Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 11:32, дипломная работа
Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі жағдайына сипаттама беру және даму перспективасына анықтау болып табылады.
Аталған мақсатқа жетуде төмендегі мәселелерді қарастыруды жөн көрдік:
Нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы кезіндегі салық жүйесінің экономикалық мәні мен мазмұны және атқаратын рөлі;
Салық жүйесінің жүзеге асырылу механизмі мен мақсаттық бағыттарын қарастыру;
Қазіргі кездегі салық салу жүйесінің қызмет ету механизміне сипаттама беру;
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болатын мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны;
Бюджетке салықтардың толықтай және уақытылы түсуіне салық әкімшілігінің тигізетін әсерін пайымдау;
еліміздің салық салу саясатын болашақта оңтайландыру жолдарын қарастыру.
Кіріспе………………………………………………………………………………6
1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәні мен мазмұны және оның қалыптасуы………………………………………………………………….8
1.1 Салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және құрылуының теориялық негіздері……………………………………………………………………………...8
1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық қызметі органдарының қалыптасуы…………………………………………………………………………14
1.3 Салық жүйесінің қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі……………………..19
2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі даму жағдайы (Есіл аудандық салық басармасы мысалында)……..………….…24
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бүгінгі күнгі қызмет ету механизмі……………………………………………………………………...…….24
2.2 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау…………………………………………………….……….……29
2.3 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсімдерге талдау....37
3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………….47
3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму
перспективасы……………..………………………………………………………47
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамытудың стратегиялық жоспары……………………………………………………………………………..55
Қорытынды ………………………………..…………………………………….66
Пайдаланылған әдебеиттер.................................................................................69
Экономика дамуының бүгінгі деңгейі шаруашылық субъектілерді орнын барып кешенді тексеруді жоспарлауда кенеттен емес, ғылыми-әдістемелік тәсілді қолданады. Орнына ба-рып кешенді тексеруге сай салық төлеушілерді анықтау үшін салық органдары мекеменің қаржы-шаруашылық қызметіне және салықтық міндеттердің орындалу деңгейіне алдын-ала талдау жүргізу қажет. Оларды салық төлеушілермен салық төлеуден ауытқудың әртүрлі сызбаларын пайдаланудың жеке белгісі, сондай-ақ белгілер жиынтығы алаңдатуы тиіс. Мысалға, азайтулардың жоғары үлестік салмағы; салық төлеушімен ҚҚС қайтарып алуға үнем талап етулері, ал қайтару сомасы бюджетке төленген салықтар сомасымен сәйкес емес; салық төлеушіде кадрлық құрамның, негізгі заттың және өзге ликвидті мүліктің, өсіп отыратын дебиторлық және несиелік қарыздың болмауы; жеткізушілерге немесе кедендік органдарға ҚҚС төлеудегі нақты шығындардың, қосымша шығындардың жоқтығы; салық төлеушінің жалған заңды мекен-жайды пайдалануы[26].
Осындай белгілердің саны өте көп, менің ойымша, оларға келесілерді жатқызуға болады:
Осылайша, салық ставкаларының төмендеуі болжамды кезеңде осы салықтардың келіп түсу жылдамдығының салыстырмалы түрде азаюына алып келеді.
Алдағы жылдары аталған салықтардың келіп түсу жылдамдығының әрі қарай есуі болжамдалуда, себебі салық жүктемесін азайтудан күтілетін әсер алынады деп есептеледі.
Жалпы саясат ЖТС пен КТС бойынша ставкаларды бекіту белімінде осы ставкалардың байланыстылығына негізделуі тиіс екенін айта кету қажет.Себебі бұндай байланыстың бол-мауы салық салу жүйесіндегі ауытқулардың алғы шарты болып табылады.
Атап айтқанда, ірі кәсіпорындарға қарағанда азғантай табыс алатын кіші бизнес субъектілері үшін КЖТС бойынша темен салық жүктемесінің болмауы заңды тұлғаларды сегмент-теу мен ұсақтау арқылы салық салынудан ауытқу үшін негіз болады.
Патент негізіндегі арнайы салық тәртібі немесе қарапайым декларациялар негізіндегі арнайы салық тәртібі болса да, кіші бизнес субъектілері үшін салық салудың қолданыстағы жүйесінің аталған тәртіптерді қолданатын субъектілерді әкімшіліктеуде кемшіліктері бар.
Негізгі себеп шығындық белікті анықтау үшін бухгалтерлік есепті жүргізудің болмауы болып табылады. Салық төлеушілердің табыстық белігін анықтаудағы негізгі көрсеткіштердін жоқтығы патент негізіндегі немесе қарапайым декларациялардың негізіндегі арнайы салын тәртібін қолданатын субъектілерді автоматтандырылған камералды бақылау жүргіэуге мүмкіндік бермейді.
Нарықтардағы кәсіпкерлік қызметті іске асырудағы ешбір есептің болмауы нарықта сатумен айналысатын жеке тұлғалардың біраз белігіне нарықтық экономикаға өтудегі ауыр кезеңде «аяққа тұруға» мүмкіндік берді. Алайда бүгінгі таңда салық телеушілердің аталған бөлігі нақты алынған табысты, жалданған қызметкерлер санын жасыруға бейімделіп алды және бюджетпен бір реттік талондар арқылы есептесіп, «көлеңкелі» табыс алуда.
Ауыл шаруашылық өнім өндіруші-шаруалық (фермерлік) және заңды тұлғалар үшін арнайы салық тәртіптерімен де ұқсас жағдай. Осылайша, біркелкі жер салығын телеу негізін-дегі арнайы салық тәртібін қолданатын салық телеушілер үшін салым объектісі өзгермейтін 0,1 ставкасы қолданылатын жер телімінің бағалық құны болып табылады.
Ауыл шаруашылық енімді өндіретін занды тұлғалар үшін езге арнайы салық тәртібі анықталған, ал бағасын есептеуде бюджетке төленуге тиісті салықсомасы 80-ге темендейтін патент негізінде жүзеге асырылады. Осындай салық телеушілер үшін ЖТС базалық ставкасы 10 мөлшерде бекітілген, осылайша патент негізінде қолданылатын төлеу механизмін ескергендегі олармен алынатын табысқа нақты жүктеме 2 құрайтынын айту қажет.
Аграрлық сектор субъектілері үшін арнайы салық тәртібінің тартымдылығы аталған арнайы салық тәртібін пайдаланатын салық телеушілер санының қарқынды есуімен дәлелденеді.
Аграрлық сектор субъектілеріне арнайы салық тәртібін қолдану кезеңінің ұзақ болуы оларға материалды-техникалық базаны нығайтуға, енімді жинауды ретке келтіруге, бәсеке қабілеттілік деңгейінің артуына мүмкіндік берді. Қазіргі кезде бұл мемлекетке салық салудың жеңіл тәртібін алып тастауға және ез ауыл шаруашылық өнімін ендіру мен қайта еңдеуді орындайтын субъектілерге субсидиялар беру жолымен экономиканың аталған секторына тірек болуға жағдай жасап отыр.
ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәліметтері бойынша бүгінгі салықтық жеңілдіктерді 800 мыңнан астам объектілер қолдануда, осыдан қазына жыл сайын 80 млрд теңгеге толмай отыр.
Келесі кезекте Есіл аудандық салық басқармасының қызметінде кездесетін кейбір мәселелерге тоқталатын болсақ, онда Есіл аудандық салық басқармасы жаңадан құрылған салық органы болып табылады және соған сәйкес қалыптасқан салық базасы 2009-2010 жылдары әр түрлі болып келеді және соған сәйкес салықтық түсімдерде айырмашылық өте жоғары[21].
Өйткені, жеке шоттарды бір ауданнның салық басқармасынан екінші салық басқармасына аударған кезде жеке шоттарды жүргізу тәртібі толығымен сақталмайтындығы байқалып отыр. Салық төлеушілердің жеке шоттарын инвентарлау (түгендеу) кезінде салық төлеушңлердің салық есептілігін тапсырмағандығы анықталған. Жеке шот бір салық басқармасынан екнішісіне ауыстырылған кезде ілеспе хатта салық есептілігі тапсырмаған салық төлеушілре тізімі көрсетілуі қажет. бірақ Сарыарқа және Алматы ауданы бойынша салық басқармасы бұл жұмыстарды жүргізбеген және мұндай бұзушылықтарға жол берілгендігі туралы хабарламаған. Осыған байланысты Астана қаласы бойынша салық депатаментінен көмек сұрауға тура келеді.
Салық есептілігін қабылдау жағдайының өсуі Есіл ауданы бойынша салық басқармасына тіркелушілердің сан жағынан өсуімен негізделеді. Сонымен қатар, басқа салық басқармасынан тұрғылықты мекен-жайлары бойынша ауысып келгендер саны жоғарылған.
01.01.2011 жылғы жағдай бойынша 2010 жылдың 12 айы бойынша жеке кәсіпкерлер бойынша электронды түрде салық есептілігін тапсырғандар саны 75 % құрайды, заңды тұлғалар бойынша тапсырылған салық 92 % құрайды. жалпы үлесі 86,3 %. Бұл көрсеткіш жағымды көрсеткіштер қатырына саналады және салық есептілігін элекетронды түрде тапсыру бойынша салық басқармасынының жүргізген жұмыстарының нәтижесі ретінде санауға болады.
Қазіргі
кезде салық төлеушілер барлық бағдарламалармен
қамтылған 20 жаңа компьтермен және
терминалмен жабдықталған. Салық
төлеушілерге салық есептілігін
тапсыру бойынша ақпараттық жүйені
түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп
терминалға шақырылады. Сонымен
бірге терминал мен «Салық төлеушілер
кабинетін» пайдалану бойынша, олардың
артықшылықтары мен кемшіліктері бойынша
жұмыстар жүргізіледі.
3.2
Қазақстан Республикасында
салық жүйесін жетілдірудің
бағыттары
Кез келген мемлекетті салық сферасындағы құқықтық білімнің маңызы зор екендігі белгілі. Себебі салық саясаты мемлекет пен әрбірі адам, мелекет пен мекеме арасындағы әр түрлі мекемелер арасындағы, мемлекетаралық, адамдар арасындағы қарым қатынасқа тығыз байланысты. Ресей ғалымы Т.Ф. Юткиннің салық саясатын “салық заңдарының нысаналы қолданылуын анықтайтын билік және басқару органдарының құқықтық әрекеттерінің жиынтығы” деп айтуы бекер емес[27].
Кейбір экономистердің
Мемлекеттің нарықтық
Экономикадағы реформалар, оның нарықтық экономикаға көшуі, әрине, Қазақстанда өзінің салық жүйесін құруды талап етті. Сонымен қатар, салық саясатында мемлекеттің өзіндік қасиеті де көрінеді. Мемлекет салық механизмін пайдалана отырып, салық саясатын өзгертуде экономикалық дамуды ынталандыруға және оны сақтап қалуға үлкен мүмкііндік алады. Салық саясатын жалпы салық саласында мемлекеттің жүргізетін шаралар жүйесі ретінде қарастырады. Бұл прогресс ұзақ уақыт алуына байланысты ҚР-да салық саясаты біртіндеп құрылды.
Осы мақсаттағы жаңа салық кодексі заңнамасының баса назар аударылған негізгі ережелері[29]:
1.
Салық салу мәселелері бойынша
салықтық міндеттемелерді
2. Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша реформалауда тұжырымдалған тәсілдің мәні – корпорациялық табыс салығының ставкаларын төмендету, аясы тар салалық жеңілдіктер беруден бас тарту, автоматты түрде берілетін бірыңғай инвестициялық ынталандыруларды жүргізу, залалдар мерзімін ауыстыруды 10 жылға дейін ұзарту, сондай-ақ салық құрылымын жалпы жақсарту болып табылады.
Заңнамада
корпорациялық табыс салығы 20-15 пайызға
дейін төмендетілген. Ставкалардың
нақты мөлшері мемлекеттің
Жаңа инвестициялық преференциялар КТС бойынша ғана берілетін болады. КТС бойынша жеңілдіктер үш жылға дейінгі кезең ішінде инвестицияларды жедел шегеру түрінде әрекет ететін болады. Сонымен бірге залалдарды ауыстыру мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейін ұзартылады, бұл инвестицияларды есептен шығарудың артықшылықтарын толығынан пайдалануға мүмкіндік береді. Преференциялар автоматты түрде, яғни қызметті «өңдеу өнеркәсібі» секторында жүзеге асыратын кәсіпорынның өтінім беру ретімен берілетін болады.
АЭА-ның барлық аумағында қызмет талаптарын, атап айтқанда инвестициялық салық преференциялар режимі бар КТС бөлігінде біріздендіру ұсынылып отыр. Жер салығынан және мүлікке салынатын салықтан босату АЭА аумағында ғана сақталады.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары