Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 21:31, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі есеп жүргізу жүйесінде, ақша қаражатының есебін жүргізу ерекше орын алуымен бйланысты, өйткені субьектілердің ағымдағы, қаржылық және инвестициялық қызметтері ақшалай есептесу негізінде құрылады.
Курстық жұмыстың міндетіне төмендегілер жатады:
Ақша қаражаттар қозғалысының мазмұныны талдау;
Ақша қаражат қозғалыстары бойынша есеп беру әдістерін талдау;
«Қазпошта» АҚ ақша қаражатының есебін зерттеу болып табылады.
КІРІСПЕ 3
1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі 5
2. Кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысын құжаттық рәсімдеу 12
3. Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша есеп беруді тапсыру тәртібі 16
4. Кассадағы ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі 23
5. Кассадағы ақша қаражаттарының есебін жетілдіру 32
ҚОРЫТЫНДЫ 39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 41
Ақшалай қаражатқа міндеттемені жедел төлеу үшін қолдануға болатын қаржы ғана кіреді. Оларға қаржылық мекемелердегі ағымдағы шоттағы қалдықтар, қолма-қол ақша қаражаты, монеталар, валюта мен субъект кассасына нақты берілетін ақшалай құжаттар (жай чектер, кассалық ордерлер, клиенттердің чектері, ақшалай аударымдар және басқа да есеп айрысу құралдары) жатады.
БҚОФ «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы 39 мекен жайында орналасқан. Қоғамда қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар фирма бланкілері, мөрі, штампы, өзінің балансы, банктердегі есеп және басқа да шоттары бар. Қоғамның құрылу және іс-әрекеттерінің мақсаты:
- Баспа, кітап т.б. өнімдерін тарату;
- Банктік қызмет көрсету;
- Редакциялық-баспа іс-әрекеті;
- Тұрғындарға газет-журнал, хат, посылка, бандерол тарату;
- Қазақстан Республикасы
нарығын, қызметтермен
- Тұрғындарға байланыс қызметін көрсету;
-Жеке және заңды тұлғаларға есептік кассалық қызметтер көрсету;
- Зейнетақы, жәрдемақы,
және басқада әлеуметтік
-Күнделікті қажетті тауарларды сату мен лотореялық билеттерді тарату;
-Зейнетақы қорлары,
сақтандыру ұйымдарының
-Бюджеттегі мекемелердің қызметкерлеріне жалақы, степендия төлеу;
Өз мақсаттарына жету үшін қоғам өзінің атынан келісім шарт жасауға, мүліктік және мүліктік емес құқықтар, міндеттемелерді атқаруға құқылы.
«Қазпошта» АҚ қаржылық
жұмыстың маңызды бағыттары
- қаржылық жоспарлау;
- оперативті жұмыс;
- бақылау-аналитикалық жұмыс.
Қаржылық жоспарлау шаруашылық субьектісінің қаржылық іс-әрекетін ұйымдастыруда маңызды орын иеленеді. Қаржылық жоспарлау кезінде әрбір кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайын жан-жақты бағалайды, қаржылық ресурстарды арттыру мүмкіндігін анықтайды және оларды неғұрлым тиімді пайдалану бағыттарын айқындайды.
Қаржылық жоспарлау бухгалтерлік есеп және басқару есептерінен алынатын кәсіпорын қаржылары туралы ақпараттарды талдау негізінде іске асырылады.
Жоспарлау саласында қаржылық қызмет келесідей міндеттерді орындайды:
Оперативті жұмыс саласында қаржылық қызмет көптеген міндеттерді орындайды. Негізгілері болып келесілері табылады:
Кәсіпорында бақылау-аналитикалық жұмысына үлкен көңіл бөлінеді, себебі оның тиімділігі көп жағдайда қаржылық іс-әрекеттің нәтижесін анықтайды. Қаржылық қызметтер, пайда, рентабельділік бойынша қаржылық, кассалық және несие жоспарлары көрсеткіштерінің орындалуына бақылау жүргізеді, меншікті және қарыз капиталының бағытталуы бойынша пайдаланылуын, банк несиесінің мақсатты пайдаланылуын қадағалап отырады. Бақылау – аналитикалық жұмысының іске асырылуына бухгалтерия бөлімі көмектеседі. Олар бірлесе отырып шоттардың құрастыру дұрыстығын, капитал салымдарының өтімдігін есептеуді тексереді, есеп берудің барлық түрлеріне талдау жасайды, қаржылық және жоспарлы тәртіптің сақталуына бақылау жүргізеді
Қаржылық қызмет шаруашылық іс-әрекетті басқарудың бірегей механизмінің бірі болып табылады және ол кәсіпорынның басқа қалған қызметтері мен тығыз байланыста болып келеді. Осылайша, бухгалтериямен тығыз байланыста болуы нәтижесінде қаржылық қызметке өндіріс жоспарлары, кредитор мен дебиторлар тізімдері, қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша құжаттар пайдалануға беріледі. Өз кезегінде қаржылық қызмет бухгалтерия бөлімін қаржылық жоспарлармен және олардың орындалуы жөніндегі аналитикалық есептермен таныстырып отырады.
Бухгалтерия бөлімінің
іс-әрекеті бухгалтерлік есеп әдістемесі
департаментінің және Қазақстан
Республикасының қаржы
Қаржылық жұмыстың негізгі міндеттері болып келесілер табылады: табысты арттыру және рентабельділікті жоғарлату жолдарын іздестіру, негізгі іс-әрекетті қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету, қаржылық органдар алдында қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша міндеттемелерін уақытылы және толық орындау.
«Қазпошта»
АҚ жұмысының қорытындылары
Есеп-қисап құжаттамаларын
қолмен өңдеу, сол сияқты автоматтандырылған
өңдеу кезіндегі кассаға
Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен рәсімдейді. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдаған туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир “Төлем таңбаларын анықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс (№КО-2) (ҚОСЫМША) ордерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен, ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: “Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Еңбекақы, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар мен сыйлықтар төлеу, ақшаны беру мерзімі жалпы сомасы жазу түрінде көрсетілуімен ұйым жетекшісі мен бас бухгалтер қол қойған төлем ведомостері бойынша жүзеге асырылады. Оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін
үш күн өткен соң, кассир төлем
тізімдемесіне еңбекақысы бойынша
тиесілі сомасын алмаған
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерлерінің толтырылған күні мен номері, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі (жалақы, сыйлықтар, степендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар). Егер ақша қаражатының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.
Кіріс және шығыс кассалық құжаттарды тіркеу үшін “Кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу журналы” қолданылады, шығыс құжаттарға бөлек, кіріс кассалық құжаттарға бөлек журнал ашылады. Бұл журналда мыналар көрсетіледі:
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын, олардың дұрыс рәсімделуін, ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен күнін, айы мен жылын көрсете отырып “Алынды” немесе “Төленді” деп белгі соғады.
Кассадағы сақталатын ақша
қаражаттары мен қатаң есептегі
бланкілеріне тексеру, есеп саясатында
белгіленген мерзімдерде
Кассада анықталған артық шыққан ақша қаражаттары кіріске алынады, кем шыққан ақша қаражаттары кассирден өндіріледі.
Қолға берілетін ақшадан өзге, кассада акциялар, мемлекеттік зайымдардың акциялары, вексельдер, чек кітапшалары, өзге де бағалы қағаздармен қатаң есептегі бланкілер сақталуы мүмкін.
Қатаң есептегі бланкілерге мыналар жатады: асханадан тамақ алуға, белгілі бір ас қабылдауға, оқу орындарының асханаларынан тамақ алуға, емдеу профилактикалық ас қабылдауға берілетін абонементтер, қызметкерлерге тегін арнайы тамақ босатуға арналған талондар (сүт немесе соған тең тамақ өнімдері) және басқа да Билеттер, талондар, абонементтер және қатаң есептегі өзге де бланкілер, материалдық құндылықтар ретінде, оларды сатып алынған нақты өзіндік құны бойынша 1350 “Өзге қорлар” шотында есепке алынады. Материалға жауапты тұлғалар бланкілер есебінен кіріс-шығыс кітабында қатаң есептегі бланкілер есебі бойынша әрбір атауы және нақты құны бойынша жүргізіледі. Бланкілердің кіріс және шығыс операциялары қатаң есептегі бланкілерде кіріс шығыс (накладной) құжатымен рәсімделеді. Материалға жауапты тұлға ай сайын бухгалтерияға қатаң есептегі бланкілердің қозғалысы туралы есеп береді. Белгілерді (бланкілерді) өткізуге дайындау кезінде, субъект жетекшісі арнайы тағайындайтын комиссия материалға жауапты адамның қатысуымен қапшықтарды ашып, бланкілерді әр парақ бойынша түгендеп, санап шығады. Ашылған қапшықтағы бланкілерді парақтап санап шығу кезінде анықталған нәтижелер абонементтерді, талондарды және өзге де белгілерді тексеру нәтижелері туралы Актіге жазылады. Актіде алшақтықтар анықталған жағдайда, орауындағы құлақша қағаздағы деректер мен қапшықтан шыққан нақты белгілер жазылады. Акт негізінде белгілерді (бланкілерді) жасаушыларға талап білдірілуі мүмкін. Тамақ алуға берілетін абонементтерге және өзге белгілерге оларды сатуға дайындау кезінде субъектінің мөрі басылады.
Есеп саясатында белгіленген мерзімдерде кассада сақталатын ақша қаржаттары мен қатаң есептегі бланкілерге тексеру жүргізу қажет. Оны субъект жетекшісі тағайындайтын комиссия жүргізеді.
Кассалық операциялар есебін компьютерлендіру кезінде, сондай-ақ кассалық құжаттарды өңдейтін бағдарламалық құралдар жұмысының дұрыстығына тексеру жүргізіледі. Оның бұзылуына кінәлі тұлғалар белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Ақша қаражаттары мен қатаң есептегі бланкілерді тексеру нәтижелері қолға берілетін ақша қаражаттарын түгендеу Актісімен және құндылықтар мен қатаң есептегі құжаттар бланкілерін түгендеу тізімдемесімен рәсімделеді. Кассада анықталған артық шыққан ақша қаражаттары кіріске алынады. Бұл операция дебет бойынша 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотында және кредит бойынша 6280 “Басқа да кірістер” шотында көрсетіледі. Кем шыққан ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар кассирден өндіріледі: