Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:33, курсовая работа
Өзімнің курстық жұмысымда мен тауарлы-материалдық қорлардың есебі жөніндегі тақырыпты ашып көрсеткім келеді. Өйткені қазіргі кезде материалдық қорлар көптеген кәсіпорындар мүлкінің құнының ауқымды бөлігін құрайды. Сонымен қатар кейбір салаларда өндірілген өнімнің өзіндік құнына жұмсалған материалдық ресурстар шығындары 90%-ға дейін жетеді. Тағы бір айта кетерлік мәселе: өндірістік қорлар еңбек заты бола тұрып, еңбек құралдары мен жұмыс күші арқылы кәсіпорынның өндірістік үрдісін қамтамасыз етеді. Өндірістік қорлар өндіріс циклінде толығымен тұтынылады және өз құнын өндірілетін өнімнің құнына аударады.
Кіріспе ..................................................................................................................... 3-4
1. Материалдық қорлар, оларды есепке алудың міндеті мен жіктемесі
1.1. Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі ................................................5-6
1.2. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру......................................................6-8
1.4. Материалдардың номенклатурасы.................................................................8-9
2. Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері
2.1. Тауарлы-материалдық қорлар қозғалысының есебі және оларды құжаттау................................................................................................................10-14
2.2. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері ..................................14-16
3. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі
3.1. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі ......................17-20
3.2. Материалдық қорларды түгендеу...............................................................23-24
3.3. Материалды жауапты тұлғаның есеп беруі................................................21-23
3.3. Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар..........................................................................................................24-26
Қорытынды ................................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д.А.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
Қаржылық есеп пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Материалдардың бухгалтериядағы есебі
Орындаған: Баймуханова Ш.Қ.
СКОБ-10 ЕжА
Тексерген: Джаксынкаева Н.А.
Алматы 2012ж.
Жоспар
Кіріспе ..............................
1. Материалдық қорлар, оларды есепке алудың міндеті мен жіктемесі
1.1. Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі
..............................
1.2. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру...................
1.4. Материалдардың номенклатурасы................
2. Материалдар
қозғалысының есебі және
2.1. Тауарлы-материалдық
қорлар қозғалысының есебі
2.2. Тауарлы-материалдық
қорларды бағалау әдістері ..............................
3. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі
3.1. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі ......................17-20
3.2. Материалдық қорларды түгендеу......................
3.3. Материалды жауапты тұлғаның есеп беруі.........................
3.3. Тауарлық-материалдық қорлар шоты
бойынша жүргізілетін операциялар...................
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Өзімнің курстық жұмысымда
мен тауарлы-материалдық
Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорындарда қажетті тауарлы-материалдық қорлары болуы қажет. Материалдық қорлар – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып, тауарлы-материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды.Ұлттық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес, тауарлы-материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауарлар түріндегі активтер.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептен, кіріске алу немесе есептен шығару.
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
3. Материалдық
қорлар қалдығының белгіленген
мөлшерден артып немесе
4. Материалдарды өндіріске пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдалануын бақылау.
6. Дайындалған
материалдардың өзіндік құнын
анықтап және олардың
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдалануына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
- тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
- материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Курстық жұмыстың мақсаты: материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
- бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.
1. Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік
1.1.Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі
Материалдық қорлар – бұл өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.
Кәсіпорындағы материалдық қорлардың есебі №7 «Тауарлы материалдық қорлардың есебі» БЕС-на сәйкес ұйымдастырылады, онда мыналар белгіленген:
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі – оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешіліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- шикізат;
- негізгі материал;
- көмекші материал;
- жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекелерінің өндірген өнімдері – мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алыған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзіндік өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға – әртүрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін, тағы да басқа да жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары және тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
Материалдыққорларды есепке алудың негізгі міндеттері мыналар:
жеріндегіжәне қозғалысының барлық сатыларындағы сақталуына бақылау жасау.
Материалыдқ құндылықтарға әрекеттік бақылаудың қажетті шарты болып табылатындар:
Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажеттісі:
1.2. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру
Материалдық қорлардың барлықтүрлерінің 1300 «Қорлар» бөлімшесінің негізгі, активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі:
1310 – Шикізаттар мен материалдар;
1311 – Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер;
1312 – Отын;
1313 – Ыдыс және ыдыстық заттар;
1314 – Қосалқы бөлшектер;
1315 – Өзге материалдар;
1316 – Ұқсатуға берілген материалдар;
1317 – Құрылыс материалдары және басқалары;
1320 – Дайын өнім;
1330 – Тауарлар;
1340 – Аяқталмаған өндіріс;
1350 – Өзге қорлар
1360 – Қорларды есептен шығару бойынша резерв
Шикізаттар мен материалдар шотында өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның негізін жасайтын немесе өнімді дайындағанда оның керекті құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың, өнім өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне сондай-ақ техникалық мақсатқа пайдаланатын, өнім өндіру үдерісіне әсер ететін материалдардың ұйымдардағы есебі, олардың кіріске алынуы мен шығыс етілуі есептеледі.
Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер шотында өндіріліп шығарылатын өнімді жинақтау үшін сатылып алынған өңдеу және жинақтауды керек ететін жартылай фабрикаттардың, жинақтауыш бұйымдардың, бөлшектердің кәсіпорындағы есебі жүргізіледі.