«Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» қазіргі экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 15:15, курсовая работа

Описание

Қызметтер мен коммерциялық істердің көп түрлілігі қызмет көрсету нарығынсыз, олардың нәтижелері материалдық-заттық нысанға айналмайды және жаңа тұтыну құнын жасамайды.
Қызмет көрсетуді іске асыру мен оларды өндіру бір-бірінен ажырамайды. Қызмет көрсетуді өндірудің аяқталу кезі оларды тұтынушылардың пайдалану кезіне сай келеді.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………..4
1 - бөлім. «Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» қазіргі экономикалық жағдайы…………………….........26
1.1. «Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» ұйымдық-экономикалық жағдайы…………….26
1.2. Коммуналдық кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесі.................................................................................................34
1.3. «Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнын» өндірістік ұйымдастыру ...........................................40
2 - бөлім. Қызмет көрсету жүйесін жетілдіру жолдары ..............................45
2.1 Қызмет көрсету кәсіпорнының мемлекеттік қолдауды жетілдіру
2.2. Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы ....................................54

Қорытынды мен ұсыныстар.................................................................63
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................65

Работа состоит из  1 файл

Ерген.doc

— 259.00 Кб (Скачать документ)

           Нарық сегменті – маркетингілік  бірыңғай ынталандыру құрамынан,  біркелкі әсер алатын тұтынушылар тобынан құралады. Фирма нарықтың бір немесе бірнеше сегменттеріне қызмет жасауға тоқталуы мүмкін. Фирма олардың әрқайсысына нақтылы қандай позицияда болатынын шешуі керек. Ол тұтынушылардың көзқарастары бойынша ең маңызды деп саналатын бәсекелестердің мақсатты нарықтағы маркалы тауарларының позицияларымен танысуы керек. Оның үстіне, тауар қасиеттерін үйлестіруі бойынша сұраным көлемін бағалауға тиіс. Одан кейін, дәл не шығару керектігін, әлі қанағаттандырыла қоймаған мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған не бар маркалардың біріне ұқсас тауар шығаруды шешуі керек. Соңғы жағдайда фирма бәсекелес маркамен күреске түсуге дайын болып, тұтынушылар санасына өз тауарларының ерекшеліктерін жеткізуге тырысуы керек. Нарықта позициялау туралы шешім қабылданғаннан кейін, оны қолдау үшін, фирма маркетинг кешенін дайындайды.

            Маркетинг кешені – бұл төрт  құрылымның байланыстырылуы: тауар,  баға, тарату әдістері және ынталандыру  әдістері. Фирма маркетинг үшін  қажетті жалпы ассиногновния сомасы туралы шешім қабылдап, ол ассигнованияны маркетинг кешенінің негізгі құрылымдарына бөледі және әр құрылымдардың шегінде бөлістіреді.

           Осы аталған барлық маркетингілік  жұмыстарды орындау үшін фирма  төрт жүйе құруға тиіс –  маркетингілік ақпараттар, маркетингті жоспарлау, маркетинг қызметін ұйымдастыру және маркетингілік бақылау. Маркетингті жоспарлау жүйесінің құрамына стратегиялық жоспарлау және маркетингілік жоспарлау кіреді. Стратегиялық жоспарлау жүйесінің негізгі мақсаты – құлдырап келе жатқан бірқатар өндірістердің орнын толықтыру үшін ең кем дегенде бірнеше дамып келе жатқан өндірісті бар мықты фирманы болдыру. Маркетингілік жоспарлау жүйесі шегінде алдарына стратегиялық мақсаттар қойылған жәй және маркалы нақтылы тауар өндірістерінің жылдық және келешектік жоспарлары дайындалады.

           Маркетинг бөлімдерін ұйымдастырғанда,  әрбір маркетингілік функцияны  орындауға жауап беретін, маркетинг  бойынша вице-президентке бағынатын,  өзінің жеке басқарушысы бар  функциональды ұйымдастыру жиірек кездеседі. Географиялық ұстаным бойынша ұйымдастыру сауда агенттеріне өз әрекеттерін нақтылы географиялық нарықтарға шоғырландыруға мүмкіншілік береді. Тағы бір вариант - әрбір шығарылған тауардың жеке және ол басқа функциональды қызмет мамандарымен ынтымақты түрде қызмет атқаратын басшысы бар тауар өндірісі ұстанымы бойынша ұйымдастыру. Келесі вариант – негізгі нарықтардың бекітілген басшылары бар нарық ұстанымы бойынша ұйымдастыру. Бірқатар ірі фирмалар тауар-нарық ұстанымы бойынша ұйымдастыруды қалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды  мен  ұсыныстар

 

        Жалпы қызмет көрсету нарығының өзіндік ерекшелігі болады.  Мысалға ол сақтауға, тасымалдауға,  колмен ұстап көруге келмейді. Сондықтан қызмет көрсету нарығын талдаудың негізгі мәні  оның басты ерекшелігінде.

        Сондай кәсіпорынның бірі көп салалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорны. Ол  Орал қаласы әкімдігінің Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Көп салалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын)  2006 жылғы 29 маусымда қала әкімшілігінің № 826 –шы қаулысымен  шаруашылық басқару құқы негізінде Орал қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнын және Орал қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Спецавтобаза» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын біріктіру арқылы құрылды және олардың құқықтық мұрагері болып танылады.

         Кәсіпорынның Жарғылық қоры 507 163 353 (бес жүз жеті миллион жүз алпыс үш мың үш жүз елу үш)  теңге 88 (сексен сегіз)  тиынды құрайды.

Кәсіпорын Жарғылық қордың 10 пайызы көлемінде резервтік қор  құрады, ол үшін резервтік қор белгілі  мөлшерге жеткенге дейін қарауында қалған пайданың 5 пайызын осы мақсатқа жұмсап отырады.

            Кәсіпорынды  мемлекеттік қаржыландыру жылдан жылға жоғары қарқынмен өсіп келе жатырғанын көреміз,  бірақ бүған қарап мемлекеттік қаржыландыру  жүйесі  оп-оңай  деңгейде өсе береді екен деген пікірден аулақ болу керек.  Себебі  әр-жыл  сайын  климаттық  жағдайларда бір біріне сәйкес келе бермейді.  Мысалы,  мемлекетік қаржыландырудың  осу  қарқынын  кәсіпорындағы мамандар былай  сипаттайды:  2011 жылдың  қаржыландыру көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 24,9 %  - ға  өскен.  Бұған себеп болып отырған жағдай  тауарларға,  жанар-жағар майға және тағы да басқа құрал жабдықтарға баға нарығының күрт  өскені  және  төменгі еңбек ақы мөлшерінің  30% -ға көтерілгендігі деп есептейді.  Ал,  2012 жылдың  қаржыландыру  жүйесі 58 % - ға көтерілген себебі  осы жылдың  1- тоқсанында  жауған  аса көлемді қар мөлшеріне байланыстырады.  Яғни,  қала тұрғындарын көктем маусымында су тасқынынан және еріген қардың  суынан бұзылатын  асфальт және  жай жолдардың  бұзылмауының  алдын алатын  жұмыстардың  өте көлемді және сапалы  жүргізілуі  болып саналады.   

        2012 жылдағы қызметкерлер санының  2011 жылмен салыстырғанда тым күрт көтерілгені екі коммуналдық кәсіпорынның  бірігуінен туған көрініс, ал еңбек ақы есептеу негізінде тұрақтылық  байқалады,  аса аумақты өзгерістер жоқ деп айтуға да болады

Еңбек ақы есептеу  кәсіпорындағы  табыс көздеріне  тікелей байланысты,  яғни  кәсіпорындағы  барлық  шығындардың  30 пайызға  дейінгі көлемін алатындықтан   қызметшілердің  сапасы мен санын жоғалтып алмау барысында еңбек ақы төлемін уақытылы төлеп, бірқалыпты  ұстап отыруға тура келеді.   

         Жоғарыдағы жағдайды талдай отырып  кәсіпорынның қызметін жетілдіру  үшін мынадай ұсыныстар береміз:

  • Спецавтобаза бөлімшесінің  көрсететін қызметін (өзін-өзі қаржыландыру)  бәсекелестік  нарығында  жетілдіре түсу;
  • Кәсіпорынның көрсететін қызмет түрлерінің бағаларын уақыт талабына сай  пайда табу (зиянсыз  қызмет) көзіне айналдыру керек;
  • кәсіпорының  экономикасын  көтеру бағытытына жасалған  жобаларды  іске асыру;
  • мамандар мен  қызметшілердің  білім  деңгейлерін халықаралық стандарттарға сай толықтырып  отыруды жолға қою;
  • жеке және заңды тұлғалардың  қызметке сұранысын  жоғарылатып,  кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру  мәселесін қолға алу;
  • қызмет көрсету барысында бәсекелестерге бой бермеу саясатын ұстану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Предпринимательство в Республике Казахстан. . – Законодательные документы и материалы. – Алматы, 2004г.
  2. Ахметов К.Ғ. Өндіріс менеджменті, Орал, 2001. – 67 бет
  3. Авдашева С. Акционерные и имущественные механизмы интеграции в российских бихнес – группах //Российский экономический журнал. – 2000. - №1
  4. Аврин С. Как привлечь допольнительный акционерный капитал //Управление компаней. – 2002. - №3
  5. Бисенгазиев М:, Хамитов А.Ш. Кәсіпкерлік негіздері, Орал, 2003
  6. Бусыгин А.В. Предпринимательство, Москва, 1999
  7. Бусыгин И.В. Предпринимательство. – М.: Дело, 2003
  8. Бринк И.Ю., савельева Н.А. Бизнес-план предприятия. Теория и практика – Ростов на Дону. Феникс, 2002
  9. Бизнес-планирование: создание успешного бизнес-плана на предприятии. – Москва, 2004
  10. В помощь предпринимтелю. Методические рекомендации – астана: ЗАО «Республиканский информационно-выставочный центр по малому предпринимательству», 2002
  11. Мамыров Н.К., Смагулова Н.Т. и др. Основы предринимательства – А., Экономика, 1999
  12. Модели готового бизнеса. Как получить кредит – Астана: ЗАО «Республиканский информационно-выставочный центр по малому предпринимательству», 2002
  13. Окаев К.О., Смагулова Н.Т., Яновская О.А. и др. Предпринимательство в Республике Казахстан – А., Экономика, 2000
  14. Путеводитель для предпринимателя (ЗКО) - Астана: ЗАО «Республиканский информационно-выставочный центр по малому предпринимательству», 2002
  15. Пелих А.С. Бизнес-лан или как организовать собственный бизнес – М.: «Ось-89», 1997
  16. Кәсіпорын экономикасы/ Мейірбеков А. Алматы, Экономика, 2003
  17. Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. – Минск: БГЭУ, 2004. – 284
  18. Менеджмент негіздері /Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ұ.С. және т.б., - Ақтөбе – Орал: А-Полиграфия, 2005. – 519 б.
  19. Предпринимательство в Республике Казахстан/ Окаев К.О., Смагулова Н.Т., Яновская О.А. и др., Алматы, 1999
  20. Уткин Э.А. Курс менеджмента. – М.: Зерцало, 1998
  21. Фатхутдинов Р.А. Система менеджмента. – М.: ЗАО «Бизнес-школа», 1996
  22. Бекенова Л.М. Методологические основы оптимального функционирования и развитие производства //Вестник КазНУ. – 2004. - №1
  23. Вопросы управления акционерным обществом // Правовая реформа в Казахстане. – 2001. - №12
  24. Дугельный А.П. Структурные преобразоание на предприятии //ЭКО. – 2000.- №6
  25. Жапбасова Б. Система управления повышением эффективности деятельности предприятий //Труд в Казахстане. – 2003. - №11
  26. Казачук Н. Управление торговой деятельностью предприятия в современных условиях //Международный сельскохозяйственный журнал . – 2001. - №1



Информация о работе «Көпсалалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» қазіргі экономикалық жағдайы