Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 21:31, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі есеп жүргізу жүйесінде, ақша қаражатының есебін жүргізу ерекше орын алуымен бйланысты, өйткені субьектілердің ағымдағы, қаржылық және инвестициялық қызметтері ақшалай есептесу негізінде құрылады.
Курстық жұмыстың міндетіне төмендегілер жатады:
Ақша қаражаттар қозғалысының мазмұныны талдау;
Ақша қаражат қозғалыстары бойынша есеп беру әдістерін талдау;
«Қазпошта» АҚ ақша қаражатының есебін зерттеу болып табылады.
КІРІСПЕ 3
1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі 5
2. Кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысын құжаттық рәсімдеу 12
3. Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша есеп беруді тапсыру тәртібі 16
4. Кассадағы ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі 23
5. Кассадағы ақша қаражаттарының есебін жетілдіру 32
ҚОРЫТЫНДЫ 39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 41
Екінші кестенің мәліметтері бойынша талдау жасалып отырған жылдардың соңғысында негізгі құрал құрылымы бойынша неғұрлым көп үлесін машиналар мен құралдар - 65% құрайды. 2009 жылды 2007 жылмен салыстырғанда 502590 мың теңгеге көбейген. Алдыңғы екі жылда көп үлесті ғимараттар мен құрылыс жайлар - 50% алған. Соңғы жылы басқа да негізгі құралдар құны 25% -дан 9%-ға дейін төмендеген. Негізгі құралдардың жалпы құны 403950 мың теңгеге немесе 2,4 есеге көбейді, бұл өндіріс көлемін ұлғайту үшін құрал жабдықтардың сатып алынуымен түсіндіріледі.
Мамандандырылуын сипаттайтын
негізгі көрсеткіш болып
Кесте 3 - БҚОФ «Қазпошта» АҚ тауарлы өнім құрамы және құрылымы
№ |
Көрсеткіштер |
2007 |
2008 |
2009 |
Ауытқу-лар (+;-) | |||
мың тг. |
% |
мың тг. |
% |
мың тг. |
% | |||
1 |
Баспа, кітап т.б. өнімдерін тарату |
950850,0 |
55 |
1270515,0 |
70 |
1150485,0 |
65 |
+199635,0 |
2 |
Банктік қызмет көрсету |
345765,0 |
20 |
272250,0 |
15 |
180000,0 |
10 |
-165765,0 |
3 |
Редакциялық-баспа іс-әрекеті |
259320,0 |
15 |
181500,0 |
10 |
265500,0 |
15 |
+6180,0 |
4 |
Басқа да қызмет түрлері |
172875,0 |
10 |
90750,0 |
5 |
174000,0 |
10 |
+1125,0 |
Барлығы |
1728810,0 |
100 |
1815015,0 |
100 |
1769985,0 |
100 |
41175,0 | |
Ескерту: «Қазпошта» АҚ мәліметтері негізінде автормен құралған. |
Кестені талдау кезеңіндегі тауарлы өнім құрамы мен құрылымында қатты өзгерістер жоқ. Үш жыл ішінде көп үлесті баспа, кітап өнімдерін тарату алып отыр, жылдарға сәйкес 55%, 70%, 65%. Осы қызмет құны соңғы 2009 жылы 199635,0 мың теңгеге өсті. Банктік қызмет құны 2009 жылы 165765,0 мыңға төмендеді, өйткені негізгі іс-қызмет түрлерін, басқа да іс-қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетулер 1125,0 мың теңгеге көбейді. Осы кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорын көбінесе баспа өнімдерін таратумен айналысады екен. Ал банктік қызмет түрінің алатын үлес салмағы 20 пайыздан 10 пайызға дейін кеміген. Бұл құбылыс тұрғындардың нарықта басқа да банкілердің қызметіне жүгінетіндігінің айғағы. Дегенмен кәсіпорын соңғы жылдары осы қызмет түрін алға қарай жылжыту мақсатында ХОМ-КРЕДИТ бағдарламасымен жұмыс жасап жатыр. Тұрғындарға тауаларды несиеге беріп, сол арқылы пайыздар алады. Ал жалпы алсақ кәсіпорнның тауарлы өнім құрамы жылдан жылға 2,3 пайызбен өсіп келеді. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның дамуының айғағы.
Төменде көрсетілген 4 кесте көрсеткіштері БҚОФ «Қазпошта» АҚ табысты кәсіпорын екендігін сипаттайды. 2009 жылғы өнімді сатудан түскен табыс 2007 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға өскендігін көреміз. Ал сатылған өнімнің өзіндік құны 38,9 пайызға көбейген. Бұл жағдай көрсетілген қызметтердің өзіндік құнының қымбат екендігін көрсетеді. Жалпы табыстың ең көп мөлшері 2008 жылы 815355,0 мың теңге алынған. Ал 2009 жылы 43,9 пайызға кеміген. Кезең шығындарында көп үлесті жалпы және әкімшілік шығындар алып отыр, мысалы, 2007 жылы олар 88% тең. 2009 жылы кезеңдік шығындар да 47,9 пайызға төмендеген. Негізгі емес қызметтен түсетін табыс жылдан жылға көбеюде.2009 жылы оның көлемі 8,8 есеге көбейген. Салық салынғаннан кейін де табыс алынды, оның ең көп мөлшері 2008 жылы 83565,0 мың тенге алынған. Таза табыс 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 11,8 пайызға төмендеген. Бұл өндіріс көлемі соған сәйкес өнімді сату көлемінің артып, кезең шығындарының 676845,0 мыңнан 353310,0 дейін түсіндіріледі.
Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық субьектілерінің қаржылық жағдайын талдау ролі маңызды. Бұл кәсіпорынның коммерциялық делдалдардың, жұмысшылардың, меншік иелерінің алдында өздерінің іс-қызметі нәтижесі үшін толық жауапкершілікте болуы мен байланысты.
Кесте 4 - БҚОФ «Қазпошта» АҚ 2010-2012 жылғы қаржылық-шаруашылық іс-әрекет нәтижесі, мың теңге
№ |
Көрсеткіштер |
Жылдар |
Ауытқуы, % | ||
2010 |
2011 |
2012 | |||
1 |
Өнімді (қызмет, жұмыс) сатудан табыс |
1728810,0 |
1815015,0 |
1769985,0 |
102,3 |
2 |
Сатылған өнімнің өзіндік құны |
965280,0 |
999660,0 |
1341390,0 |
138,9 |
3 |
Жалпы табыс |
763530,0 |
815355,0 |
428595,0 |
56,1 |
4 |
Кезең шығындары, соның ішінде жалпы және әкімшілік шығын, сату бойынша шығын. Пайыз төлеу бойынша шығын. |
676845,0 |
732195,0 |
353310,0 |
52,1 |
5 |
Негізгі қызметтен табыс |
86685,0 |
83160,0 |
75285,0 |
86,8 |
6 |
Негізгі емес қызметтен табыс |
225,0 |
405,0 |
1995,0 |
886 |
7 |
Салық салуға дейінгі қарапайым қызметтен табыс |
86910,0 |
83565,0 |
77580,0 |
88,9 |
8 |
Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар |
26073,0 |
25069,0 |
23274,0 |
89,2 |
9 |
Салық салудан кейінгі табыс |
60837,0 |
58496,0 |
54306,0 |
89,2 |
10 |
Таза табыс |
60837,0 |
58496,0 |
54306,0 |
89,2 |
Ескерту: «Қазпошта» АҚ мәліметтері негізінде автормен құралған. |
Қаржылық есеп мәліметтері бойынша қаржылық талдаудың басты мақсаты шаруашылық субьектінің қаржы-шаруашылық іс-әрекетін терең, кешенді зерттеу және соның негізінде келесі сұрақтарға жауап алу: оның тиімділігі қандай, шаруашылық субьектінің қаржы тұрақтылығын бекіту және жетілдіру жолдары қандай, іскерлік белсенділік көрсету. Сол мақсатта жойылу коэфиценті бойынша қоғамның қаржылық жағдайын талдаймыз. Жойылу кәсіпорынның міндеттемелерін активтермен өтеу деңгейі ретінде анықталады. Активтің ликвидтілігіне байланысты оның төлем қабілеттілігі анықталады.
Сонымен, кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын жоғарлату мақсатында дебиторлық және кредиторлық қарызды минимумға келтіру бойынша шараларды ұйымдастыру керек. Мұнда үлкен ролді «Қазпошта» АҚ есеп және қаржы жұмыстары ұйымы атқарады.
Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 42 " Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары " деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:
1060 " Өзге ақша қаражаты"
шоты. Бұл шотта аккредитивтегі
ақша қаржыларының қозғалысы
есепке алынады. Аккредитив –
клиенттің тапсыруымен өзі
Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:
Жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.
Жабылатын (депоненттелген) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.
Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-щартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.
Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.
Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.
Дәлелденген аккредитив – бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.
Трансферабельдік (аударма) аккредитив – бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.
Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арнаулы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.
Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 " Қысқа мерзімді банктік қарыздар" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1030 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары" шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1030) кредиттеледі де 1060 "Өзге ақша қаражаты" шоты дебеттеледі.
Аккредитивтің мерзімінің
өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет
көрсететін банктегі аккредитив жабылады.
Аккредитивтің жабылғаны
Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.
1060" Өзге ақша қаражаты " шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады.
Чек – бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.
1060"Өзге ақша қаражаты"
шотында айрықша сақтауды
1050 " Жинақ шоттардағы ақша қаражаттары " шотында субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.
Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу.
Кассаны түгендеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма-қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.
Түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.
Кәсіпорын кассасында сақталатын
құнды қағаздар мен ақша құжаттарын
түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу
жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың
жекелеген түрлері бойынша
Жол үстіндегі ақша қаражаттарын түгелдеу осы шотта тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкоссаторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатаң олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме деркетерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен, ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша есеп беру әдістері жоғарыда айтылған шоттарда ашылып көрсетілген. Осыдан соң «Қазпошта» АҚ ақша қаражаттарының опрациялары қойылған талаптарға толығымен сай жүргізілуде деген пікірге келуге болады. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп принциптері мен бухгалтерлік есеп анықтамаларын қолдануда.