Негізгі өндіріс шығындарының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 17:44, курсовая работа

Описание

Мен өз курстық жұмысымда өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу туралы қарастырдым. Курстық жұмыстың мақсаты - өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу тәсілдерін зертеп, толығырақ мәлімет беру. Курстық жұмыстың міндеті – қаржылық есеп пәні бойынша біліктілігімді арттыру, дайын өнім есебін толық анықтау.
Бұл курстық жұмыс 2 бөлімнен құралған. Оның бірінші бөлімінде дайын өнім туралы түсінік, дайын өнімді өндіруге кететін шығындар түрлері, өнімнің өзіндік құнын есептеу туралы мәлімет беріледі. Екінші бөлімінде дайын өнімнің есебі, дайын өнімді өндіруге кететін тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі туралы жазылған.
Дайын өнім дегеніміз - кәсіпорында жасалып шыққан (өңдеудің барлық сатыларынан өткен) және өндірістік немесе жеке бастың тұтынуы үшін жарамды өнімдер; өнеркәсіпте — бұдан әрі өңдеуге немесе құрастыруға жатпайтын және сыртқа (басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) босатуға арналған өнімдер; құрылыста - іске қосылған негізгі қорлар; ауыл шаруашылығында - егіншіліктің өсіріліп, жиналған өнімдері, өсірілген түлік, т. б. Өнеркәсіптегі дайын өнім өндірістік тұтынуға да жататын (машина, жабдық, басқа да еңбек құралдары), бейөндірістік тұтынуға да жататын (халық тұтынатын заттар) түпкілікті өнімдерге, сондай-ақ басқа кәсіпорындарда өңделуге тиіс және халық шаруашылығы тұрғысынан дүмбілзаттар болып табылатын өнімдерге (мыс., қақтама, мақта) бөлінеді

Содержание

I. Кіріспе................................................................................................................1
II. Негізгі бөлім
1. Шығындардың жіктелуі және тәртібі.........................................................3
2. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі...............9
3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі................11
2. Дайын өнімнің есебі...........................................................................................13
2.1 Дайын өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі....................................................................14
2.2 Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау......................................................................................................16
Ақау, ысырап және тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі.....................................................................................................................21
Басқарушылық шешімді және бақылау негіздеу шығындары туралы ақпарат................................................................................................................25
Шығынды бюджеттеу,бақылау..................................................................26
Қорытынды..........................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................30

Работа состоит из  1 файл

жана курс работа.docx

— 85.44 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, әрбір кәсіпорын өзінің өндіріс  процесінің нәтижесінде өнім алады. Өнім жартылай фабрикат, дайын өнім және өнеркәсіптік жұмыс ретінде көрініс табады. Осының ішінде дайын өнім - жалпы экономикалық пайдасы мол өнеркәсіптік өнім құрамының басты элементі болып табылады.

Дайын өнімнің  нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты  түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша  шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік  бағасы үшін) дайын өнімнің өткен  айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген  бағасы пайдаланылуы мүмкін. Есептік  кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен  шығарылып, оның есептік бағасын  нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

Менің бұл тақырыптан түйген белгілерім олар:

«Директ-костинг» жүйесінің артықшылығы – баға белгілеудің тиімді саясатын жүргізуге, сондай-ақ шығын мен нәтижелерді есептеу, жоспарлау, нормалау, бақылау процесін оңайлатуға болады.

«Стандарт-кост» жүйесінің артықшылығы - өндіріс пен бұйымды өткізудің болжалды шығын туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, өнім бірлігінің өзіндік құнын бұрын есептеу негізінде бағаны белгілейді, нормативтен ауытқуларды және оның әрбір басқару деңгейіндегі пайда болу себептерін бөліп көрсету арқылы кіріс пен шығыс туралы есеп беруді жасайды.

Дайын өнімді қабылдау-тапсыру накладной бойынша  немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша  өндірістен қоймаға кірістеледі.

Қабылдау-тапсыру  құжаты цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының арнайы бланкілері қолданылуы мүмкін.

Қабылдау-тапсыру құжаты аспаптық, радиотехникалық кәсіпорындарында, жаппай және сериялық өндірістерде, басқа да өнеркәсіп салаларында өндіріс есебінің тапсырыстарын есептеу үшін қолданылады. Қабылдау-тапсыру құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді өткізу үшін де пайдаланады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен номенклатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.

Өндірістік  тапсырмалардың орындалу барысын жедел  байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел  есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «Өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

    1. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж.
    2. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.
    3. В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.
    4. Бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі.
    5. Тойкин С., Жайнақова Ә., тәмпішева Қ.; маркетинг негіздері: оқулық/ Астана, 2007.
    6. Есімжанова С.Р. Қаржылық есеп: Алматы/ 2003.
    7. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003.
    8. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы «Экономика» 2003ж.
    9. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Алматы, 2004 ж.
    10. «Бухгалтерлік есеп  теориясы  және негіздері»  Қ.К. Кеулімжаев,  Н.А.Құдайбергенов,  2006
    11. Сейдахметова «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп»
    12. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.

 

1 БЕС 7 – «тауарлы материалдық қорларының есебі».

2 Еңбекақы – бұл лауазымдық нұсқаулар және еңбек келісімшартымен бекітілген жұмысшылардың орындаған жұмыс көлеміне төлемі.

3 ФИФО әдісі – бірінші сатып алу бағасы бойынша қорларды бағалау.

 


Информация о работе Негізгі өндіріс шығындарының есебі