Міндеттемелермен есеп айырысулардың аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 18:52, курсовая работа

Описание

Міндеттемелер дегеніміз – ұйымның өткен оқиғалардан туындаған, реттелуі болашақта экономикалық тиімділігі бар ресурстардың шығуына әкеп соқтыратын қарызы. Яғни бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................

1-тарау.Міндеттемелертуралы жалпы түсінік............................................
1.1.Міндеттемелердің түсінігі,жіктелуі...........................................................
1.2.Міндеттемелер аудитінің көздері, маңызы ...............................................

2-тарау.Міндеттемелермен есеп айырысулардың аудиті............................
2.1.Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулардың бақылауы мен аудиті........................................................................................................
2.2.Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті................................
2.3.Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың аудиті.................................

Қорытынды....................................................................................................

Пайдаланылған әдебиттер тізімі...................................................................

Работа состоит из  1 файл

Міндеттеме аудит.docx

— 81.58 Кб (Скачать документ)

Жоспар

Кіріспе

Міндеттемелер-бұл ұйымның осы есепті уақытында бар нақты берешегі оны өтеу үшін қарсы жақтың наразылығын қанағаттандыруда ресурсың жылыстауы түріндегі экономикалық пайданың  кемуіне алып келеді.

Міндеттемелер-өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижелері болып табылады және қысқа мерзімді(ағымдағы)және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Міндеттемелер егер ұйымның қалыпты операциялық циклы кезінде төлеу балансынан кейін 12 ай ішінде жүргізіледі деп болжанса,ағымдағы мерзімді деп жіктелуі тиіс.Барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді деп жіктеледі.Шаруашылық субьекті есептеушінің  қабылданған есеп саясаты мен қолданылатын нысанына қарай әртүрлі талдамалық  есеп-карточкалары ,ведомостар журнал және т.б.регистрін қолдана алады.Жан-жақты ойластырылған жіне жақсы қойылған талдамалық есеп тексерушіге кәсіпорын міндеттемелері үшін ішкі бақылау жүйесі жағдайына дұрыс баға беруге көмектеседі.Ағымдағы міндеттемелерге банктің қысқа мерзімді қарыздары,шаруашылық  субьектінің кредиторлық берешегі жатады.Банктің қысқа мерзімді  қарыздары бір жылдан аса уақытқа қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес беріледі,мысалы,жөнелтілген тауарлардың нақтылы құжат айналымы уақытына тең,бірақ 30 күннен аспайды.Қысқа мерзімді кредиттерді алу және  өтеумен байланысты  есепшоттық-кредиттік операциялар 3010-3020«Қысқа мерзімді қарыздар»және 4010-4020«Ұзақ мерзімді қарыздар»шоттарында есепке лынады

Міндеттемелер дегеніміз – ұйымның өткен оқиғалардан туындаған, реттелуі болашақта экономикалық тиімділігі бар ресурстардың шығуына әкеп соқтыратын қарызы. Яғни бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы.

Міндеттемелер кәсіпорында  жасалынған әр түрлі келісімдердің  нәтижесінде туындайды және алынған  тауарлы-материалдық құндылықтар  немесе пайдаланылған қызметтер  үшін келешекте жасалынатын төлемдердің  заңды негізі болып табылады.

Несие –бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғағаәдетте келісілген мөлшерде пайыз алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік  болып екіге бөлінеді.

Коммерциялық  несие- бір субъектінің екінші бір субъектіге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.

Банк  несиесі- субъектіге ақша қаражаты түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтерге байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.

Берілетін уақыт аралығына  байланысты банк несиесі қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақыт) және ұзақ мерзімді (бір жылдан артық  уақыт) болып екіге бөлінеді.

Несиенің объективті қажеттілігі- бұл, субъектінің өндірістік және сауда  айналымы капиталының жетіспеушілігінен  туындайды.

Банкке несие алу үшін бірінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмесін, ережелерді, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттін кредит алу құқығының барлығын растайтын құжаттар ұсынады.

Жабдықтаушылар мен мердігерлерге  тауарлық-материалдық қорларды жеткізушілер немесе әр түрлі қызметтер көрсететін және әр түрлі жұмыстар орындайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол  ақшасыз жолмен жүргізіледі. Еңбек  ақының екі түрі болады : негізгі және қосымша. 

Негізгі еңбек ақыға атқарылған (жұмысқа) уақытқа және орындалған жұмыстың саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақы: тарифтік ставка, оклад, кесімді бағалау бойынша төлеу, сыйақылар, мерзімнен тыс жұмысқа, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, жұмыскерлер кінәсінің болмаған тұрып қалған уақытқа ақы төлеулер жатады.

Қосымша еңбек ақыға еңбек туралы заңдарда қарастырылған атқарылған уақытқа төленетін төлемдер жатады .Оған: кезекті демалыс уақытына ақы төлеу, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындағаны үшін ақы төлеу, жұмыстан шығу кезіндегі төленетін жәрдем ақы және болып табылады.

Еңбек ақының негізгі формалары мерзімді және кесімді болып табылады. Мерзімді еңбек ақыны төлегенде жұмыс істеушінің ақысын жұмсаған еңбегінің іс жүзінде атқарған уақыты мен сапасына тікелей тәуелді түрде төлеу қарастырылады. Мерзімді еңбек ақыны төлеу екі жүйеге бөлінеді: жай мерзімді және мерзімді - сыйақылы.Жай мерзімді еңбек ақы төлеуде жалақы сағаттық, күндік, айлық тарифтік ставкалар бойынша немесе нақты атқарған уақыты үшін оклад бойынша есептеледі. Еңбек ақының мөлшері тарифтік ставканы атқарылған уақыт мөлшеріне көбейту арқылы немесе окладты есептеу арқылы анықталады.Еңбекті төлеудің мерзімді - сыйақылық жүйесі кезінде тариф бойынша есептелген еңбек ақы сомасына тарифтік ставкаға белгілі бір процент мөлшеріндегі сыйақыны қосады.

Менің курстық жұмысым 2-тараудан,6-бөлімнен тұрады.Менің бұл тақырыпты таңдау себебім яғни кәсіпорындардың,жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің  салықтарды еңбекақыныбюджетпен есеп айырысу,жабдықтаушылармен  мердігерлердің есебі туралы толық  мағлұмат алу.

1-тарау.Міндеттемелер  туралы жалпы түсінік

1.1 Міндеттемелердің түсінігі,жіктелуі

Қаржылық есеп берудің  негізгі элементінің бірі-шаруашылық субьектіде қолданылатын міндеттемелер  ретінде арнайы бақылау мен аудитте  жиі кездесетін жағдайларды  қарастырамыз.Бақылау-талдау қызметінің басқа аймақтары мен  аспектілерінде қолданылатын арнайы бақылау  мен аудитке келсек,ол осы кітаптың кейінгі бөлімдерінде қарастырылатын жекелеген нәтижелерді,жаңа іздестіру  зерттеулерін  талап етеді./3,371/

Міндеттемелер-бұл ұйымның осы есепті уақытында бар нақты берешегі оны өтеу үшін қарсы жақтың наразылығын қанағаттандыруда ресурсың жылыстауы түріндегі экономикалық пайданың  кемуіне алып келеді.

Міндеттемелер-өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижелері болып табылады және қысқа мерзімді(ағымдағы)және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Міндеттемелер егер ұйымның қалыпты операциялық циклы кезінде төлеу балансынан кейін 12 ай ішінде жүргізіледі деп болжанса,ағымдағы мерзімді деп жіктелуі тиіс.Барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді деп жіктеледі.Шаруашылық субьекті есептеушінің  қабылданған есеп саясаты мен қолданылатын нысанына қарай әртүрлі талдамалық  есеп-карточкалары ,ведомостар журнал және т.б.регистрін қолдана алады.Жан-жақты ойластырылған жіне жақсы қойылған талдамалық есеп тексерушіге кәсіпорын міндеттемелері үшін ішкі бақылау жүйесі жағдайына дұрыс баға беруге көмектеседі.Ағымдағы міндеттемелерге банктің қысқа мерзімді қарыздары,шаруашылық  субьектінің кредиторлық берешегі жатады.Банктің қысқа мерзімді  қарыздары бір жылдан аса уақытқа қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес беріледі,мысалы,жөнелтілген тауарлардың нақтылы құжат айналымы уақытына тең,бірақ 30 күннен аспайды.Қысқа мерзімді кредиттерді алу және  өтеумен байланысты  есепшоттық-кредиттік операциялар 3010-3020«Қысқа мерзімді қарыздар»және 4010-4020«Ұзақ мерзімді қарыздар»шоттарында есепке лынады

Яғни бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы.

Міндеттемелер кәсіпорында  жасалынған әр түрлі келісімдердің  нәтижесінде туындайды және алынған  тауарлы-материалдық құндылықтар  немесе пайдаланылған қызметтер  үшін келешекте жасалынатын төлемдердің  заңды негізі болып табылады./3,371/

Міндеттемелер төмендегі  үш белгісі бойынша анықталады:

  • кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;
  • міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;
  • міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.

Міндеттемелер өтелу мерзіміне байланысты екі түрге бөлінеді:

  1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
  2. Ағымдағы міндеттемелер

3010-3020«Қысқа мерзімді  займдар»мен 4010-4020«Ұзақ мерзімді  займдар»шотының аналитикалық есебі  займ.Қысқа мерзімді займдар коммерциялық  кредит векселі мен қарыздық  міндеттемелердің «серіктестік»кредиті  сипатына жиі көрінеді.Баланста  алынған қысқа мерзімді займдардың  дұрыс бейнелеуін тексере келе,аудитор мынаны белгілеуі тиіс:

-займ қандай мақсатқа пайдаланылған,бұл мақсаттар кредит алу келісімшарттарындағы шарттарға сәйкес пе?

-шаруашылық субьекті  басшылығы қамтамасыздандыру құрамына  немесе займ кепілдігіне енгенін;

-займды төлеу толықтығы  мен өз уақыттылығы(банк көшірмелері  бойынша)

-кредитке төленген пайыздың  бекітілген келісімшартпен дұрыстығы;

-қарыз субьектілерінің  алыну заңдылығымен негізділігі,сондай-ақ  оларды өтеудің толықтығы мен  өз уақыттылығы;

-жинақтамалы және талдамалы  есептің 3010«Қысқа мерзімді банк  займдары»жазбасының №4журнал-ордер  мен бухгалтерлік баланстағы  жазбаларына сәйкестігі.

Бақылауды тиімді ұйымдастыру  кредиторлар мен айырысу жағдайында және есеп айырысу тәртібіне,тапсырылған  сұрыпталым мен сапада өнім жеткізу  бойынша міндететмелерді орындауға  төлем тәртібін сақтау жауапкершілігін  көтеруге және соңында шаруашылық субьектінің  қаржылық жағдайын жақсартуға қабілеттілікті бекітуге көмектеседі.Аудитордың субьектінің кредиторлық берешегін тексерген кездегі басты мақсаты-оның баланста бейнеленген көлемінің нақтылығы мен дәлдігін белгілеу болып табылады.Ол үшін оған баланстық мәліметтерде жазғандарды Бас кітаппен,журнал-ордермен,ведомостылармен және басқа да есептік регистрлермен салыстыру қажет.Бухгалтерлік баланстың «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінде «Ұзақ мерзімді займдардың ағымдағы бөлімі»бабы келтірілген.Аудитор оны тексерген кезде ұзақ мерзімді кредит талдамалық есебінің мәліметтеріні бойынша зайымдарды төлеу уақыты мен осы бап бойынша негізділігін көрсетеді./2,361/

Қысқа мерзімді міндеттемелер есепті кезең (бір жыл) ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылады деп күтілетін ағымдағы міндеттемелер болып табылады.

Оларға мыналар жатады:

  1. Қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;
  2. Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;
  3. Кредиторлық борыштар:
  • төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;
  • сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар;
  • салық міндеттемелері;
  • төленуге тиісті дивидендтер;
  • негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктері арасындағы борыштар;
  • акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына борыштары;
  • өзге де кредиторлық борыштар;
  1. Төленуге тиісті есептелінген шығыстар;
  1. Алдағы кезең табыстары;
  2. Күтпеген жағдайлар бойынша есептелінген төлемдер.

Қысқа мерзімді міндеттемелерге  келесілер кіреді:

  1. қысқамерзімдінесиелержәнеовердрафт;
  2. ұзақмерзімдінесиеніңағымдағыбөлігі;
  3. кредиторлыққарыздар:
    • төленугетиістішоттар мен вексельдер;
    • сатыпалушыларданжәнетапсырысберушілерденалынғанаванстар;
    • салықбойыншақарыздар;
    • төленугедивидендтер;
    • негізгішаруашылықсеріктестікпеноныңеншілессеріктестеріарасындағықарыз;
    • акционерлікқоғамныңқызметкертұлғаларыныңқарызы;
    • басқа да кредиторлыққарыздар.
  4. төленугетиістіесептелгеншығындар;
  5. алдағыкезеңтабыстары;
  6. көрілмейтінжағдайларбойыншаесептелгентөлемдер./2,364/

Информация о работе Міндеттемелермен есеп айырысулардың аудиті