Материалдардың бухгалтериядағы есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:33, курсовая работа

Описание

Өзімнің курстық жұмысымда мен тауарлы-материалдық қорлардың есебі жөніндегі тақырыпты ашып көрсеткім келеді. Өйткені қазіргі кезде материалдық қорлар көптеген кәсіпорындар мүлкінің құнының ауқымды бөлігін құрайды. Сонымен қатар кейбір салаларда өндірілген өнімнің өзіндік құнына жұмсалған материалдық ресурстар шығындары 90%-ға дейін жетеді. Тағы бір айта кетерлік мәселе: өндірістік қорлар еңбек заты бола тұрып, еңбек құралдары мен жұмыс күші арқылы кәсіпорынның өндірістік үрдісін қамтамасыз етеді. Өндірістік қорлар өндіріс циклінде толығымен тұтынылады және өз құнын өндірілетін өнімнің құнына аударады.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................... 3-4

1. Материалдық қорлар, оларды есепке алудың міндеті мен жіктемесі

1.1. Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі ................................................5-6
1.2. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру......................................................6-8
1.4. Материалдардың номенклатурасы.................................................................8-9

2. Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері

2.1. Тауарлы-материалдық қорлар қозғалысының есебі және оларды құжаттау................................................................................................................10-14
2.2. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері ..................................14-16

3. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі

3.1. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі ......................17-20
3.2. Материалдық қорларды түгендеу...............................................................23-24
3.3. Материалды жауапты тұлғаның есеп беруі................................................21-23
3.3. Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар..........................................................................................................24-26



Қорытынды ................................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................

Работа состоит из  1 файл

Материалдардың бухг есебі.doc

— 235.50 Кб (Скачать документ)

      Кәсіпорын басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу  оның басталуы және аяқталуы мерзіміне жауапты адам тағайындалады. Түгендеу жұмысы материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың түрлері және олардың сақтаулы тұрған жерлері бойынша жүргізіледі. Кәсіпорында сақталып тұрған, бірақ оның өз меншігіне жатпайтын, яғни басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдардында түгендеу керек.

      Түгендеу  – бұл барлық материалдардың әрқайсысын біртіндеп санап шығып, одан кейін  материалдардың нақтылы қалдығын бухгалтерлік баланстағы қалдығымен салыстыру. Түгендеу жұмысы материалдардың түгел сақталуын қамтамасыз етудің басты құралы болып табылады. Жергілікті түгендеу комиссиясы материалдардың қалдығын өлшеу және санау арқылы олардың сақталып тұрған жерлері және материалдарға жауапты адамдар бойынша түгендеу тізімін жазып, кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырады.            Түгендеу тізіміне түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қоюлары тиіс. Басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдық игіліктеріне бөлек тізім жасалады. Салыстыру тізімдемесі түгендеу кезінде анықталған нақтылы қалдығы, оның бухгалтерлік есептегі қалдығына сәйкес келмейтіні тауарлық-материалдық қорлар бойынша жасалады. Салыстыру тізімдемесінде артық немесе кем шыққан материалдық құндылықтар бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасымен есептеледі. Түгендеу комиссиясы барлық артық немесе кем шыққан материалдар жөнінде оларға жауапты тиісті адамдардан жазбаша түсінік алуға тиіс. Ол жазбаша түсінік негізінде тұрақты жұмыс атқаратын түгендеу комиссиясы кем шыққан, жоғалған, бұзылған материалдардың қандай себептен болғанын анықтайды және де келешекте қайталанбас үшін шара қолданады. Сондай-ақ комиссия түгендеу кезінде материалдардың артық шығу себебін де анықтайды. Белгіленген кему мөлшері тек қана кем шыққан материалдарға ғана қолданылады. Егер кейбір материаладр бойынша кему мөлшері бекітілмеген болса, онда ол материалдардың кем шыққаны мөлшерден тыс болып саналады. Материалдық қорлардың белгіленген мөлшерден артық кем шыққаны, сондай-ақ олардың бұзылуынан пайда болған шығын, кінәлі адамдардан өтелуі тиіс. Материалдардың бекітілген табиғи кему мөлщерінен артық кем шығуы және олардың бүлінуіне байланысты шығын, егер оған кінәлі адам табылмаған жағдайда орталық комиссияның шешімімен кәсіпорынның шығындарына қосады. Кей жағдайда материалдардың артық шығуының себебі материалдық қорлардың, өндіріс шығындарының басынан қате есептелуі салдарынан болуы мүмкін. Ондай жағдайда материалдық қорлардың құны өндіріс шығындарынан алып тасталынып, қайтадан кіріске алады. Сондай-ақ қателіктен аттары, сорттары, өлшемдері алмасып кеткен материалдардың өзара бірімен-бірін жапқаннан шыққан сомалық айырмашылыққа да өндіріс шығындары азайтылады. Қателесіп алмасып кетуден артық немесе кем шыққан материалдардың сандарын өзара жабуы тек осы тексеріліп жатқан мерзім аралығында алмасып кеткен және тек бір адамның өзінің жауапкершілігіндегі аттас материалдар бойынша тепе-тең санға ғана рұқсат етіледі. Материалдарға жауапты адам материалдардың өзара алмасып кетуінен артық немесе кем шыққаны жайлы толық түсінік беруге тиіс. Егер кем шыққан материалдарды артық шыққан материалдар жапқан кезде, кем шыққан материалдар құны артық шыққан материалдардың құнынан көп болса, екеуінің арасындағы айырмашылық сомасын кінәлі адам төлеуі керек.

Кәсіпорындағы материалдық  қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүлінген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша  бөлшек сауда бағасымен өндіріледі.

 

3.4. Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дт 

шот 

Кт 

шот

1

Жабдықтаушылар  мен  жеткізушілерден келген материалдар  есеп айырысу құжатының келгеніне  қарамастан кіріске алынады. Құны төленіп, ай соңында жолда қалған немесе жабдықтаушы  қоймасынан әлі алынбаған материалдар  ай аяғында қоймаға кіріске алынбай  көрсетіледі. Келесі айдың басында бұл сома сторно етіледі. Төленген сома материалды құндылықтарды алғанға дейін алашақ борыш болып саналады. 

     1300 бас шот 

 

2     

Сатылып алынған  материалдардың құны кассадан төленді. 

1310-1315

1010-1020

3          

Есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы сатылып алынған материалдық  құндылықтардың құны 

1310- 1315

 

      

1250

4    

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан өтеусіз (тегін) келіп түскен материал

1310- 1315

6160

5            

Негізгі құралды  бұзғаннан, істен шығарғаннан алынған  материалдық  құндылықтар

1310-  1315

6210

 

          

Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың өз өндірісінде өндіріліп, дайындалып өз қажетіне пайдалануға  арналған материалдарды кіріске  алу     

1310-1317

8010-8030

7     

Алынған материалдар  және олар үшін кеткен шығындар арнайы банктердегі шоттардан төленеді 

1310- 1315

 

          

1070

8      

Пайдалануға болатын  өндірістік ақаулардан алынған материалдарды кіріске алу     

1310- 1317

 

    

8010

9              

Түгендеу кезінде  артық шыққан материалдарды кіріске  алу 

1310-1315

1317

6160

10           

Еншілес және тәуелді  серіктестіктер, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан келіп түскен кіріске алынған материалдар

1310- 1315,

1317 

3320

3330

3340

11   

Материалдық құндылықтарды  дайындайтын жұмыскерлерге есептелінген еңбекақы  

1310- 1315

 

          

3350

12 

Өндіріс пен  шаруашылыққа пайдалану үшін жіберілген материалдар:

- негізгі өндіріске;

- қосалқы өндіріске;

- цехқа (үстеме шығын);

- ұйымның әкімшілік  шығындарына. 

8011

8031

8041

7210 

1300

Бөлімшесінің

шоттары

13  

          

Салынып жатқан, аяқталмаған  құрылысқа жіберу мақсатымен есептен шығарылған материалдар

2930

1310- 1315,

1317   

14      

Өндірістік  ақауды жөндеу үшін есептен шығарылған материалдар

8011, 8031     

1310- 1315

15 

          

Түгендеу барысында  бүлінген және жетпей қалған материалдарды  есептен шығару 

7210

1310- 1315,

1317

  

18           

Жөндеуден алынған  материалдар  үшін есептелінген сома

1310- 1315,

1317

3310

3320

3370

19 

          

Сатылған, есептен  шығарылған материалдық құндылықтардың нақты  өзіндік құны 

7470

1310-1315,

1317

20  

          

Түгендеу барысында  жоқ болған табиғи кему мөлшерінен артық кем шыққан материалдарға  жауапты адам табылмаған жағдайда    

7210

1310- 1315,

1317

    

  

21  

         

Түгендеу барысында  жоқ болған материалдарға жауапты  адам табылып, ол адамның төлеуге тиісті есептелінген сомасы

1250 

1310- 1315,

1317

    

   

22  

         

Басқа заңды  тұлғаларға, кәсіпорындар мен ұйымдарға  немесе жеке адамдарға қайтарымсыз  берілген материалдар

7470 

1310- 1315,

1317

 

23 

 

      

 

    

Ақау немесе басқа да себептерге байланысты жабдықтаушыларға қайтарылған материалдар:

- жабдықтаушылардың шоты  төленгенге дейін;

- жабдықтаушылардың шоты  төленгеннен кейін. 

3310

1280

1310- 1315,

1317


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

      Тауарлы – материалдық қорлар есебін ұйымдастыру сұрақтарын қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындылар жасауға болады. Тауарлы – материалдық қорлар қалдығын есептеу әдісін дұрыс таңдау мен сатылған тауарлы – материалдық қорларының құнын дұрыс анықтау маңызды болып табылады. Егер № 7 БЕС «Тауарлы – материалдық қорлар» бухгалтерлік есеп стандартына келесі төрт әдістерін ұсынады: Ерекше ұқсастыру, Орта құн есептеу, Фифо әдісі және Лифо әдісі.ХҚЕС сәйкес қор бағалау кем дегенде екі көлемде өзіндік құн немесе мүмкіндік сату бағасы бойынша жүзеге асады. Қордың өзіндік құн орташа өлшенген құн бойынша немесе Фифо, Лифо әдісі бойынша анықталады.

   Тауарлы – материалдық қорлар сипаттауға алғашқы есеп құжаттары негізіне кіріс және шығыс, ал толтыру әдісі бойынша есептеу техниксының көмегімен және қолмен толтыру болып бөлінеді. Толтырған құжаттар мен олардың құжат айналымы данасының санын субъектінің өзі субъектінің сипатына, өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктеріне, материалдық, техникалық жабдықталуына және есепті ұйымдастыру жүйесіне байланысты бекітіледі.

          Материалдардың синтетикалық есебінің жинақ ведомосты негізінде бухгалтерияда «Материалдардың ақшалай түрдегі қозғалыс ведомосты» жасалады. Егер берілген субъектіде қалдық әдісі қолданбаса, жинақ ведомосының орнына мәліметтерді материалды –жауапты тұлға есеп беруінен алады.

           Материалдардың қозғалыс ведомосында есеп кезеңнің басы мен аяғына қалдықтарды көрсету, қойма немесе материалдарды – жауапты тұлғалар бойынша материалдардық қорлардың қозғалысын көрсету қарастырылған. Сондай – ақ онда көлікті– дайындау шығындарының КДШ орташа процентін есептейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

     1.«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңы 26 желтоқсан 1995 жыл № 2732.

     2. Қ.К. Кеулімжаев, Н.А.. Құдайбергенов, Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері, Оқулық, Алматы, Экономика 2006ж.

     3. Баймуханова С.Б, Балапанова Ә.Ж.  Бухгалтерлiк есеп, оқу құралы. Алматы  «Қазақ Университетi» 2001

     4. Радостовец В.К. Кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп. Алматы, «Центраудит  Қазақстан» 1998

     5. Радостовец В.К., Ғабдулин Т.Ғ., Радостовец  В.В, Шмидт О.И. Кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп. Алматы 2002

     6. Әбдiманапов Ә.Ә. Бухгалтерлiк есеп жүйесiн жетiлдiру және  бухгалтерлер қоғамдастығы.//Бухгалтерлiк есеп және аудит-1999

     7.  Интернет  көздері

     8. Кеулімжаев Қ.К, Әжібаева З.Н, Құдайбергенов Н.А «Бухгалтерлік есеп принциптері» Оқу құралы – Алматы: Экономик’С, 2003 – 360 бет.

     9.  Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектідегі бухгалтерлік есеп» Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Мамыров Н.Қ – Экономика, 2005 – 310 бет.

     10.  Мырзалиев Б.С , Әбдішүкіров Р.С. «Бухгалтерлік есепті жүргізудің қазіргі әдістері» Практикум – Алматы: Заң әдебиеті, 2007 – 88 бет.

     11. Смағұлова Р.О, Мәдіханова Қ.Ә, Тұсаева Ә.Қ, Сатыбалдиева  Ж.Ш. «Қаржы, ақша айналысы және несие» Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2008 – 462 бет.

    

 

 

 

 




Информация о работе Материалдардың бухгалтериядағы есебі