Курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 21:31, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі есеп жүргізу жүйесінде, ақша қаражатының есебін жүргізу ерекше орын алуымен бйланысты, өйткені субьектілердің ағымдағы, қаржылық және инвестициялық қызметтері ақшалай есептесу негізінде құрылады.
Курстық жұмыстың міндетіне төмендегілер жатады:
Ақша қаражаттар қозғалысының мазмұныны талдау;
Ақша қаражат қозғалыстары бойынша есеп беру әдістерін талдау;
«Қазпошта» АҚ ақша қаражатының есебін зерттеу болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі 5
2. Кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысын құжаттық рәсімдеу 12
3. Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша есеп беруді тапсыру тәртібі 16
4. Кассадағы ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі 23
5. Кассадағы ақша қаражаттарының есебін жетілдіру 32
ҚОРЫТЫНДЫ 39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 41

Работа состоит из  1 файл

ақша қаражаттар есеби.doc

— 325.00 Кб (Скачать документ)

1280 “Өзге қысқа мерзімді  дебиторлық берешек”шотының дебеті.

1010 “Кассадағы теңгемен  ақша қаражаты” шотының кредиті. 

Қатаң есептегі бланкілердің кем шығуынан субъектіге келтірілген  шығын олардың нақты құны негізінде  есептеледі. Осыған орай келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:

Кассадағы қатаң есептегі бланкілердің кем шығуы анықталды:

а) нақты өзіндік құн  мен  көрсетілген құн арасындағы айырма бойынша:

1280 “Өзге қысқа мерзімді  дебиторлық берешек” шотының  дебеті, субшот “кем шығу, жетпеу  және талан-тараж бойынша дебиторлар.”

1350 “Өзге қорлар” шотының кредиті, субшот “қатаң есептегі бланкілер.”

б) көрсетілген құны бойынша:

1280 “Өзге қысқа мерзімді  дебиторлық берешек” шотының  дебеті, субшот “кем шығу, жетпеу  және талан-тараж  бойынша дебиторлар.”

3520 “Алдағы кезеңнің  кірістері” шотының кредиті.

Қатаң есептегі бланкілердің жетпейтін құны кассаға салынды:

1010 “Кассадағы теңгемен  ақша қаражаты” шотының дебеті.

1250 “Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі” шотының кредиті, субшот “кем шығу, жетпеу және талан-тараж  бойынша дебиторлар.”

«Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша»  есебі. Валюта кассасындағы есеп субъект  кассасындағы операцияларға ұқсас  жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса  ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.

Субъектінің оперативтік  кассасындағы қолма-қол ақша есебі. Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда  кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түсетін түсімнің басым  көпшілігі қолма-қол ақша қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте , сауда залында орналасады.

 

3. Кассалық  кітапты жүргізу  және касса  бойынша есеп беруді тапсыру  тәртібі

 

 

Қолға берілетін және қабылдайтын ақша қаражаттарын сақтау үшін әрбір ұйымның кассасы болады.

Касса – бұл ақша сақталуын  қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме. Операция жүргізілетін  уақытта  есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің  және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылданған құндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді.

Оған арналған бөлме  кассалардың өрттен қорғау белгілерімен және құралдарымен нығайтылып, техникалық жарақтануы туралы Ұлттық Банк талаптарына сәйкес, оңаша бөлініп, жабдықталған болуы тиіс. Кәсіпорын жетекшілері кассадағы ақшаның, сол сияқты банктен әкелу кезіндегі және банкке тапсыру кезіндегі ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Кәсіпорынға жататын қол ақшаларын кассада сақтауға рұқсат етілмейді.

Кассалық операцияларды  кассир жүргізеді, ол материалды жауапты  тұлға болып табылады. Кассирді жұмысқа  қабылдау кезінде ол кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен танысады, толық жеке материалдық жауапкершілік туралы онымен шарт жасалады және кассирдің қызмет міндеттемелеріне қол қояды. Кассир болмаған кезде толық материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасасқан бухгалтер кассалық операцияларды атқарады.

Кассадағы ақша қозғалысының есебі касса кітабында жүргізіледі (Қосымша), ол номерленіп, бау өткізіліп, жетекшінің, бас бухгалтердің қолдарымен және мөрмен расталған болуы керек. Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир 1 жылға ашылатын кассалық кітапқа жазады. Кассалық кітаптағы жазбалар көшірме арқылы 2 дана болып жүргізіледі. Кіріс және шығыс кассалық ордерлеріндегі жазбалар басталмас бұрын кассалық кітапта күн басындағы ақша қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын есептейді және күн соңындағы ақшаның қалған қалдығын шығарады. Кассалық кітап беттерінің екінші даналары жыртылады және кассирдың есебі болып қызмет етеді.

 Касса кітабының екі жартысы да бірдей номерлермен номерленеді. Барлық кассалық операциялар парақтың үзілмейтін бөлігінің беті жағынан (“күннің басындағы қалдық” жолынан кейін) бастап жазылады, жазбас бұрын әуелі парақтың жартысы бүктеледі (үзілетін бөлігі қалған парақ бөлігінің астына салынады). “Ауыстырғаннан ” кейінгі жазуларды жалғастыру үшін парақтың үзілетін (жыртылатын) бөлігін екінші жаққа қайырады (яғни үзілмейтін бөліктің беткі жағынан) парақтың үзілмейтін бөлігінің келесі бетіндегі көлбеу сызықтар бойынша жазуларын жалғастырады.

 Есеп беретін бланкі сол күн ішіндегі операция соңына дейін үзілмейді. “Оның ішінде еңбек ақы” жолындағы төлем ведомостілері бойынша  жалақыға кассадан шығысқа есептен шығарылмаған сома көрсетіледі.

 Касса кітабында ақша кімнен алынғаны және кімге берілгені, корреспонденциялық шот және  кіріс пен шығыс сомасы құжатының номері көрсетіледі. Есеп беру (күн) соңында кассир жиынын есептен шығарады және есеп беру (күн) соңына қалдықты шығарады. Кітапта расталмаған өшірулер мен түзетулерге жол берілмейді. Түзету кассирдің және бас бухгалтердің  қолдарын қою арқылы расталады. Касса кітаптарын жүргізу мен кассалық операцияларға бақылау жасау бас бухгалтердің міндеті болып саналады.

Кассалық операциялардың көлемі үлкен болмаған кезде, кассалық есеп беруді 3-5 күнде бір рет жасауға рұқсат етіледі.

Күн сайын немесе 3-5 күнде  бір рет жұмыс күнінің соңында  кассир кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу арқылы бухгалтерияға қолхатпен  есеп береді. Кассирдің берген есебіндегі корреспонденциялық шоттарға белгі  соғылады, содан соң оның деректерін  1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті және кредиті бойынша есеп-қисап тізімдеріне ауыстырады. Ай соңында тізімдерде келесі есеп беретін айдың 1-не қалдық шығарылады, ол кассирдің берген есебінің қалдығына және 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шоты бойынша бас кітапқа сәйкес келуі тиіс.

Кассалық операцияларды  бақылау процедуралары міндетті түрде аяқ астынан жоспарсыз  түрде жүргізіледі. Кассадағы аудиттік операцияларға кірісерден бұрын, мынадай  ережелерді сақтаған жөн:

1.Чектер мен чектік  кітапшаларды сақтаған жөн;

2.Кассалық кітап бойынша  кассадағы қалдық ақшаны келесі  күнге көшіру тәртібі;

3.Кассалық кітап бойынша  есептегі ақшаны әр сайын есептеп,  бір күн бұрын кіріс пен  шығысты есептеу, бір қалдық  ақшаны келесі күн есебіне көшіру;

4.Касса кітабындағы  ақша операциялары мен кассадағы ақша тізімінің сәйкес келуін тексеру;

5.Кіріс пен шығыс  бойынша кассалық кітаптағы ақша  ағымының деңгейін тексеру; 

6.Кіріс пен шығыс  ордерін тіркеп, күнтізбе арқылы  тексеру;

7.Кассалық операцияларды мекеменің банкке қарасты ақша қатынасын тексеру;

Инвентаризация кезінде  кассадағы ақшаның жалпы саны тексеріледі.

Инвентаризацияға арнайы акт толтырылады. Егер де кассада  ақша жетіспеушілігі анықталса, немесе ақшаның артық болу себебі актіге жазылады. Кассадағы бланктер саны саналып, олардың номерлері белгіленетін, қанша теңгеге толтырылғанын тексеріп, арнайы бланктер тіркейтін кітапшаға белгілеп жалпы ақша сомасын көрсетеді.

Сонымен қатар, кассалық операцияларды тексеру кезінде  мынадай тәртіпті есте сақтау қажет:

1.Кассир мен жазба  түріндегі келісім шарттың болуы,  материалды жауапкершілігі жөнінде  және де кассалық операцияларды  жүргізу жөнінде;

2.Кассалық операцияны  жүргізу жөніндегі нұсқауға байланысты  ақшаны сақтауға, оны бір жерден  екінші жерге жеткізу туралы, құжаттарды толтыру туралы міндетпен таныстыру;

3.Қазақстан Республикасының  жергілікті республикалық бюджеттегі  ақшаны тез арада инвентаризациялау,  бланктерді тексеру, қаржы айналым  жағдайын, ақша қорын тексеру; 

4.Кассалық құжаттардың өз уақытында толтырылуы және кассалық операциялардың тәртібінің орындалуын тексеру;

5.Мемлекет мекемеде  қалған ақша лимитін бақылап  отыруын қадағалау;

Қаржылық жұмысты ұйымдастыру  үшін шаруашылық субьектісі өзінің арнайы қаржылық қызметін қалыптастырады. Ол негізінен бухгалтерия және экономикалық жоспарлау бөлімдері түрінде көрініс табады. Қаржылық қызметтің іс-әрекеттерінің басты мақсаты кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, экономикалық өсу және пайда табуға арналған тұрақты алғы шарттарды құру болып табылады.

Қаржылық жұмыстың негігі мазмұны мыналардан тұрады:

  • қызметті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету;
  • қаржылық несие жүйесімен және басқа да шаруашылық субьектілермен өзара қарым қатынастарды ұйымдастару;
  • негізгі және айналым капиталын сақтап қалу және пайдалану рационалдылығы;
  • кәсәпорынның бюджет, банктер және сатып алушылар алдындағы міндеттемелері бойынша төлемдердің уақытылы болуын қамтамасыз ету.

Басқаша айтсақ қаржылық жұмыстың мәні коммерциялық іс-әрекеттің  жүзеге асырылуына әсер ететін негізгі және айналым капиталының шеңбер айналымын қамтамасыз етуден және қаржылық қатынастарды қолданудан тұрады

Кәсіпорын көлемі және оны  ұйымдастыру құрылымы жаңа техниканы  енгізуге, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруға, өндірісті, өнімнің өзіндік құны деңгейін жоғарлатуға ісер етеді. Оларды негізгі өндіріс қорларының құны, өнімнің құны, жұмысшылар саны сияқты көрсеткіштер сипаттайды.

 

Кесте 1- БҚОФ  «Қазпошта» АҚ өндіріс көлемі 2007-2009 ж.

 

 

 

Көрсеткіштер

Жылдар 

Өсу қарқыны, пайыз 

 

2007

 

2008

 

2009

 

1

 

Тауарлы өнім құны (мың  тг.)

 

1728810,0

 

1815015,0

 

1769985,0

 

102,3

2

Негізгі өндіріс қорларының құны (мың тг.)

 

279765,0

 

354495,0

 

683715,0

 

244

 

3

 

Жұмысшылар саны

 

400

 

480

 

560

 

140

4

Таза табыс (мың тенге )

60837,0

58496,0

54306,0

89,2

Ескерту: «Қазпошта» АҚ мәліметтері  негізінде автормен құралған.


 

Бұл кестені талдай отырып, біз өндіріс көлемінің ұлғайғандығын  көріп отырмыз. 2009 жылы тауарлы өнім құны 2007 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға ғана өсіпті. Ал тенгемен есептегенде  41175  мың тенгеге өскен. Ал 2009 жылы ол 2007 жылға қарағанда 2,4 есеге өскен, яғни 403950 мың тенгеге көбейген. Бұл құбылысты кәсіпорынның  талдау жасап отырған жылдар аралығында негізгі өндіріс қорларынымен жабдықталғанын көруге болады.

Бұл жаңа негізгі құралдарды сатып алғандығын көрсетеді, сәйкес өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты мамандандырылған жұмысшылар саны да 2009  жылы  2007 жылмен салыстырғанды 40 пайызға көбейгенін, яғни  160 адамға көбейгенін көрсетеді. (Кесте 2)

Шаруашылық әрекеті үшін негізгі құралдардың құрамы мен құрылымын анықтаушы мәні бар.

 

Кесте 2 - БҚОФ «Қазпошта» АҚ 2007-2009 ж.ж. негізгі құралдарының құрамы мен құрылымы.

 

 

 

Көрсеткіштер

 

2007 жыл

 

2008 жыл

 

2009 жыл

мың тг.

%

мың тг.

%

мың тг.

%

 

1

Жер

10650,0

 

4

10650,0

3

10650,0

 

2

2

Ғимараттар мен құрылыс  жайлар

 

140145,0

 

50

 

176625,0

 

50

 

161190,

 

24

3

Машиналар мен құралдар

 

58950,0

 

21

 

81210,0

 

23

 

443640,0

 

65

4

Басқалай негізгі құралдар

 

70020,0

 

25

 

86010,0

 

24

 

68235,0

 

9

 

 

Барлығы

 

279765,0

 

100

 

354495,0

 

100

 

683715,0

 

100

Ескерту: «Қазпошта» АҚ мәліметтері  негізінде автормен құралған.

Информация о работе Курстық жұмыс