Кәсіпорындағы жұмысшылардың саны, құрамы
көрсеткіштер |
2008ж |
2009ж |
Өсу қарқыны |
- әкімшілік
жұмысшылар
|
14 |
11 |
78 |
- мамандар
|
28 |
35 |
125 |
- басшылар
|
11 |
18 |
163 |
Кәсіпорынның
жұмысшылар санына анализ жасасақ, 2008ж
әкімшілік жұмысшылар саны 14 болған.
Ал 2009 жылы 3 адамға азайып 11 болған. Өсу
қарқыны 22 пайызға төмендеген. Мамандар
керісінше 25 пайызға артқан. Басшылар
63 пайызға өскен.бұдан шығатын
қорытынды кәсіпорынның жылдан жылға
дамып, өсіп келе жатқанын көруге болады.
Жалпы кадр саясатының ауқымының кеңейгенін
көруге болады.
көрсетікштер |
2008ж |
2009ж |
Өсу қарқыны |
- қызмет көрсетуден
түскен кіріс
|
189536602 |
250255556 |
132 |
- қызмет көрсетуге
кеткен шығыс
|
34929482 |
40142446 |
115 |
- әкімшілік
шығында
|
19172777 |
59165467 |
308 |
- қаржылық
шығындар
|
55578 |
2213312 |
3982 |
- басқа да
шығындар
|
3963389 |
623484 |
16 |
- салық төлегенге
дейінгі табыс
|
5820148 |
12571570 |
216 |
- таза табыс
|
4371148 |
9571570 |
218 |
4-ші
кестеден қорытынды шығаратын
болсақ. Қызмет көрсетуден түскен
кірістің өсу қарқыны 32 пайызға
жоғарылаған. Яғнм кірістің көлемі
артқан.бұл кәсіпорын үшін өте
жақсы көрсеткіш.
Әкімшілік
шығындардың өсу қарқыны 3 есеге
артқан. Қаржылық шығындар 30есеге жоғары
болған. Басқадай шығындардың өсу
қарқыны 84 пайызға төмендеген. Кәсіпорынның
салық төлегенге дейінгі табысының
өсу қарқыны 2 есеге артқан. Таза
табыстың өсу қарқыны 2есеге артқан.
Бұл нарық жағдайында жұмыс жасап
отырған кәсіпорын үшін өте жақсы
көрсеткіш болып табылады.
3.1.
Жарғылық капитал есебінің аудиті
Меншіктік капиталдың негізгі
элементі болып табылатын жарғылық
капитал деп шаруашылықтың құрылған
кезінде оның қызметін қамтамасыз
ету үшін мемлекеттің бөлген
мүліктерінің және қаражаттарының
немесе құрылтайшыларының мүліктік
үлесінің жиынтығын айтамыз. Жарғылық
капиталдың нақты бағыты, атқаратын
қызметі және қалыптасу тәртібі
шаруашылықтың ұйымдық-құқықтық
нысанына негізделген.
Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың
жарғылық капиталының орындайтын
негізгі қызметін бөліп көрсету
қажет. Біріншіден, ол шаруашылықтың
қызметі үшін мүліктік негіз болып
табылады,яғни бастапқы капиталы. Екіншіден,
жарғылық капиталды құру шаруашылықтың
әрбір құрылтайшыларының үлесін анықтауға
мүмкіндік береді. Өйткені оған жалпы
жиналыста құрылтайшыларының дауысының
саны және оған есептелген табыстың көлемі
сәйкес келеді. Үшіншіден, жарғылық капитал
қоғамның үшінші тұлғасының алдындағы
міндеттемесін орындауға кепілдік береді.
Сондықтан заң актілерінде оның төменгі
мөлшері белгіленген.
Жарғылық капиталдың бұл аталған
қызметтері әр түрлі ұйымдық-құқықтық
нысандағы шаруашылықтарда қалай
орындалатынына жеке тоқталып
өтуді талап етеді.
Жоғарыда
аталған жарғылық капиталдың үш қызметі
толығымен тек қана жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктерде және жарғылық
капитал құрылтайшыларының үлесінің
есебінен немесе жазылған акцияларына
сәйкес қалыптасатын акционерлік қоғамда
орындалады.
Жарғылық
капитал мүліктік негіз бола тұра
құрылтайшыларының қатысу пайызын,
акционерлерінің жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктерінің, несие берушілерінің
алдында олардың толық қосқан
үлестерінің ақшалай көлемін
анықтайды.
Толық жауапкершіліктегі серіктестіктерде
жарғылық капитал бар болғаны
мүліктік негіз қызметін атқарады.
Бұл жерде жарғылық капитал
серіктестікті басқаруға қатысушыларының
үлесін анықтамайды, өйткені бұндай серіктестік
әрбір құрылтайшы қосқан үлесінің көлеміне
қарамастан, бір ғана дауысқа ие. Жарғылық
капитал, серіктестіктің несие берушілерінің
мүддесі толық жауапкершілік жүктелген
құрылтайшыларының мүліктерімен қамтамасыз
етілгендіктен, кепілдік қызметін атқармайды.
Мүліктерді
біріктіру арқылы кәсіпкерлік қызметпен
айналысу өндірістік кооперативтерге
ғана белгіленген. Бұндай ұйымдардың басты
ерекшеліктері кооперативтің мүшелерінің
мүліктік жарнамасының есебіне құрылған
бөлінбейтін мүлік болып табылады.мүліктік
жарнамалар өндірістік кооперативтердің
бастапқы капиталы ретінде қалыптасып,
өндірістік капиталдықұру және қызметін
ұйымдастыру шығындарын жабу үшін арналған.
Кооперативтің мүшелерінің қосқан
пайлары пайыз түрінде есептеліп
шығарылатын, оның кооперативтің мүмкіндегі
үлесі болып табылады.
Демек,
өндірістік кооперативтің жарғылық
капиталы бірлесіп кәсіпкерлік қызмет
жүргізу үшін мүшелерінің біріктірген
мүліктерінің жиынтық сомасы болып
табылады.
Өндірістік кооперативтерде де,
шаруашылық серіктестіктерде де
мүшелері өз еңбегімен қатысуына
құқы бар. Бірақ олар жеке
кәсіпкердің рөлін атқармайды. Кооперативтің
жұмысын басқаруға қатысу пайызының көлеміне
қарамастан, «1 пайшы – 1 дауыс» қағидаты
бойынша құрылады.
Алынған
табысты пайшылардың арасында тек
мүліктік жарнасы ғана емес, олардың
еңбекке қатысу сипаты және дәрежесі
міндетті түрде ескеріліп жүзеге
асырылады. Кооперативтің жарғылық
капиталының көлемі және оны қалыптастыру
тәртібі кооперативтің жарғысында
анықталып белгіленеді. Яғни өндірістік
кооперативтің жарғылық капиталы мүліктік
және кепілдік қызмет атқарады.
Мемлекеттік
шаруашылықтардың жарғылық капиталы –
бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыру үшін меншік иесіне бекітіліп
берілген мүліктің жиынтық сомасы.
Бұл мүлік бөлінбейтін болғандықтан,
үлес бойынша таратылуы мүмкін емес, демек
оған еңбек ұйымдарына да шаруашылықтың
жеке жұмыскерлеріне де иелік етуге ешқандай
құқық берілмеген.Мемлекеттік шаруашылықтардың
жарғылық капиталы өндірістік кооперативтердегі
сияқты мүліктік және кепілдік қызмет
атқарады.
Біз
жоғарыда қысқаша шаруашылық жүргізуші
шаруашылықтардағы олардың ұйымдық-құқықтық
нысанына қарай жарғылық капиталдың
атқаратын қызметіне қысқаша
тоқталдық. Аудитор шаруашылық жүргізуші
шаруашылықтардың ұйымдық-құқықтық нысандарына
қарай жарғылық капиталдың есебіне
аудиторлық тексеру жүргізгенде, олардың
ерекшеліктерін ескере отырып, тексерудің
ауқымын толық қамтитындай етіп
бағдарлама жасауға тиісті. Бағдарламада
қаралатын басты мәселелерді
және олардың ақпарат көздерін қоса
қамтыған жөн. Жарғылық капиталдың есебін
тексеру бағдарламасы мынандай негізгі
мәселелерді қамтуға тиісті:
- Баланстың
көрсеткіштерінің Бас кітаптағы, есеп
регистрларындағы және машинажазбалардағы
шоттардың сипаттамасы келтірілген мәліметтерімен
сәйкестігін тексеруге;
- Жарғылық
капиталдың синтетикалық және аналитикалық
есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуін
тексеруге;
- Жарғылық
капиталдың шаруашылықтың ұйымдық-құқықтық
нысанына сәйкес дұрыс қалыптасқандығын
тексеруге;
- Шаруашылықты
мемлекеттік тіркеуден өткізген кезде
және тіркелгеннен кейін жарғылық капиталдың
қалыптасу тәртіптерінің сақталғандығын
тексеруге;
- Шаруашылықты
мемлекеттік тіркеуден өткізгенде және
тіркелгеннен кейін жарғылық капиталдың
қалыптасу тәртібінің сақталғандығын
тексеруге;
- Құрылтайшыларының
жарналарының дер кезінде бағаланып, толық
кіріске алынғандығын тексеруге;
- Шаруашылықтың
қабылдаған жарғысында қаралған жарғылық
капиталдың құрамының өзгеруінің негізділігін
және оның құрылтайшыларының құжаттарында
дер кезінде енгізіліп расталғандығын
тексеруге;
- Шаруашылықтың
жарғылық капиталына салынған мүлікті
және басқа мүліктік құқығын тексеруге;
- Күшіндегі
заңдарда үкіметтің қаулы, қарарларында
қаралған баптарымен және ережелерімен
салыстырғанда қайшы келетін жарғылық
капиталдың құрамында кездескен ауытқуларды
жою және оның есебін жетілдіріп, жақсарту
бойынша ұсыныстар жасауға.
Бағдарламада қаралған басты-басты мәселелер
тексеру барысында арнайы тестер жүргізу
арқылы толықтырылып, пысықталып отырылады.
Аудитор тексеру барысында анықталған
факторларға байланысты бағдарламаға
түзетулер енгізіп, аудиторлық тексерудің
әдістерін белгілеп отырады.
Келтірілген бағдарламадан туындайтыны
жарғылық капиталдың есебінің
аудитінің бірінші кезеңі баланстың
көрсеткішінің құрылтайшыларының
құжаттарындағы және Ү «меншіктік
капитал» бөлімінің 5000 «жарғылық капитал»
бөлімшесінің, 5020 «жай акциялар»,5010 «Артықшылығы
бар акциялар», 5030 «үлестер мен пайлар»
синтетикалық шоттарындағы Бас кітаптағы,
машинажазбалардағы, сондай-ақ шоттарының
кредиті бойынша айналымдары көрсетілген,
құрылтайшыларының, үлес қосушыларының
жарғылық капиталғы үлестері бойынша
қарыз сомаларын көрсететін есеп регистрларындағы
мәліметтеріне сәйкестігін тексеруден
басталады. Содан кейін есеп регистрларында
жазылған жазуларын аналитикалық есеп
мәліметтерімен салыстырып, жарғылық
капиталдың қалыптасу кезеңіндегі шоттарының
корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін
тексеруді жүзеге асырады.
Аудиттің
бұл іс-әрекетін жүзеге асыру
үшін аудитор шаруашылықтың қашан,
қай ауданда тіркелгендігін, құрылтайшыларының
кімдер екендігін, жарғылық капиталдағы
олардың үлесін және қалыптастыру
тәртібін анықтайды.
Жарғылық
капиталдың қалыптасу тәртібі
заң актілерімен және құрылтайшыларының
құжаттарымен реттеледі. Меншік
нысанына және шаруашылықтың шаруашылық
жүргізу ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты
олар әр түрлі болып қалыптасады. Мемлекеттік
шаруашылықтардың жарғылық капиталы,
шаруашылықтың өнім өндіру бағытына сәйкес
құрылған сәтінде, олардың қызметін жүзеге
асыру үшін мемлекеттің бюджеттен бөлген
қаржысын көрсетеді.
Мемлекеттік
емес коммерциялық құрылымдардың
жарғылық капиталы құрылтайшыларының
қосқан қаржыларының есебінен
қалыптасады, сондықтан бірнеше
заңды және жеке тұлғалардың,
акционерлік қоғамның құрылтайшыларының,
серіктестіктердің және басқа
да ұйымдық-құқықтық шаруашылық
нысанындағы ұйымдық меншік түрінде
қалыптасады.
Қазақстан
Республикасының Президентінің
Заң күші бар 1995 жылы 2 мамырдағы
№ 2255 «шаруашылық серіктестік
туралы» жарлығында шаруашылық
серіктестіктерге қатысушылардың
үлестерінің құрамына Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасындағы,
шетелдік валютадағы ақшалар
заң актілерінде анықталған жағдайда,
сондай-ақ ғимараттар, құрылғылар, жабдықтар,
шикізаттар, материалдар, тауарлар,
өнімдер, құнды қағаздар, басқа
да материалды құндылықтар, алшақтатылатын
мүліктік құқықтар интеллектуалды қызметтің
нәтижесінде құқық заң актілері мен материалдық
үлгілерге сәйкес танылуға тиісті.
Егер
серіктестіктерге қатысушылар мүліктерін
тұтынуға берген жағдайда қосқан
үлестерінің көлемі және қатысушыларының
үлестері құрылтайшыларының құжаттарында
көрсетілген серіктестіктердің
бүкіл қызмет мерзіміне бұл мүліктерді
пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем ретінде
анықтайды.
Шаруашылық
жүргізуші шаруашылықтағы құрылтайшыларының
үлестерін ақшалай өлшемде бағалау
олардың өзара келісімі бойынша
жүргізіледі. Заң актілерінің
баптарына сәйкес ақшалай бағалау
құрылтай шартына қол қоймай
тұрып жүргізілуге тиісті, яғни
ол міндетті түрде тәуелсіз
аудиторлық тексеруді талап етеді.
Аудиторлық тексеру жүргізудің
салдары құрылтай шартының күшін
жоюына соқтыруы да мүмкін.