Жарғылық капиталының аудит есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 08:54, курсовая работа

Описание

Аудит дегеніміз – дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіщтерінтексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету» - деп ойлаймыз.

Содержание

Кіріспе
I.Бөлім. Жарғылық капитал аудитінің мәні, мазмұны, жүргізу әдістері және оны жетілдіру жолдары
1.1. Аудиттің мәні, мазмұны
1.2. Аудитті жүргізу әдістері, жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстандық ғалымдар мен практиктердің еңбегіне шолу
II. Негізгі бөлім
«Каризма» ЖШС-нің нарықтағы ролі мен орны
2.1. «Каризма» ЖШС-нің экономикалық ұйымдастырылу жағдайы
2.2. «Каризма» ЖШС-нің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы
III. Бөлім
Жарғылық капитал аудитінің есебі
3.1. Жарғылық капитал есебінің аудиті
3.2. Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың есебінің аудиті
3.3. Бөлінбеген табыстың аудиті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

жарғылық капиталының аудиті есебі.docx

— 59.58 Кб (Скачать документ)

                                  Жоспар:

Кіріспе

I.Бөлім. Жарғылық капитал аудитінің мәні, мазмұны, жүргізу әдістері және оны жетілдіру жолдары

1.1. Аудиттің  мәні, мазмұны

1.2. Аудитті  жүргізу әдістері, жетілдіру мәселелері  бойынша Қазақстандық ғалымдар  мен практиктердің еңбегіне шолу

II. Негізгі бөлім

                  «Каризма» ЖШС-нің нарықтағы ролі  мен орны

2.1. «Каризма»  ЖШС-нің экономикалық ұйымдастырылу  жағдайы

2.2. «Каризма»  ЖШС-нің бухгалтерлік есебінің  ұйымдастырылуы

III. Бөлім

                   Жарғылық капитал аудитінің есебі

3.1. Жарғылық  капитал есебінің аудиті

3.2. Резервтік,  қосымша төленген және төленбеген  капиталдың есебінің аудиті

3.3.  Бөлінбеген табыстың аудиті

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 

                                       Кіріспе

    « Аудит дегеніміз – дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіщтерінтексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету» - деп ойлаймыз. Себебі, аудит жұмысының көлемі – объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай есебі болмасын оның мәлеметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты – аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасатудағы дірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себібі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің есебі басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен кедергісіз қарым-қатынаста болады. 

Аудиттің  мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті  болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі терендеу қарастыру  мақсатымен бізмына үш бұрыш үлгіссімен беруді ойластырдық .

1. аудитор-кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға  қызмет көрсету. 

2. Шаруашылық  субъектісі-кәсіпорын, оған аудитор  қорытындысы керек

Ол кезінде  басылымға шығуына кепілдік береді.

3. мемлеке,  кәсіпорындардың жақсы жұмыс  жүргізіп табысты болғанын қалайды,  себебі олар салық төлейді,  аудит жұмысына құштар болу  себебі аудитор тексеру барысында  табыстылық есебін тексеріп кәсіпорының  қанша табыс тақанын, қанша  салық төлейтінін анықтайды анықтайды.  Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.

    Осы үшбұрыштың өзара байланысын қарастыратын болсақ, аудит “осы үшбұрыштың төбесін” қосып қана қоймай ерекше қызмет атқаратынын айту қажет. Біріншіден, «аудит қорытындысы» арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге қандай денгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері даму жолында болған жағдайда ол елде өзінің экономикалық инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас экономикалық зандылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы ол елде тауар бағалары тұрақты деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын іс жүзінде қалыптастырады.

    Екіншіден, «аудит жұмысы» үлкен мемлекеттік қызмет 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Бөлім.Жарғылық капитал аудиттің мәні, мазмұны, жүргізу әдістері және оны жетілдіру жолдары
      1. Жарғылық капитал аудитінің мәні және мазмұны

Аудит Қазақстан Республикасы заңында  белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды  есебін тексереді

 Аудиторлық  қызметтің мәні қаржылық есеп  беруді, төлем-есептеу құжаттамасын  тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер  мен кеңес беру,бухгалтерлік есеп  жүргізу мен қалпына келтіру,  ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

 Қаржылық  есеп беру аудитінің мақсаты  -  аудиторға қаржылық қорытынды  есепті құрудың белгіленген концептуалдық  негізіне сәйкес барлық елеулі  аспектілер бойынша қаржылық  қорытынды есептің дайындалғаны  жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін  беру. Аудит мақсатының стандартты  анықтамасына қарамастан, аудит  мақсаты дегенде аудитордың алдында  тұтынушы мақсатты түсінуіміз  керек.

 Нарықтық  қатынастар жағдайында көптеген  кәсіпорындар, банктер, сақтандыру  компаниялары, көлік және коммерциялық  ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар  көрсетулерді орындау, коммерциялық  операцияларды ақша қаражаттары  мен инвестициялардың займын  жүргізу бойынша сан алуан  келісім-шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге  қатысушылар арасындағы осы қатынастардың  нақтылығын тексеру нәтижесінде  тек тәуелсіз аудитор ғана  дәлелдей алады.

Жеке  және ұжымдық меншік иелері – акционерлер, жарнашылар, сонымен қатар кредиторлар  өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие беру, инвестициялау және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары,министрліктер мен ведмостволар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.

 Аудиттің  маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне  қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:

  • Экономикалық субъектілердің(фирмалар, акционерлік қоғамдар);
  • Салық қызметі тұлғасындағы мемлектеттің;
  • Қаржылық есеп берді әр түрлі пайдаланушылардың;
  • Аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.

    Ішкі  пайдаланушыларға(кәсіпорынның өзінің акционерлеріне, директорлар кеңесіне, қызметкерлеріне) басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен  бұрмалаушылықтар жоқ объективті қаржылық ақпарат қажет. Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық  білдіреді 
     
     
     
     
     

                           Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар
         
               Ішкі пайдаланушылар         Сыртқы пайдаланушылар
           
    Әкімшілік

    Менеджерлер

    Меншік  иелері

    Бөлімше басшылары

    персонал

    Тікелей қаржылық мүдделері бар пайдаланушылар:
    • Инвесторлар
    • Банктер
    • Жабдықтаушылар
    • Сатып алушылар мен клиенттер
    Жанама қаржылық мүдделері бар пайдаланушылар:
    • Мемлекеттік органдар
    • Қоғам

 

        Аудитке деген қажеттілік меншік  құқығы мен кәсіпорынды басқару  бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитті жүргізуге  деген заң талаптары жоқ кезде  де қаржылық есеп беру аудитіне  тән белгілі басымдылықтар болады.

        Меншік иелену құқығына негізгі  өзгерістер енгізу процессі, егер  бұрынғы есеп берулер екі жеке  серіктес шаруашылықты жүргізудің  жаңа объектісін құру үшін  өз бизнесін біріктірген кездегідей  деген ескерту болмаған аудиторлық  қортындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген берулермен дәлелделінуі мүмкін

        Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты  тексеру енеді. Сондықтан ол  аудиторға басшылыққа арналған  және оның қызметінің тиімділігін  жоғарылату жөніндегі конструктивті  ұсыныстар дайындауға мүмкіндік  береді. Фирма қызметкерлерінің  жан-тәнімен жұмыс истеуі үшін  аудит күшті моральдық ынталандыру  болып табылады. Барлық жазбалар  мен есеп берулер тәуелсіз  адамдармен талдалынады деп түсіну  қызметкерлерді есепті мұқият және анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемені құруға мәжбүр етеді.

        Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызметті орындайды:

  1. Қаржылық есеп берудің толықтығы мен дұрыстығын дәлелдеулерге арналған дәлелдемелерді жинау және бағалау.
  2. Қаржылық есеп беру мәліметтерін есептің жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес тексеру.

      Аудиторлық  қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды  есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды  сапалы тексеруді қамтамасыз етуде  болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды  есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындымендәлелденбеген  кәсіпкерлерге сенім аз болады. Сенімге  ие болу үшін экономикалық қатынастардың  тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік қатынастар қажет болады.

        Сапалы тексеруді қамтамасыз  ету үшін аудиторлық фирмаларға  бухгалтерлік, заңдық және жалпы  экономикалық мәселелер бойынша   бағдарламалық қамтамасыз ету,  анықтамалық әдебиет түріндегі  толық ақпараттық база қажет.

        Аудиторлық фирмалардың маңызды  міндеттерінің бірі өз қызметімен қатар кез келген экономикалық субъект қызметінің рентабелъділігін қамтамасыз ету болып табылады. Аудиторлық жұмыс жоғары біліктілікті, аса көңіл бөлу мен кәсіпқойлықты талап етеді. Әрине, оған осы кәсіп мәртебесіне сай жоғары ақы төленуі керек. Сонымен қатар үлкен табыс пен қызметі көрсетілген тұтынушылардың көп санына ұмтылу кезінде аудиторлар клиенттерді таңдамай ала алмайды. Бұл жерде болашақта аудиторлық фирма беделін түсірмес үшін клиенттерді дұрыс таңдау қажет.

        Сонымен қатар аудиторлық қызмет  көрсетуді кеңейту саласында  маркетингтік зеттеулерді жүйелі  жүргізу де аудиторлық фирманың  міндеті болып табылады. Қазір  Қазақстандағы, әсіресе, үлкен  қалалардағы аудиторлық фирмалар  саны күрт өсуде. Бұл нарық  жағдайында бәсеке өсуіне әкелетін  дұрыс құбылыс. Аудиторлық қызмет  көрсетудің сан алуандығы аудиторлардың  қызметтің белгілі бір саласында  мамандануына әеледі. Қазақстанда  акционерлік қоғамдардың аудиті, сақтандыру компанияларының аудиті, банктік аудит бөліп көріне бастады.

     1.2.Жарғылық капитал аудитін жүргізу әдістері, жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстандық ғалымдар мен практиктердің еңбегіне шолу.

    Көптеген авторлар «шаруашылық-табыстылық көрсеткіштері» деген сөз құрамын қою келтірген. Біздің ойымызша бұлтүсініктеме орынды айтылған деуге болады. Себебі, объектісі келісім-шарт негізінде мазмұн-талабына сәйкес анықталады. Кәсіпорын шаруашылығына толық немесе бір бөліміне жүргізілсе де оған жасаған аудиторлық қорытындыда, кәсіпорынның «шаруашылық-табыстылық көрсеткішімен» байланыстылығы көрсетілмесе, ондай жағдайда аудиттің негізгі мақсаты орындалмағаны. Нақты, әр елдердегі аудит туралы анықтама берген авторалды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің “Краткое руководство по по стандартам и нормами аудита” кітабында “аудит – тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін айту”, - деп анықтама берген. Басқа бір англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы Роджер Адамс “Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметтурдің дүрыстығын анықтаумен, кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан міліметтердің шындығын анықтау” – деп анықтама берген.

Информация о работе Жарғылық капиталының аудит есебі