Міндеттемелермен есеп айырысулардың аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 18:52, курсовая работа

Описание

Міндеттемелер дегеніміз – ұйымның өткен оқиғалардан туындаған, реттелуі болашақта экономикалық тиімділігі бар ресурстардың шығуына әкеп соқтыратын қарызы. Яғни бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................

1-тарау.Міндеттемелертуралы жалпы түсінік............................................
1.1.Міндеттемелердің түсінігі,жіктелуі...........................................................
1.2.Міндеттемелер аудитінің көздері, маңызы ...............................................

2-тарау.Міндеттемелермен есеп айырысулардың аудиті............................
2.1.Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулардың бақылауы мен аудиті........................................................................................................
2.2.Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті................................
2.3.Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың аудиті.................................

Қорытынды....................................................................................................

Пайдаланылған әдебиттер тізімі...................................................................

Работа состоит из  1 файл

Міндеттеме аудит.docx

— 81.58 Кб (Скачать документ)

 Қысқа мерзімді кредит  әдетте 12 айдан аспайтын мерзімге  кредиттелетін материалдық құндылықтардың  айналымдылығына және шыққан  шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп  беріледі.

  Банктер несиені кәсіпорындарға  қаржы бөлу үшін құрылыс, қалпына  келтіру және өнеркәсіптік және  әлеуметтік жәене тұрмыстық бағыттағы   объектілерді техникамен қайта  жабдықтауы техника, жабдық, көлік  саймандарын, ғимараттар мен құрылыстар  алуға; бірлескен кәсіпорындар  құруға; ғылыми-техникалық өнімдер  және басқа да (кәсіпорын) меншіктік  объектілер бойынша шығындар  жасауға береді.

Несие  бойынша қарыздарды өтеудің әдістері және нақты мерзімдері, тәртібі несие шартында қарастырылады.

Несиелеу қарыз капиталының  қозғалысы болып табылады – ол пайыз түрінде үстеме төлем қайтару  шартымен қарызға берілген капиталдың қозғалысы.

   Алынған несиелерді  есепке алу 3010 «Қысқа мерзімді  банк займдары», 3020 «Алынған қысқа  мерзімді займдар», 4010 «Ұзақ мерзімді  банктік займдар», 4020 «Ұзақ мерзімді  алынған займдар» пассивті шоттарында  жүргізіледі.  Бұл шоттардың кредиті  бойынша банк және басқа мекемелер  алдындағы несиелер бойынша қарыздардың  қалдығы және алынған несиелер  сомалары, ал дебеті бойынша несиелердің  қайтарылуы, яғни қарыздардың азайтылуы  көрсетіледі.Есепті кезеңнің соңында  7310 «Пайыздар бойынша шығындар»  5610 «Қорытынды пайда (зиян)» шотымен  жабылады.Займдар шотының кредиті  бойынша операциялар есебі үшін  №4 журнал –ордер арналған.  Оған бухгалтерлік  жазбалар банк  көшірмелері және басқадай ақша  құжаттары негізінде жүргізіледі.  /2,369/

 

Жабдықтаушылар  мен мердігерлердің есеп айырысу  аудитінің  бағдарламасы

1-кесте/2,373/

 

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

1

2

ТМҚ алуға арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы мен бар  екендігін тексеру

Шарттар,шот-фактуралар,төлем  тапсырмалары,кірістік құжаттар және т.б.

ТМҚ-дың саны мен сапасы жөніндегі тілек-талаптарды рәсімдеудің  дұрыстығын,нақтылығын және уақыттылығын тексеру

Тиісті құжаттарды жабдықтаушылырға,темір  жолға немесе кеме шаруашылығына  талаптар,8 журнал-ордер,Бас кітап  және т.б.

Алынған құндылықтарды кіріске  алудың немесе орындалған жұмыс пен  көрсетілген қызмет есебінің толықтығы  мен уақыттылығын тексеру

Қабылдау актілері,жүк  құжаттары,шот-фактуралар,кассалық кірістік ордерлер,қойма есебі карточкалары,материаладар есебі тізімдемесі,6 журнал-ордер,Бас  кітап,баланс және т.б.

Жабдықтаушылар мен мердігергеберешектің анық сенімділігін,шынайылығын,нақтылығын және заңдылығын тексеру

Шарттар жобалық-сметалық құжаттама,орындалған жұмыс актілері,шот-фактуралар,төлем-тапсырмалары,6 журнал-ордер, Бас кітап,баланс және т.б.

Вексельдерді пайдаланып,жабдықтаушылармен  ҚҚС алып тасталғанын және олармен есеп айырысудыңдұрыстығын тексеру

Вексель,кірістік төлем құжаттары,5,6 журнал-ордерлер,салықтық шот фактуралар,ҚҚС жөніндегі салық декларациясы,Бас кітап және

Берілген шот корреспонденциялар жайлы мәліметтерді тексеру,аналитикалық есеп мәліметтерінің синтетикалық есеп мәліметтеріне сәйкестігі

Шот-фактуралар,төлем тапсырмалары,6 журнал-ордер,Бас кітап,баланс,әдістемелік  ұсынымдар


 

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуларды аудиторлық тексерудің бағдарламасы./2,378/

 

2-кесте

 

Процедуралар

Ақпарат көздері.

Барлық негіздер бойынша  қызметкерлерге төлемдерді есептеу  мен толтырудың дұрыстығын бақылау.

Есептеу-төлем тізімдемелері, нарядтар, жұмыс уақытын есепке алу  табелі, штат кестесі.

Еңбекақыдан ұсталынатын  салықтардың зейнетақы қорына төленетін  жарналардың дұрыс есептелуін тексеру.

Есептеу-төлем тізімдемелері, материалдық көмек беру туралы бұйрықтар.

Қызметкерлердің еңбекақысын  төлеу реестрлеріндегі мағлұматтарды  тексеріп және оны Бас кітап шоттарымен салыстырып тексеру.

Тізімдемелер, журнал-ордерлер, машинограммалар, Бас кітап.

Қызметкерлердің еңбекақысын  есепке алу бойынша шоттар корреспонденцияларының дұрыстығын тексеру.

Тізімдемелер, журнал-ордерлер, машинограммалар.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             2-тарау.Міндеттемелермен есеп айырысулардың аудиті

 

2.1 Жабдықтаушылар мен  мердігерлермен есеп айырысулардың бақылауы мен аудиті

 

 

 Кез келген кәсіпорын  үзіліссіз және ырғақты жұмыс  істеп тұруы үшін оны уақтылы  керекті материалдармен жабдықтап  отырудың маңызы зор болып табылады Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау  эканомикалық және әлеументтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын  өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық  ұйымдармен өзіне керекті материалдық  қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасалады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.Кәсіпорын өз өндірісінің  тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық–техникалық базасын жасайды,яғни өндіріске  қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды  жабдықтау экономикалық даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету  үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен  немесе делдалдық ұйымдармен шартқа отырады./2,371/

Жабдықтаушы мердігер - бұл жеткізіп беруші,жеткізіп тұрушы қамтамасыздандырушы. Белгілі бір бұйымды,тауарды жеткізіп тұрушы адам немесе мекеме. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат,материал және тауарлы материалдық қорды жеткізушілер жатады,сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер (электр қуатын,буды,суды,газды және т.б.босатушы) және әр қилы жұмыс орындаушылар (күрделі жөндеу, жай жөндеу және т.б.) жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады. Жабдықтаушы-мердігерді кәсіп орынның төмен қабілеттілігімен шоттарды уақтылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады. Жабдықтаушы ұйымдар өз өнімдерімен тауарларын жөнелте отырып ,жұмыстар орындап, қызметтер көрсетіп, жөнелтілген өнімдер,т.б үшін ақшаның түсетіндігіне толық сенім білдіре алмай тәуекелшілікке түсуі де мүмкін. Осыған байланысты ұйымдар дайын өнімдерді (тауарлар,жұмыстар,қызметтер) сату есебінен болашақтағы күмәнді қарыздарды жабу резервін құруына болады.Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу операциясын бақыла йкеле,аудитор бухгал- терлік  өткізбелерді құрастырудың дұрыстығын тексергені жөн.Уақыты ертеде өтіп кеткен берешекті айқындау үшін оның уақытын талдай келе,мына топтарға құрастырамыз:

1)бір айға дейінгі

2)бір айдан үшінші айға дейінгі

3)бір айдан алтыншы айға дейінгі

4)алты айдан бір жылға дейінгі

5)1 жылдан жоғары./2,372/

Осы уақыттар негізінде аудитор  қаржылық-есеп айырысу тәртібін бұзу дәрежесін анықтайды.Ол құжаттар:шот  фактура,жөнелтпе қағаздар,қолхаттар,чектер,төлемқұжаттары,түгендеу тізімдемелері,біріктіру ведомостары,материалдық жауапты және лауазымды тұлғалардың түсіндірмелері және т.б.Қорытындыда аудитор  шот корреспонденцияларын құрастыру дұрыстығын тексереді.

Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысуы тауарлы материалдық  құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың кәсіпорынмен келісуі  арқылы бір мезгілде немесе олардың  тапсырмасы бойынша, не алдын ала  төлеуі бойынша жүзеге асырады. Кәсіпорынның  келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электрэнергиасын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т.б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар,сенкассо, аккредетивтер,чектер тәртібімен жүзеге асырылады .Жабдықтаушылар мен мердігерлерден алынған тауарлы материалды құндылықтар және айналыстан тыс активтер, қабылданған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін (бұларды тасмалдап жеткізу және өңдеу шығындарын қосып есептегендегі) ұйымның берешек қарыздары болып саналады. Кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310«Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады.Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімде әрбір шот фактурасы немесе төлем-талап тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

Демек, кәсіпорын жабдықтаушылармен  және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 "Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу" шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне  және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу  жүргізіледі. 3310-шоттың кредиті бойынша  жабдықтаушылардың акцептелген  шот-фактурасы және дебеті бойынша  — есеп айырысу, валюталық және басқа  шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады./3,383/

Өнім жеткізушілермен  есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы  журналда, машинограммада немесе тізімдемеде  әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап  тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат  бойынша есеп айырысуларды бакылап  отыруға мүмкіндік береді.Келіп  түскен шот-фактураларды алдымен "Келіптүскен  жүктер есебі журналына" тіркейді. Қоймаларға құндылыктардың түсуіне  карай журналда кіріс құжаттары  бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірунен байланысты сұрау  салудың нәтижесінде алынған  деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журналдың  деректерін 3510 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі  материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдыктау бөлімінің  тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалдарды  қабылдау туралы актілері негізінде  кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне карай жазып отырады."Ескерту" бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.

Есеп журналы бойынша  тіркеу номірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары  бухгалтерияға беріледі. Осында олардың  деректерін жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі  журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша  жүреді.

Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фақтура жөне баска да есеп айырысу қүжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бүл ретте тіркеу нөмірі мен төлем-тапсырмаларыңық (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцепттің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.

Екінші кезенде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы-көліктік құжаттары (накладнойлары), материалдар қабылдау туралы актілері) негізіңде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік нсмесе келісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны жөне тауарлы-материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары; есебі бойынша жекелегсн щоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты құны бойынша керсетіледі.

Үшінші кезеңде кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бқзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 3310-шоттың кредитінен 1260-шоттың дебитіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін анықталатын болса, онда оның сомасына тиісті есеп айырысу төлем құжаттарында акцептті азайтады. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық борыш» және 4110 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық борыш» шоты қарастырылған. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауарлық-материалдық қорларды жеткізушілер немесе әр түрлі қызметтер көрсететін және әр түрлі жұмыстар орындайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол ақшасыз жолмен жүргізіледі. Есеп айырысу түрі келісіммен немесе шартпен анықталады.  Есеп айырысудың негізгі түрлері мыналар: акцепті, аккредитивті, төлемдік тапсырыс бойынша, чектермен, төлемдік тапсырыспен жоспарлық төлемдер ретінде, өзара талаптарды есепке жазу ретінде, вексельдермен.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар жөніндегі ақпараттарды көрсету үшін 3310 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарызы», 4110 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық  қарызы» шоттары арналған. Бұл  шоттың кредиті бойынша алынған  тауарлық – материалдық қорлар, айналымнан тыс активтердің құны 1310, 1330, 2410, 2730, 7110, 7210, 8410  шоттарының дебетімен корреспонденциясында  көрсетіледі. Алынған бағалықтар бойынша  ҚҚС сомасы 3310, 4110 шоттардың кредиті  және 1420 «ҚҚС» шотының дебеті корреспонденциясында бейнеленеді. /2,372/

Жабдықтаушылармен және мердігерлер  шотын төлеу 3310, 4110 шоттардың дебеті және ақша қаражаттарын есептеу бойынша  шоттардың кредитімен (1010, 1030) көрсетіледі. 3310, 4110 шоттар бойынша операциялардың есебі үшін №6 журнал – ордер  арналған.  Шоттардың кредиті  бойынша жазулар жабдықтаушылармен  көрсетілген  және төлемге қабылданған  шот- фактуралар негізінде, жүкке ере  жүретін құжаттар негізінде жүргізіледі.

Тауарларды жеткізуге не жұмыстарды орындауға алынған аванстар бойынша, сондай-ақ ішінара дайындығына қарай тапсырыс берушілер үшін өндірілген өніммен атқарылған жұмыстар өтемақысы бойынша есеп айырысулар үшін келесідей шоттар пайдаланады:

3510 «Қысқа мерзімді алынған  аванстар»,

4110 «Ұзақ мерзімді алынған  аванстар».

Алынған аванстар мен өнімді және жұмыстарды дайындау кезінде алынған  төлемақы сомасына 

                         Дебет   шот 1030

                         Kредит  шот 3510, 4410

Алынған аванстардың және толық дайын бұйымдарды, материалдарды  жеткізгені және орындалған  жұмыстар үшін, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шоттарды ұсынған кезде, есепке алынған ішінара дайын  өнімдер мен жұмыстар бойынша  төлем ақы сомасына

              Дебет  шот 3510, 4410

              Kредит  шот 1210

Егер алдағы уаққытта тауарлар жеткізуге, не жұмыстар мен қызметтерді  орындауға, авансқа алынған төлемақы сомасын жабдықтаушы пайдаланбаған  болса, бұл сома сатып алушыға  қайтарылып берілуі тиіс, сонда шоттар корреспанденциясы 

             Дебет  шот 3510, 4410

             Kредит  шот 1030

   3510, 4410 шоттар бойынша  операцияларды тіркеу №9 журнал  –ордер кредиттік айналымдары  үшін, №9 тізімдеме дебетттік  айналымдары үшін қолданылады. 

Дивидендтер дегеніміз-акционерлер иелігінде болатын акциялардың саны мен түрлеріне сәйкес оларға тиесілі акцияларына табыс түрінде жыл сайын акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам табысының бір бөлігі.

Дивидендтер бойынша есеп айырысулар 3030 «Дивидендтер бойынша  және қатысушылардың табысы бойынша  қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар»  шотында  жүргізіледі.

Дивидендтерді есептеген  кезде 3030 шоттар кредиттеледі және мына шоттар дебеттеледі:

5510, 5520 – есепті жылдың  және бұрынғы жылдардың бөлінбеген  табысы есебінен акция ұстаушыларға  дивиденттер есептегенде;

5410, 5460 – артықшылығы бар  акциялар бойынша есептелген  дивидендтер сомасына, бөлінбеген  табыстың болмауы немесе жетімсіздігі  кезінде. 

Информация о работе Міндеттемелермен есеп айырысулардың аудиті