Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 21:31, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі есеп жүргізу жүйесінде, ақша қаражатының есебін жүргізу ерекше орын алуымен бйланысты, өйткені субьектілердің ағымдағы, қаржылық және инвестициялық қызметтері ақшалай есептесу негізінде құрылады.
Курстық жұмыстың міндетіне төмендегілер жатады:
Ақша қаражаттар қозғалысының мазмұныны талдау;
Ақша қаражат қозғалыстары бойынша есеп беру әдістерін талдау;
«Қазпошта» АҚ ақша қаражатының есебін зерттеу болып табылады.
КІРІСПЕ 3
1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі 5
2. Кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысын құжаттық рәсімдеу 12
3. Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша есеп беруді тапсыру тәртібі 16
4. Кассадағы ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі 23
5. Кассадағы ақша қаражаттарының есебін жетілдіру 32
ҚОРЫТЫНДЫ 39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 41
Кассадан ақша берілген кезде 1010-шоты кредиттеледі және келесі шоттары дебеттеледі:
Кесте 6 - «Қазпошта» АҚ кассасынан ақша қаражатының шығысталуы:
№ |
Шаруашылық операция мазмұны |
Д |
К |
Сома |
1 |
Жеткізушілер мен |
3310/4110 |
1010 |
2108200 |
2 |
Банктік қарыз қайтарылды |
3010/4010 |
1010 |
300800 |
3 |
Есептелген сыйақылар аударылды |
3380 |
1010 |
983400 |
4 |
Корпорациялық табыс салығы төленді |
3110 |
1010 |
300672 |
5 |
Бюджетке айып төленді |
7210/7470 |
1010 |
212000 |
6 |
Ағымдағы банктік шотқа босатылды |
1030 |
1010 |
2640000 |
7 |
Теріс бағам айырмашылығы анықталды |
7430 |
1010 |
308000 |
8 |
Еңбекақы төленді – төлем ведомос бойынша |
3350 |
1010 |
200850 |
9 |
Пошта бөліміне тапсырылды |
1020 |
1010 |
645200 |
10 |
Түгендеу барысында сома кем шықты – кінәлі адам белгісіз |
1280 |
1010 |
145600 |
11 |
Жетпеген сома жауапты тұлғаның мойнына жүктелді |
1250 |
1010 |
145600 |
12 |
Жеткізушілерге аванс берілді |
1610 |
1010 |
74320 |
Барлығы |
7889042 |
3350-«Еңбекақы төлеу
бойынша қысқа мерзімді
2150-«Қызметкерлердің
ұзақ мерзімді дебиторлық
1030-«Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен және шетел валютамен ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық валютамен және шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
Қолданылатын заңдарға сәйкес барлық ұйымдар ақша қаражаттарын, оларға қызмет көрсететін банктегі есеп шотында сақтауға міндетті. Есеп айырысу шотын ашу үшін банкке келесідей құжаттар тапсырылады:
Есеп айырысу шотын ашу туралы банк шешім қабылдағаннан кейін, келісім шарт жасалады. Онда банкімен есеп айырысу шотының операцияларын жүргізу және сол қызметі үшін есептелетін төлемдер анықталады. Ашылған есеп айырысу шотына банк арнайы номер тағайындайды. Сол номер есеп айырысу шотының операцияларын ресімдейтін құжаттардын барлығында көрсетіледі.
Есеп айырысу шоты бойынша жасалатын операциялар қолданылатын заңдермен, негізінен, ақша қаражаттарының бос қалдықтары шегінде және шот иесінің келісімімен (акцептімен) шот иесінің жазбаша бұйрықтары негізінде жүргізіледі. Шот иесінің келісімінсіз бюджетке төлемдер бойынша мезгілінде төленбеген салықтарды, айып пұлдарды өндіру кезінде және өзге де жағдайларда жүргізіледі; бұл үшін бұйрықтар бойынша өндірушілердің ақша қаражаттарын талассыз түрде өндіру тәртібі белгіленген.
Бюджетке төлемдер мен еңбек ақы төлеуді енгізе отырып, ұйымдар шоттарынан барлық төлемдер банкке есеп айырысу құжаттарының (төлем мерзімдерінің келуі) күнтізбелік түсу кезегі тәртібінде жүзеге асырылады.
Банктегі есеп айырысу шоттары және өзге шоттар бойынша операцияларды ресімдеу үшін келесідей құжаттар қолданылады:
Чек – шот иесінің банкке қолақша түрінде көрсетілген соманы еңбек ақыға, іссапарға, жедел-шаруашылық және өзге шығыстарға беруге бұйрығы.
Қолақшамен салым жарнасы - шот иесінің банкке қол ақшамен салынатын, депозит ретінде енгізілген және өзге сомаларды банктегі оның шотына есепке алу үшін қабылдауға бұйрығы. Жарнама бір дана етіп жазылып беріледі, банк қабылдаған ақшаға, шығыс кассалық ордерге тіркейтін квитанция береді.
Төлем тапсырмасы – онда көрсетілген сомаларды алушының шотына аударуға банкке берілген бұйрық: төлеу туралы бастамашылық төлеушіден шыққан жағдайларда қолданылады. Төлем тапсырма орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша тауарлық-материалдық құндылықтар үшін есеп айырысу кезінде пайдаланылады (тапсырмада, тауарды босату фактісін, жұмыстар мен қызметтердің орындалғандығын растайтын тауар-көлік немесе өзге құжаттарға сілтеме жасалуы тиіс, сондай-ақ заңдарда немесе шарттарда қаралған жағдайларда аванстық төлемдер кезінде, тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем жасаған жағдайда қолданылады).
Төлемдерді үш және одан да көп алушыларға бір мезгілде аударудың қажеттігі жағдайында жинақтау төлем тапсырмасы қолданылады.
Есеп айырысу чегі – чек берушінің шотынан алушы шотына онда көрсетілген соманы аударуға банкке берілген жазбаша түрдегі тапсырма. Чектермен есеп айырысу тауарлар мен қызметтер үшін жүргізіледі. Тауарлар мен жұмыстар қабылданғанда төлеуші – чек беруші есеп айырысу чегін төлем сомасын толтырып алушыға береді. Есеп айырысу чегі, негізінен, чек алушы қызмет көрсететін банкке оны тапсырып чек берушіден онда көрсетілген соманы талап етіп алу үшін тапсырылады.
Төлем талап – тапсырмасы – банкке тауар, жұмыс, қызмет алушы немесе төлеуші шотынан төлем сомасын өндіруге берген бұйрық. Төлем талап – тапсырма төлеушімен келісілуі (акцептелуі) тиіс. Талап (требование) түсірілген тауарлық – материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ есеп айырысу ережелерімен белгіленген өзге жағдайларда қолданылады.
Есеп айырысу шотынан ақшаны есептен шығару жүргізілетін атқарушы құжаттар болып мыналар саналады: шаруашылық істері бойынша алқа бұйрығы; соттың берген орындау парақшалары, нотариустер есепке алған қысқа орындау жазулары және өзге құжаттар.
Банк ұйымдардың шоттары бойынша әрбіріне жеке шот ашады (көшіргі қағаз арқылы екі данада). Бірінші данасы жеке шоттан көшірме болып саналады және шаруашылық ұйымына беріледі, екінші – жеке шот (есеп беті) банкіде есеп жүргізу негізі болып қалады. Көшірме орындаушының қолымен және көшірме үшін банк мөрінің бедерімен расталады. Көшірмелер, бірінші немесе екінші қол құқығына ие тұлғаларға немесе ұйым сенім хаты бойынша өзге қызметкерлерге, ұйыммен келісе отырып белгіленген мерзімде беріледі. Көшірмелер поштамен жіберілуі немесе клиент үшін ыңғайлы жерде банк жабдықтаған абоненттік жәшіктер арқылы берілуі мүмкін. Клиент өкілі көшірмелерді алу үшін жеке шотта (бет есепте) немесе жеке карточкаға қол қояды.
Банктен келіп
түскен көшірмелер оған тіркелген құжаттар
бойынша бухгалтерияда
Есеп айырысу шоттарын жабу оның иесінің өтініші бойынша: есеп айырысу шоттарын ашу үшін тиісті нормативтік актілермен қаралған белгілерінің ең болмаса біреуін жоғалтуға әкелген, ұйым қызметі сипатының өзгеруі кезінде (дербес балансының болуы және т.б.); аталмыш ұйым құрған органның шешімі бойынша; үш ай ішінде шотта жазулар болмаған кезде жүргізіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ ұйымның атауы немесе шот номері өзгерген кезде, шот иесі, беріліп отырған өтініштегі олардың номерін көрсете отырып, пайдаланылмаған чектердің қалдығымен чек кітапшасын банкке қайтаруға, есеп айырысу шотындағы қаражат қалдығын бекітуге міндетті.
Қазiргi кездегі бухгалтерлік есепті жүргізудің басты ерекшелігі бухгалтерлiк программалар негiзiнде жүзеге асатын компьютерлiк есеп. Бухгалтерлiк программа адамзат қызметi саласының кәсiби функцияларын автоматтандыру үшiн жеткiлiктi күрделi құрал болып табылады. Кез-келген кәсiпорындағы бухгалтерлiк есептi автоматтандыру ондағы бухгалтерлiк ақпараттық жүйелердi құруды қамтамасыз етедi. Қазiргi кезеңде бухгалтерлiк ақпараттық жүйелер кәсiпорынның iшiнде жазылмай, көбiнесе сырттай сатып алынады.
1С:Бухгалтерия жүйесiнiң негiзгi ерекшелiгi оның (конфигурациясы) түрлендiруi болып табылады. 1С: Бухгалтерия жүйесi әр түрлi обьектер үшiн арналған механизммен сәйкес жүргiзiледi. Нақтылай алынған обьектiлердi, ақпарат жиынтығының құрылымы, ақпаратты өңдеу алгоритмнiң барлығын конфигурация анықтайды. Конфигурациямен бiрге 1С: Бухгалтерия жүйесi есептер класымен түрлi кәсiпорынды анықтауына бағыт беретiн қолдануға дайыни программа болып табылады. Конфигурация штаттық құралдар жүйесiмен берiлiп және “1С:” фирмасымен жабдықталады. 1С:Бухгалтерия жүйесiнiң жинақталған құрылымы бар. Есептi шығару автоматизациясы үшiн бұл жүйе базалық болып табылады.
Қазіргі кезде «1С:Бухгалтерия 7.7» бағдарламалық өнімін ұсынушы фирмалар Қазақстандық компьютерлік бағдарламалар нарығына «1С:Бухгалтерия 8.0 для Казахстана" бағдарламалы өнімін ұсынуда. Бұл - әмбебап сипаттағы кешенді бағдарлама болып табылады. Бағдарламаның басты артықшылығы бұқаралық ауқымда бухгалтерлік есеп пен салық есептілігін жүргізу мүмкіндігі болып табылады. Бағдарламаның негізіне икемді технологиялық платформа алынған. Аталмыш бағдарламаның мүмкіндіктері түрлі бизнес қосымшаларды қалыптастырып, оны қажетті нысанына дейін жеткізе білу мүмкіндігіболып табылады. Бағдарламалы пакеттің құрамына «Қазақстан үшін жасалған бухгалтерия» конфигурациясы кіреді.
Ұсынылып отырған
Сонымен қолданыстағы «1С-Бухгалтерия
7.7.» мен «1С – Бухгалтерия 8.0.»
мүмкіндіктерін салыстыра келе, біз
жаңа бағдарламаның кәсіпорынның есебін
ұйымдастырудағы
Шаруашылық субъектісінің
бухгалтерлік операцияларын дамыту
мәселесін жұмыста зерттеу
1. Кәсіпорынның қазіргі кездегі қолданып отырған «1С-Бухгалтерия 7.7.» бағдарламалық өнімін «1С – Бухгалтерия 8.0.» компьютерлік бағдарламасына ауыстыру. Жұмыста жүргізілген зерттеулер бұл жаңа өнімнің кәсіпорын үшін тиімділігі жоғары болатындығын көріп отырмыз;
2. «Қазпошта» АҚ бухгалтерлік есебін одан әрі дамыту үшін жаңадан қабылданған Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, есеп саясатын қалыптастыру;
3. «Қазпошта» АҚ қаржы жағдайын жақсартудың мүмкін бағыттарының бірі-кәсіпорынның болашақтағы қызметіне бизнес-жоспар жасап, капиталын ұлғайту шараларын заңды түрде рәсімдеп, жүргізіліген операцияларды компьютеризацияланған бухгалтерлік есепке алып отыру керек.
Жалпы ақша қаражаттары банкте есеп айырысу шотында сақталады. Тек күнделікті шаруашылыққа қажетті қолма-қол ақша қаражаты кассада сақталады.
Кәсіпорындардағы кассалық операцияларды жүргізу ережесі арнайы кассалық операцияларды жүргізу тәртібінде қабылданған.
Кассадан ақшаны беру және қабылдау жұмыстарын ережеге сәйкес арнайы тұлға – кассир жүзеге асырады. Кассир материалдық жауапты тұлға, және барлық қабылданған материалдық құндылықтарға жауапты.
Шаруашылықта кассирдің қолапайсыздығынан, жауапсыздығынан және т.б. жағдайлардан зияны тисе, кассир оның құнын өтеуге міндетті.
Кассирға өз жұмысын басқа қызметкерлерге орындауға сеніп тапсыруға болмайды. Белгілі жағдайларға байланысты жұмысын тоқтатқан жағдайда кассадағы барлық құндылықтар акт бойынша басқа қызметкерге беріледі.
Кассалық құжаттарға қол қоятын бухгалтерия жұмысшыларына кассирдің қызметін атқаруға болмайды. Еңбек ақы беру жауапкершілігін осы есептесуден ақша алатын жұмысшыларға жүктеуге болмайды. Кәсіпорын басшылығы кассадағы құндылықтардың сақталуына қолайлы жағдай туғызуы қажет. Касса орналасқан бөлме кассалық талаптарға сай қоршалып, жабдыұталып, операциялар жүргізілген кезде есіктері ішінен құлыптаулы болуы керек. Бөгде адамдар кассаға жіберілмейді де құндылықтардың барлығы отқа жанбайтын шкафтарда сақталады. Жұмыс күнінің соңында барлық құндылықтар шкафтарға салынып, мөрленіп құлыптанады. [15, 24б]