Негізгі өндіріс есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:38, курсовая работа

Описание

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

курсовая негізгі өндіріс.doc

— 249.00 Кб (Скачать документ)


                                      Кіріспе

                 Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады. 
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді. 
             Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, 
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
       Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары; өндіріс шығындары аудиті, талдауы;

       Курстық жұмыстың мақсаты:негзінде өндіріс шығындарының есебін талдау, және аудитін жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Өндіріс шығындар есебі

 

1.1.           Өндіріс шығындарының түрлері мен классификациясы

 

Өндіріс шығындарын басқару мен оның есебін бақылау мақсатындағы жұмыстар бірнеше бағытта жүргізіледі.

              1. Шығынның пайда болған жерінде: жауапты орталықтарда   және өндіріс түріне қарай.

           Шығындардың құрамын бағылау мақсатында, олардың қай жерде, өндіріске  қанша мөлшерде жұмсалғанын біліп қана қоймай, олардың не үшін, қай бағытта жұмсалғанын, яғни олардың технологиялық үрдіске қатысы бар ма, жоқ па оны да біліп отыру қажет. Осы аталған сипаттарына орай шығындар өндіріс түрлеріне қарай топтастырылады.

              Негізгі өндіріс – ол жерде өнім өндіруге қатысты және оны сатуға байланысты үрдістер мен жұмыстар  орындалып, қызметтер көрсетіледі.

              Көмекші өндіріс -  ол жерде негізгі өндіріске тікелей қатысы жоқ, өндірілетін өндірістік өнімдерді өз өнімдерімен, жұмыстарымен, қызметтерімен қамтамасыз ететін жұмыс түрлері жатады. Мысалы, таза ауа айдайтын станцияны, өндірісті жылумен, тоқпен, бумен, сумен қамтамасыз ететін жылу орталықтарын соларға жатқызуға болады. Басқа көмекші өндірістер негізгі өндірісті құралдармен, жабдықтарды жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етіп, жүк тасымалдау қызметтерін ж.т.б. қызмет түрлерін көрсетеді.

              2. Экономикалық элементтер бойынша ( элементтер, шығын  баптары) шығындар элементтік және  кешендік болып бөлінеді. Элементтік шығындарға бір тектес шығындар түрі жатады ( еңбеккерлердің еңбек ақысы, жұмсалған материалды құндылықтардың құны, негізгі құралдар мен материалды емес активтерге есептелген амортизация). Осылай жіктеу арқылы құндылықтарды дайындау үрдісін жоспарлауға, штаттық кестені сараптауға, тарифтік ставкалар мен жалақы көлемін реттеуге болады ж.т.б.

              Кешендік шығындар элементтік шығындардың бірнеше тобынан құралады (жалпы өндірістік шығындар, жалпы шаруашылық шығындары, алдағы кезеңдегі шығындар ж.т.б.). Олардың жұмсалу көлемі сметалар мен нормативтер бойынша бақыланады.

              3. Өнімнің, жұмысты, қызметтің өзіндік құнына қосылу түріне орай, шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.

              Тікелей шығындар- өнімнің жекеленген бір түріне жатқызылатын шығындар (материалдар, еңбеккерлердің еңбек ақысы ж.т.б.).

              Жанама шығындар бір мезетте бірнеше өнімдерге, жұмыспен қызмет түрлеріне бөлінетін шығындар (жарық беру, жылыту, машиналар мен жабдықтардың жұмысы және басқалары). Бұл шығындар жекеленген өнім түрлеріне есеп саясатында көрсетілген тәртіппен жалпы шығындарды пропорционалды түрде бөлу арқылы тартылады.

              Шығындардың есебін осылай жүргізу, өнімнің өзіндік құнына өнім түрлері мен құрамдас бөліктері бойынша сараптау жүргізуге мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құнының құрамындағы тікелей шығындар, әдетте, элементтерге бөлініп, ал жанама шығындар кешенді баптарды құрайды.

              4. Технологиялық үрдіске қатысты өндіріс шығындары негізгі жіне қосымша болып бөлінеді (өндіріске қызмет көрсету, ұйымды басқару). Қосымша шығындар есебіне үлгілік баптар бойынша цехтарды басқару шығындары (жалпы шаруашылық шығындар) кіреді.

              5.   Техникалық- экономикалық факторларға қатысты және негізінен өнім көлеміне қатысты, ол шығындарды шартты- айнымалы және шартты –тұрақты деп қарастыруға болады.

              Шартты айнымалы шығындар шартты бір көлемдегі өнімге сай нормаланады. Шартты айнымалы шығындар мөлшері өнім көлемінің өсуіне, немесе азаюына қарай пропорционалды түрде өзгеріп тұрады, мысалы,соған сәйкес,олардың қатарына өндірістегі еңбеккерлердің еңбек  ақысын және негізгі материалдарды және т.б. жатқызуға болады.

              Шартты- тұрақты шығындарға құрылымдар немесе ұйым бойынша толықтай шектеулі түрде жұмсалатын шығындар жатады. Және олар өнім өндірудің өндірістік бағдарламасына тікелей қатысты емес (мысалы, ғимаратқа жарық, жылу беру немесе әкімшілік басқару аппаратының шығындары).

              6. Өнімді өндіру және өткізу, жұмыстарды атқарып, қызмет көрсетуге байланысты шығындарды жоспарлау мақсатында олар калькуляция баптары бойынша топтастырылады, соның нәтижесінде өнімнің өндірістік және тұтастай өзіндік құны және өнімнің сату бағасы есептеліп шығарылады.

              Калькуляция баптары бойынша шығындар құрамы элементтік шығындар құрамынан көбірек болады, себебі ол өндірістің құрылымын, қажеттіліктерін толық қамтып, дайындаған өнімнің бағасын анықтауға және өндіріске экономикалық сараптау жасауға мүмкіндік береді.

              Өзіндік құнды дұрыс есептеп шығару үшін, шығындарды ағымдағы ( ағымдағы айға қатысты) және бір мезеттік (кейінгі бірнеше айға қатысты) деп бөлудің маңызы зор.

              Аталған классификация бойынша , шығындарды шаруашылық үрдістеріне, өндіріске, өнім түрлеріне қарай біліп отыру үшін бухгалтерлік есеп счеттарының жүйесі құралған. Әрбір ұйым өзінің қаржылық-шаруашылық   ерекшеліктеріне қарай есеп жүргізу үшін, қажетті счеттар топтамасын таңдап алуға тиіс.

              Одан әрі , шығындардың классификациясына байланысты, бухгалтерлік есептегі шоттардың жұмыс жоспарына орай, ұйымның есеп саясатына сай шығындарды есептеудің негізңі элементтерін бекіту қажет. Осыған байланысты, өнімнің өзіндік құнын анықтау үшің қолдагылатын, өндірістің түрін, қызмет түрлерін, калькуляция түрлерін бухгалтерлік счеттардың мәліметтер бойынша қалыптастыратын негізгі счеттар анықталады.

 

                                     1.2   Өндіріс шығындарының есебі

 

              Өндіріс үрдісі және өндірістегі шығындардың әр түрлі болуы, шоттардың үлгілік жоспарындағы мына шоттар тобын пайдалануды талап етеді: 8100 « Негізгі өндіріс», 8200 « Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар»,  8300 «Көмекші өндірістер», 8400 «Жүкқұжат шығындары».

              Өндірістік шығындарды элементтерімен және калькуляция баптары бойынша есебін жүргізуді қамтамасыз ету үшін, негізгі өндірістің барлық шығындарын дайындалған өнімнің түрлеріне қарай  8100 « Негізгі өндіріс» шотында топтастырылады. Шот пайдалану мақсаты бойынша калькуляциялық болғанымен, экономикалық мазмұны бойынша шаруашылық жағдайын сипаттай алады.

              8300 «Көмекші өндірістер» шотында ұйымның құрылымдары қолданатын көмекші өндірістер өнімдері мен қызметтерінің өзіндік құнын анықтайды. Осыған байланысты көмекші өндірістер өнімдері мен қызметтерінің өзіндік құны өндірісті басқаруға кететін шығындардың да құрамына қосылады.

 

 

Өндірістік шығындар классификациясының жалпы сүлбесі

 

Технологиялық

процеске қатысты

Экономикалық элементтер бойынша

Өзіндік құнға қосу  тәсілі бойынша

Калькуляциялау статьялары бойынша

1. Негізгі айнымалылар-

Материалдар Еңбеккерлер еңбек ақысы

Еңбеккерлер еңбек ақысының  қосымшалары Игеру шығындары Кепілдік жөндеу резерві

Жарамсыздық шығындары ж.т.б.

2. Қосымша – шартты тұрақтылар

Жалпыөндірістік шығындар

Жалпышаруашылық

шығындары

1.Элементтіктер-

Материалдар

Еңбеккерлер еңбек ақысы

Еңбеккерлер еңбек ақысының  қосымшалары

Негізгі қорлар мен материалды емес активтердің амортизациясы

Басқа да шығындар

2.Кешенді-

Алдағы кезендегі шығындар

Алдағы  кезендегі шығындар мен тқлемдердің резервтері

Жалпыөндірістік шығындар

Жалпышаруа-

шылық

шығындары

Жарамсыздық шығындары

 

 

1.Тікелей-

Материалдар Еңбеккерлер еңбек ақысы

Еңбеккерлер еңбек ақысының  қосымшалары Игеру шығындары Кепілдік жөндеу резерві

 

2. Жанама-

Жалпыөндірістік шығындар

Жалпышаруашылық

Шығындары

1.Материалдар

2.Сатып алынатын жартылай фабрикаттар

3.Қайтарылатын қалдықтар

4.тасымалдау,

Дайындау шығындары

5. Еңбеккерлер еңбек ақысы

6. Еңбеккерлер еңбек ақысының  қосымшалары

 

7. Игеру шығындары

8. Кепілдік жөндеу резерві

9.Жарамсыздық шығындары

10.Жалпыөндірістік шығындар

 

11.Жалпышаруа-

шылық

шығындары

12.Коммерциялық шығындар

Барлығы- толық өндірістік құн

 

 

                            Шоттарды корреспонденциялаудың мысалы

 

Рет

№ №

Операциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

8110 «Негізгі өндіріс» шоты бойынша:

 

 

1.1

Аяқталмаған өндіріс шығындарын есепті кезеңнің басына көшіру

8110

1340

1.2

Негізгі өндірістің цехтарына әрі қарай

өндеу үшін жіберілген жартылай фабрикаттардың нақты өзіндік құнын есептен шығару

8110

8210

1.3

Қайта жөнделмейтін жарамсыз өнімдердің өзіндік құнын есептен шығару

8410

8110

1.4

Қалдықтарды қайта пайдалануға болатын бағасымен кіріске алу

1350

8110

1.5

Аяқталмаған өндірістің қалдығын есепті кезеңнің соңында есептен шығару

1340

8110

2

8210 «Жеке өндірістегі» жартылай фабрикаттар шоты

 

 

2.1

Аяқталмаған өндірістегі жартылай фабрикаттардың құнын ай басына көшіру

8210

1340

2.2

Нақты өндірістік құны бойынша сатылған жартылай фабрикаттар

7010

8210

2.3

Өздері өндірген жартылай фабрикаттардың қалдығын есепті кезеңнің соңында аяқталмаған өндіріске аудару

1340

8210

3

8310 «Көмекші өндіріс» шоты

 

 

3.1

Аяқталмаған өндіріс шығындарын есепті кезеңнің басына көшіру

8310

1340

3.2

Көмекші өндірістегі өндірістік қызметкерлердің еңбекақыға жұмсаған шығындары

8310

3350

 

3.3

Жөнделмейтін жарамсыз өнімдердің өзіндік құнын есептен шығару

8410

8310

3.4

Дайын өнімді кіріске алу

1320

8310

3.5

Негізгі өндірістің материалдары есебінде қолданылатын көмекші өндірістің дайын өнімдерін кіріске алу

1310

8310

4

8410 «Жүкқұжат шығындары» шоты

 

 

4.1

Негізгі және көмекші өндірістің қызметін қамтамасыз ететін өндірістік

персоналдың еңбекақы шығындары

8410

3350

4.2

Негізгі өндіріске қатысты үстеме шығындарды есептен шығару

8110

8410

4.3

Сол сияқты, көмекші өндіріске

8310

8410

4.4

Негізгі және көмекші өндіріске байланысты іссапарлары шығынын есептен шығару

8410

1251

4.5

Негізгі және көмекші өндірістің қызметін қамтамасыз ететін өндірістік

персоналдың еңбекақы шығындарына есептелген әлеуметтәк салдық

8410

3150

Информация о работе Негізгі өндіріс есебі