Негізгі өндіріс есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:38, курсовая работа

Описание

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

курсовая негізгі өндіріс.doc

— 249.00 Кб (Скачать документ)

 

 

Өндірістік шоттардың жүйесі шығындарды топтастырып және олардың есебін төмендегі ретпен жүргізуге мүмкіндік береді:

              - ай ішінде жұмсалған шығындардың элементтері өндірістік шоттардың дебитіне де көрсетіледі;

              -   алдағы кезеңдердің шығыстары есептен шығарылып және осы айдың келешек шығындары резервтеледі;

              -  шығындар есептен шығарылып немесе көмекші өндірістің жұмыстары арасында  бөлінеді;

              -     негізгі цехтардың шығындары қосылып және таратылады;

              -      жарамсыз өнімдерге кеткен шығындар анықталып, өнімнің өзіндік құнына қосылады;

              -     аяқталмаған негізгі өндіріс пен шығарылған өнімнің өзіндік құны анықталады;       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.           Өндіріс шығындарының талдамалы есебін ұйымдастыру

 

              Ұйымның қызметі негізінен үш шаруашылық үрдісінен құралады: дайындау, өндіру және өнімді өткізу. Ұйымдар технологиялық процестерге, құрылымдарына, құрылымдары арасындағы қарым қатынастарға қарай бір біріне ұқсамауы мүмкін. Өндіріске кеткен шығындарды анықтауға кеткен ақпараттарды анықтауда, олардың мазмұнын, көлемін, түрін және формасын анықтауды, басқару мақсаттарына сай әрбір мекеменің өздеріне қалыптастыруға  рұқсат етілген.  Өнімнің, жұмыстың, қызметтің түрлеріне қарай, талдамалы есепті дұрыс ұйымдастырып және уақытында жүргізіп отырудың маңызы зор.

              Талдамалы есептің көрсеткіштері ішкі қаржылық есепті жасаған кезде қолданылады, соның нәтижесінде өнім түрлері, көлемі, өлшем бірліктері, құрылымдар, дайындалған өнімнің шығындарының баптары туралы толық ақпарат алуға болады.

              Талдамалы есеп өндіріске жұмсалған шығындардың барлық шоттардағы есебі бойынша көрсеткіштерін жіктеу үшін қолданылады. Талдамалы есептің деңгейі ұйымды басқару мен бақылауға қажетті көрсеткішдерді айқындаумен анықталады. Мысалы, 8100 «Негізгі өндіріс»

шотындағы мәліметтер менеджерлерді нақты ақпараттармен қамтамасыз ету үшін, әрбір тапсырыс, орындалған жұмыс, өндірілген өнім, олардың қай жерде орындалып, қандай шығындар түрі кеткені жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп беруге мүмкіндік береді. Талдамалы есеп сонымен қатар, аяқталмаған өндіріс жайлы ай басындағы және ай соңындағы ақпараттар топтамасымен қамтамасыз етіп, олардың ішінде есепті айдағы жарамсыз өнімге кеткен шығындардың сомасы, үнемделген материалдардың сомасы және  өндірілген өнімнің орындалған жұмыс пен атқарылатын қызметтің өзіндік құны туралы ақпараттармен қамтамасыз етуге тиіс.

              8200 «Көмекші өндірістер» шотында өндіріс түрлері бойынша талдамалы шот ашылады, алолардың ішінде – 8100 шотындағы сияқты жұмыс түрлері, калькуляция баптарына сай талдамалы шоттар ашылады.

              Ескере кеткен жағдай, көмекші өндірістердің қызметтері негізінен ұйымның өз ішінде пайдаланып, сыртқы мекемелерге аз мөлшерде ғана қызмет көрсетеді.

              Шаруашылық операциялары бухгалтерлік есептің регистрлерінде тіркеліп, олар туралы ақпараттар сол жерде жинақталып және топтастырылады. Регистрлерді тағайындау мен оларды жүргізу тәртібі ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы бойынша анықталған. Қабылданған бастапқы құжаттардағы ақпараттар бухгалтерлік регистрлерде жинақталады және реттеледі, олардың формасы немесе оларға байланысты талаптарды уәкәлетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бекітеді.

              Бухгалтерлік есеп регистрлеріндегі мәліметтер топталған күйінде қаржылық есептілікке көшіріледі. Бастапақы құжаттар мен бухгалтерлік есеп регистрлері электрондық ақпарат түрінде жасалатын болса, ұйым олардың көшірмелерің жеткілікті түрде қоса жасап, операцияға қатысушы басқа тұлғаларға, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, ондай ақпараттарды талап ете алатын мемлекеттік органдарға тапсыруға тиісті.

              ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес «Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады, оларға қол жеткізуге басшылықтың немесе дара кәсіпкердің рұқсаты бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ғана рұқсат етіледі».

              Аталған құжаттармен танысуға құқығы бар тұрғалар, ақпарат йесінің рұқсатынсыз, ол ақпараттарды жариялауға, жеке басы үшін пайдалануға құқылы емес. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттарды заңсыз түрде жария еткен тұлғалар, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.

              Әр түрлі  регистрлердің жиынтығы, оларға жазу тәртібі мен бір бірімен байланысты, бухгалтерлік есептің формасын құрайды. Қазіргі кезеңде, негізінен жорналды- ордерлік және бухгалтерлік есептің автоматтандырылған формасы қолданылады.

              Жорналды-ордерлік форма есебін қолданған кезде аналитикалық есеп регистрлерін ұйымдастырудың мысалын көрсетейік.

              Осындай формадағы регистрлер басқа түрдегі есеп жүйелерін қолдану кезінде де пайдаланылады, себебі регистрлердің осындай құрылымы басқару есебінде қолданылатын мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

              Аналитикалық есеп талаптарына жауап бере алатын регистр ретінде өндіріс есебінің карточкасын атауға болады.

 

Өндіріс есебінің карточкасы

 

№ р/р

      Ұйым

Жыл

Ай

Өнімнің

аты

Кальку-

ляциялық

бірлік

Шығарылған

мөлшері

«Ремонт» ЖШС

2008

Наурыз

Компрес-

сор

Дана

20

Кальку-

ляция

баптары

НЗП ай басында

  Есепті кезеңдегі шығындар

Есептен шығарылған шығындар

НЗП ай соңында

 

Жарамсыз өнімге

Шығарылған өнімге

 

 

              Өндіріске кеткен шығындарды кқрсететін бастапқы құжаттар жұмсалған материалдарды және тасымалдау, дайындау шығындарын, қайтарымды қалдықтарды, есептелген еңбек ақыны ж.т.б. тарату үшін қолданылытынарнайы таблицаны жасау үшін қолдануға негіз болады.

              Аталған таблицада есептелген мәліметтер, өндіріс есебінің карточкасына түсіріледі.

              Цехтық басқару құрылымына байланысты карточкадағы калькуляция баптары цехтар бойынша бөлінеді, мысалы цех № 01, 02, 03 ж.т.б.

              Өндірістік шоттардың талдамалы құрылымы, бақылауға сай келетін бағалауға жататын баптар  бойынша шығындарды топтастыруға мүмкіндік береді:

              Жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығындары;

              Цехтарды басқару шығыны;

              Ғимарттарды,құрылғыларды ұстау шығындары;

              Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік шығындары;

              Пайдасыз шығындар;

              және т.б.

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4.           Өндіріс шығындарын есептеу тәсілдері және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы

 

              Өндіріс шығындарын есептеу тәсілдері төмендегідей болып бөлінеді:

-              Технологиялық үрдіске қатысты : тапсырысқа сай, өңдеуге сай;

-              Калькуляция жасау обьектісі бойынша : деталь, жабдықтық, өнім, бір тектес өнімдер тобы, үрдіс, өңдеу, өндіріс, тапсырыс;

-              Шығындарды бақылауды қамтамасыз ететін ақпаратты жинауға байланысты: нормативтік тәсіл(алдын ала бақылау) және шығындардың ағымдағы есебі(соңынан бақылау арқылы).

              Тапсырысқа сай есеп жүргізу тәсілі детальдарды, жабдықтарды және өнімдерді толықтай механикаландырылған түрде жинау кезіңде; цехтар арасындағы тығыз өарым өатынас орнатылған кезде; дайын өнімді тек қана технологиялық тізбегі соңғы цех шығаратын кезде қолданылады. Өңдірістік шығындар әуелі цехтар бойынша жинақталып, содан кейін ұйым бойынша толықтай топтастырылады. Одан соң ұйым оның барлық цехтары бойынша шығындар қоса есептеліп, өнімнің жеке өзіндік құны есептеліп шығарылады.

              Тапсырысқа сай тәсіл қолданылғанкезде,есеп және калькуляция жеке өңдірістік тапсырыс бойынша, алдан ала жасалатын өнім көлеміне шақталып жүргізіледі. Өңдірістік шығындардың аналитикалық есебі тапсырыс бойынша бекітілген калькуляция баптары бойынша топтастырылады.

              Тапсырыс беруші (төлеуші) және өнім өңдірушінің (жеткізуші) арасында жасалған келісім шарт, жұмысты орындауға басты құжат болып табылады. Келісім шартта (тапсырыста) келісім шарт обьектісі, оның сапалық сипаттары, көлемі (мөлшері), жеткізу уақыты, келісімді бағасы, ерекше шарттары (шикізат бағасының өзгеруіне сай шығындар, еңбек ақыны индекстеу), есептесу формасы, жеткізу шарттары ж.т.б. көрсетіліп, анықталады.

              Ұйымдар тапсырысқа сай есеп жүргізіп, калькуляция жасау тәсілін, жеке өндірістер мен ұсақ мөлшерлері өндірістерде қолданады.

              Жеке өңдірістер мен ұсақ мөлшерлері өндірістерде өнімнің жекелеген түрлерін дайындау үшін арнаулы тапсырыс беріледі.  Яғни тапсырысқа сай тәсілді қолданған кезде, есеп жүргізу мен калькуляция жасаудың обьектісі арнаулы тапсырыс болып табылады, ол тапсырысқа айрықша нөмір бекітіледі. Ұйымның өз ішінде осындай жұмыстар атқарылып, бір цехтың екінші бір құрылымдар үшін арнаулы тапсырыспен жұмыс істеуі мүмкін. Ондай тапсырыстар жекелеген түрде және бір жылдық болуы мүмкін. Кейбір ірі өндіріс орындарында, әртүрлі қажетті өнімдер мен детальдарды шығару үшін бір жылдық тапсырыс бойынша жұмыс атқара алады.

              Тапсырыс дайындалуға тиісті өнімнің аты, саны, цехы, дайындау мерзімі көрсетіледі. Тапсырыстар әр цех бойынша жекеленген арнаулы бланктер бойынша толтырылып, тапсырысты оындайтын цехтарға және ұйымның бухгалтериясына жіберіледі. Тапсырысқа арнаулы нөмір беріліп, өндірістің тікелей шығындарына жіберіліп, ол нөмір барлық құжаттарда көрсетіліп отырады (лимиттік алым карталарында, талап ету құжаттарында, көлік құжаттарында және жұмысты орындауға байланысты басқа құжаттарда). Тапсырыс бойынша шығындар топтастырылып, материалдарды, еңбек ақыны бөлетін арнаулы таблицаларда көрсетіліп, өндіріс есебінің карточкаларына түсіріледі. Бір дана өнімнің өзіндік құны барлық жасалған шығындардың сомасын тапсырыс бойынша дайындалған өнімнің санына бөлу арқылы анықтайды. Алынған соманы жоспардағы көрсеткішпен салыстырк арқылы өнім өндіру барысында шығындардың үнемделген немесе артық жұмсалғаны анықталады.

 

 

Өндіріс шығындарының есебін тапсырысқа сай жүргізу тәсілі және                                                                                           өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы

Информация о работе Негізгі өндіріс есебі