Негізгі өндіріс есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:38, курсовая работа

Описание

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

курсовая негізгі өндіріс.doc

— 249.00 Кб (Скачать документ)

Оң ауытқулардың нәтижесінде - еңбек өнімділігі артып, детальдарды өндеу, оларды құрастыруға аз уақыт шығындалып, шикізат қалдықсыз толық түрде пайдаланылып, шығындарды үнемдеуге қол жеткізіледі.

Теріс ауытқулардың нәтижесінде - қосымша шикізат пен нормадан тыс матералдар пайдаланылып, қалдықтар көлемі өсіп, кұралдардың дұрыс жүмыс істемеуі нәтижесінде, еңбек ақы көлемі осіп, норматив бойынша қаралмаған технологиялық операцияларды жүргізуге мәжбүр болады.

Нормативтік калькуляцияға сәйкес, егер ағымдағы айда нормативтен ауытқу туралы құжат жасалған болса, бухгалтерия есепті кезеңдегі нақты шығындарды есептеп шығарады. Нақты өзіндік кұнның есебі төмендегі формула бойынша есептеледі:

Сф = Сн +- Он +- Ин,

мүнда: Сф - нақты өзіндік қүн;

Сн - нормативтік өзіндік құн;

Он - нормадан ауытқу (үнемдеу немесе артық шығын);

Ин - норманың өзгеруі (көбею немесе азаю).

Мысал. Өнімнің нормативтік өзіндік құны - 3000 теңге, ай сайын шығарылатын өнім - 500 дана, ай ішіндегі шығын: артық шығын сомасы 30000 теңге, үнемделген сома - 22500 теңге; ай басындағы аяқталмаған өндіріс -100 дана, 1 дананың нормативтік езіндік құны 3050 теңге.

Барлық өнімнің және бір дана өнімнің нақты езіндік құнын анықтау қажет. Темендегі мәлімететр берілген:

              1.Нормативтік өзіндік құн - 1500000 теңге (3000 теңге * 500).

              2.Нормадан ауытқу: үнемдеу- 22500 теңге, артық шығын + 30000 теңге.

              3.Норманың өзгерісі + 5000 теңге, себебі бурынғы норма бойынша аяқталмаган өндірістің құны - 305000 теңге, (3050 теңге * 100), жаңа норма бойынша- 300 000 теңге (3000 теңге * 100).

              4.Натижесінде шығарылган өнімнің нақты өзіндік құны: 1512500 теңге (1500000 + 30000 - 22500 + 50001

Бір дана өнімнің нақты өзіндік құнын еселтеп шығару үшін, нормадан ауытқу индексі есептеліп шығарылады.

Индекс (%) =              нормадан ауытқу сомасы              * 100

Шығарылған өнімнің нормативтік өзіндік құны

Үнемдеу индексі - (-) 1,5% (22500 теңге * 100/1500 000 теңге)

Артық шығын индексі- (+) 2% (30000 теңге * 100/1500 000 теңге)

Өзгеру индексі - (+) 0,33% (5000 теңге * 100/1500000 теңге)

Бір дана енімнің нақты өзіндік құны

3025 теңге (3000 теңге + (2% 3000 теңгеден) - (1,5% 3000 теңгеден) + (0,33% 3000 теңгеден) = 3000 теңге + 60 теңге - 45 теңге + 10 теңге).

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, өндіріс шығындарын есептеудің нормативтік тәсілінің басты элементтері томендегілер болып табылады:

-   өнімдер бойынша норманың өзгеруіне орай ай басында нормативтік калькуляция жасау;

-   норма және нормадан ауытқу бойынша есептерді жеке жүргізу;

-   норманың өзгерісін есептеу, есепті калькуляция жасау.

Нормативтік тәсіл өндірістік шығындардың көлеміне алдын ала бақылау жасауды қамтамасыз етіп және басқару есебінің талаптарына толық жауап береді. Нормативтік тәсіл, материалдардың, еңбек ресурстарының, қосымша шығындардың стандарттарға сай жұмсалуын қамтамасыз ететін, шетелдерде қолданылатын «стандарт-кост» жүйесіне сәйкес келеді. Ол тәсіл бойынша нақты шығындардың сомасы стандарттық шығындар көлемімен са- лыстырылады, солардың негізінде өндірістік үрдістерді басқару үйымдастырылып, өнімнің нақты өзіндік құнының қалыптасуы бақылауға алынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Өндіріс шығындары аудиті, талдауы

 

2.1. Өндіріс шығындары аудиті

 

Өндіріс үдерісі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгісі, яғни өндіріске кеткен шығындардын есебі мен аудиті - бухгалтерлік және аудиторлык тексерудін жауапты бөлігі. Оны тексеру киын жэне күрделі.

Шығындарды калькуляциялау келесі кезецдерді тексеруді талап етеді:

- коймалық жерге қол жеткізуді шектейтін физикалык қорғау;

- тауарлық-материалдык қорлар қозғалысыныц есебі үшін алдын ала номерленген құжаттарды колдану;

- тауарлық-материалдық қорлардың ағымдағы шотынын бас картотекасын тәуелсіз тұлғалардың жүргізүі;

-  құнның барабар есебін енгізу.

Шығындарды калькуляциялау жүйесін аудиторлык тексеру кезінде аудитор келесі төрт аспектіге көңіл бөлуі тиіс:

-тыйым салынған қойманы сақтауға жауапты тұлғамен бірге физикалық бақылау-тексеру;

-тауарлық-материалдық құндылықтарды берудегі құжаттар мен есептер;

-тауарлық-материалдық құндылыктардың ағымдағы есебі:

-өнім данасының өзіндік құнының есебі.

Өндіріс кезеңінің бухгалтерлік есепшоттарының өзара байланысы мен жүйесі

Өндіріске материалдарды шығару, еңбекақы төлеу бойынша шығыстар, еңбекақыдан әлеуметтік салыққа шегерімдер, үстемс шығыстар өзгермелі шығындар түрінде негізгі өндіріс шотына жатқызылды және шығындардың қалған болігі тұракты шығындар түріндегі шығыстар шотында жүргізіледі. Есепті кезеннің соңында негізгі өндіріс шоттары (дебет 8110) дайын өнімнің өзіндік құнына жатқызылып (дебет 1320), кезең шығыстары (дебет 7210. 7110) 5610 корытынды пайда (қорытынды залал) шотымен жабылады.

Бұл озара байланыстың эрбір кезеңі кэсіпорынның есеп саясатындағы қабылданған ережемен тексеріліп отырады.

Шыгындар туралы мәліметтердің функционалдық аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жұмсалғанын білу жеткіліксіз. Өндірілген өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура бойынша материалдардың шығысы туралы акпарат кажет. Бұл максатқа шығындарды шығыстардың калькуляцпялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалдық аудиті кызмет етеді. Функционалдық аудит деп елеулі талдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық-материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады. ТМҚ-ны түгендеу мен оның қорытындысын талдау, заттарды сатып алу, өнімді өндіру мен өткізу циклдері функционалдық аудит кезінде жеке-дара болып табылады. Түгендеуді өткізу үшін құрамы кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітілетін түгендеу жұмыс комиссиясы құрылады. Түгендеу басталмас бұрын қойма меңгерушісінен бухгалтерияға материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысына арналған барлық құжаттар тапсырылғаны туралы қолхат алынады. Бір материалдарға жауапты адамның корларды әр түрлі окшауланған бөлмелерде сақтағандығы сақталу орындары бойынша дәйектілікпен түгенделеді. Қорлардың бар- жоғы тексерілген соң бөлмеге кіру пломбыланады жэне комиссия басқа бөлмеге жұмыс істеу үшін көшеді. Қоймадағы материалдық құндылыктардың накты бар болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қайта таразылау және өлшеу жолымен тексереді. Тауарлық-материалдык корларды түгендеу нәтижелерін түгендеу тізімдемесіне жеке әрбір атау бойынша кіргізеді. Тізімдеме бір дана болып жасалады. Есепте ескерілмеген материалдық кұндылықтар айқындалғанда комиссия оларды тізімдемеге кіргізуге тиіс. Түгендеу біткен сон тізімдеме са- лыстырмалы ведомость жасалу үшін бухгалтерияға беріледі. Түгендеу қорытындылары шешім шығаратын түгендеу комиссиясы мәжілісінде каралады.

Кәсіпорын корларының сақталуын камтамасыз ету мәселелеріне карағанда, өндіріс және қоймалардағы ескерілмеген шикізат пен материалдардың артық шығуы негізінде, сондай-ак бұрын пайда болған жасыру, оның ішінде тауарсыз құжаттар бойынша шикізаттар мен материалдарды кіріске алумен байланысты туындаған кем шығуларды жасыру, оларды заттай алу, олардан ескерілмеген өнімді өндіру мақсатымен жасалатынын назарда ұстау керек. Шикізаттар мен материалдардың артық шыгуы кэсіпорында бұл құндылықтардың әр түрлі сатыдағы қозғалысында: қабылдағанда, сақталғанда, коймадан цехқа беруде, ондіріске есептен шығаруда және т.б. пайда болуы мүмкін.

Ескерілмеген шикізат пен материалдардың артығын жасау мен иелену тәсілдерінің келтірілген тізбесі коптеген өндіріс кәсіпорындарында аудит өткізу іс-тәжірибесінде жиі кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.           Өндіріс шығындары талдауы

 

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.

Шығындар — бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

•    өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;

•    өндірісті ұлғайтуға және жақартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жақа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;

•    өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

 

Сьшыптау белгілері

Сыныптау  белгілері

Шығындардың бөлшектенуі

1

Экономикалық элементгер               

Шығындардың экономикалық элементтері

2

Өзіндік құнның статьялары

Өзіндік құнның

калькуляция статьялары

3

Технологиялықпроцестерге қатыстылығы

Негізгі, қосымша

4.

Құрамы

Бірэлементтік, кешенділік

5.

Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі

Тікелей, жанама

6.

Өндірістік процестегі ролі

Өндірістік, өндірістен тыс

7.

Мақсатқа сәйкес жұмсау

Өндірістік, өндірістік емес

8.

Жоспарға қатысумүмкіншілігі

Жоспарлы, жоспарсыз

9.

Өігімнің көлеміне қатысы

Тұрақты, ауыспалы

10

Шығу мерзімділігі

Күнделікті, бір жолғы

11.

Дайын өнімге қатысы

Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары

 

 

ХҚЕС бойынша анықтамаларға келетін болсақ:

              Шығыс ретінде тану:

34. тармаққа сәйкес:

              Босалқыларды сатқаннан кейін осы босалқылардың қаржылық жағдай туралы есептік құны тиісті түсім танылған кезеңдегі шығыс ретінде танылуы тиіс. Босалқылардың құнын өткізудің ықтимал таза құнына дейін ішінара есептен шығарудың шамасы және босалқылардың барлық ысырабы есептен шығару жүзеге асырылған немесе ысыраптың пайда болуы кезеңіндегі шығыс ретінде танылуы тиіс. Өткізудің ықтимал таза құнының ұлғаюынан пайда болған босалқылардың есептен шығарылған құнын қалпына келтірудің кез келген сомасы құнды қалпына келтіру кезеңіндегі шығыс ретінде танылған босалқылар шамасының азаюы ретінде танылуы тиіс.

35.               Кейбір босалқылар басқа активтердің шотына жатқызылуы мүмкін, мысалы, өздігінен жүргізілген негізгі құралдардың компоненті ретінде пайдаланылған босалқы. Мұндай жолмен бөлінген босалқылар осы активті пайдалану мерзімі ішіндегі шығыс ретінде танылады.

36.              Қаржы есептілігі міндетті түрде мыналарды:

-              өзіндік құнын есептеудің пайдалану тәсіліне қоса босалқыларды бағалау үшін бейімделген есеп саясатын;

-   осы ұйым қабылдаған босалқылардың жалпы қаржылық жағдай туралы есептік құнын және саралау баптары бойынша қаржылық жағдай туралы есептік құнын;

-    өткізудің ықтимал таза құны бойынша ескерілген босалқылардың қаржылық жағдай туралы есептік құнын;

-               кезең ішінде шығыстар ретінде танылған босалқылардың тиісті сомасын;

-              34-тармаққа сәйкес кезең ішінде шығыс ретінде танылған босалқылар құнының кез келген арзандау сомасын;

-              34-тармаққа сәйкес есепті кезеңде шығыс ретінде танылған босалқылар сомасының төмендеуі ретінде танылатын  баға кемітуге қатысты реверсивті жазылудың кез келген сомасын;

-              34-тармаққа сәйкес шығынға есептелген босалқылардың қалпына келуіне әкелген жағдайларды және оқиғаларды; және

-              міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде салынған босалқылардың қаржылық жағдай туралы есептік құнын ашу керек.

37.        Әртүрлі жіктелген босалқылардың қаржылық жағдай туралы есептік құны және осы активтердің өзгеру дәрежесі  туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушылар үшін маңызды болып келеді. Босалқылардың қалыптағы жіктелуі тауарлар, шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс және дайын өнім болады. Қызмет көрсету аясындағы ұйымның босалқылары деп аяқталмаған өндірісті атауға болады.

Информация о работе Негізгі өндіріс есебі