Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 11:32, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі жағдайына сипаттама беру және даму перспективасына анықтау болып табылады.
Аталған мақсатқа жетуде төмендегі мәселелерді қарастыруды жөн көрдік:
Нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы кезіндегі салық жүйесінің экономикалық мәні мен мазмұны және атқаратын рөлі;
Салық жүйесінің жүзеге асырылу механизмі мен мақсаттық бағыттарын қарастыру;
Қазіргі кездегі салық салу жүйесінің қызмет ету механизміне сипаттама беру;
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болатын мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны;
Бюджетке салықтардың толықтай және уақытылы түсуіне салық әкімшілігінің тигізетін әсерін пайымдау;
еліміздің салық салу саясатын болашақта оңтайландыру жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………6
1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәні мен мазмұны және оның қалыптасуы………………………………………………………………….8
1.1 Салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және құрылуының теориялық негіздері……………………………………………………………………………...8
1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық қызметі органдарының қалыптасуы…………………………………………………………………………14
1.3 Салық жүйесінің қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі……………………..19
2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі даму жағдайы (Есіл аудандық салық басармасы мысалында)……..………….…24
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бүгінгі күнгі қызмет ету механизмі……………………………………………………………………...…….24

2.2 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау…………………………………………………….……….……29
2.3 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсімдерге талдау....37

3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………….47
3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму
перспективасы……………..………………………………………………………47
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамытудың стратегиялық жоспары……………………………………………………………………………..55

Қорытынды ………………………………..…………………………………….66
Пайдаланылған әдебеиттер.................................................................................69

Работа состоит из  1 файл

ДР-салык жуйеси.doc

— 690.00 Кб (Скачать документ)

     *Астана қаласы Есіл ауданы бойынша салық комитетінің есебі, 2010ж. 

     Ал, нақты өндіріп алынған сома барлық жүргізілген тексерулер мен қосып есептеулер бойынша көлемді түрде төмен болып келеді. Ал, шағын бизнес субъектісі болып есептелетін – заңды тұлғалардан өндіріп алынған сома қосып есептелшген соманың жартысына жуық сомасын құрайды.  Сондықтан салық қзыметі органдарының аталған субъектілер бойынша салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алуы бойынша мақсатты түрде жұмыс жасуына негіз бар және оның сомасы 17262490 мың теңгені құрайды. Жыл басының өзінде салықтан жалтару әрекеттері болған, сондықтан жыл басынан бастап аяғына дейін салық тәртібінің сақталуына салық комитеті тарапынан көп көңіл бөлінуі тиіс. 

     Жалпы алғанда Есіл ауданы бойынша көрсеткіштерді жаман деп айтуға болмайды, бірақ шағын бизнес субъектілері бойынша аталған жағымсыз жағдайлар салық қызметі органдырының тиімді қызмет ету көрсеткіштеріне кері әсерін тигізуі мұүмкін. Ендігі кезекте аталған субъектілер бойынша бақылау жұмысына нақтырақ тоқталатын болсақ, оны келесі кестеден көруге болады.

     Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, салықтық құқық бұзушылықтың үлесі жоғары болғандығын, яғни заңды тұлғалар бойынша шағын бизнес өкілдеріне теселі бұзушылық -  63% болса, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын шағын бизнес өкілдері бойынша 47,3% -ды құраған. Және олар бойынша қосып есептелеген салықтар мен міндетті төлемдер сомасы сәйкесінше – 363,5 мың теңге және 32,3 мың теңге, ал өндіріп алынған салық сомаларның көлемі мейілінше төмен, сәйкесінше барлық соманың   25,1% және 23,7% құрайды.

     Салықтық  құқық бұзушылық деңгейінің мұндай жоғары деңгейде болуы, тек қана құқық бұзып қоймай, онымен қоса қосып есептелеген соманы төлеуден жалтару және өндіріп алынған сомаладың (қосып есептелген сома, өсім пұл, айыппұл) да төмен болуы аталған субъектілердің саналы түрде салықтан жалтарып отырғандығын білдіреді.

    Кесте 8

      Есіл ауданы бойынша 2010 жылға шағын бизнес субъектілеріне жүргізілген салық тексерулерінің құрылымы

(мың. теңге)

 
Тексерулер
      2010 ж.
Барлық  тексеру Қосып есептелгені азайғаны өсімпұл
Құжаттық  тексеру, оның ішінде 64 20192 0 4002
Кешенді 39 17222 0 3917
Салық төлеушілердің өтініші бойынша 11 196 0 22
Тақырыптық  6 2971 0 85
Қарсы 19 0 0 0
Рейдтік 269 0 0 0
Хронометражды зерттеу 22 0 0 0
Ескерту-Астана қаласы Есіл ауданы бойынша салық комитетінің есебі, 2010ж.
 

     Оған  себеп болатын факторлар көптеп саналады:

     Бірнішіден  шағын бизнес субъектілерінің салық  мәдениеті өте төмен дамыған, олар өздерінің салықтық құқық бұзушылық  жасап тұрғандығын ммойындағысы келмейді, салықтық тәртіптің маңыздылығына  мән берілмейді; 

     Екіншіден,  шағын бизнес өкілдерінің ауданда тұрақтап тұруы немесе тұрақты жұмыс жасау деңгейі төмен, яғни ауданда құрылған кәсіпорындардың басым бөлігі жұмысын бастамай жатып жабылады және салық қызметі органдарымен байланысын үзеді.

     Сөйтіп, 2010 жылы салық қызметі органдарымен байланыстын үзген салық төлеушілер саны 2581 бірлік болды. 

     Үшіншіден, тұрақсыздықтың өзінің негізгі себептерінің бірі және салық тәртібінің бұзулының  себептері болып, шағын бизнес субъектілерінің  қаржылық жағдайының төмен болуы.

     Республикадағы  соңғы жылдардағы ұлттық экономиканың тұрақтану жағдайына қарамастан, шағын бизнес субъектілерінің әлі  де болса қаржылық  ресурстардың жетіспеушілік жағдайларының қиын екендігін айтуға болады, бұл әсіресе  салық пен басқа да міндетті төлемдерді төлеу жағдайына кері әсерін тигізіп отыр.  

     Мұндай  жағымсыз факторларды төмендету  үшін мемлекетте жүргізілетін экономикалық стратегияға және салықтық процесстердің  одан әрі жеңілдетілуі қажет, оның ішінде, шағын бизнес өкілдерін  салықтық қолдау страткегисын жүзеге асыру қажет. Алайда, салық қызметі органы  үлес қоса алады, оның ішінде шағын бизнес субъектілеріне салықтық түсіндірулер жүргізіп отыруы қажет.  

    Кесте 9

      Есіл ауданы СБ бойынша 2010 жылдағы  салық түрлері бойынша салықтық тексерулердің нәтижесі

 
 
Көрсеткіштер
Барлы

ғы

Салық төлеуге  тартыл

ғандары

Тексерілген кәсіп

орын

дар

Анықтал

ған құқық бұзу

шылық

Тексеру нәтижесі бойынша қосып есептел

гені, мың  теңге

Есептелгеннен өндіріп алынға

ны, мың теңге

1 Корпорациялық табыс салығы 9930 6944 242 157 922658 135829
2 Қосылған  құнға салынатын салық 4276 3939 236 161 680106 220207
3 Акциздер  13 4 0 0 0 0
4 Әлеуметтік  салық 9930 7257 445 75 7213 6257
5 Мүлікке салынатын салық 4604 4503 221 10 5300 67
6 Жеке табыс  салығы 9930 7257 445 75 7213 6257
7 Жер салығы 1672 1576 149 2 28 0
8 Көлік құралдарына  салынатын салық 759 755 175 7 127 30
9 Зейнетақы қорына міндетті жарналар 9930 7257 216 38 2331 1755
     Ескерту-Астана қаласы Есіл ауданы бойынша салық комитетінің есебі, 2010ж.
 

     Шағын бизнес өкілдерінің жағдайын талдай отырып, әрбір салық түрлері бойынша салықтық тексерулердің түрін және құрылымын қарастырамыз. Ол арқылы, қандай салықтардан салықтық құқық бұзушылықтардың басым болатындығын білуге болады. Салық органдарының қызметінің нәтижесін және нақты салықтар бойынша салықтық тексерудің нәтижесі салықтардың нақты түлері бойынша күрделі жағдайды, оның ішінде салықтан жалтару мәселесін анықтауға болады.  Жоғарыдағы кестеде тексерілген кәсіпорындардың ішінде салықтар бойынша жіберілген құқық бұзушылық көбінесе корпорациялық табыс  салығы бойынша жіберілгендігін көруге болады. Оның ішінде, тексерілген кәсіпорындардың 64,8% -інде аталған салық бойынша бұзушылық анықталған және ҚҚС бойынша тексерілген кәсіпорынның 68,2% -інде бұзушылық анықталған, оның ішінде ең аз бұзушылық жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша кездеседі,  яғни, 16,8% құрайды. 

    Осылайша, аудан бойынша жеке табыс салығын  есептеу мен төлеу бойынша  бұзушылықтар (оның ішінде басым бөлігі жеке кәсіпкерлер бойынша) заңды тұлғаларға қарағанда жеке кәсіпкерлерде екі есе жоғары болып отыр, яғни жеке кәсіпкерлер бойынша 45,2% құрайтын болса,  заңды тұлғаларда 22%.

     Жоғарыдағы  кестедедегі мәліметтер бойынша анықталған салық сомаларына көңіл аударатын болсақ, заңды тұлғалардың әрқайсысының басына шаққандағы құқық бұзушылықтарды талдайтын болсақ, онда жер салығы бойынша бұзушылықтар басым түсіп отыр, яғни, құқық бұзушылықтардың санының төмен болуына қарамастан, оның мөлшері  1476,4 мың теңгені құрайды.  Содан кейінгі орында ҚҚС алады, яғни әр төлеушінің басына орта есеппен  1313,7 мың теңге, ҚҚС бойынша қосып есептелген салықтардың мөлешір аудан бойынша қоысп есептелген соманың үш бөлгендегі екі бөлігін құрайды.  Жеке кәсіпкерлерден алынатын салықтардың ішінде құқық бұзушылық бойынша бірінші орында қосылған құнға салынатын салық, ол жалпы соманың  39% құрайды немесе 208,7 мың теңге. Аталғандардың бәрі нақты ҚҚС-ын есептеу мен төлеуде кездесетін мәселелер басқа салықтарға қарағанда көптеп кездесетіндігін көрсетеді[21].

     Қосып есептелген соманы өндіріп алу процессі сияқты маңызды мәселеге назар аударатын болсақ, заңды тұлғалармен салыстырғанда жеке кәсіпкерлерден өндіріп алынатын салықтардың үлесі, сәйкесінше 57,2 және 67,6% әлде қайда төмен екендігін байқауға болады. Сол сияқты ҚҚС салығы заңды тұлғалардан 73,6% өндіріп алынса, жеке тұлғалардан  39% өндіріп алынған. Айтылған жағдайдың бәрі заңды тұлғаларға қарағанда шағын бизнес субъектілерінің жағдайының салыстырмалы түрде төмен деп қорытындылауға мүмкіндік береді.

     Сонымен қатар меншік салықтарына тоқталатын болсақ, оның ішінде салық сомасы мүлік салығы мен көлік құралдарына салынатын салық бойынша салыстырмалы түрде жоғары деңгейде өндіріп алынғансома 100 пайызға дейін жетеді.  Онда болған бұзушылықтардың көбі салықтан жалтарудан емес, біздіңше салықты есептеуде жіберілген қателіктерден немесе мүліктің уақытылы тіркелмеуінен және амортизациялық аударымдардың дұрыс аударылмау себептерінен болуы мүмкін. Сонымен бірге, жеке табыс салығына қарағанда корпорациялық табыс салығын өндіріп алу мәселесі жоғары, өйткені табыс салықтарын есептеудің айырмашылығында болса керек. 

        Жоғарыдағы айтылғандардан төмендегідей  қорытынды шығаруға болады, жалпы Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсім алдыңғы жылмен салыстарғанда әлде қайда жоғары орындалған, ол салық басқармасының жұмыс жасау уақытының аз болуы себебінен салық төлеушілердің басқа аудандық басқармалардан ауысып келу жағдайына, сөйтіп салық базасының жоғарылауына тікелей байланысты және басқармада салық бақылауы қызметі өз деңгейінде жүзеге асырылады, дегенмен бірқатар мәселелер де жоқ емес, яғни салық қызметі органдарының салықтық бұзушылықтардың алдын-алу және оларды анықтау бойынша қарыз - кәсіпорындармен  белсенді қызмет етіп отырғандарына қарамастан, кәсіпорындардағы күрделі қаржылық-шаруашылық жағдайы мен шағын бизнес субъектілерінің тұрақты қызмет жасамауы алдыңғы жылдардан қалып келе жатқан қарыздарды өндіріп алуға кері әсерін тигізіп отыр.

 

     

       3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары 

    3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму перспективасы 
 

    Қазіргі кезде де салық жүйесін саяси-құқықтық қалыптастыру процесі жалғасуда. Салықтың реттеушілік маңызын ұлғайтумен және мемлекетпен шешілетін мәселелерге байланысты салық салудың реформалары жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы алдында үлкен мақсат тұр – ол экономиканы жақсарту ғана емес, сонымен қатар бұл процестерді жандандыру факторы болып таыблатын салық жүйесін құру.

       Салық салу бойынша жүргізілетін  реформалардың басты мәселесі – жалпымемлекеттік мәселелерді шешу үшін қажетті қаржы қаражаттарын алу мен экономикалық субъектілер үшін салық ауыртпалығы компромисін табу. Нарықтық қатынастарға өтуде оның әлеуметтік-экономикалық реттеуші қызметін трансформациялауға мемлекеттік ықпал ету орталықтандырылған инструмент ретінде салықтың маңызын өсіруді қажет етеді. Бұл көбінесе жеке және заңды тұлғаларға салық салуды ретейтін құқықтық нормалардың өзгеруінде, салықтық құқықтық қатынастардың субъектілерінің ортасында, салық төлеушілердің мәртебесінде, олардың салықтық құқықты бұзу бойынша жауапкершілігінде, сонымен қатар салықтың құқықтық құрылымында көрінеді[22].

       Сонымен бірге, салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық әкімшілігін жетілдіруге де соңғы кезде, салық төлушілер мен салық қызметі органдары тарапынан аз көңіл бөлініп отырған жоқ. Сонда да болса, кейбір салыққа қатысты ақпараттық жүйеде техникалық кемшіліктер кездесіп отырады, мысалға, салық төлеушінің кілті ашылмай қалатын немесе ақпраттық жүйе уақытында жаңаланбай қалуы деген сияқты келеңсіздіктерден салық төлеуші кінәлі болып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып жататын кездері аз емес. Салық менеджментін жетілдіруде осындай мәселені де қолға алу қажеттігі туындап отыр.

    Мемлекет  басшысы ҚР Үкіметіне бизнеске әкімшілік жүктемелерді жеңілдету мен алдағы уақытта рұқсат беру жүйесін     оңайлатуды жүргізуді тапсырды. Берілген тапсырманы орындау мақсатында 2008 жылдың  18 науырызында ҚР Үкіметінің №259 қаулысы бойынша ҚР Премьер Министрінің басқаруымен әкімшілік тосқауылдарды жою мен мемлекеттік органдардың басшылары ғана емес бизнес-ұйымдардың, сонымен бірге USAID жобасының өкілдеріне де бизнес климатты жақсартумен айналысатын комиссия құрылды.   Осы комиссияның бірінші отырысында USAID өкілдері 178 елде 10 негізгі  көрсеткіштер бойынша анықталатын «Doing Business» (легкость ведения бизнеса) әлемдік банкінің рейтингтерінің қортындысын көрсетті. Қазақстан бұл рейтинг қортындысы бойынша 71 орында тұр.

      «Мемлекет кәсіпкер» арақатынасы  процесстерін  жетілдіру мақсатында  жұмыс істеп жатқан, түбінде Қазақстандағы бизнесті жеңіл, қарапайым, тез, арзан жүргізуді, салық  салынатын базаны ұлғайтатын, жұмысбастылықты көбейтетін,  тауар мен қызмет нарығын жақсартатын осы жоба аясында келесі процестер таңдалып алынды:

    Кесте 10

    Бизнесті жүргізудегі қарапайымдылық бойынша Қазақстанның рейтингі 

        Көрсеткіштер     Рейтинг
        Бизнесті  жүргізудегі қарапайымдылықтың  жалпы рейтингі     71
        Көрсеткіштер  бойынша      
        1)Компаниялар  ашу     57
        2)Лицензия  беру (құрылыс салуға)     173
        3)Қызметкерлер  мен жұмысшыларды жалдау     22
        4)Меншікті  тіркеу     72
        5)Кредит  алу     48
        6)Инвесторлардың  қызығушылығын қорғау     51
        7)Салық  төлеу     44
        8)Халықаралық  сауда саттықты енгізу     178
        9)Келісім  шарттарды орындауды жүзеге асыру     28
        10)Компанияларды  жабу (банкрот)     100
        Ескерту –дерек көзі: *«Doing Business 2008» Әлемдік банкінің есеп беру мәліметтері негізінде

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары