Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 17:44, курсовая работа
Мен өз курстық жұмысымда өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу туралы қарастырдым. Курстық жұмыстың мақсаты - өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу тәсілдерін зертеп, толығырақ мәлімет беру. Курстық жұмыстың міндеті – қаржылық есеп пәні бойынша біліктілігімді арттыру, дайын өнім есебін толық анықтау.
Бұл курстық жұмыс 2 бөлімнен құралған. Оның бірінші бөлімінде дайын өнім туралы түсінік, дайын өнімді өндіруге кететін шығындар түрлері, өнімнің өзіндік құнын есептеу туралы мәлімет беріледі. Екінші бөлімінде дайын өнімнің есебі, дайын өнімді өндіруге кететін тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі туралы жазылған.
Дайын өнім дегеніміз - кәсіпорында жасалып шыққан (өңдеудің барлық сатыларынан өткен) және өндірістік немесе жеке бастың тұтынуы үшін жарамды өнімдер; өнеркәсіпте — бұдан әрі өңдеуге немесе құрастыруға жатпайтын және сыртқа (басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) босатуға арналған өнімдер; құрылыста - іске қосылған негізгі қорлар; ауыл шаруашылығында - егіншіліктің өсіріліп, жиналған өнімдері, өсірілген түлік, т. б. Өнеркәсіптегі дайын өнім өндірістік тұтынуға да жататын (машина, жабдық, басқа да еңбек құралдары), бейөндірістік тұтынуға да жататын (халық тұтынатын заттар) түпкілікті өнімдерге, сондай-ақ басқа кәсіпорындарда өңделуге тиіс және халық шаруашылығы тұрғысынан дүмбілзаттар болып табылатын өнімдерге (мыс., қақтама, мақта) бөлінеді
I. Кіріспе................................................................................................................1
II. Негізгі бөлім
1. Шығындардың жіктелуі және тәртібі.........................................................3
2. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі...............9
3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі................11
2. Дайын өнімнің есебі...........................................................................................13
2.1 Дайын өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі....................................................................14
2.2 Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау......................................................................................................16
Ақау, ысырап және тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі.....................................................................................................................21
Басқарушылық шешімді және бақылау негіздеу шығындары туралы ақпарат................................................................................................................25
Шығынды бюджеттеу,бақылау..................................................................26
Қорытынды..........................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................30
Бұл сипаттамалар
мынаны көрсетеді: америкалық фирмаларда
шығын баптары бойынша
«Стандарт-кост» жүйесі – тікелей шығындарды басқару құралы. Бұл жүйенің бірнеше нұсқаларын пайдаланады:
1-нұсқа. Шығындар 8110 «негізгі өндіріс» шотының дебетіне жиналады және стандартты құн бойынша бағаланады, ал аяқталмаған өндіріс – стандартты құн бойынша бағаланады.
2-ші нұсқа. 8110 «негізгі өндіріс» шот дебетінде қорытындыланған шығындар нақты құн бойынша бағаланады, ал 8110 «негізгі өндіріс» шот кредиті есептен шығарылады. Дайын өнім стандартты құн бойынша бағаланады. Аяқталмаған өндіріс нақты шығынның ана немесе мына жаққа ауытқуы қоса ескерілетін стандарттық құн бойынша бағаланады.
Америкалық фирмалар әдетте стандарттықтан болатын нақты шығын ауытқуының өзіндік құнына жатқызбайды. «Өнімді (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар» шотына есептен шығарады. Бұл жүйеде басқару мақсатында нақты, жоспарлы немесе нормативті шығындарды салыстыру арқылы өндіріс шығынын талдауда ауытқуларды анықтаудың маңыздылығын қандай мәселелерді шешуде пайдаланғанын, олардың не көрсететінін ескеру үшін әрдайым бірнеше елеулі ауытқуларды қарастырады.
2. Дайын өнімнің есебі
Дайын өнім – негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары – міндетті түрде актімен рәсімделеді.
Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.
Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін. Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.
Дайын өнімді
қабылдау-тапсыру накладной
Қабылдау-тапсыру құжаты цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының арнайы бланкілері қолданылуы мүмкін.
Қабылдау-тапсыру
құжаты аспаптық, радиотехникалық
Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «Өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады.
Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады. Бұл жағдайда оған тиісті накладнойлар тіркеледі.
Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен (реестрімен) бірге бухгалтерияға түседі.
Дайын өнімнің
кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды
тапсыру тізімінің деректерін келіп
түсулеріне қарай дайын өнімнің
жинақтау есебінің жинақ ведомосына
есептік топтар бойынша шығарады.
Жинақ ведомосының деректерін дайын
өнім қалдықтарының кітабымен
Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады. Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 1320 «дайын өнім» шотының дебетінде жинақталып, 8110 «негізгі өндіріс», 8310 «қосалқы өндіріс» және 8210 «меншікті өндірістің жартылай фабрикаттар» деген шоттарының кредитінде көрініс табады.
Өндіріске
кететін шығын есебіне 8110 «негізгі
өндіріс», 8310 «қосалқы өндіріс», 8410 «үстеме
шығындар» шоттары
№ р/с |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Сома |
Негізгі өндірістің шығын есебі | ||||
1 |
Негізгі өндіріске материал босатылды |
8110 «материалдар» |
1310 «материалдар» |
52400 |
2 |
Негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептелді |
8112 «Өндіріс жұмысшыларының |
3350 «еңбекақы бойынша |
200000 |
3 |
Өндірістік жұмысшылардың |
8213 «Еңбекақыдан аударымдар» |
3150 «әлеуметтік салық» |
37800 |
4 |
Негізгі өндіріс шығынына үстеме шығындар қосылды |
8114 «үстеме шығындар» |
8410 «үстеме шығындар» |
32700 |
Үстеме шығындар есебі | ||||
5 |
Материалдар бойынша |
8411 «материалдар» |
1310 «материалдар» |
263800 |
6 |
Негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептелді |
8412 «қызметкерлердің еңбекақысы» |
3350 «еңбекақы бойынша |
150000 |
7 |
Өндіріс жұмысшыларына еңбекақы қорынан аударым жүзеге асырылды |
8413 «еңбекақыдан аударымдар» |
3150 «әлеуметтік салық» |
28350 |
8 |
Негізгі құралдың есебінен жөндеу шығыны |
8414 «негізгі құралдарды жөндеу» |
1310 «материалдар», 3350 «еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу», 3150 «әлеуметтік салық» |
76000 |
9 |
Материалдық емес активтердің амортизациясы мен негізгі құралдардың тозуы есептеледі |
8415 «негізгі құралдардың тозуы |
2740 «материалдық емес активтердің амортизациясы», 2420 «негізгі құралдардың амортизациясы», |
12300 |
10 |
Коммуналық қызмет көрсету сомасына |
8416 «Коммуналдық қызметтер» |
«төленуге тиісті шоттар» |
9360 |
11 |
Жалдың (аренда) төлемақысы есептелді |
8417 «жалдың төлемақысы» |
3360 «жалдау бойынша қысқа |
32400 |
12 |
Басқадай үстеме шығындар жүзеге асырылды |
8418 «басқадай үстеме шығындар» |
әр түрлі |
27600 |
13 |
Үстеме шығындардың өзіндік |
8410 «үстеме шығындар» |
8114-8313 «үстеме шығындар» |
599810 |
Қосалқы өндірістің шығын есебі | ||||
14 |
Материалдар босатылды |
8211 «материалдар» |
1310 «материалдар» |
300000 |
15 |
Негізгі өндірістің жұмысшыларына еңбекақы есептелді |
8212 «өндіріс жұмысшыларының |
3350 «еңбекақы бойынша |
100000 |
16 |
Өндіріс жұмысшыларының еңбекақы қорынан аударым жүзеге асырылды |
8213 «еңбекақыдан бөлінетін |
3150 «әлеуметтік салық» |
18900 |
17 |
Үстеме шығындардың сомасына |
8214 «үстеме шығындар» |
8410 «үстеме шығындар» |
272810 |
18 |
Қосалқы өндіріспен орындалған жұмыстың өзіндік құны есептелді |
8310 «қосалқы өндіріс» |
8311-8313 «қосалқы өндіріс» |
691710 |
19 |
Негізгі өндіріс шығындарына қосалқы өндірістің қызметі (қызмет көрсетуі) қосылды |
8110 «негізгі өндіріс» |
8310 «қосалқы өндіріс» |
545855 |
20 |
Тараптарға қосалқы өндіріс |
7010 «сатылған өнімдердің (тауарлар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны» |
8310 «қосалқы өндіріс» |
145855 |
2.2 Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Өнімнің өзіндік құны – бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.
Калькуляциялау – бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер уақытында ашуға мүмкіндік беріп, оны өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланылады.
Калькуляцияда
субъект шығындары ақшалай
Калькуляцияның мына түрлері болуы мүмкін:
Калькуляция
барысында шығын есебінің объектісін
және өнімнің өзіндік құнын
Шығын есебінің объектісі – кәсіпорын өндіріс шығын есебінің талдамалығын ұйымдастырудағы объект. Өнеркәсіптерде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісі бір-біріне дәл келеді. Мысалы, тігін өндірісінде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісіне бұйым (сырт және іш киімдер) жатады.
Калькуляциялау объектісі – кәс
Кешенді өндірістерде біртұтас технологиялық процесте шикізаттың бір түрінен әр түрлі өнім өндіреді және өндірістің жалпы шығыны өз араларына бөліп таратылмайды. Бір өнім бірлігінің өзіндік құны мына әдістердің біреуімен анықталады.
Шығынды шығарып тастау әдісі – мұнда өнім өндірудің бір түрі негізгі, ал қалғаны ілеспе ретінде қарастырылып, жалпы өзіндік құннан жоспарлы өзіндік құн бойынша ілеспе өнімнің өзіндік құнын шығарып тастайды, ал алынған шама негізгі өнімнің өзіндік құны болып табылады.
Құрамдастырылған әдіс – негізгі және ілеспе өнімнің бірнеше түрін өндіретін өндірістік кешенде қолданылады. Шығарып тастау әдісі мен шығындарды бөлу элементтері ұштастырылады. Мұнда алғашқыдағы шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің құнын шығарып тастайды, ал шығынның қалған бөлігі белгіленген коэфиценттерге сәйкес негізгі өнімдерге бөлінеді.
Кезеңдер:
Шығын есебінің
объектілері бойынша
Тапсырыстық әдіс – технологиялық мақсаттарға арналған материалдар шығынын, өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысын және үстеме шығындарды нақты өнім шығарумен немесе қандай да бір қызметті орындаумен оңай ақтап алатын (немесе орнын толтыратын) өндірістерде қолданылады. Бұл әдіс, әдеттегіше, бір типті өндірістік ұйымдағы кәсіпорындарда, құрылыста, қызмет көрсету сласында қолданылады.