Жарғылық капиталының аудит есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 08:54, курсовая работа

Описание

Аудит дегеніміз – дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіщтерінтексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету» - деп ойлаймыз.

Содержание

Кіріспе
I.Бөлім. Жарғылық капитал аудитінің мәні, мазмұны, жүргізу әдістері және оны жетілдіру жолдары
1.1. Аудиттің мәні, мазмұны
1.2. Аудитті жүргізу әдістері, жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстандық ғалымдар мен практиктердің еңбегіне шолу
II. Негізгі бөлім
«Каризма» ЖШС-нің нарықтағы ролі мен орны
2.1. «Каризма» ЖШС-нің экономикалық ұйымдастырылу жағдайы
2.2. «Каризма» ЖШС-нің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы
III. Бөлім
Жарғылық капитал аудитінің есебі
3.1. Жарғылық капитал есебінің аудиті
3.2. Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың есебінің аудиті
3.3. Бөлінбеген табыстың аудиті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

жарғылық капиталының аудиті есебі.docx

— 59.58 Кб (Скачать документ)

     Егер  жарғылық капиталға құрылтайшыларының  үлесі таза ақшадан құрылса,  ондай жағдайда тәуелсіз аудиторлық  тексеру жүргізілмейді.

     Шаруашылық  жүргізуші серіктестіктерді қайта  тексеруден өткізген кезде, оның  құрылтайшыларының ақшалай бағаланған үлестері серіктестіктердің бухгалтерлік есеп құжаттарында немесе аудиторлық қорытындыда расталады. Шаруашылықтың басшылары және бас бухгалтері 1994 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде,1995 жылғы 17 сәуірдегі « Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Заң күші бар Президенттің Жарлығында анықталғандай, жарғылық капиталға қосқан үлесінің 25 пайыздан төмен болмауға тиісті.

     Акционерлік қоғамның жарғылық капиатлы акционерлерінің үлестеріне қарай таратылатын қоғамның сатқан акцияларының жиынтық сомасынан құралады. Ол несие берушілерінің мүддесіне кепілдік беретіндей қоғамның мүлкінің төменгі көлемін анықтайды. Оның мөлшері қоғамның шығарған акцияларының бастапқы жиынтық құнына тең болады. Ашық акционерлік қоғам үшін 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен, жабық акционерлік қоғам үшін 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауға тиісті.

     Аудитор  акционерлік қоғамның жарғылық  капиатылының қалыптасу тәртібімен  танысып, оның мөлшерінің сақталғандығына  көз жеткізіп, артықшылықты акциялар шығарылған акциялардың ¼ бөлігінен, яғни 25% аспайтындығына назар аударуға тиісті.

     Ашық  акционерлік қоғамның жарияланған  ең төмен жарғылық капиталының  25%қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен кезінде толық төленуі тиіс, ал қалған бөлігін жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін құру үшін міндетті түрде бір жылдың ішінде төленуі керек.

     Шаруашылық  мемлекеттік тіркеуден өткеннен  кейін құрылтайшы бір жылдың  ішінде өзінің жарғылық капиталға қосатын үлесін толық төлемеген жағдайда, құрылтай шартында қаралған мәмілені бұзғаны үшін айыппұл төлеуге тиісті. Айыппұлдың мөлшері Қазақстан Республикасының ұлттық банкі белгілеген ресми қаржыландыру қойылымдарына сәйкес есептеліп шығарылады.

     Жарғылық  капиталда жарияланған соманы  толық төлемейінше қоғамның акциясына  жазылуға, жарғылық капиталды арттыруға  немесе азайтуға және дивидент  төлеуге жол берілмейді. Қоғамның  шығарған акциялары алдымен құрылтайшыларының  арасында таратылуға тиісті. Акционерлік  қоғамның табысының есебіне жатқызу  жолымен акционерлерді акцияны төлеуден босатуға жол берілмейді.

      Шаруашылықтың ұйымдық-құқықтық  нысанына қарай құрылтайшыларының  материалды құндылықтай қосқан  үлестерін,біріктірген мүліктерін аудитор қабылдау,өткізу актілері,накладнойлартөлемді табыстау, кассалықкіріс ордерлері және басқа да құжаттарындағы мәліметтері  бойынша құрылтайшыларының жарналарының уақтылы дер кезінде толық кіріске алынғандығын тексереді.

     Субъект  жарғылық капиталға үлес ретінде  жылжымайтын мүліктерді, жабдықтарды,  жерді, суды, басқа да табиғи  ресурстарын пайдалану құқығын,  басқа да материалды құндылықтарды  және мүліктік құқықтарды, оның  ішінде материалдық емес активтерді  біріккен кәсіпкерлік қызмет жүргізуге қатысушы мемлекеттің валютадағы ақша қаражаттарды енгізуі мүмкін.

     Аудитор  шаруашылықтың капиталына нақты  келіп түскен құрылтайшыларының  ақша қаражаттарының есеп айырысу  шотына емес кассаға кіріске  алынған күнін, негізгі құралдар, материалды емес активтерді қабылдау-өткізу  актілеріндегі немесе нысандардың  шаруашылыққа келіп түскенін  растайтын басқа да құжаттарының  жасалған күнімен салыстырып  мынандай мәселелерді анықтауға  тиісті:

  • Жарғылық капиталға заңды құжаттарында белгіленген мөлшерде шаруашылық тіркелгенге дейін құрылтайшыларының бәрінің үлестерін;
  • Жарғылық капиталдың құрылтайшыларының құжаттарына және заң актілерінің талабына сәйкес қалыптасқанын;
  • Жарғылық капиталға құрылтайшыларының қосқан үлестерінің қандай түрде жасалғандығын;
  • Мүліктердің жарғылық капиталға үлес ретінде емес, тек ғана пайдалануға берген қатысушыларының үлестерінің көлемінің қалай анықталғандығын;
  • Құрылтайшылардың үлестерін ақшалай бағалау тәртіптерін, бағалаудың қандай жолдармен жүзеге асырылғандығын.

        Әсіресе, жарғылық капиталдың  дұрыс қалыптасуына тікелей байланысты  бастапқы құжаттарының дұрыс  толтырылуына және құрылтайшыларының  қосқан материалды емес активтерінің  және құнды қағаздарының бағалануына  ерекше назар аударуды талап  етеді. Жарғылық капиталға салынған  материалды емес активтерді тәуелсіз  аудит жүргізудің нәтижесінде  бағаланған жағдайда бағалаушының  куәлігі бар маманның қатыстырылғандығына,  бағалаудың қалай және қандай  бағалау әдістерінің қолданылғандығына,  әсіресе интеллектуалды меншіктің  қалай бағаланғандығына назар  аудару қажет.

     Кейбір  жағдайларда  интеллектуалды  меншікті құрылтайшыларының бәрімен  келісіп жатпай-ақ, оның нақты  құнынан көптеген есеге жоғары  бағалануы мүмкін.

     Бұндай  жағдайда заң актілеріндегі материалдық  емес активтерге қойылатын меншік  иесіне алшақтату мүмкіндігі, сатып  алу, сату құралы болуы, тауар  үлгісінде нақты бағасының, құнының  болуы және табыс әкелуі сияқты  талаптардан туындайды.

     Құнды  қағаздардың құны нарықтық сұраныстағы  олардың құнынан немесе осындай  құнды қағаздардың бағасынан  жоғары бағаланбауға тиісті.

     Жоғарыда  аталған меншік нысандарында  шетелдік қатысушылармен бірігіп  ашылған шаруашылықтарды аудиторлық  тексеруді олардың құрылтайшыларының  жарғылық капиталға қосқан үлестерінің  толық және дер кезінде салынғандығын  тексеруден бастаудың маңызы  зор. Өйткені кейбір шетелдік  құрылтайшылар жарғылық капиталға  атаған өз бөлігін салудан  қашқақтап, уақытын созатын жағдайлар  тәжірибеде жиі кездеседі.

     Бұндай  жағдайда біріккен шаруашылықты  Қазақстан Республикасының Үкіметі  аяқталмаған деп тануы мүмкін  екендігін құрылтайшыларына ескерту  қажет. 

      Біріккен субъектілердің жарғылық капиталына қазақстандық құрылтайшыларының қосқан үлестері шетелдік құрылтайшылармен келісім-шартта қаралып, шаруашылықтың жарғысында көрсетіліп, әлемдік нарықтық баға ескеріліп, келісім бағасы бойынша ұлттық және шетелдік валютада бағаланады. Біріккен шаруашылық құру туралы шартқа қол қойылған жұлдызындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгіленген валюталық курсы бойынша анықталады.

    Акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының  қалыптасу ерекшелігі аудитордың акциялардың  уақытылы дер кезінде төленгендігін және олардың қозғалысы бойынша операцияларының заңдылығын ұұыпты және мұқият тексеруді талап етеді.

     Акционерлік  қоғамның акционерлерінің  арнайы  тізімдемеде тіркелетіні белгілі.

      Аналитикалық есеп айырысу жарғылық  капиталға қарыз сомасы, оның  сөндіру жұлдызы, қарызын өтеуге  салынған активтерінің сомасы  көрсетіліп, олардың әрқайсысымен  карточкаларында немесе ведмостарда  жүргізіледі. Аналитикалық есепті  жүргізу үшін құрылтайшыларының  құжаттары, негізгі  құралдарды  және материалды емес активтерді  қабылдау-өткізу актілері, төлемді  табыстау, кассалық кіріс ордерлері  ж.б. негіз болып табылады.

      Тізімдемедегі акционерлердің мәліметтерімен 5110 «төленбеген капитал» шоты  бойынша есептік мәліметтерді  салыстыра отырып акцияларды  төлеудің дер кезділігін және  олардың қозғалысы бойынша операциялардың  заңдылығын бақылап отыру қажет.  Ашық үлгідегі акционерлік қоғамда акциялар басқа акционерлерінің келісімінсіз қолдан қолға өтуі мүмкін. Мұндай операциялар акционерлерге қатысты болғандықтан, тізімдемеге міндетті түрде өзгеріс енгізілуі керек. Жабық үлгідегі акционерлік қоғамда, жарғыда басқаша қаралмаған жағдайда қоғамның акциялары, сол қоғамның ішінде акционерлердің көпшілігі келіскенде ғана қолдан қолға өтуі мүмкін. Жарғылық капиталды және 5020 «артықшылығы бар акциялар» шоттары бойынша 5110 «төленбеген капитал» шоты бойынша құрылтайшыларының мойнындағы жарғылық капиталға үлесі бойынша және акционерлерінің жазылған акцияларын төлеу бойынша қарыз сомасын көрсететін сомасымен салыстыру қажет.

     Аудитор  жарғылық капиталға жарияланған  жарнасын, көрсететін құжаттарына  сілтеме жасап, нақты салынғанын  көрсетіп, кесте жасауға міндетті.

     Бір  құрылтайшының жарғылық капиталға  жарнасының ең жоғарғы үлесі  35% жоғары дауысқа ие болуына жол беруге болмайды. Бірақ бұл талаптың еншілес және жекешелендірілетін шаруашылықтарға қатысы жоқ. Олардың бақылау пакет акциялары басшы фирманың немесе Мемлекеттік мүліктік комитетінің иелігінде.

     Жарғылық  капиталдың аудитінің маңызды  іс-әрекеті жарғылық капиталға  енгізілген өзгерістің негізділігін  және оларды құрылтайшыларының құжаттарына дер кезінде енгізілуін тексеру болып табылады.

     Жарғылық  капиталдың ерекшелігі – шаруашылықтың  басқа мүліктік көздеріне қарағанда  тұрақты шама болып саналады. Бұл жарғылық капиталдың көлемін  арттыру немесе кеміту тек  қана шаруашылықтың қызметінің  қорытындысының нәтижесіне қарап  және құрылтайшыларының құжаттарына  сәйкес өзгерістерді енгізгенне  кейін жүргізілуі мүмкін болады. Ол қажет болған жағдайда, жаңа  құрылтайшыларды қабылдаудың нәтижесінде,  құрылтайшыларының қосымша үлестерімен  толықтырылуы мүмкін болса, ал  құрылтайшылары шаруашылықтың құрамынан  шыққан жағдайда, керісінше, кемуі  мүмкін.

     Акционерлік  қоғамға акционерлерінің жалпы  жиналысының шешімі бойынша жарғылық  қорды акциялардың номиналдық  құнын жоғарылатуға рұқсат етілмейді.

     Жарғылық  капиталды ұлғайту туралы шешім  акционерлердің жалпы жиналысында  олардың жалпы саны 2/3 дауысынан  жоғары дауыспен қабылданады.  Жабық қоғамның құрылтайшыларының  құжатында жарғылық капиталды  ұлғайту туралы шешім қабылдаудың  басқа тәртібі қаралуы мүмкін.

     Күшіндегі  заң актілерінің сәйкес акционерлік  қоғам акционерлерінің жалпы  жиналысының шешіміне байланысты, жарғылық капиталды акциялардың  номиналдық құнын төмендету жолымен  жарғылық капиталды азайтуға болады. Қоғамның жарғылық капиталын акциялардың бөлігін сатып алу жолымен сөндіру арқылы кемітуге, егер мұндай мүмкіндік қоғамның жарғылық капиталын кеміту туралы шешім, жарғылық капиталды ұлғайту сияқты тәртіппен қабылданады.

     Жарғылық  капиталға тексеру жүргізудің  сапасын арттыру үшін аудитордың  субъектінің жарғылық капиталына  жарна ретінде салынбаған мүліктерге  және басқа да мүліктік құқықтарға  түгелдеу жүргізуді ұйымдастырғаны  тиімді.

     Өйткені  жарғылық капиталға жарна ретінде  мерзімі өтіп кеткен жарамсызданған негізгі құралдар және өндіріс қорлары қатарына жататын мүліктер немесе басқа да мүліктік құқықтың қатарындағы әлдеқашан пайдалы қызмет ету мерзімі өтіп кеткен интеллектуалды меншіктің салынған фактілері практикада кездесіп қалатын жағдайлары болады.

     Аудитті  аяқтаудың іс-әрекеттері жарғылық  капиталдың есебінде күшіндегі  заң актілерімен салыстырғанда  анықталған ауытқуларға қорытынды  жасап, оларды жою бойынша негізгі  ұсыныстар жасау болып табылады. Егер аудитор анықтаған кемшіліктер  онша елеулі емес, мемлекетке, меншік  иелеріне және несие берушілерге  ешқандай зиян келтірмейді деп  санаса, онда ол қанағаттанарлық  оң қорытынды беруіне құқы  бар. Егер аудитор құрылтайшыларының  құжаттарынан, сондай-ақ шаруашылықтың  заңды  қызмет істеп тұрғанына  күмән келтіретін немесе мемлекетке, меншік иелеріне және несие  берушілеріне зиян келтіретін  жарғылық капиталдың есебінде  елеулі кемшіліктерге жол берілсе,  онда ол шаруашылық жүргізуші  шаруашылқтың әкімшілігіне анықталған  кемшіліктерді  жоюға уақыт беруге тиісті.

      3.2. Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың   есебінің аудиті.

      Резервтік капитал күшіндегі  заң актілерінің баптарына сәйкес  және құрылтайшыларының құжаттарында  қаралған тармаққа сәйкес шаруашылықтың  күтпеген шығындарын жабу үшін, сондай-ақ есепті жылдың табысын  төлеу үшін құрылады. Бір сөзбен айтқанда, резервтік капитал дегеніміз шаруашылықтың сақтандыру капиталы. Резервтік капиталға бөлінбеген қаржылар шаруашылықтың  тұрақты жұмыс істеуінің және үшінші тұлғаның мүддесін қорғаудың кепілдігі болып саналады. Осылай құралған қаржы көзі шаруашылықтың үшінші тұлғаның алдындағы міндеттемесін орындайтындығына олардың сенімін арттырады.

Информация о работе Жарғылық капиталының аудит есебі