«Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» қазіргі экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 15:15, курсовая работа

Описание

Қызметтер мен коммерциялық істердің көп түрлілігі қызмет көрсету нарығынсыз, олардың нәтижелері материалдық-заттық нысанға айналмайды және жаңа тұтыну құнын жасамайды.
Қызмет көрсетуді іске асыру мен оларды өндіру бір-бірінен ажырамайды. Қызмет көрсетуді өндірудің аяқталу кезі оларды тұтынушылардың пайдалану кезіне сай келеді.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………..4
1 - бөлім. «Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» қазіргі экономикалық жағдайы…………………….........26
1.1. «Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» ұйымдық-экономикалық жағдайы…………….26
1.2. Коммуналдық кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесі.................................................................................................34
1.3. «Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнын» өндірістік ұйымдастыру ...........................................40
2 - бөлім. Қызмет көрсету жүйесін жетілдіру жолдары ..............................45
2.1 Қызмет көрсету кәсіпорнының мемлекеттік қолдауды жетілдіру
2.2. Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы ....................................54

Қорытынды мен ұсыныстар.................................................................63
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................65

Работа состоит из  1 файл

Ерген.doc

— 259.00 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорындағы  қызмет көрсетуді  мемлекет  есебінен қаржыландыруда   ескерілетін  бір мәселе  жобаның  тиімді орындалуы,  ол инвестицианың  құйылуына және күрделі  шығынның  азаюына  септігін тигізеді.

Мемлекет қолдауын жетілдіру коммуналдық  кәсіпорындардың  ең бірінші тұрған тапсырмасы  деуге болады.  Сондықтан  кәсіпорын  қызметкерлерінің  нарыққа  қызмет түрлерін  ұсыну  шеңберінде  ізденістері өсуі,  жетілуі тиіс деп ойлаймын.  Бүгінгі таңда  көптеген ірі ойлар мен үлкен жобалар  мемлекет тарапынан өз қолдауын таба алмай жатады.  Бұған себеп  жобалардың көпшілігі қағаз жүзінде жасалып,  үлкен ортада талқыға түспеуі.

Президентіміз  мен  мемлекет тарапынан  қолдау  тауып,  осы ойлар мен мақсаттарды  жүзеге асыруға зор мүмкіндік  туғыздырған,  қалаларымызда  ашылып жатқан  алгоритм  парктері  осы  жұмыстың  қолға алынғандығының дәлелі деп білуге болады.

Біздің елімізде экономикалық реформа жүргізген жағдайда – нарықтық экономикаға көшуде өрескел қателіктер болды. Оның болу себебі алдын ала ойластырылып, жан-жақты талданып  жоспарланбағанның салдарынан,

Кеңестік экономикада  жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты құралы болды.  Ол әдісті бүкіл алдыңғы қатардағы капиталистік елдер қолданып дүниежүзілік дағдарыстан құтылды. Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы қайтадан ұлттық шаруашылықты стратегиялық болжау мен жоспарлауды қолға алу басты бағыт болып табылады.

Қазір инициативаға толық мүмкіндік берілген жағдайда өз бетімен жоспарлау кең қолданылуы тиіс. Ойлаған ойдың негізделуін және күтілген қортындының берік болуын іске асыру үшін шет елдер тәжірибесі және логика кәсіпкерлік істі жоспарлау керек екендігін көрсетеді. Егер кәсіпорын өз алдына жаңа қызмет көрсетуді ұйымдастырғысы келсе бизнес жоспар жасауы керек. Бизнес-жоспар – бұл жоспарлау құжаты, мұнда бизнестің барлық мүмкіндіктерді пайдалануға қажетті жолдарын анықтайды.

Бизнес-жоспардың маңызы мында: - кәсіпорынның бір істі істеуге өз қаражаты жетпейді, тіпті жоқ болуы да мүмкін, ал ол қаражат басқа кәсіпорындарда. Осы қаражаттарды жинастырып жұмсау үшін, ол өзіне серіктестер, инвесторлар іздейді. Ақшаны бере қою оңай емес. Сондықтан істейтін істің пайда келтіретінін, көрсететін қызметтің нарықта өтетіндігіне серіктестер мен инвесторларды иландыруы керек. Осы жұмысты бизнес-жоспар орындайды:

      -  серіктестер мен инвесторлар болашақ өндіріске, оның көмегіне және                                                                            нарықтағы потенциалына, баға деңгейіне, өнімді нарыққа қозғау әдістеріне, болашақ алынатын пайда мөлшеріне т.б. көрсеткіштерге аса көңіл аударады;   

      -   бизнес жоспарды жасаушы кәсіпкер, фирма немесе компания өндірістік финанстық көрсеткіштер ғана емес, болашақ серіктестіктерді, инвесторларды осы істі атқаратын кадр потенциалының және материалдық ресурстардың жеткілікті екеніне шандыруы керек. Құрылатын ұйым өзінің мүмкіншілігін сауатты және тиімді ұйымдастырып болжамды бизнесті үйлестіріп және басқара алатынын көрсетуі тиіс;

       - бизнес-жоспарды жасақтағанда тиянақты, нақты көрсеткіштермен логикалық үйлесімділік және шанымдылық болуы керек. Оны оқитын ақша-қаражаты бар кісілер тек қана тиянақты цифрларға олардың шанымды есептелгеніне көңіл аударады. Бизнес деген ағылшын сөзі – пайда беретін қандай да болмасын экономикалық іс. Бизнес-жоспардың басты міндеті пайда табу, сондықтан мұны кәсіпкерлік іс жобасының жоспары деп қарау керек. 

        Бизнес-жоспарда болашақта мүмкін болатын және практикалық                                                                                                                                                                                      іске асатын кәсіпкерлік істің жобасы белгіленген мақсатқа жету жолдары көзделеді. Бұл негізінде бір істі істеуде және осы арқылы пайда табуға бағытталған жоспар-бағдарлама, яғни ойланған істі жүзеге асыру үшін жоспарлы ұйымдастыру шаралар жүйесі.

Бизнес жоспардың объективтік  қажеттілігі мына жағдайлармен байланысты:

алға қойылған мақсатты іске асыру үшін потенциалды мүмкіндіктерді ескеру арқылы стратегиялық және тактикалық іс-әрекеттерді жасақтау. Ол ағымдағы және болашақ жоспарлар арқылы іске асады;

кәсіпорынның әлсіз  және күшті жақтарын және жоспарлы бизнесіне сын көзбен қарау;

дүние жүзілік практикада алдын ала жасалған объективті жоспар болмаса істе сәттілік күту мүмкін емес.

Бизнес – жоспар бәріне де керек:

өзіңіздің серіктестеріңізге  және қызметтеріңізге алдағы болашақты айқын және өз міндеттерін жеткілікті, тиянақты білу үшін;

мұндай жоспарлы құжат  кәсіпорынның өзіне бірінші кезектегі керекті, күнделікті жұмысқа басшылық.

        Бизнес-жоспар жасақтағанда мынадай басты мәселелерге жауап беріледі:

        Бұл шын мәнінде бұрынғы жасақталған орындалуға міндетті жоспар емес, бұл болжам-жоспар. Мұндай жоспардың формасын индикативті жоспарлау дейді. Кеңес елі практикасында жоспар – директива, заң ретінде болды. Капитализм дамыған сайын жоспарлауды басты басшылық құралына айналдырады.

       Батыс елдерінің бизнесмендері қандай іс болмасын жоспарлы жұмыстың керектігін мойындайды, онсыз қандай да болмасын істі бастамайды.

       Бизнес-жоспар  жұмыс істеп тұрған өндірісті  жетілдіруге, оның басты бағыттарын  анықтауда пайдасы мол. Бизнес-жоспар  жасаудың басқа жағынан да қажеттілігі бар. Бизнес-жоспар істе қателік жібермеуге, компанияның, кәсіпорынның өмірге келуіне, табысының өсуіне үлкен әсерін тигзеді.

         Бизнес-жоспар негізінде жүргізілген  кәсіпкерлік іс табыс көзі, сәтсіздікке  ұшыратпайды, шаруашылық тәуекелді азайтады.

         Бизнес-жоспар жан-жақты құжатталуы керек. Қаржыландырушыларды иландыру үшін үлкен білгірлікпен істелген жоспар керек.

   Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа,  макроэкономикалық  реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты.  Нарықтық экономиканы реттеуге мемлекет кірісуі керек пе?  деген сауал бірнеше ғасырлар бойы қойылып келеді. Швецияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік» - дейді. Қазіргі экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес,  нарық өзі автоматты реттеледі деген пікірде.

Осы проблема жөнінде  жан-жақты дәлелді теориялық қорытынды  берген атақты ағылшын экономисі  Дж М. Кейнс.  Оның теориялық қорытындылары 1929-1939 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыстан шығуда практикалық  қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті  реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.  Дж М. Кейнс  теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ең алдымен фискалдық және ақша-кредит саясатын тиімді іске асыру басты мақсат деген пікірге келген. Кейнс теориясын практикалық тілге айналдырғанда:  жұмыссыздық жойылса халыққа табыс көбейеді, табыстың көбейюі сұранысты арттырады.  Сұраныс ұсынысты,  яғни өндірістің дамуын өркендетеді. өндіріс инвестицияны көп талап етеді, ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді.  Ал салық массасы бюджетке түседі, қортындысында мемлекет бойынша өндірілген жалпы ұлттық өнім фискалдық саясат арқылы оның 40-45% қайта бөлініп елдің әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартады.  Жоғарыдағы көрсетілген ойлардан шығатын қорытынды: мемлекет экономиканы  реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың  дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның  жетістіктері үлгі  бола алады.  Бұл елдердің тәжірибесінен алатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды (жұмыс күші, капитал, жер, кәсіпкерлік қаюілеттілік )  түгел және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік  өндіргіш күштерін дамытып өндірістік  потенциалын арттыру,  яғни елдің байлығын арттыру. 

Сонымен нарықтық экономика  барлық әлеуметтік  экономикалық  процесстерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты  реттей алмайды.  Нарықтық экономика  елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек  ету правосына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді  және тұрғындардың қорғансыз бұқара топтарын  қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда бермейтін   коммуналдық  шаруашылық салаларына капиталын салмайды,  ол мемлекет үшін,  қоғам үшін өте қажет болса да.  Нарықтық экономика  көптеген әлеуметтік экономикалық  мәні бар актуалды проблемаларын шешпейді.   Ол мәселелер тек қана мемлекеттік іс болады.  Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы  бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасау керек.  Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдырыс өндірістің өрескел төмендегенін  инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т.б. қолайсыз жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмеушілдігінен, өзіне жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.

Мемлекетке мынандай негізгі функциялар жүктеледі.

  1. Праволық негізді жасақтау. Мемлекет меншік правосын анықтайтын, кәсіпкерлік істі реттейтін, өнімнің сапасын қамтамасыз ететін т.б. заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет праволық негіздер көмегімен кәсіпкерлік іс субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейді.
  2. Елде қажетті праволық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың, барлық қоғамның нарықтық экономикасы субъектілерінің правосы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Егер мемлекет бұл функцияны орындай алмаса, ол жағдайда елде қылмыстық іс-әрекеттер өріс алады: қылмыстық істер, мафия, коррупция, парақорлық т.б. жағымсыз құбылыстар кәсіпкерлік іске, жалпы елдің экономикасына апатты әсер етеді.
  3. Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту, ол үшін макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету: жалпы ұлттық өнім, ішкі ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, инфляция деңгейі және жұмыссыздық, бюджеттің жетіспеушілігі т.б. Ол үшін мемлекет қолда бар барлық рычагар мен әдістемелерді фискалдық, финанс – кредит, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат арқылы іске асыруы керек.

       Егер  мемлекет экономиканы тұрақтандыруға  көңіл аудармаса, ол кәсіпкерлік  іске жағдай тұрғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды т.б. Мысалы, егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын берекетсіздендіреді:

  • ұлттық тауарлар импорт тауарларымен бәсекелес бола алмайды, ол төлем балансының жетіспеушілігіне әкеледі, отандық өндіріс төмендейді, жұмыссыздық өседі;
  • валютаны алып-сатушылық басталады;
  • елден валютаның шығуы, ол импорт тауарларының қымбаттауына және жалпы бағаның өсуіне әкеледі;
  • тұрғындардың жинақтарының құнсыздануына,
  • инвестицияның қысқаруына т.б. қолайсыз жағдайларға әкеледі.
  1. Әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету.

     Мемлекет  әлеуметтік саясатты белсенді  түрде жүргізуге міндетті. Оның  мәні мынада: барлық жұмыс істейтіндерге  минималды еңбек ақымен, кәрілік  және мүгедектік пенсиялармен, жұмыссыздарға жәрдемақымен қамтамасыз етуге кепілдік; тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету; инфляциямен байланысты белгіленген табыс алатындардың табысын индексациялау т.б.

        Мемлекет бұл саясатты жүргізу  нәтижесінде барлық азаматтарға минималды күнкөріс деңгейін қамтамасыз етеді, ол халық наразылығын бәсеңдетеді.

  1. Бәсекелестікті қорғау. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік – негізгі реттеу инструменті. Бәсекелестік – барлық экономика сферасында прогрестің негізгі, ол тауар өндірушілерді ғылым жетістіктерін өндіріске енгізіп, өнім сапасын арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ынталандырады. Сондықтан мемлекет бәсекелестікті қорғауы тиіс. Бәсекелес жағдайда тұтынушы – қожа, нарық – агент, ал кәсіпорын – оның құлы. Ал монополия жағдайында тұтынушы қожалықтан, құлдыққа ауысады.

     Бірақ бәсекелестік  ақырында монополиялық жағдайға  әкеледі. Бұл жағдайды диалектиканың  бірінші заңы - әлемнің бірлігі  және қарама-қарсылық күресі деуге  болады.

           Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.

  1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: өндірістің төмендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсеке қабілеттігінің жоқтағы, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған ортаның нашарлауы.

     Мемлекеттің  байыпты міндеттері – уақытында  қолайсыз жағдайлардың алдын-ала  себептерін анықтау және оны  болдырмау.

  1. Қолайлы жағдайлар. Бұл экономикаға, кәсіпкерлік іске қолайлы ықпал жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды үақытында мемлекет қолжауы керек. Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мемлекет қолдауы керек. Мысалы, қолайсыз жағдайлар: инфляция, жұмыссыздық соның салдарынан өндірістің төмендеуі. Мемлекет бұл жағдайларға араласуы үшін олардың критерияларын білуі керек.

       Жұмыссыздық  – бұл нарықтық экономикаға  тән элемент. 4-6 % жұмыссыздық бұл табиғи жұмыссыздық, табиғи деңгейге жатады. Мемлекеттің араласуы табиғи деңгейдегі жұмыссыздық асқан жағдайда басталады, яғни  циклдық жұмыссыздық өндірістің төмендеуімен байланысты.

Информация о работе «Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» қазіргі экономикалық жағдайы