Негізгі өндіріс есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:38, курсовая работа

Описание

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

курсовая негізгі өндіріс.doc

— 249.00 Кб (Скачать документ)

38.        Көбінесе сатудың өзіндік құны деп аталатын, кезең ішінде шығыстар ретінде танылған босалқылар сомасы бұрын дәл осы кезде сатылған босалқыларды бағалауға енгізілген шығындардан және өндірістік үстеме шығыстардың бөлінбеген бөлігінен және босалқыларды өндірудің өзіндік құнының нормадан тыс шамасынан тұрады.

39.               Кейбір ұйымдар пайда және шығындар туралы есептерінде жыл бойы шығыс ретінде танылатын босалқылардың өзіндік құнының орнына басқа шамалардың ашылуына әкеліп соқтыратын форматты пайдаланады. Бұл форматқа сәйкес шығыстар сипатына негізделген жіктемені пайдалана отырып, ұйым шығыстардың талдауын ұсынады. Осы жағдайда ұйым кезең ішінде босалқылардың таза өзгеру шамасымен бірге шикізат және шығыс материалдары үшін, жалақы және басқа да шығындарды, шығыстар ретінде танылатын шығындарды ашып көрсетеді.

Күшіне ену күші бойынша:

40     A. 9 (IFRS) ХҚЕС, 2009 жылдың қарашасында шығарылып, 2(b) тармағына өзгерту        енгізді. Ұйым бұл өзгерісті  . 9 (IFRS) ХҚЕС-қа қатысты қолдануы тиіс.

41.               Осы Стандарт 2 Босалқылар (IAS) Халықаралық қаржы есептілігі стандартының орнына пайдаланылады.

42.              Осы Стандарт (SIC) 1 Бірізділік - босалқылар үшін өзіндік құнының әртүрлі формулалары Түсіндірменің орнына пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Қорытынды

 

            Сонымен,  кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері,  жұмыстары  нарық  жағдайлары  мен  өндірістік шығындар  арқылы анықталады.  Кәсіпорын  табысы  өндірісіне  шығындар  тәуелді  болады.  Нарықтағы  өнім  бағасы  сұраным  мен ұсыным  өзара  байланысының  нәтижесі  болып  табылады.  Өнім  өндірісіне  шығындар- ол  тұтынылатын  еңбектік немесе  материалдық ресурстар  көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің  ұйымдастырылуына  және  басқа  факторларға  байланысты  өсуі  немесе төмендеуі  мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды  азайтудың  көптеген  көздерін  қарастырады, ол  оны   өзінің  тиімді  басқару  қабілетімен  жүзеге асыра  алады.

            Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

            Өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

            Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді. 

            Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады. Кәсіпорын өнімді  толық  өзіндік  құнмен  сатады,  өткізеді.  Неғұрлым  өзіндік  құн  төмен  болса,   соғұрлым   өндіріс   тиімділігі   жоғары   болады.

            Кәсіпорынның  өндіріетін  әрбір  өнімнің  толық  өзіндік  құнын  біле  отырып, сатып алушыға  осы  өнімнің  өткізілу  бағасын  немесе  құнын  анықтауға  болады. Өзіндік   құнды    азайтудың    ерекше    мәні   бар,  ол   пайданы   молайтудың   басты   көзі.

              Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құн  болып  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

 

 

 

 

 

 

Пайданылған әдебиеттер:

 

1.Нұрсейітов.Е.О. «Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2009 жыл   238-259бет

2.Шарипов А.Қ . «Аудит» Алматы 2009 жыл    94-97бет

3.Проскурина В.П. «Бухгалтерлік есеп» Алматы 2010 жыл 315-322

4. Баймуханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп. Алматы, «Қазақ    университеті» 2002. 179-182 б.б

5. Баймуханова С.Б Қаржылық есеп. Алматы, «Экономика баспасы» ЖШС 2007ж. 138-142 б.б

6. ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2008.10.12

7.Абленов Д.О «Аудит негіздері» Алматы 2005 жыл 135бет

8.Ержанов М..С., Даулетбеков Г. Б. «Аудит -1» оқулық Алматы: Бастау 2005 282 бет

9.Ажибаева З.Н. «Аудит» оқулық Алматы 2005жыл 527 бет

10.Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп» оқулық Алматы 2005жыл 310 бет

11.Қазақстан аудиттің халықаралық стандарттары.- Алматы: Раритет, 2004 жыл 310 бет

12.Халықаралық қаржылық есептік стандарттары- Алматы 2007  жыл

13.Ержанов М.С. Ержанова А.М. «Бухгалтерлік есеп негіздері» Алматы 2003 жыл 185 бет

 

4

 



Информация о работе Негізгі өндіріс есебі