Міндеттемелермен есеп айырысулардың аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 18:52, курсовая работа

Описание

Міндеттемелер дегеніміз – ұйымның өткен оқиғалардан туындаған, реттелуі болашақта экономикалық тиімділігі бар ресурстардың шығуына әкеп соқтыратын қарызы. Яғни бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................

1-тарау.Міндеттемелертуралы жалпы түсінік............................................
1.1.Міндеттемелердің түсінігі,жіктелуі...........................................................
1.2.Міндеттемелер аудитінің көздері, маңызы ...............................................

2-тарау.Міндеттемелермен есеп айырысулардың аудиті............................
2.1.Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулардың бақылауы мен аудиті........................................................................................................
2.2.Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті................................
2.3.Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың аудиті.................................

Қорытынды....................................................................................................

Пайдаланылған әдебиттер тізімі...................................................................

Работа состоит из  1 файл

Міндеттеме аудит.docx

— 81.58 Кб (Скачать документ)

Акциялар бойынша дивидендтер  төлемін көрсеткенде 

Дт 3030

Кт 1010, 1030 – дивидендтің  заттай төлемінде.

Төлемнің қайнар көзінен  ұсталынған табыс салығының сомасына 3030 шот дебеттеледі және 3120 «Жеке  табыс салығы»  шоты кредиттеледі. Дивидендтер салық салуға 15 пайыз  ставкасы бойынша жатады және одан кейін салық салуға жатпайды. Жеке табыс салығын бдюжетке аударуда 3120 шот дебеттеліп, 1010, 1030 шоттар кредиттеледі.

3030 «Дивидендтер бойынша  және қатысушылардың табысы бойынша  қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар»  шоты бойынша кредиттік айналымдар  №9 журнал- ордерде бейнеленеді.

Кәсіпорынның есепті айда алған, бірақ кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары  болашақ кезеңдерінің табыстары болып есептеледі (жал  төлемі немесе пәтерақы төлемі; коммуналдық  қызметтер үшін төлемдер; жол билеттерін сатудан алынған табыстар; баспалық жазылымдарға жазылу құны; байланыс қызметтерін  пайдаланғаны үшін абоненттік төлемдер).  Алдағы кезең табыстарының есебі 3520 және 4420 шоттарда жүргізіледі. Бұл шотта  айлық және тоқсандық билеттер бойынша  кәсіпорынға алдын-ала төленген ақылары, автомобиль тасымалдары және басқалары үшін күні бұрын төленгені  ескеріледі. Осындай төлемдер түскенде

Дебет    шот    1010, 1030, 1060

Kредит  шот    3520, 4420

     Алдағы кезеңнің кірістерін есептегенде 1210, 1220, 1230, 1230 шоттар дебеттеледі және 3520, 4420 шот кредиттеледі.

Есепті айға жататын ертеректе  алынған табыстар тізімі

Дебет  шот 3520, 4430

Kредит  шот 6010, 6210, 6280 бойынша көрсетіледі.

Өткен жылдарда анықталған жетіспейтін ақша қарыздарының алдағы кездегі түсім қаражаттары сомасына:Дт шот 1250    Kт  шот 3520, 4420.Өткен жылдар ішінде анықталған жетпейтін ақша бойынша қарыздар үшін төлемдер түскенде:   Дт шот 1010,1030  Kт шот 1250

Сонымен бір мезгілде тиісті сома 3520, 4420 шот дебетіне және 6010 шот  кредиті    бойынша жазылады. 3520, 4420 шоттарының кредиттік айналымдары  №9 журнал –ордерде көрсетіледі. Дивиденттер дегеніміз – акционерлердің иелігінде болатын акциялардың саны (сомасы) мен түрлеріне карап,  жыл сайын олардың акционерлерінің арасында табыс түрінде бөлінетін акционерлік коғамының табысының бір бөлігі.

Дивиденттер бойынша есеп айырысулар есебі үшін 3031 "Жай  акциялар бойынша есеп айырысу", 3032 "Артыкшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу" шоттары  пайдаланылады.

3031 "Жай акциялар бойынша  есеп айырысу" шотында жай  акциялар бойынша акционерлік  коғамның (АҚ) есеп айырысуы есептелінеді, ол бүкіл акционерлік коғамның  шығарған акциясынын, басым бөлігін  кұрайды (75% және оданда жоғары). Жай акцияның иелері жалпы  жиналысына катысуға, дивиденд алуға  құқығы бар. АҚ жойылған кезде  жай акциялардың иелері, осы акциялары  үшін салынған каражаттарын олардың  номиналдык бағасы бойынша кайтарып  алуға   құкылы,   бірақ   артыкшылығы   бар   акциялардын   иелерін қанағаттандырғаннан кейін.

3032  "Артыкшылығы бар  акциялар бойынша есеп айырысу"  шотында артықшылығы бар акциялар  бойынша акционерлік коғамның  есеп айырысуы есептелінеді. Оның  үлесі жалпы жарғы капиталының  25%-нен аспауы керек. Артықшылығы  бар акицялардың иелері бірінші  кезекте дивиденд алуға құқылы, сондай-ак акцияға салған қаражаттарын, егер АҚ жойылса, номиналдық  бағада кайтарып алады. Артықшылығы  бар акциялардың иелері 10% деңгейінде, дивидендті алдын ала алуға  кұкығы бар. Артықшылығы бар  акциялар бойынша бұндай кепілденген  дивиденд төлемдері акицяны шығармастан  бұрын олардың жобасында карастырылады  және дивидентті телеудің осындай  тәртібі де онда тіркеледі.  Артыкшылығы бар акцияларға төленетін  дивиденттердің мөлшері жай акцияларға  төленетін дивиденттерден кем  болмауы тиіс, егер де ондай  каражаттар болмай қалса, онда  ол резервтік капиталдың есебінен  төленеді.Занды және жеке тұлғаларға  төленетін дивиденттердін төлем  көзінен 15% мөлшерлеме бойынша  табыс салығы ұсталынады. Қазақстан  Республикасында бұрын төлем  көздерінен дивидент салықтары  ұсталынған болса, онда оны  ескеруіне құкығы бар, бірақ  оны растайтын құжаттары болуы  керек.Жай және артыкшылығы бар  акциялар бойынша дивиденттерді  төлеген кезде, әрбір акционер (жеке немесе занды тұлға) бойынша  есеп айырысу жекетізімдемеде  жүргізіледі.

 

 

      1. Бюджетпен есеп айырысудың бақылауы мен аудиті

 

Бюджетпен есеп айырысу аудитін  өткізгенде тексеруге жататын  жалпы  мәселелер мыналар болып табылады:

-салық салынатын негізгі  анықтаудағы толықтығы және дұрыстығы;

-салық мөлшерлемесінің  жіне басқа төлемдерді қолданудың,сондай-ақ  төлемді есептегенде арифметикалыө  есептің дұрыстығы;

-жүргізілетін есептеулердің  заңдылығы мен негізділігі және  салық  төлеуде  жеңілдіктерді  қолдану;

-салық инспекциясына  төлем түрлері бойынша есеп  беруді ұсынуды құрастырудың  дұрыстығы мен өз уақыттылығы;

-бюджетпен есеп айырысудың  талдамалық және жинақтамалы   есебін  жүргізу дұрыстығы;

-талдамалық және жинақтамалы  есептер жазбаларының Бас кітаптағы  және субьекті балансы жазбаларымен  сәйкестігі./2,374/

Аудитор әрекет етуші заңдарды мұқият зертеу негізінен салық төлеу  негізі мен салық мөлшерлемесінің  өзгеруінің салық төлеуде  жүргізілген  есептердің заңдылығы мен негізділігін ең алдымен тексеруі тиіс.

Ұйымдық-құқықтық жағынан  салықтар – бұл   мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі  бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз  сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.Салықтардың  экономикалық мәні олардың өзінің функциялары  мен міндеттерін  жүзеге асыру  үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Жалпы алғанда салық міндеттемесімемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Мемлекеттік бюджет─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.

Бюджеттің қаржысы экономиканы  дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын  және мәдени деңгейін көтеруге және басқа  да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Ұйымдар бюджетпен төлемдердің әр түрлері бойынша есеп айырысулар жасайды:   заңды және жеке тұлғалардан табыс салығы, ҚҚС, акциздер, жер салығы, және т. б.

Бюджетпен есеп айырысулардың  есебі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшенің келесідей шоттарында жүргізіледі:

3110 - «Төленуге жататын корпоративтік табыс салығы»;

3120 - «Жеке табыс салығы»;

3130 - «Қосылған құн салығы»;

3140 - «Акциздер»;

3150 - «Әлеуметтік салық»;

3160 - «Жер салығы»;

3170 - «Көлік құралдарына  салық»;

3180 – «Мүлік салығы»;

3190 - «Басқа да салықтар».

 Шоттардың кредиті  бойынша төленетін салықтар бойынша  бюджетке кредиторлық қарыздар  жөнінде ақпараттарды және енгізілуге  тиісті сомаларды , яғни есеп  беру айында есептелгендерін,  ал дебет бойынша есепке жатқызылуға  тиісті сомаларды немесе іс  жүзінде бюджетке аударылған  сомаларды көрсетеді.

3110 “Корпоративтік табыс  салығы” шоты заңды тұлғалардан  есептелген және аударылған табыс  салығы сомаларын көрсетуге арналған. Шегерімдер мен жеңілдіктерді  алып тасталған жылдық жиынтық  табыс салық салу объектісі  болып табылады. 3110 шоттың кредиті  бойынша жыл соңында анықталатын,  бюджетке енгізілуге тиіс табыс  салығының сомалары 7710 «Корпоративтік  табыс салығы бойынша шығындар»  шотымен корресподенциясында көрсетіледі. 3110 шоттың дебеті бойынша бюджетке  аударылған аванстық төлемдер  сомалары, ақша қаражаттарын есептеу  (1010, 1030, 1060) шоттармен корреспонденциясында  көрсетіледі.  Кейінге қалдырылған  салықтық міндеттемелер  4310 шотта  есепке алынады.         

Бюджетке аударылатын  жеке табыс салығының сомасына  3120 «Жеке табыс салығы»  шот  кредиттеледі және 3030 3350 және басқа  шоттар дебеттеледі. 

3130 - «Қосылған құн салығы»  шоты бюджетпен қосылған құнға  салық бойынша есеп айырысулар  жөніндегі операцияларды көрсетуге  арналған. Қосылған құн салығы  жанама салықтарға жатады және  тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өндіру  және айналым процесінде қосылған  құнның өсімшесінің бөлігін бюджетке  алу түрі болып табылады.

3130 - «Қосылған құн салығы»  шотының кредиті бойынша 1210, 1220, 1230, 2110, 2130 шоттардың дебетімен корреспонденциясында  сатып алушылар мен тапсырыс  берушілерге өткізілген өнім  және басқа да активтер үшін  көрсетілген топтар бойынша ҚҚС  сомасы көрсетіледі,  ал дебеті  бойынша 1420 «Қосылған құн салығы»  шотымен корреспонденциясында есепке  жазылуға тиіс қосылған құн  салығы сомалары, ал ақша қаражаттарының (1010, 1030 және т.б.) шоттарымен корреспонденциясында  – бюджетке аударылған ҚҚС  сомалары көрсетіледі.

Акциздік салық – сатып  алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.

Акциздердің есебі 3140 «Акциздер» шотында жүргізіледі. Акцизді есептеген  кезде 1210, 2110 шоттары дебеттеліп, 3140 шот кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде 3140 шот  дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.Әлеуметтік салықты  жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі  мүмкін. Әлеуметтік салық есебі 3150 шотта  жүргізіледі. Есептелген әлеуметтік салық  мына шоттардың дебетінде 7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410 және 3150 шоттардың кредитінде көрініс табады.Бюджетке төленетін  жер салығының есебі 3160  шотта  жүргізіледі. Жер салығын есептегенде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеліп, 3160  шот кредиттеледі. Салықты төлеу 1-шілдеден кешіктірілмей жергілікті бдюджетке төленгенде 3160  шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.

Көлік құралдарына салынатын  салықты есептеген кезде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі және 3170 «Көлік құралдарына салық» шоты кредиттеледі.

Мүлікке салынатын салық  есебі 3180 шотта жүргізіледі. Есептелген мүлік салығына 7210 «Әкімшілік шығындар»  шоты  дебеттеледі де, 3180 – «Мүлік салығы» шоты кредиттеледі.Салықтар бойынша міндеттемелер шоттарының кредиттік айналымдары №5 журнал – ордерде бейнеленеді.

Ұйымдар салықтық төлемдерден  басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша да есеп айырысулар жүргізеді. Олардың есебі үшін 3200 бөлім шоттары  арналған:

3210 - «Әлеуметтік салық  бойынша міндеттемелер»;

3220 – «Зейнетақы қоры  бойынша міндеттемелер»;

3230 – «Басқадай міндетті  төлемдер бойынша міндеттемелер»;

3240 – «Басқадай ерікті  төлемдер бойынша міндеттемелер».

Бұл шоттардың кредиті  бойынша қарыздардың қалдығы  және оның өсуі, ал дебеті бойынша –  оның азаюы көрсетіледі.

Әлеуметтік сақтандыруға аударымдар 3210 - «Әлеуметтік салық  бойынша міндеттемелер» шотының  кредиті және ұйымның шығын шоттарының (7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410) дебеті бойынша  бейнеленеді. Міндетті зейнетақы жарналарын ұстау  3350 «Еңбек ақы бойынша қысқа  мерзімді қарыз» шотының дебеті және 3220 «Зейнетақы қоры бойынша міндеттемелер» шотының кредитімен көрсетіледі. Басқа  міндетті бөлулер (жинақтар, баж салығы, төлемдер)  3230 «Басқадай міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер» тобы сәйкес шоттарының кредиті және 1310, 1330, 1350, 2410 шоттарының дебеті бойынша  есепке алынады. Ерікті төлемдер есебі  үшін  3240 – «Басқадай ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» шоты пайдаланылады.  Мұнда  мүліктерді сақтандыру және негізгі және көмекші өндірістер жұмысшыларын сақтандыру төлемдері  есептелінеді. Көрсетілген сомаларға 3240 шот кредиттеледі және 8410 «Үстеме  шығындар» шоты дебеттеледі.

 

 

2.3 Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың аудиті

 

Еңбекке ақы төлеу өндіріс  циклінің бір бөлігі болып табылады және кәсіпорын ресурстарының маңызды  бөлігін құрайды. Сол үшін еңбек  ресурстары мен еңбекақы қорының  тиімділігін тексеріп тұру кәсіпорын  үшін өте маңызды.

Қызметкерлермен есептесуді тексеру үшін қажет ақпарат көздері  ретінде штаттық кесте, жарғы, бұйрықтар, жарғылықтар, келісім-шарттар, азаматтық  құқықтық сипаттағы келісімдер, жеке қамсыздандыру бойынша келісім–шарттар, ссуданы беру бойынша, тауарды несиеге  сату, жұмыс уақытын қолдану, есептеу табелі, наряд, жолдама қағаздары, уақытша еңбекке жарамсыздық қағаздары, атқару қағаздары, есептеу және төлеу карточкалары, авнстық есеп берулер және соған қосыла берілетін алдыңғы құжаттар, мүлікті инвенторлар, мүлік актілері құжаттарын пайдалануға болады.Тексеруден соң аудитор тексеру бағдарламасын дайындауды  соған сәйкес қызметкерлермен есептесудің әртүрлері бойынша операцияларды, бөлшек тексеруді іске асырады./2,375/

Негізінде еңбекақыны есептеуде  жүргізілген алғашқы құжаттар, құжаттардың  нормативті талаптарына сәйкес дұрыс  толтырылуына үлкен мән беріледі. 

Аудитор 3350 «Еңбекақы бойынша  қызметкерлермен есеп айырысу» шотын  тексере отырып, қызметкерлерге тиісті демалыс ақысын және көп жылғы  сіңірген еңбекақысының бекітілген тәртіп бойынша құрылған қор есебінен төленетін еңбекақысы сомасының, әлеуметтік сақтандыруға және зейнет ақысымен қамтамасыз етуге жіберілген қаржы есебінен шығарылған жәрдемақы сомасының, кәсіпорын  табысы сомасының, ал дебет бойынша  еңбекақының, сыйлық ақшаның, уақытша  еңбекке жарамсызға арналған жәрдемақының төленген сомаларының, сонымен қатар  кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне  еңбекақысы жөніндегі қарызын сальдо шоты көрсететін орындаушы құжаттар бойынша есептелген салықтар мен  төлемдердің сомасының, еңбекақысы сомаларының қамтып көрсетілетінін білуге тиіс./2,376/

Информация о работе Міндеттемелермен есеп айырысулардың аудиті