Негізгі өндіріс шығындарының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 17:44, курсовая работа

Описание

Мен өз курстық жұмысымда өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу туралы қарастырдым. Курстық жұмыстың мақсаты - өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу тәсілдерін зертеп, толығырақ мәлімет беру. Курстық жұмыстың міндеті – қаржылық есеп пәні бойынша біліктілігімді арттыру, дайын өнім есебін толық анықтау.
Бұл курстық жұмыс 2 бөлімнен құралған. Оның бірінші бөлімінде дайын өнім туралы түсінік, дайын өнімді өндіруге кететін шығындар түрлері, өнімнің өзіндік құнын есептеу туралы мәлімет беріледі. Екінші бөлімінде дайын өнімнің есебі, дайын өнімді өндіруге кететін тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі туралы жазылған.
Дайын өнім дегеніміз - кәсіпорында жасалып шыққан (өңдеудің барлық сатыларынан өткен) және өндірістік немесе жеке бастың тұтынуы үшін жарамды өнімдер; өнеркәсіпте — бұдан әрі өңдеуге немесе құрастыруға жатпайтын және сыртқа (басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) босатуға арналған өнімдер; құрылыста - іске қосылған негізгі қорлар; ауыл шаруашылығында - егіншіліктің өсіріліп, жиналған өнімдері, өсірілген түлік, т. б. Өнеркәсіптегі дайын өнім өндірістік тұтынуға да жататын (машина, жабдық, басқа да еңбек құралдары), бейөндірістік тұтынуға да жататын (халық тұтынатын заттар) түпкілікті өнімдерге, сондай-ақ басқа кәсіпорындарда өңделуге тиіс және халық шаруашылығы тұрғысынан дүмбілзаттар болып табылатын өнімдерге (мыс., қақтама, мақта) бөлінеді

Содержание

I. Кіріспе................................................................................................................1
II. Негізгі бөлім
1. Шығындардың жіктелуі және тәртібі.........................................................3
2. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі...............9
3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі................11
2. Дайын өнімнің есебі...........................................................................................13
2.1 Дайын өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі....................................................................14
2.2 Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау......................................................................................................16
Ақау, ысырап және тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі.....................................................................................................................21
Басқарушылық шешімді және бақылау негіздеу шығындары туралы ақпарат................................................................................................................25
Шығынды бюджеттеу,бақылау..................................................................26
Қорытынды..........................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................30

Работа состоит из  1 файл

жана курс работа.docx

— 85.44 Кб (Скачать документ)

 

Көлем, бірлікте

Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығын

Бірлікке шаққандағы жалпы өзгермелі  шығындар, теңгемен

100

10

1000

200

10

2000

300

10

3000

400

10

4000


 

Тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес (жылу, өндіріс ғимаратын жарықтандыру, амортизация, жал, жарнама шығыны және т.б.).

Егер  көлем 10%-ке артса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығын өзгеріссіз қалады, бірақ бір бірлікке ұдайы кеміп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрақты шығынның жалпы сомасы, теңгемен


300

 

200

 

100

 

                                                                                

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Өндіріс көлемі, бірлікте

2-сурет. Тұрақты шығынның жалпы сомасы мен өндіріс көлемінің арақатынасы

 

2-ші суреттен  көріп отырғанымыздай, өндіріс көлемі  өзгерсе де тұрақты шығын өзгеріссіз  қалған. Егер өндіріс көлемі 10%-ке кемісе, онда жалпы тұрақты шығын өзгеріссіз қалады. Егер өндіріс көлемі бір бірлікке тең болса, онда тұрақты шығын 300 теңгеге тең болады, бірақ тұрақты шығын өндіріс көлемінің артуы кезінде бір бірлікке ұдайы кеміп отырады. Осыған орай өнімнің өзіндік құны кемиді.

 

Көлем, бірлікте

Бірлікке кететін тұрақты шығын, теңгемен

Бірлікке кететін жалпы тұрақты  шығын, теңгемен

1

300

300

2

150

300

5

60

300

15

20

300

20

15

300

25

12

300

30

10

300


 

Ағымдағы – жиі қайталанатын кезеңдік шығын (шикізат, материалдар шығыны).

Бір жолғы – демалыс төлемі, жөндеу жүргізу және т.б. Ол сметаның бекітуімен белгіленген тәртіпте және мерзімде өнімнің өзіндік құнына бөлек қосылады.

Өндірістік – тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік құнын қалыптастыруға кететін барлық шығын жатады (тауарлық өнім өз материалымен де, техникалық бақылаумен қабылданып, қоймаға өткізілген тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бұйымдардың құны; тараптарға босатылған өз өндірісінің жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құны, сондай-ақ субъектінің негізгі қаражатын толтыруға бағытталған өнім).

Әкімшілік – жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалпы шаруашылық, әкімшілік тағайындаудағы шығындар.

Коммерциялық (өндірістен тыс) – өнімді сатып алушыға өткізумен байланысты шығын.

Өндірушілік (жоспарланған) – ұтымды технология мен өндірісті ұйымдастыру арқылы өнімді белгіленген сапада өндіруге кететін шығын.

Өндірушілік емес (жоспарланбаған) – технологияның жетіспеушілігінен және өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауынан болатын салдар, яғни шығын (жұмыссыз бос тұрып қалудың шығыны, ақау, мерзімнен тыс еңбекақы).

Реттелетін – атқарушы шығын деңгейін реттейтін немесе оған елеулі ықпал ете алады (өнім өндіруде пайдаланылатын шикізат шығыны, оны цех бақылаушысы реттейді).

Реттелмейтін – қызметкер оның деңгейіне елеулі ықпал ете алмайтын шығын (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша шығынға ықпалын жүргізе алмайды).

Жалпы – өндірілетін өнімнің барлық көлеміне кететін шығынды білдіреді.

Орташа – есепте бір өнім бірлігіне кететін шығын.

Өнімге - өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығын (тікелей шығын).

Кезеңге – кезең шығындары: жалпы және әкімшілік шығындары, тауарды сату шығындары, сыйақы бойынша шығындар (жанама шығындар).

Калькуляциялау  туралы жеткілікті ақпарат алу, өндірілген өнімді бағалау, экономикалық шешімдерді қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу мына шығын жіктеулерінің көмегімен  болады:

1. Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындарды топтастыру:

  • негізгі – өндірістен технологиялық процесімен тікелей байланысты;
  • үстеме – өндірісті ұйымдастыруда пайда болады;
  • тікелей – өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей қосылады;
  • жанама – жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына тікелей емес, жанама (шартты) бөлінеді;
  • кірістік (болашақта табыс әкелетін ресурстарға ие болу және оның қолда бар болуы);
  • біткен (шығынға кеткен материалдар).
  1. Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды топтастыру:
  • өзгермелі – оның көлемі өндіріс көлеміне қарай үйлесімді өзгереді;
  • тұрақты – өнім өндіру көлемінің өзгеруіне тәуелді емес;
  • қайтарылмайтын – өткен кезеңнің шығыны мен табысы;
  • міндеттік – ресурстар шектеулі болған жағдайда пайда болады және оны болашақта пайдалану мүмкіндігін сипаттайды;
  • айыптық (өсетін) – қандай да бір өнім партиясын дайындауда қосымша пайда болады (өнім өндірісін жеделдету үшін сыйлықақы үшін төлеу);
  • маржиналдық (шектеулі) – қосымша шығындар, бірақ есепте өнім бірлігіне келеді;
  • релеванттық – тапсырыстардың сақталуы мен орындалуына байланысты.
  1. Шығындарды басқару мақсатына бақылау және реттеу процесін жүзеге асыру үшін шығындарды топтастыру:
  • реттелетін;
  • реттелмейтін;
  • тиімді (өндірмелі);
  • тиімсіз (өндірілмейтін);
  • бақыланатын;
  • бақыланбайтын.

 

 

    1.  «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі

 

Жүйенің мәні: тікелей (өзгермелі) шығындар дайын өнім түрлері бойынша қорытындылайды, ал жанама (тұрақты) шығындар жеке шоттарда жинайды және ол қай есептік кезеңде пайда болды, сол есептік кезеңдегі жалпы қаржылық нәтижеге есептен шығарады.

«Директ-костинг» жүйесі бойынша өзіндік құнды  калькуляциялау кез келген өндіріс  көлеміндегі тұрақты шығындардың  өзгермейтін шамасын қарастырады, сондықтан басқарушылық есептің  негізгі назары тұрақты шығындарға бөлінеді.

«Директ-костинг» жүйесін айрықшалап көрсететін бірнеше  ерекшеліктері бар:

  1. Өдірістік шығындарды өзгермеліге және тұрақтыға бөледі.
  2. Шектеулі шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялайды.
  3. Есеп беруді жасау көп сатылы болады.

Есеп  процесі екі кезеңде болады:

Өзіндік құнның 1-ші есеп айырысуы:

  • сатудан түскен табыс      - ХХХ
  • өзгермелі шығын             - ХХХ
  • маржиналданған табыс   - ХХХ

Нәтижедегі 2-ші есеп айырысу:

  • тұрақты шығын - Х;
  • өндірістің пайдалылығы  - Х.

«Директ-костинг» жүйесінің артықшылығы – баға белгілеудің тиімді саясатын жүргізуге, сондай-ақ шығын мен нәтижелерді есептеу, жоспарлау, нормалау, бақылау процесін оңайлатуға болады.

Бұл жүйе өндірісті өткізуге бағдарланған. Өткізу мөлшері неғұрлым мол болса, субъект  соғұрлым табыс табады. Дайын өнімдер  мен аяқталған өндірістер тек  өзгермелі (тікелей) шығындар бойынша  бағаланады. Мұндай жүйе кәсіпорынды  соңғы мақсатқа – таза табыс алуға  қол жеткізуге үшін сату мүмкіндіктерін ұлғайту жолдарын қарастыруға итермелейді.

 

 

Нормативті әдіс  Өнім өндіруге кететін материалды айдың басында цех шығын етпеген қалған материалды қоса ескеретін өндіріс көлемі мен әрекеттегі озық мөлшер негізінде белгіленген лимит шегінде қатаң тәртіппен беріледі.

Ауытқу  есебі (+ -) жабдықтың, шикізаттың, материалдың  технологиялық ерекшеліктеріне, оларды нормалауға және өндірістің технологиялық  процесіне қарай ұйымдастырылады.

Нормадан  ауытқуға мыналар себепші болады: материалдың ауыстырылуы, оларды пайдалану  сапасы (пішу сапасы), толыққанды немесе толық құнды материалды қалдықтармен бірге пайдалану және т.б.

Материал  шығыны бойынша нормадан ауытқу мына әдістермен анықталады:

  • құжаттау әдісі – материалды ауыстыру салдарынан болатын ауытқуларды анықтауда қолданылады. Даналық материалдардың нормадан тыс шығыны арнайы құжаттармен ресімделеді;
  • топтамалық пішу әдісі - өндіріске босатылған аса қымбат материалдардың (тері, тоқыма және т.б.) әрбір партиясы нормадан ауытқуды анықтауда қолданылады. Ауытқуды нормативті шығынымен партия бойынша өнім шығарылымын және материалдардың нақты шығынын салыстыру арқылы анықтайды.
  • түгендеу әдісі – осы әдіспен ауысым, бес күндік, он күндік, бір айлық үшін ауытқуды материалдардың нақты шығынын белгілеген норма бойынша шығындарды салыстыру арқылы анықтайды.

Бухгалтерия кезең сайын ауытқулар туралы, оның себептері мен оған кінәлілерге сілтеме жасай отырып рапорт дайындап отыруы керек.

Ауытқуларды анықтау тауарлық өнімнің өзіндік  құнына және аяқталмаған өндіріс  қалдығына қатысты, өндіріске кететін  шығын тізімдемесінде көрсетілген  индекстердің көмегімен оларға бөледі. Индекстер проценттік қатынаспен норманың өзгеру сомасын және калькуляция  баптарының қимасындағы норма бойынша  сомаға нормадан ауытқуды анықтайды.

Өнімнің бір бірлігінің нақты құны шығын  баптары бойынша нормативтегі нормативті калькуляциядан жазылатын өнім бірлігінің өзіндік құнының есеп айырысу  тізімдемесінде есептеледі, ал норманың өзгеру сомасы мен нормадан ауытқу өндіріс есебінің тізімдемесінде көрсетілген  индекстердің негізінде анықталады.

Өнімнің нақты өзіндік құны нормативті өзіндік  құнға үстемелеу жолымен немесе одан есептік кезеңде анықталған нормадан ауытқулар мен норманың өзгеруін шегерумен есептеледі.

 

 

 

 

 

    1.  «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі

 

«Стандарт» - өндіріске аса қажетті машина және еңбек шығынындағы өнім бірліктерінің саны немесе өнім (жұмыс, қызмет) бірлігінің өндірісіне бұрын есептелген машина және еңбек шығыны.

«Кост» - бұл өнімнің бір бірлігін әзірлеуге кететін өндірістік шығынның ақшадай көрінісі.

Америкалық  әдебиеттерде «стандарт-кост» ұғымы өндірістің тікелей бұйымдарын реттеуге бағытталған бақылау аспабы ретінде баяндалады.

«Стандарт-кост» жүйесінің артықшылығы - өндіріс пен бұйымды өткізудің болжалды шығын туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, өнім бірлігінің өзіндік құнын бұрын есептеу негізінде бағаны белгілейді, нормативтен ауытқуларды және оның әрбір басқару деңгейіндегі пайда болу себептерін бөліп көрсету арқылы кіріс пен шығыс туралы есеп беруді жасайды.

Ауытқу – нақты және нормативті (жоспарлы) шығындардың арасындағы айырмашылық. Болжалды шығындар форманың ішінде есептелген стандарттар (нормалар және нормативтер) негізінде анықталады.

Жоспарлау және есеп объектісіне өндірістің заттай негізін құрайтын өнім жатады.

Барлық  стандарттар жиынтығы үш топқа бөлінеді:

  • баға деңгейінің есебіне қабылданғанға байланысты:
    1. идеалды – әлдеқайда қолайлы баға мен материал, қызмет көрсетудің тарифі, еңбекақы мөлшерлемелері және үстеме шығындардың сметалық мөлшерлемелері;
    2. қалыпты – экономикалық кезең ішінде орташа бойынша болады;
    3. ағымдық – нақты есептік кезеңдегі болжалды әрі қолданыстағы баға негізінде есеп айырысу;
    4. базистік – жылдың басында белгіленеді және жыл бойы өзгеріссіз қалады (негізінде баға индексін есептеуде қолданылады);
  • қуаттылықты пайдалану деңгейіне қарай:

Информация о работе Негізгі өндіріс шығындарының есебі