Материалдардың бухгалтериядағы есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:33, курсовая работа

Описание

Өзімнің курстық жұмысымда мен тауарлы-материалдық қорлардың есебі жөніндегі тақырыпты ашып көрсеткім келеді. Өйткені қазіргі кезде материалдық қорлар көптеген кәсіпорындар мүлкінің құнының ауқымды бөлігін құрайды. Сонымен қатар кейбір салаларда өндірілген өнімнің өзіндік құнына жұмсалған материалдық ресурстар шығындары 90%-ға дейін жетеді. Тағы бір айта кетерлік мәселе: өндірістік қорлар еңбек заты бола тұрып, еңбек құралдары мен жұмыс күші арқылы кәсіпорынның өндірістік үрдісін қамтамасыз етеді. Өндірістік қорлар өндіріс циклінде толығымен тұтынылады және өз құнын өндірілетін өнімнің құнына аударады.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................... 3-4

1. Материалдық қорлар, оларды есепке алудың міндеті мен жіктемесі

1.1. Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі ................................................5-6
1.2. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру......................................................6-8
1.4. Материалдардың номенклатурасы.................................................................8-9

2. Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері

2.1. Тауарлы-материалдық қорлар қозғалысының есебі және оларды құжаттау................................................................................................................10-14
2.2. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері ..................................14-16

3. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі

3.1. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі ......................17-20
3.2. Материалдық қорларды түгендеу...............................................................23-24
3.3. Материалды жауапты тұлғаның есеп беруі................................................21-23
3.3. Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар..........................................................................................................24-26



Қорытынды ................................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................

Работа состоит из  1 файл

Материалдардың бухг есебі.doc

— 235.50 Кб (Скачать документ)

      Отындар шотында тасымалдау құралына пайдаланатын, сондай-ақ өндірістің технологиялық  қажетіне, энергия өндіруге және үйді жылытуға пайдаланатын (мұнай өнімдері мен фтор, газ, көмір тағы да басқа) отындардың қалдығы және кірісі мен шығысы есептеледі. Отындар былайша бөлінеді:

а) технологиялық (технологиялық  мақсат үшін)

ә) қозғалтқыш (жанар май)

б) шаруашылық (жылу үшін)

      Ыдыс  және ыдыстық материалдар шотында  ұйымдағы ыдыс және ыдыстық материалдардың барлық түрлерінің (шаруашылық құралы ретінде пайдаланатындардан басқасы), сондай-ақ ыдыстарды өндіріп (жасап) шығаруға, оларды жөндеуге арналған материалдар мен бөлшектердің кіріске алынуы мен шығыс етілу есебі жүргізіледі. Жабдықтаушы, өткізуші немесе саудамен айналысатын кәсіпорындар тауарлар салынған ыдыстарды «сатылып алынған тауарлар» шотында есептейді. Ыдыс және ыдыстық материалдар былайша бөлінеді:

а) қызмет мерзімі мен құнына байланысты НҚ немесе материалдардың құрамында ескерілетін инвентарлық ыдыс;

ә) өндірістік қорлардың  құрамында ескерілетін инвентарлық  емес ыдыстар.

Жеткізу талаптарына  сай ыдыстар қайтарымды (әдетте бірнеше  рет пайдаланылатын) немесе кепілді  болуы мүмкін. Мұндай кезде жеткізуші  сатып алушыдан кепіл алады, ал оны ыдыс тапсырылғаннан кейін қайтарады.

      Қосалқы бөлшектер деп аталатын шотта  ұйымның пайдалануындағы машиналар мен жабдықтарды, тасымалдау құралдарын және тағы сол сияқтыларды жөндеуге, мүжілген жерлерін ауыстыруға арналған қосалқа бөлшектердің кірісі мен шығысы және қалдығы есептеледі.

      Өзге  материалдар деп аталатын шотта өндіріс қалдықтары, түзетілмейтін өндіріс ақаулары, ұйымның өзінде материал, отын немесе қосалқы бөлшек ретінде пайдалануға жарамайтын есептен шығарылған негізгі құралдарды бұзғаннан алынған материалдардың, металл сынықтарының есебі жүргізіледі. Сонымен қатар бұл шотта ауыл шаруашылық кәсіпорындары өз өндірісіне қажетті тұқымдарды, отырғызылатын көшеттерді, мал азығын дайындаудағы тыңайтқыштарды, ауыл шаруашылық дақылдарын дайындауда зиянын тигізетін жәндіктермен күресу үшін пайдаланатын улы химикаттар мен дәрі-дәрмектерді және тағы да басқа материалдарды есептейді.

      Ұқсатуға берілген материалдар шотында қайта өңдеу үшін басқа ұйымдарға берілген, келешекте өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнының құрамына кіретін материалдар есептеледі.

      Құрылыс материалдары атты шотта тікелей құрылыс салуға және монтаж жұмыстарына, сондай-ақ құрылыс бөлшектерін дайындауға пайдаланатын материалдар және құрылыс қажетіне керекті басқадай материалдар есептеледі.

Кәсіпорындар әрбір  шотқа қажетті мөлшерде субшоттар  мен талдамалы шоттар аша алады.Кәсіпорынға  тиесілі емес, бірақ онда уақытша  сақтауда тұрған өндірістік қорларды есепке алу үшін  баланстан тыс  шоттар пайдаланылады.

002 – «Жауапты сақтауға қабылданған тауарлы-материалдық құндылықтар:

а) жеткізушілердің есеп айырысу құжаттарын төлеуден бас тартуына байланысты;

ә) төлеу шартының талаптары  бойынша жұмсауға тыйым салынған  материалдық құндылықтар жеткізушілерден  алынғанда

б) өзге себептерге байланысты қабылданған.

003 – «Қайта өңдеуге  қабылданған материалдар».

005 – «Монтаждауға  қабылданған жабдықтар». Бұл шотта  құрылыс лбъектісіндегі монтаж  үшін тапсырыс берушіден алынған  жабдықтың құны ескеріледі.

   

1.3. Материалдардың  номенклатурасы

      Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.

     Материалдардың  номенклатурасы деп өндірісте пайдаланатын материалдардың белгілі бір түрлеріне  олардың аты, сапасы, мөлшері тағы да басқа көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады. Номенклатуралық тізімде әр материалдардың дұрыс аты, оған берілген номенклатуралық нөмірі мен өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық тізімде әрбір материалдың біхгалтерлік есепте есептелетін бағасы көрсетіледі. Сондықтан номенклатуралық тізімді номенклатуралық баға көрсеткіші деп те атайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдаланатын материалдар номенклатуралық тізімде, әдетте белгілі бір өздерінің топтары бойынша және ішкі топтары аттары, сапалары немесе мөлшерлері бойынша жіктеліп көрсетілуі тиіс. Әрбір топқа тиісті сан жүйесі, яғни шифр белгіленеді. Шифр жүйесіндегі сандық белгілер саны әрбәр топқа жататын материалдар санына байланысты. Материалдарға берілген шифрлар бұл материалдар жазылған алғашқы құжаттарда, есеп тіркемелерінде және әртүрлі кестелерде көрсетілетін болғандықтан, есеп қызметінің жұмысын жетілдіру үшін сан жүйесінің және оның цифрларының аз болуы ыңғайлы әрі дұрыс болады. Материалдарға шифрлар тағайындағанда сол шифрдан материалдың қай шотқа, сондай-ақ қандай аралық шотқа жататынын көрсетет індей етіп тағайындау керек. Материалдардың номенклатуралық нөмірін жеті цифрдан құрастыру ыңғайлы болып табылады. Оның алдыңғы үш цифры шоттың келесі екі цифры қай топқа жататынын көрсетсе, соңғы екі цифры материалдардың осы топ ішіндегі реттік санын көрсетеді. Номенклатуралық нөмірді бес саннан да құрастыруға болады. Ол жағдайда оның алдыңғы бірінші цифры шоттың келесі екі цифры қай топқа жататынын, ал соңғы екі цифры материалдың топ ішіндегі реттік санын көрсететіндей болып тағайындалуы керек. Номенклатуралық баға көрсеткіштерінде материалдар өздерінің статистикалық есеп берудегі қаралған тізімдердегі тәртібі бойынша топталғаны дұрыс. Номенклатуралық тізімде материалдың әр тобы бойынша жаңадан алыгатын материалдарға бос орын және реттік сан қалдырылады. Егер бағаларында көп айырмашылық болмаса, бір номенклатуралық нөмірге түрлері біртектес, бірақ бағасы мен сортында аздап айырмашылығы бар материалдарды біріктіруге болады. Бұл жағдайда олардың есептеу бағасы орташа бағаға сәйкес тағайындалады. Материалдарға қойылатын номенклатуралық нөмірі, өлшем бірлігі ол материалдың барлық кіріс-шығыс құжаттарында, қоймадағы есеп карточкасында (үлгілі түрі М-17) және материалдық есеп беруде көрсетіледі. Егер ұйымдарға кейбір материалдар басқа өлшем бірлігімен келіп түссе, ондай материалдар номенклатуралық нөмірде көрсетілген өлшем бірлігі бойынша қайтадан саналып кіріске алынады. Материалдардың номенклатуралық баға көрсеткіші, әсіресе материалдар есебін оперативтік (жедел) қалдық тәсілін қолдану арқылы жүргізгенде өте тиімді.   

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Материалдар  қозғалысының есебі және бағалау  әдістері 

2.1.Тауарлы-материалдық  қорлар қозғалысының есебі және  оларды құжаттау

      Кәсіпорындар  мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жлдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.

      Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын (үлгілі түрде) және нөмірін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхаты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалды тұрақты алып тұратын экспедиторға беріледі. М-2А түрлі сенімхат алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі М-3 «Берілген сенімхаттарды есептеу» журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе басқа да қызметкері М-2А түрлі сенімхатты алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатты көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі М-4 «Кіріс ету» ордерін бір дана етіп толтырады.

      Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін  жағдайда жіберілетін материалдарға  төрт дана етіліп «Тауар-көлік жүкқұжаты» толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады; екінші, үшінші және төртінші даналары материалды жіберуші ұйымның мөрі  және лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып, жүргізушіге тапсырылады.

      Жүргізуші тауар-көлік жүкқұжатының екінші данасын  материалдарды қабылдап алушы ұйымға тапсырады. Бұл құжаттың негізінде ұйым келген материалдарды кіріске алады.

      Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын растайтын құжат ретінде ұйымның мөрі басылып және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.

      Кейіннен  ол құжаттың үшінші данасы материалдық құндылықтырды тасымалдауға тапсырыс берген ұйымға тасымалдау құнын төлеуге табыс етілетін шотқа негіздеме ретінде қосылып беріледі.

      Құжаттың  төртінші данасы автомобиль көлігінің  жол қағазына тіркеліп, жүргізушіге  еңбекақы және автомобиль көлігінің атқарған жұмысына сәйкес түрлі есептеулер есептеу үшін пайдаланылады.

      Егер  келіп түскен материалдардың нақты  саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жасалынады. Сонымен қатар үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жіберу құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымның өкілі болмаған жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы жоқ ұйым өкілінің қатысуымен жасалады. Материалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған материалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немесе ұйымның алудан бас тартқан материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар үлгілі түрі М-4 «Кіріс ету ордері» бойынша қабылданып, баланс сыртындағы «Уақытша сақтауда тұрған материалдық қолар» деп аталатын шотта есептелінеді.

      Материалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы  сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгілі түрі М-15А материалдарды босату «Талап ету жүкқұжаты» бойынша босатылады.

      Материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) «Талап ету  жүкқұжаты» екі дана етіліп жазылып, оған бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген тұлғаның қолы қойылуы арқылы шешіледі.

      Егер  материалдар қоймадан кәсіпорынның өзінің шаруашылықтарына (цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын жағдайда үлгілі түрі М-15А материалдарды босатуды (ішкі ауыстыруды) «Талап ету жүкқұжатының» бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға табыс етіледі. Бұл жағдайда толтырылатын құжаттарды материалдарды босататын қойманың сол материалдарды жауапты тұлғасы толтырады.   

      Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғанна, бөлшектегеннен алынатын іске жарамды материалдарды кіріске алу үшін үлгілі түрі М-35 санды акт толтырылады.

      Кәсіпорындар  мен ұйымдардың өндірісінде жиі  пайдаланылатын материалдық құндылықтар  үшін толтырылатын талап ету қағаздарының санын кемітіп, есеп жұмысын жеңілдету үшін және материалдарды өндіріске босату лимитінің сақталуына ағымдағы бақылау жүргізу үшін шектеулі-заборлық (шектеу карталары) карталарды қолдануға болады. Шектеулі-заборлық картаның үлгілі түрі М-8 бойынша ұйымның қоймасынан босатылатын материалдардың санын, көлемін, ол материалдар арқылы өнділілетін өнімнің және оның біреуіне жұмсалатын материалдардың көлеміне қарап эхконмикалық жоспарлау бөлімі есептеп шығарады. Шектеулі-заборлық карта бойынша материалдар онда көрсетілген мөлшер шегінде ғана босатылады. Онда қаралған материалдардан артық өндіріске керек болған материалдар бөлек талап ету қағазы бойынша босатылады. Шектеулі-заборлық картаның негізіне сүйене отырып, өндіріске босатылатын материалдарды қойманың есебінен шығарады. Шектеулі-заборлық карта қоймадан бір ай бойы босатылатын материалдарға жасалынады. Бұл картада шығарылатын өнімнің, шығынның немесе тапсырыстың коды көрсетілуі тиіс. Шектеулі-заборлық картаның бір данасы жаңа айдың басына дейін материалдарды алатын цехқа немесе бөлімшеге, ал екінші данасы материалдарды босататын қоймаға табыс етіледі. Материалдар қоймадан өндіріске цехтың өкілі өзіндегі шектеулі-заборлық картаны әкелгенде ғана босатылады.

      Қоймашы шектеулі-заборлық картаның екі данасына да материалдардың босатылған уақыты мен олардың санын номенклатуралық нөмірі бойынша жазады. Содан кейін шектеулі-заборлық картаның цехтағы данасына қоймашы, ал қоймадағы данасына цех басшысы немесе оның өкілі қол қояды. Материалдарды есептеуге осы күнгі санайтын машиналар пайдаланылған жағдайда толтырылған алғашқы құжаттардың санын азайту үшін қоймадан босатылатын материалдарды тікелей қойманың карточкасына жазу жүйесін де қолдануға болады. Бұл жағдайда материалдарды қоймадан босатуға ешқандай құжат жазылмайды. Шектеулі-заборлық картаға барлық бір дана болып жазылатын бухгалтерлік құжаттар негізделініп жасалады. Материалдарды босату лимитін қоймадағы картаның өзінде де көрсетуге болады. Бұл карточканың үлгілі түрі – М-17. цехтың өкілі материалдарды алған кезде қоймашының есептеу карточкасына қол қояды да, ал қоймашы цехтың шектеулі-заборлық карточкасына қол қояды. Сондай-ақ шектеулі-заборлық карточкада өндірісте пайдаланылмай қоймаға қайтарылып берілген материалдар да есептелінеді. Қоймадағы есеп карточкасына материалдардың әрбір номенклатуралық нөмірі бойынша босатылғаны, қоймада қалғаны, материалдарды цехқа әрбір босатқан уақыт сайын немесе шектеулі-заборлық картаны жапқаннан кей»н, бірақ келесі айдың біріне дейін жазылып отырылуы тиіс. Бұл жағдайда шектеулі-заборлық картаны қоймалық есептің тиісті карточкаларымен бірге сақтау керек. Лимитті пайдаланып болғаннан кейін қоймадағы шектеулі-заборлық картаданың қорытынды дерегі шектеулі-заборлық картаның цехтағы данасымен салыстырылады. Егер бұл шектеулі-заборлық картадағы деректер өзара сәйкес болса, екі жақтың өкілдері, яғни қоймашы мен цех өкілі деректердің дұрыстығын мақұлдап қол қояды.

Информация о работе Материалдардың бухгалтериядағы есебі