімдемесі ғана толтырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу тізімдемесі жұрнал түрінде жасалып, негізгі және қосымша беттерден тұрады. Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы және олардан ұсталатын ұсталымдары есептеуге керекті мәліметтері (лауазымды тұлғаның жалақысы, белгіленген мамандық дәрежесіне сәйкес тарифтік еңбекақысы, туған жылы, отбасы жағдайы,   балаларының   және   қарауындағы   адамдардың саны ұсталынатын және шегерілетін сомалардың мөлшері, қай уақытқа дейін демалатыны, тағы да басқалар) көрсетіледі.  Тізімдеменің қосымша беттерінің саны  бұл  жұрналдың қандай  мерзімге  (айға,  тоқсанға,  жарты  жылға, жылға)  ашылғандығына байланысты  болады.   Бұл  тізімдеменің титулдық бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген және депотенттелген еңбекақы сомалары жазылады. Тізімдемені толтыру барысында оның ең соңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына сәйкестігін тексеру қажет. Бұл тізімдеме бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомаларының одан ұсталынатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті сомалардың дұрыстығын анықтау үшін тізімдеменің тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс. Кәсіпорыңдарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 3350-ші "Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз" деп аталатын синтетикалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істегендері, қызмет атқарғандары және өнім өндіргендері үшін есептеліп төленетін еңбекақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін белгілі бір шотқа оның ішінде тиісті өндірістік өнімге апарылуы керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп берілуі қажет. Сондықтан да рапорттар мен өнімдерді өндіру тізімдемелері, табельдер және тағы да басқа алғашқы құжаттар негізінде әр цех бөлімше бойынша есептелген еңбекақы олардың түрлері және қызметкерлердің санаттары (категориялары) бойынша топталады. Бұл топтау айналым қалдық тізбесінде жүргізіледі, ол тізбенің сол жағында дебеттелінетін шоттар нөмірлері, ал оң жағында жұмысшы-қызметкерлерінің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелген еңбекақы сомалары түрлері бойынша бөлініп жазылады. Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы сомасы бөлу (тарату) тізімдемесінің негізінде шығындар есептелетін шоттарға былайша жазылады:

Д-т:    "Тауарларды (жұмыстарды) сату бойынша  шығындар" шоты, "Әкімшілік шығындар" шоты, "Негізгі    өндірістегі   жұмысшылардың    еңбекақысы" шоты, "Көмекші өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы" шоттарының тиістісі,

К-т:  "Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз" шоты.

7110 шоттың дебетіне маркетинг бөлімінің басқа да тауарларды сатумен айналысатын жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысы жазылады.

7211 шоттың дебетіне ұйымдағы әкімшілік басқару қызметкерлердің еңбекақысы жазылады.

8112 шоттың дебетіне негізгі өндірісте жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлердің мерзімді және кесімді еңбекақылары жазылады. Кесімді еңбекақы алғашқы құжаттар негізінде өндіріліп шығарылған өнімдердің өзіндік құнына қосымша, мерзімді еңбекақы шығындары барлық өндірілген өнімдерге үйлесімді (пропорционалды) бөлініп, қосылады.

8312 шоттың дебетіне көмекші өндіріс жұмысшы-қызметкерлсрінің істеген жұмыстары мен атқарған қызметтеріне есептелген еңбекақы сомалары жазылады.

8412 шоттың дебетіне цехтың әкімшілік басқару және басқа да жұмысшылардың еңбекақылары жазылады.

Кәсіпорындар  мен ұйымдарда жұмысшылар мен  қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан салықтар мен ұсталымдар, жарналар есептелгенде:

Д-т:  "Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз" шоты.

К-т:   "Зейнетақымен  қамтамасыз  ету  қорымен  есеп айырысу"  шоты,

"Бюджетпен  басқадай салықтар немесе алымдар бойынша  есеп  айырысу"   және  тағы  да  басқа шоттар түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

 

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

Жұмысшылар мен  қызметкерлерге еңбекақы,   сыйақы   және   басқа да төлемдер есептелінді:

- Негізгі  өндіріс жұмысшыларына;

- Қосалқы  өндіріс жұмысшыларына;

- Цехтың қызметкерлеріне;

- Кәсіпорынның   басқару  аппараты қызметкерлеріне;

- Маркетинг  бөлімінің, басқа да тауарларды (қызметтерді,жұмыстарды) сатумен айналысатын жұмыскерлерге;

 

 

 

8112

8312

 

8412

 

7211

 

 

 

7110

 

 

 

3350

3350

 

3350

 

3350

 

 

 

3350

- Жұмысшыларға кезекті  демалыс ақысын есептеу (егер демалыс ақысын төлеуге резерв құрылған болса)

- Демалыс  ақысынан   есептелген әлеуметтік салық сомасы

 

 

 

5460

 

5460

 

 

 

3350

 

3150

Жұмысшылар мен  қызметкерлерге есептелген   еңбекақыдан  зейнетақы қорына ұсталынатын сомаға;

 

3350

 

3220

Жеке   тұлғаларға есептелген еңбекақыдан    ұсталатын    табыс    салығы сомасына

 

3350

 

3120

Жұмысшылардың еңбекақысынан  сот органдарының шешіміне сәйкес орындалатын құжат бойынша ұсталған сомаға

 

 

3350

 

 

3540

Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың  есеп   беруі   бойынша   ұсталатын сомаларына

 

3350

 

1251

Бүлінген  материалдық-құндылықтардың орнын  толтыру мақсатымен жұмысшылардың  еңбекақысынан ұсталатын сомаға

 

 

3350

 

 

1252

Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың алдыңғы уақыттарда алған қарыздары үшін ұсталатын сомаларға

 

 

3350

 

 

1252

Есептелген, бірақ белгіленген мерзімде таратылмаған еңбекақы (алушының келмеуіне байланысты)

 

3350

 

3540

Жұмысшылар мен қызметкерлерге кассадан төленген еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы және зейнетақы сомасына

 

3350

 

1011

Лауазымды тұлға  болып саналатын жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген төлемдер (басқарма тексеру комиссиясының, бақылау кеңесінің, тағы басқа мүшелеріне)

 

 

7211

 

 

3350

Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталған табыс салығы сомасы

 

3350

 

3120

Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақы сомасы кассадан төленді

 

3350

 

1011

Жұмысшылардың алдағы уақыттардағы демалыс ақылары үшін есептелген резерв сомасына

 

8113, 8213,

8313, 7211

 

5460

Есептелген  әлеуметтік салық сомасы

7211, 8112,

8312, 8412

 

3150


 

 

Кесте 2

 Сонымен   қатар   жұмысшылар   мен   қызметкерлерге еңбекақы төленгенде:

Д-т:   :  "Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз" шоты.

 К-т:  "Ағымдағы банк шотындағы ақша қаражаттары"  шоты түрінде,

Ал есептеліп  бірақ, уақытысында таратылмағанда және тағы да басқа жағдайларда:

Д-т:   "Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз" шоты

К-т:   "Өзге   де   алашақ   борыштар"   шоты   түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады. Кесте 2

 

  1. Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті.

         2.1   Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары.

Аудиторлық тексеру  істердің мақсаты кәсіпорынның қаражаттық қызметі кезінде орын алатын заң  ережелерін бұзушылықтар мен кемшіліктерді  анықтауға ғана болмайды. Дәлірек  айтқанда сол істер аудиторлық басты  міндетті болмайды, оның негізгі мақсаты бухгалтерлік есептердің дұрыс жүргізілуінің берілетін есептерде кәсіпорын қызметінің нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштердің дұрыс, дәлме –дәл берілуінің сол сәтте орын алған жағдайларды талдаудың және кәсіпорынның болашақтағы қаржылық жағдайын болжаудың дұрыстығын анықтау болып табылады.

Сонымен аудиторлар негізінен  адвокаттар, яғни фирманың меншік иелерінің  мүдделерін қорғаушылары, олардың дәрісшілері  болып табылады. Аудиторлар жүргізетін тексерістер кәсіпорынның шығынға  ұшырауына жол бермеуге оларға өздерінің иелігіндегі қаржылық және басқа да ресурстарын тиімді түрде пайдалануға көмектесуге өндірістен тыс шығындардың орнын алуына жол бермеуге бағытталған. Тек қана бухгалтерлік есептерді дұрыс жүргізгенде оның есептерінде жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларын уақытылы және ақиқатты, дәлме-дәл көрсеткенде, есептік мәліметтермен есеп беру құжаттарының бір-біріне сәйкес болғанында еңбек ақы бойынша есеп айырысуды дұрыс жүргізгенде ғана бухгалтерлік баланс толығымен және оның жеке баптары бойынша нақтылығы және ақиқаттылығы қамтамасыз етілетін болады. Ал дұрыс есеппен бухгалтерлік баланс болмаған жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына дәлме-дәл келетін талдау жасау мүмкін емес сол себепті кәсіпорын өзінің болашақтағы дамуы туралы болжам жасай алмайды. Осы проблеманы шешу уақытында жүргізілетін аудиторлық тексерудің маңызы зор. Аудиторлық тексерулер кезінде тексерушілер ақшалай қаражаттардың жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу бойынша шығындары болып орындалған жұмыс көлемдерінің бір субъектіден екіншісіне қарай қозғалыс жолдарын аса тыңғылықты тексереді, тараптар арасындағы өзара есептесу жағдайларын анықтайды, қалыптасып қалған дебиторлық және несиелік қарыздардың сомаларының ақиқаттығын тексереді. Бүгінгі күні шаруашылық жүргізудің кеңінен тараған ұйымдық құқықтық нысаны, өз құрамында көптеген еншілес фирмаларға ие болған акционерлік компаниялар өздерінің қаржылық шаруашылық қызметтеріне тексеріс жүргізу сол кәсіпорындардың жұмысында орын алатын кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтау үшін, бас компаниялардың жетекшілері аудиторлық фирмаларға сұраныс жасап, олардың қызметтеріне жүгінеді. Сондай-ақ акционерлік компаниялардың қызметіне зерттеу  және талдау жүргізу, қаражаттық есептердің ақиқатығын растау, олардың қызметттеріндегі кемшіліктер мен осал жерлерін анықтау үшін, сонымен қатар кейбір жағдайларда компания жетекшілері бұрынды соңды білмеген сол субъектінің жеке қызметкерлерінің бір-бірімен сыбайласа отырып, саналы түрде қызмет орнын өз пайдасы үшін пайдалану және сол себепті әдейі кемшіліктерге жол берулерін анықтау мақсатымен компанияның басты ұйымның өзінде тексеріс жүргізу қажеттігі орын алған жағдайларда да аудиторлық фирмалардың қажетіне жүгінеді. Аудиторлық тексеріс материалдарды кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу нәтижелері және оның болашағы туралы аудиторлар тарапынан берілетін ұсыныстар кәсіпорынның бизнес жоспарын немесе жалпы коммерциялық жобаларды жасау кезінде нәтижелі түрде пайдаланылуы мүмкін. Бизнес жоспарлар коммерциялық жобаларды дайындау кезінде де, сонымен қатар кәсіпорынның ағымдағы үрдісі кезінде де үлкен маңызға ие болады. Аудитор өз жұмысын жүргізер кезде аудиторлық қорытындыдағы ережелер қалыптасуына қажетті, аудиторлық дәлелдемелердің жеткілікті санына ие болуы керек. Аудиторлық қорытындылар қаржылық есептерге деген сенімді арттырады да сенімділік дәрежесін жоғары деңгейге көтереді. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды және басқа да операцияларды тексерген кезде аудитор аудит стандарттарын қолдануды, білумен қатар аудитор өзінің жұмыс барысында бухгалтерлік есеп стандартында тиісті дәрежеде қолдана алуы керек, себебі ол стандарттарды білмейінше аудитор кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептерінің құқықтық актілеріне қандай дәрежеде сәйкес келетінін анықтай алмайды. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды тексеру барысында аудитор әр түрлі жағдайларға және әр алуан фактілерге ұшырасады, оларды оқып зерттейді себептерін анықтайды жүзеге асырылған операциялардың себептері мен салдарын табады.

Аудиторлық қызмет дегеніміз аудиторлық ұйымдар мен аудиторлардың аудит жүргізу жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық жағдайы мен қызметіне тексеріс жүргізу, сараптама жасау және баға беру жөніндегі және аудиторлық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.

Аудит дегеніміз қаржы құжаттарын, олардың дұрыстығын, толықтығын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін анықтау мақсатымен тексеру, ол бойынша субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне, жылдық қаржы есебінің жай-күйі мен мазмұнына, жылдық баланстың дұрыстығы мен толықтығына, инвестициялар тарту және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу үшін әлеуметтік мүмкіндіктеріне, жарғылық қордың уақытылы және толық қалыптастырылуына, кәсіпорындардың бағалы қағаздары эмитенттерінің қаржылық жай-күйіне талдау жасау нәтижелері бойынша аудиторлық қорытындылар беріледі және аудиторлық қызметтің басқа да түрлері жүзеге асырылады.

Аудитор – Біліктілік комиссиясы аттестаттаған және “аудитор” біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке адам. Аудитор аудиторлық қызметін жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.

Аудиттің түрлері: заңдылық тұрғыдан міндетті аудит және бастамашылық (инициативалық немесе ерікті) аудит болып бөлінеді.

Міндетті аудит Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленген  жағдайларда жүргізіледі.

Бастамашылық аудит  субъектілердің тапсырысы бойынша  кез келген уақытта және солар  белгілеген көлемде жүргізіледі.

 Нысанына қарай сыртқы аудит және ішкі аудит болып бөлінеді.

Субъектінің сыртқы аудитін  субъектімен не өзге де тапсырысшымен шарт негізінде тәуелсіз аудиторлық ұйым немесе аудитор жүзеге асырады.

 Субъектінің ішкі  аудитін субъектінің өзі жүзеге  асырады және ол осы субъектінің  қаржылық жай-күйі мен қызметіне  ішкі бақылау жасаудың жалпы  жүйесінің бір бөлігі болып  табылады.

Жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.

Аудиторлық қызмет туралы заңда аудит субъектісі – ол аудиторлар және аудит фирмалары деп көрсетілген.

Аудитор – ол, мамандандыру, біліктілік комиссиясының шешімі бойынша аудиторлық қызмет жасауға арнайы куәлік алған жеке адам. Куәлік бес жыл мерзімге беріледі.

Аудиторлар – аудит  субъектісі ретінде өзінің аудиторлық қызметін жеке немесе аудитор фирмаларында атқарады. Олар мемлекет құрылымына тәуелсіз, тек қана тапсырушылармен жұмыс істейді.

Информация о работе Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері