Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:38, курсовая работа
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Өндірістегі өңдеу шығындарының есебін жүргізу тәсілі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы өндірістін шикізатты өңдеумен айналысатын салалары бойынша жүргізіледі. Ол кезде өнделетін шикізат бірнеше рет өндеулеуден өтуі мүмкін. Әрбір өңдеу кезеңі бойынша, ен соңғысынан басқасы, ол кезде ұйым өзі дайындаған жартылай фабркаттарды шығарған болып саналады. Жартылай фабрикаттар өнім өндіру кезінде пайдаланылып қана қоймай, басқа мекемелерге де жартылай фабрикат есебінде сатылуы ықтимал.
Өңдеу шығындарының есебін жүргізу арқылы қолданылатын тәсіл, металлургиялық, текстиль, ағаш өндеу өнекәсіп салаларына тән.
Өндірістегі өндеу шығвндарының есебін жүргізу тәсілі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Өнім дайындаудың шығындары бір тектес өнімдер бойынша, калькуляция баптары мен өнделуіне қарай есепке алынады. Мысалы, қара металлургия саласында өндеу өнімдеріне құрыш балқыту (домна цехы), болат балқыту (болат балұыту цехы) болып табылады, металлопрокат (прокат цехы) – соңғы өнім болып табылады.
Кейбір ұйымдарда тікелей шығындар әрбір өндеу түрі бойнша жеке көрсетіліп, ал негізгі шикізаттың өзіндік құны бірінші өндеу жүргізілген кезде есепке алынады. Соңғы өнімнің өзіндік құнына барлық өндеу шығындарының сомасы қосылады (аралық өндеу жасалған кездегі өнімнің құнына калькуляция жасалмайды).
Жартылай фабрикаттардың цехтар арасындағы, және олардың өз ішіндегі қозғалысын бухгалтерия натуралды түрде есепке алады. Шығындарды есептеуде өндеу тәсілінің осы нұсқасы мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды жартылай фабрикаттық де атайды.
Мысал. Ұйым шикізатты үш рет өндеуден өткізеді. Жоба бойынша және нақты түрде 100 дана өнім дайындалған. Бекітілген норма бойынша бірінші цехқа 75000 теңгенің материалдары жіберілген,материалды өндеу шығыны 40 000 теңге болған. Екінші рет өндеуден өткізген кезде 35 000 теңге, үшінші жолы – 50 000 теңге жұмсалған. Өзіндік құн:
I өңдеу – 115 000 теңге / 100 дана = 1150 теңге;
II өңдеу – 35 000 теңге / 100 дана = 350 теңге;
III өңдеу – 50 000 теңге / 100 дана = 500 теңге;
Жиынтығы 2000 теңге.
Бір дана өнімнің нақты өзіндік құны 2 000 теңгеге тең.
(200 000 теңгеге / 100 дана).
Өнім өндіру кезінде жартылай фабрикаттық тәсіл қолданылады. Соңғы өнімнің ғана емес, сонымен қатар әрбір өндеу жүргізілгеннен кейін де әрқайсысы бойынша өзіндік ұһқұнының жеке сомасы есептеледі. Ол жағдайда екі түрлі есеп жүргізу жолдарын қолдануға болады: 8200 «Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар» счеттарының тобын пайдалану – бірінші жолы; екінщісі – ол счетты пайдаланбау жолы.
Бірінші жағдайда әрбір өңделген жартылай фабрикатты, соңғы өңдеуден басқасын, цехтар қоймаға өткізеді және келесі өңдеуге олар қоймадан босатылады. Екінші жолды қолданған кезде 8200 счеттар тобын қолдану қарастырылмаған. Бір өңдеу шығындары екінші өндеуге жіберілген кезде, негізгі өндірістің екінші цехының кредитіне сол секілді аналитикалық көрсеткіштер бойынша жіберіледі.
Жартылай фабрикаттық есеп тәсілін қолданатын ұйымдарда, дайын өнімнің өзіндік құны жартылай фабрикаттарды алдыңғы өндеу шығындарының есебінен құралады. Бір сөзбен айтқанда, жартылай фабрикаттардың өзіндік құнының құрамындағы шығындар сомасы есептелген кезде алынып тасталуға тиіс.
Тәсілдің бір артықшылығы, өнім өңдеудің әр цех бойынша өңделген сәттегі өзіндік құнын анықтауға болады, нақты өзіндік құнның жоспарлы көрсеткіштен немесе нормативтен ауытқу себебі, қай жерде оған жол берілгенін анықтауға болады. Әрбір өңделген жартылай фабрикаттарды сыртқы мекемелерге сатушы ұйым, шығындарды есептеудің жартылай фабрикаттық нұскасын пайдаланады, қалғандары - шығындарды есептеудің жартылай фабрикатсыз нұсқасын қолданады.
Технологиялық үрдіс пен калькуляңия жасау объектілерін әр ұйым технологиялық кұжаттарға және сметаға байланысты анықтайды. Есепті ұйымдастыру кезінде өнім өндіруге кеткен шығындар туралы ақпараттарды жинау тәсіліне басты назар аударылады. Өнім өндіруге жұмсалатын еңбек ресурстарын азайту, жұмыс сағаттарын мейлінше кеміту, заманауилық техника мен технологияны пайдалану, нормалау тәсілдерін жетілдіру, еңбек- ті ғылыми түрде ұйымдастырудың прогрессивтік формаларын пайдалану ж.т.б. өндірістік шығындарды есептеудің нормативтік тәсілін енгізуге ықпал етеді.
Өндіріс шығындарының есебін және өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың нормативтік тәсілі. Шығындарды нормативтік түрде есептеу тәсілі материалдарды, еңбек және қаржы ресурстарын ұқыпты пайдаланып, олардың өндірістегі резервтерін айқындауға ықпал етеді. Нормативтік тәсіл бір бірлік онім, жұмыс, қызмет түрі үшін жұмаслатын материалдық және қаржылық ресурстар мен еңбек мөлшерін техникалық тұрғыдан есептеп шығаруға негізделген. Өндірістік шығындардың нормасы - өндірісті басқарудағы басты фактор болып табылады. Нормалар өндірістің техникалық және ұйымдастыру деңгейінің дамуын көрсетіп, ұйым қызметінің соңғы нәтижесіне әсерін тигізеді. Нормалар пайдалану уақьггына сай, ағымдағы және жоспарлы норма болып екіге бөлінеді.
Жұмыстың маусымдық жоспарын жасау, материалдарды жұмыс орнына жіберу, еңбеккерге атқарған жұмысына сай ақы төлеу, сол уақыттағы ағымдағы немесе күшін жоймаған нормалар бойынша атқарылады, ай сайын детальдар, өнімдер, жабдықтар бойынша нормативтік калькуляңия жасалады.
Бекітілген нормативтер мен нақты жұмсалған шығынды салыстыру арқылы ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне сараптау жасалып, ішкі өндірістік резервтер анықталып, келесі есепті кезең үшін жаңадан нормативтер жасалады. Соған сәй кес, бір бірлік өнімі бойынша бекітілген ағымдагы нормативтерге өзгертулер енгізуге тура келеді. Ондай нормалардың өзгеруіне, өндіріске жаңадан енгізілген технология, рационализаторлық ұсыныстарды қолдану, конструкцияның, детальдар мен жабдықтардың сапасын жақсартып, ұйымдастыру-техникалық іс шараларын іске асыру, сонымен қатар еңбек өнімділігін арттырып, қым- бат бағалы материалдарды арзан түрлерімен алмастыру немесе қажетті материалдар табылмаған кезде, оларды қымбат бағалы материалдармен айырбастау әсерін тигізеді.
Ондай өзгерістер арнаулы құжаттарда (норманы өзгерту туралы хабарлама) цехтарды, шығын баптарын, технологиялық операциялардың нөмірлерін, детальдарды, жабдықтарды, өнімнің түрлерін, өзгеру себептері мен өзгерістің пайыздық болмаса қаржылай мөлшерін көрсете отырып ескертіледі. Әдетте нормалар жаңа есепті кезең басталған кезде өзгертіледі, сондықтан ай басында бұрынғы аяқталмай қалған өндіріс көрсеткіштері, тиісті шығын баптары бойынша міндетті турде қайта есепке алынады.
Нормаларды уақытында өзгертіп, дұрыс қолдану арқылы, ұйым еңбек өнімділігін арттыру, жаңа техника мен технологияны енгізу, ұйымдастыру-техникалық іс шаралардың орындалуын бақылауды іске асыра алады.
Норманың өзгерісі туралы хабарламаны жасайтындар:
- технологиялық бөлім - шикізат пен материалдар шығыны бойынша;
- жоспарлау бөлімі - шикізат пен материалдар бағасының өзгеруі туралы;
-еңбек және еңбек ақы бөлімі - уақыт шығыны, расценкалар мен өнімділіктің өзгерісі туралы;
-конструкторлық бөлім - қолданылатын жартылай фабрикат- тар, детальдар мен жаблықтардың өзгерісі туралы;
-бас энергетика қызметі - жылу мен энергия қуатын жұмсау нормаларының өзгерісі туралы.
Нормалардың өзгерістері хабарлама келіп түскен сәттен бастап технологиялық және техникалық құжаттарға енгізіледі, ал нормативтік калькуляция, хабарламаны алғаннан кейінгі басталатын айдың басынан бастап өзгертіледі. Өзгеру себептері негізгі техникалық-әкономикалық факторлар тобы бойынша өнімнің өзіндік құнын азайту жайлы берілген төмендегі тапсырмаға сәйкес болуға тиіс:
-өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
-ендіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту;
-табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту;
-өндірісті дамыту.
Нормативтік калькуляция жасау үшін арнаулы бөлім немесе қызмет түрі ұйымдастырылады, онда барлық қүрылымдардан норма мен нормативтер келіп түскеннен кейін, ақпараттардың нормативтік базасы жасалып, нормативтік калькуляция есептеледі, соған сәйкес талдау жасалып, нормаларға тиісті өзгертулер енгізіледі.
Нормативтік калькуляциялар детальдар, жабдықтар және өнімдер бойынша жасалады, оларды өнімнің нақты өзіндік құнын есептегенде, аяқталмаған өндірісті және жарамсыз өнімнің өзіндік құнын бағалаған уақытта қолданады.
Детальдар мен жабдықтар үшін нормативтік калькуляция тікелей шығындар бойынша жасалады (материалдар, еңбек ақы), ал өнімге толықтай - өндірістік өзіндік кұнның барлық баптары бойынша есептеулер жүргізіледі.
1.Конструкторлық бөлім-детальға қажетті жинақтау сыз- баларын, детальдардың бір бірін алмастыратын картасын жасайды. Детальдар мен жабдықтардың ерекшеліктерін көрсетіп береді.
2.Технологиялық (техникалық) бөлім-детальдардың жүріп өтетін жолын көрсетеді; құралдардың түрін; кесу режимін; инструмент пен бақылап-өлшеу приборларын жасайды; шикізаттарды, материалдардың және жабдықтау өнімдерінің жұмсалу нормаларын анықтайды; жұмыс разрядтарын бекітеді; технологиялық карталар мен пішу карталарын (лимиттерді) дайындайды. Бөлімнің құрамында металлопрокат шығындары- ның нормасын анықтайтын материалдық нормативтер бюросы кұрылады. Әртүрлі материалдар мен жартылай фабрикаттардың қажеттілігін, өнімдер бойынша шығындардың нормасын бекітіп, нормативтен ауытку себептерін, оған себеп болған кінәлі тұлғаларды анықтайды.
3.Еңбек және еңбек ақы бөлімі- уақыты мен жүмыс разрядына сай операңиялық-нормативтік карталарды, нормативтік жұмыскерлер саны мен штаттық кестені жасап, еңбек ақы төлеу тәртібін белгілейді. Оның қарамағында еңбек нормативтерінің бюросы құрылады. Детальдар және өнім бойынша нормативтік еңбек ақы көлемін және олардың нормадан ауытқу себептерін анықтайды.
4.Маркетинг бөлімі- ол қажетті тауарлы-материалдық құндылықтармен керекті көлемде және үздіксіз түрде қамтамасыз етіп тұрады. Лимиттік-алым карталарын жазып береді. Қоймалардың қалыпты түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, оларды қажетті өлшеу құралдарымен жабдықтайды. Материалдардың номенклатурасын, бағаларын анықтайды.
5.Техникалық бақылау болімі-жарамсыз өнімдердің клас- сификаторын жасайды, детальдарды, жабдықтарды және өнімдерді тексеріп отыратын тексеру нүктелерінің орнын белгілейді. Келіп түскен шикізаттардың, материалдар мен жартылай фабрикаттардың сапасын анықтап, жарамсыз өнім шығару себептерін сараптап, оған кінәлілерді іздеп табады.
6.Жоспарлау-экономикалық бөлімі- өнімдердің калькуляция- сын жоспарлайды, материалдардың номенклатурасы мен бағасын анықтайды (бухгалтерия және маркетинг болімімімен бірге), жанама шығындардың пайыздық мөлшерін есептеп шығарады. Оның кұрамында нормативтердің құрамдас бюросы құрылады.
Бекітілген барлық калькуляция баптары бойынша нормативтерді есептейді. Нормадан ауытқыған сомалардың себебін анықтап, талдау жүргізеді; ұйымның басқа да бөлімдерімен бірге келесі есепті айдың нормативтік калькуляциясын жасайды.
7.Бас механика және инструменталдар болімі- жылу және энергияның барлық түрлері бойынша жұмсау нормаларын бекітеді; олардың нормадан ауытқу себептерін анықтайды.
8.Дайындаушлы-цехтар-олардың бәрі техникалық құжат- тармен, шикізат түрлерімен, тауарлы-материалдық құндылықтармен, инструменттермен, жабдықтармен, еңбек ақымен және жанама шығындармен бекітілген нормаларға сай қамтамасыз етіледі. Өндіріс шығындары мен есептелген еңбек ақы жайлы құжаттарды ұйымның бухгалтериясына тапсырады, материалдық есеп жасайды.
9.Бухгалтерия- бастапқы құжаттарды негізге ала отырып, нор- маға сәйкес өндірістік шығындардың есебін жүргізеді, олардың нормадан ауытқыған мөлшерін анықтайды. Нормадан ауытқудың индекстерін есептеп, өнімдер бойынша калькуляциялық есептер жасайды. Материалдардың номенклатурасы мен бағасын анықтауға қатысып, нормативтік калькуляция жасайды, сонымен қатар өзіндік құнға сараптау жүргізеді.
Өндірістік шығындарды есептеудің нормативтік тәсілі бойынша, жоспарлы, нормативті және есепті калькуляция көрсеткіштері қолданылады.
Өндіріс бойынша бекітілген нормалардың қолданылуын бақылау, бухгалтерлік есеп бойынша, бекітілген құжаттардың уақытында жасалуы арқылы, олардың нормадан ауытқуын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Шығындардың есебін нормативтік тәсіл бойынша жүргізу ерекшеліктерінің бірі, ағымдағы және алдағы болатын шығындарды анықтау мүмкіндігімен байланысты. Мысалы, бір құжаттар бойынша материалдар, шикізаттар, жанармай босатылып, бекітілген нормаға сәйкес еңбек ақы есептеледі (лимиттік-алым карталары, тасымалдау құжаттары, нарядтар; онда материалдардың, еңбек уақыты мен еңбек ақының нормативтік лимиті көрсетіледі). Басқа құжат бойынша - қоймадан босатылған материалдар мен шикізаттар, егер нормадан артық есептелген еңбек ақы колемі болса, сол көрсетіледі. Операциялар орындалмай тұрып, бұл құжаттарға өндіріс үрдісі мен оған кететін шығынды бақылайтын тұлғалар қол қоюға тиіс (құрылым бастығы, бас инженер). Технологияны сақтай отырып, шикізаттың, материалдардың, еңбек шығындарының нормадан ауыткуын анықтайды.