«Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» қазіргі экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 15:15, курсовая работа

Описание

Қызметтер мен коммерциялық істердің көп түрлілігі қызмет көрсету нарығынсыз, олардың нәтижелері материалдық-заттық нысанға айналмайды және жаңа тұтыну құнын жасамайды.
Қызмет көрсетуді іске асыру мен оларды өндіру бір-бірінен ажырамайды. Қызмет көрсетуді өндірудің аяқталу кезі оларды тұтынушылардың пайдалану кезіне сай келеді.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………..4
1 - бөлім. «Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» қазіргі экономикалық жағдайы…………………….........26
1.1. «Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» ұйымдық-экономикалық жағдайы…………….26
1.2. Коммуналдық кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесі.................................................................................................34
1.3. «Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнын» өндірістік ұйымдастыру ...........................................40
2 - бөлім. Қызмет көрсету жүйесін жетілдіру жолдары ..............................45
2.1 Қызмет көрсету кәсіпорнының мемлекеттік қолдауды жетілдіру
2.2. Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы ....................................54

Қорытынды мен ұсыныстар.................................................................63
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................65

Работа состоит из  1 файл

Ерген.doc

— 259.00 Кб (Скачать документ)

   Сондықтан  коммуналдық  кәсіпорындарды  мемлекет иелігінде  қалдырып,  оларға  үлкен  экономикалық  қамқоршылықпен  қарау  мемлекет  тарапына  тек  пайдасын  әкеледі деген  көзқарас туындайды.   Барлық  салық  түрлерін  мезгілімен  және  толық  көлемде  төлеп отыратын  осы  мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорындар  болғандықтан,   оларға бөлінетін мемлекеттік   қаржыландыруды   үнемдеудің  қажеттілігі болмас. 

 

1.3. Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнын  өндірістік  ұйымдастыру

   

Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық  жол пайдалану  кәсіпорнының  ұйымдық-экономикалық жағдайын сипаттау бөлімінде айтылып өткен  қызмет түрлерін орындау  мынадай  көлемдік  көрсеткіштермен анықталады. 1.тастақ жолдардың ұзындығы -  158 км, жалпы ауданы - 2492 мың м2.

2. жайын жолдардың  ұзындығы  - 254 км, жалпы ауданы - 2168 мың м2.

3. ескерткіштер мен  алаңдардың  ауданы  -   60,6 мың   м2.

4. жолкөпірлердің  ауданы   -   52,8 мың  м2.

5. жеке  тұлға  тұтынушылардың  саны   -  140 547  адам.

6. заңды тұлға тұтынушылардың  саны  -   3815 келісім шарт.

7. көң-қоқыс алаңдарының саны  -   516.

Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық  жол пайдалану  кәсіпорнында  2013  жылдың  1  қаңтарына 118  автокөлік   қызмет етеді.  Оның ішінде  Спецавтобаза  бөлімшесіне жататыны 33 автокөлік, бұлар өзін-өзі қаржыландыруға қызмет етеді.  Қалған 85 автокөлік мемлекеттік тапсырысқа  жұмыс істеп,  мемлекеттік қаржыландыруға  қызмет атқарады.

Негізгі қызмет көрсететін  қызметкерлер саны қол жұмысымен  айналысатын  әрқайсысы  15 адамнан  тұратын  20 бригадада  жұмыс істейтін орта білімді  еңбекшілерден құралған.  Әр бригаданың  бригадирлері  апта аяғында істелген жұмыстары жөнінде техникалық жоспарлау бөліміне есеп беріп тұрады. 

Техникалардың  жетіспеушілігіне байланысты,  кәсіпорын жыл сайын  жеке кәсіпкерлерден автокөліктерді жалға алып отырады. Олар  бригадаларға  күнделікті  бөлініп беріліп тапсырмаларды орындайды. 

Механикалық  жинау  есебі  автокөлікжүргізушілердің  күнделікті  жүргізуші парағына  сәйкес диспетчер бөлімі техникалардың  (өз техникамыз бен жалға алынған техникалар) жұмыс жасалған  уақыттарына есеп береді. 

Осы  есептердің  қорытындысы  бойынша ай сайын  қол еңбектерінің  жұмыстарына,  өз автокөліктеріміз бен аренда автокөліктердің  (форма 2) жасалған жұмыстарына акт жасалып басқару органына тапсырылады. 

Осы актілердің қорытындысы басқару органдарының мамандарымен тексеріліп  кәсіпорынды қаржыландыруға бекітіледі.

 Кәсіпорында  қызметкерлер  саны  жыл сайын  өсіп келеді,  оған себеп  мемлекеттік тапсырыстың  артуы және қаланың жағрапиялық көлемінің өсуі.   

Кәсіпорынның  еңбекақы қорының көлемі жыл сайын мемлекеттік басқару органымен  белгіленеді.

Еңбекақы нысанын,  штаттық  кестесін, қызметтік  кесімді  жалақы  көлемін,  сыйақы жүйесін  және басқалай марапаттауды бекітілген  еңбекақы қорының  мөлшерінде  кәсіпорын дербес белгілейді.

Кәсіпорын  басшысына,  орынбасарларына,  бас есепшіге  қызметтік  кесімді  жалақы көлемі, сыйақы  жүйесі  және басқалай  марапаттау  мемлекеттік  басқару  органымен  белгіленеді.

Кәсіпорын  қызметкерлерінің еңбек ақысы төмендегідей көрсеткіштер  арқылы  есептеледі:  қызмет еткен уақытына,  жұмыс көлеміне,  атқарған  жұмыстардың сапасына,  нақты  берілген  тапсырмалардың  уақытылы орындалуына,  тәртіп  және  техникалық  ережелерді  бұзбауына.  

Қызметкерлердің еңбек ақысы кәсіпорынның директоры бекіткен негізгі тұрақты  штаттық  кесте бойынша есептеледі, оған негізгі төлем ақы, қосымша төлемақылар түрлері, сыйақылар түрлері кіреді.  

Қызметкерлерге барлығына  бірдей  берілетін  тиісті  демалыс уақытының  төлемі  кәсіпорын бойынша  ұжымдық  келісім  шартта белгіленгендей   28 күнге есептеледі. 

Кесте - 3

Көпсалалы мемлекеттік  коммуналдық  жол пайдалану кәсіпорнындағы еңбек ақы динамикасы

    мың теңге

   

2010 жыл

2011 жыл

2012  жыл

2011/

2010

2012/ 2011

 

Еңбек ақы көлемі

94544

134218,0

188519

41,9%

40,4%

 

Жұмысшылар саны

464

486

589

4,7 %

21,2%

 

Айлық орташа еңбек акы

16980

23013,0

26672,0

35,5%

15,9%


 

Кестеден көріп отырған 2012жылдағы қызметкерлер санының  2011 жылмен салыстырғанда тым күрт көтерілгені екі коммуналдық кәсіпорынның  бірігуінен туған көрініс, ал еңбек ақы есептеу негізінде тұрақтылық  байқалады,  аса аумақты өзгерістер жоқ деп айтуға да болады

Еңбек ақы есептеу кәсіпорындағы  табыс көздеріне тікелей байланысты,  яғни  кәсіпорындағы барлық  шығындардың  30 пайызға дейінгі көлемін алатындықтан   қызметшілердің  сапасы мен санын жоғалтып алмау барысында  еңбек ақы төлемін  уақытылы төлеп, бірқалыпты ұстап отыруға тура келеді.  

Кәсіпорындағы қызмет көрсетуге  баға саясатын үш түрге бөлінеді:

1. Мемлекеттік тапсырыстарға қызмет көрсету  бағасы, ол бағалар басқару орындарымен бекітіледі;

2. Кәсіпорын өзін-өзі  қаржыландыру мақсатындағы қызметтерді  сату бағасы, ол мекеме басшысымен  бекітіледі;

3. Тұтынушыларға коммуналдық  қызмет көрсету бағасы, монополиялық реттеу бағасына жатады.

Кәсіпорынның мемлекетке көрсететін  негізгі  қызметтерінің   әр-түрлі өзіндік құндарының  бағасы  10 км  қашықтыққа есептеледі,  ол  бағалар  жыл сайын қайтадан қаралып басқару органымен бекітіліп отырады.  Бұл бағалардың  құнын  нақты  да дұрыс есептеуден  кәсіпорынның  қызмет көрсетуінен түскен табыстың  пайдалы  болуының  үлкен маңызы бар.

 

Кесте - 4

Көпсалалы мемлекеттік  коммуналдық  жол пайдалану кәсіпорнының қызмет түрлерінің  бағалары

теңге

 

 

Қызмет түрлері

2010 жыл

2011

жыл

2012

жыл

2011

/2010

2012/ 2011

 

1

Зил автокөлігімен жолдарға құмшақ араласпасын себу

 

2278,54

 

2626,60

 

3639,80

 

15%

 

38%

 

2

Камаз автокөлігімен жолдарға құм араласпасын себу

 

2375,68

 

2514,06

 

3344,20

 

6%

 

33%

 

3

Зил автокөлігімен жолдарды сыпыру

 

867,53

 

1125,37

 

1319,34

 

30%

 

17%

 

4

Камаз автокөлігімен  жолдарды сыпыру

 

1189,59

 

1256,83

 

1407,36

 

5,6%

 

12%

 

5

Зил автокөлігімен қарды  итеріп жинау  

 

738,00

 

987,67

 

1045,65

 

33,8%

 

5,8%

 

6

Камаз автокөлігімен

қарды итеріп жинау  

 

1060,06

 

1119,13

 

1217,86

 

5,5%

 

8,8%


 

Мысалы жоғарыдағы кестеден  2012 жылғы баға көрсеткіштері  орташа есеппен  2011 жылға қарағанда 20 % -ға көтерілгенін көріп отырмыз. Қызмет көрсетуге  есептелген өзіндік құн  2010 жылмен салыстырғандағы инфляция  құрамынан төмен алынып  кәсіпорынның  күйреушілігіне әкеліп  соқтырды.  Бұл мәселе кәсіпорын мамандарына  2012 жылы баға саясатына оң көзбен қарауына себебін тигізді  және 2012 жылы  есеп қорытындысында  6 млн. теңге пайдамен  шықты. 

Сондықтан,  жасалған қызметтердің  өзіндік құнының  бағасын есептеудің қандай маңыздылығы бар екенін  осы жоғарыда  аталған мысалдардан  байқауға  болады  деп  есептеймін.

Спецавтобаза бөлімшесінің де осы  кезгі күйреуіне әкеліп соқтырып отырған баға мәселесі.  2010 жылдың  сәуір айынан бері  кәсіпорында  жоғары көлемдегі инфляцияларға қарамастан,  монополиялы бағаны реттеу орындарының  қарсылығына  байланысты  1 текше  метр көлемдегі  көң-қоқысты шығаруға  224 тенге 70 тиын  тағайындалып келген.  Бұл  баға кәсіпорын шығындарын  2011 жылдың  1-ші тоқсанынан  бері өтей алмай келеді.  Бұл жағдай  кәсіпорынның өзін-өзі қамтуға шамасы келмегендіктен  екі коммуналдық шаруашылықты  біріктіруге тура келтірді. 

Мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорындарда,  соның ішінде монополды  қызмет көрсететін  мекемелердің  көп жағдайда  жыл қорытындысын  зиянмен аяқтайтындығынан  бағаны  реттеу  органдарының  бағаны  бетіту   мәселесіне тым қатал қарайтындығы  байқалады.

Монополияға қарсы мемлекеттік  реттеу нарықтық экономика елдерінде  қолданылады.  Монополиялық  қызметтерді тежеу мақматында мемлекет әкімшілік және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар қолданады.  Жалпы қорытып айтқанда қызмет көрсетушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет  әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.

Өндірістік ұйымдастыру – бұл  өндірістік процестерді жүргізу  мақсатында еңбек құралы,  еңбек  затын адам еңбегімен біріктіріп және тиімді пайдалану  әдістерінің  жиынтығы.  Өндірісті тиімді  пайдаланудың негізгі көрсеткіштері:  жалпы өнім мөлшері,  жалпы табыс, тауарлы өнім,  өзіндік құн, баға,  пайда, рентабельділік,  еңбек өнімділігі.   

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың  негізгі проблемасы   ресурстық  базалардың жетіспеушілігі:  материалдыөтехникалық  және  қаржылай  жағынан.  Сондықтан  мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорындарын дағы  өндірістік  ұйымдастыруда  мемлекет  тарапынан   толық қамтып отыру,  барлық жағынан да  пайдалы деп есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

2- бөлім.     Қызмет көрсету жүйесін  жетілдіру жолдары.

        2.1. Қызмет көрсету  кәсіпорынының  мемлекеттік қолдауды  жетілдіру.

Қазіргі жағдайда өзінің табысты ісін ұйымдастыруы үшін кәсіпорынның  жақсы  мамандармен  қамтамасыз  етілуі аса қажет:  экономистер, психологтар, саясаттанушылар,  заңгерлер  өндірісті және еңбекті ұйымдастырушылар.   Тәуекелмен байланысты шешім қабылдағанда, кәсіпорын  қазіргі нарық және бәсекелестікке жол беріліп отырғандықтан бірнеше альтернативтік шешімдерді ұсыну қабілеттілігі өте маңызды роль атқарады. Ол үшін кәсіпорын қызмет көрсету  күшіне  сенімді болуы, қамтамасыз жағдайға қарсы тұрарлық, сыртқы ортаға сенімділік қасиеттері  болуы керек.  Жаңа қызмет көрсету кезінде шешім қабылдау жағдайында мәліметтің көптігі кейбір жағдайда мерзімді уақытқа шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді.  Оптималды  шешім қабылдау үшін  ғылыми болжамдарды пайдаланған жөн, себебі ол жағдайда жан-жақты ойластырылған тәуекелдік ескеріледі, әсіресе тәуекелдің төмен дәрежелілігі есепке алынады. Ең бастысы кәсіпорында қызмет көрсету  бағыттарын  жетілдіру кезінде,  мемлекеттен  қолдау алу  үшін  ол шешім жан-жақты,  барлық қиындықтарды жеңе отырып,  өз орындалу барысында экономикалық және әлеуметтік жағынан мемлекетке қайтарылатын пайдасы мол болуы тиіс.

Нарық жағдайында тәуекел қызмет көрсетудің  шешуші элементі болып табылады. Тәуекелдің ерекшеліктері жаңа жобада белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін.  Тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар:

1. жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, сырттан мамандарды тарту  

2. жобалау алдындағы мүмкін болатын  қиындықтарды жете білу   

3. жасалатын қызметке  сұранысты  болжау 

4. тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың  өзара бөлісуі

5. сақтандыру және болжамсыз  шығындарға керекті  қаражаттың  болуы.

Қазіргі кезде  нарыққа қызмет түрлерінің сан-алуан түрлерін ұсынуға болады.  Тек мемлекет тарапынан емес несие  қаржы есебімен де  жаңа қызмет түрлерін  тұтынушыларға ұсынып,  тек аса  біліктілікпен жасалған жобаларды  жүзеге асыра беру  кәсіпорынға еш зиянын тигізбейді.

Нарықтық қатынастарда өндіріс, тұтыну кооперациялау, қызмет  көрсету, өнімнің  айналымы сияқты процесстер  барысында  мамандарды  белгісіздік және тәуекел  көп толғантады. Қолайлы қабылданған  шешім  кәсіпорынға да мемлекетке де жақсы пайда әкеледі, ал қолайсыз негізделмеген шешімдер – банкроттыққа бастайды. 

Информация о работе «Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» қазіргі экономикалық жағдайы