Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 11:32, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі жағдайына сипаттама беру және даму перспективасына анықтау болып табылады.
Аталған мақсатқа жетуде төмендегі мәселелерді қарастыруды жөн көрдік:
Нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы кезіндегі салық жүйесінің экономикалық мәні мен мазмұны және атқаратын рөлі;
Салық жүйесінің жүзеге асырылу механизмі мен мақсаттық бағыттарын қарастыру;
Қазіргі кездегі салық салу жүйесінің қызмет ету механизміне сипаттама беру;
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болатын мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны;
Бюджетке салықтардың толықтай және уақытылы түсуіне салық әкімшілігінің тигізетін әсерін пайымдау;
еліміздің салық салу саясатын болашақта оңтайландыру жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………6
1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәні мен мазмұны және оның қалыптасуы………………………………………………………………….8
1.1 Салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және құрылуының теориялық негіздері……………………………………………………………………………...8
1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық қызметі органдарының қалыптасуы…………………………………………………………………………14
1.3 Салық жүйесінің қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі……………………..19
2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі даму жағдайы (Есіл аудандық салық басармасы мысалында)……..………….…24
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бүгінгі күнгі қызмет ету механизмі……………………………………………………………………...…….24

2.2 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау…………………………………………………….……….……29
2.3 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсімдерге талдау....37

3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………….47
3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму
перспективасы……………..………………………………………………………47
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамытудың стратегиялық жоспары……………………………………………………………………………..55

Қорытынды ………………………………..…………………………………….66
Пайдаланылған әдебеиттер.................................................................................69

Работа состоит из  1 файл

ДР-салык жуйеси.doc

— 690.00 Кб (Скачать документ)

    Шағын кредиттік ұйымдарға салық кезеңі ішінде берілген кредиттер сомасының 15 %-ынан аспайтын күмәнді шағын кредиттерге  қарсы резервтер жасау бойынша  шығыстар сомасын шегеру құқығы берілді[31].

    Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесі реформаланды.

    Жер қойнауын пайдалану бөлігінде роялти төлеуді пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықпен (ПҚӨС) ауыстыру көзделген. ПҚӨС есептеу әлемдік баға бойынша есептелген жер қойнауын пайдаланушылардың өндірген пайдалы қазбалары көлемінің құнынан жүргізілетін болады. Бұл ретте, рентабелділігі төмен, суландырылған, аз дебетті және өндірілген кен орындарын өндіретін жер қойнауын пайдаланушылар үшін жеңілдік ставкалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленетін болады. «Тенгизшевройл» ЖШС (ТШО) келісім шарттары мен қолданыстағы Өнімді бөлу жөнінде келісімдерден (ӨБК) басқа барлық жер қойнауын пайдаланушылар үшін келісім шарттардың салық режимінің «тұрақтылық» ережесі алынып тасталынды.

    Ал  Ресейде бүгінгі таңда корпоративтік  табыс салығы – 24 пайыз, қосымша  құн салығы - 18 пайыз, әлеуметтік салық 26,2 пайызды құрауда.

    Мамандардың айтуынша, өндіруші сектордағы салық  жүктемесін арттыруда роялти, пайдалы  қазбалар өндіру салығын (НДПИ) қазіргі 2,6 пайыздан 2009 жылы - 5,18, 2010 жылы - 6-19, ал 2011 жылы 7-20 пайызға дейін өсіру  қарастырылған. Онда рента салығын  да бүгінгі таңдағы 1,33 пайыздан (20-40 АҚШ доллары), 2009 жылдан бастап 32 пайызға (20-200 АҚШ доллары) көтеру көзделіп отыр[23].

    Әлеуметтік  салықты реформалау шеңберінде 13-тен 5 %-ға дейінгі ставкалары бар кемімелі шәкілден 11 %-дық ставкасымен жайпақ шәкілге өту жүзеге асырылуда. Жеке табыс салығы бойынша бірыңғай ставка 10 пайыз деңгейінде сақталынды.

    Сондай-ақ, Салық кодексінде мүлік салығын  реформалау көзделген, мысалы, мүлік  салығына салық салу объектілері  барлық мүліктен жылжымайтын мүлікке  дейін қысқартылды, құны 120 млн. теңгеден жоғары қымбат бағалы мүлкіне ставкалары 0,5-тен 1 %-ға дейін арттырылды, сондай-ақ көлік құралдарының салығын есептеу барысында автокөлік құралдарының түзету коэффициенттері алып тасталды.

    Мемлекет  Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында салықтық әкімшілендіруді Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің болмысына сәйкес келтіру жөнінде міндет қойылған. Салықтық реформалардың басқа бағыттарымен қатар жаңа Салық кодексі тікелей әрекет ету заңы болуы тиіс екендігі айқындалған, бұл ретте, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілердің мүдделерін үйлестіру қажет. Осыған байланысты, Салық кодексіне салық салу саласындағы нормативтік құқықтық актілер барынша қосылды, салық рәсімдері жеңілдетілді.

    2009-2013 жылдарға арналған мемлекеттік  бюджет кірістері жаңа Салық кодексінің экономиканың шикізат секторына салық жүктемесін төмендетуді қарастыратын ережелерін есепке ала отырып, орта мезімді кезеңде макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды өлшемдері негізінде айқындалды.

    Кірістер  есебінде мемелекеттік басқару және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақыларын 2009 және 2010 жылдары 25%-ға, 2011 жылы 30%-ға көбейту және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударымдарды 2009 жылы 3%-дан 4 %-ға дейін және 2010 жылы 5 %-ға дейін ұлғайту нәтижесінде әлеуметтік салық түсімдерінің төмендеуі және 2009-2013 жылдары ең аз жалақыны ұлғайту ескерілді.

    Жергілікті  салық басқармаларында проблемаларды  шешу барысында да көптеген жұмыстар жасау қажет. Баршаға белгілі  салық есептілігін өңдеу жүйесін (СОНО) енгізген кезде көптеген проблемалар мен қайшы пікірлер туындады, ол мәселелер бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Аталған жағдай  элекетронды түрде салық есептіліг тапсырушы салық төлеушілердің үлесіне әсерін тигізді. 2010 жылдың 2 тоқсанында салық есептілігін тапсыру кезінде және кейінгі уақыттарда салық есептіліг өңдеу жүйесіне есептілікті енгізу мәселесі, олардың артықщылықтары мен кемшіліктері туралы салық төлеушілерге түсіндіріліп келе жатыр. Сондықтан, аталған жағдай электронды түрде салық есептілігін тапсырушылардың үлес салмағын 90 % жеткізу салық басқармасының негізгі міндеті болып отыр.

    Салық төлеушілердің жеке шотына өзгертулер және артық енгізілген салықтарға түзету енгізу мәселесін оңтайландыру үшін жұмыстар жүргізілетін болады.

    Бөлімнің  негізгі міндеттері салық төлеушілерге көрсетілген салық қызметтерінің сапасын жоғарылату болып табылады, сонымен бірге шығатын құжаттармен ақпараттандыру деңгейлерін жоғарылату болып табылады.  01.01.2010 жылдан және 31.12.2010 жыл аралығында Есіл ауданы бойынша салық басқармасының аталға бөлімінде олардың мамандарына қатысты бірде бір шағым түспеген, барлық мәселелер олардың пайда болған кезінде шешіліп отырады. Алдағы уақытта салық төлеушілердің салық қызметі мамандарына деген қанағаттанралығын раттару бойынша және жеткен деңгейді төмендетпеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Сонымен бірге өндірістік емес төлемдер бойынша кейбір қызметті жүзеге асыру қажет:

  • өндірістік емес төлемдер бойынша жоспардың орындалуына жағдай жасау;
  • салық салу режимі бойынша қызмет ететін жеке кәсіпкерлердің қызметіне жан жақты талдау жасау; қосымша салық салу базаларын анықтау және бюджетке төленетін төлемдердің санын жоғарылату;
  • өндірістік емес төлемдер бойынша салық базасын қалыптастыру жұмыстарын жетілдіру;
  • Қабылданған салық есптілігінің нысандары бойынша бақылау мен талдауды жүзеге асыру;
  • Астана қаласы СД және басқа да мемлекеттік органдар алдындағы есептілікті уақытында сапалы және дәлелді ақапарттарды дайындау және оған бақылау жүргізу; 
  • Қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру бойынша үнемі жұмыстар жүргізіп отыру және техникалық сабақтар өткізу;
  • Жоспарға сәйкес уәкілетті органдарға тексеру жүргізу;
  • Салық, бюджетуке төленетін басқа да міндетті төлемдер және міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік жарна бойынша қарыздарды максималды түрде қысқарту үшін әрекеттер жасау.
  • Қарызы бар салық төлеушілер, салық агенттерінің санын мейілінше қысқарту;
  • Астана қаласы салық Департаментінің тапсырмасын уақытында және бұлжыытпай орындау;
  • Заңды және жеке тұлғалардың жүгінген сұратқарына уақытылы және сапалы түрде жауап беру.

    Салық жүйесін жан – жақты қарастыруды  қорытындылай келе, оның барлық жақсы  жаман жақтарын талдай отырып келесі тұжырымдарды жасауға болады.

    ҚР-ның  салық жүйесін өзгерту мақсаты  елдегі жағдайды жақсарту, қысқа мерзімді төлемге өту. Бұл төлеушілермен мемлекетті қызықтырып мемлекет бюджетке кірістің деңгейі тұрақты болуы қажет.

    Қазір Республикамызда салық саясаты  бірнеше деңгейде өсті. Макроэкономиканың  көрсеткіші тепе-теңдікке жетті. ТМД  елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып салық заңын қабылдады. Бірақ салық жүйесінде бірқатар кемшіліктер де жоқ емес. Олар:

  • Салық сатысында бірнеше шешілмеген мәселелер бар, бұл мемлекеттік бюджеттен түсетін қаражат қажет істерге жетіспеуінен;
  • Салық жүйесінің толық қанды еместігі кәсіпкерлер, шетел инвестициялары, қарапайым халық салық талаптарын орындамайды. Соның себебінен көлеңкелі экономика дамиды.
  • Шетелдерден келген үлкен кәсіпорындар да салық төлеуден жалтарады. Ал бұл халықаралық валюта қорына кіретін қаражат;
  • Айтарлықтай бұхгалтерлік қателікті көрсетпеу, салықтан жалтару мақсатында кірістерін жасырушылар әлі де бар;
  • Төлеушілердің уақытылы салық сомаларын төлемеуінен қарызкерлердің көбеюуі, осы қарыздарды жинағанда мемлекеттің бюджеттік жағдайы жақсарар еді.
  • Салық төлеу мерзімін қысқарту қажет, себебі, салық қызметі органдарының басшысы сұраған төлеушіге мерзімін созуға құқығы бар.
  • Салық төлеушілердің құқығы әлсіз және сот төрағасының білімі төмен.
  • Шетелден Қазақстан территориясына өте көп тауар әкелінуі Республиканың экономикалық жағдайына кері әсер етіп отыр.

    Осы мәселелерді шешу үшін бірнеше жұмыс  істелу қажет:

  • Салық жинауды ұтымды түрде ұйымдастырғанда ғана, бюджет кірісі тепе-теңдікке жетеді.
  • Салық базасын кеңейту;
  • Салық жүйесін жұмсарту;
  • Жергілікті бюджетті қамтамасыз ету қажет.

    Салық жүйесін қатаң сақтау төлем тәртібін жоғарылатады деп айтуға болмайды. Салық төлеу объектілерін толығымен  есепке алмағандықтан – салық  төлеушілері көп. Салық жүйесін  өзіндік тұрақтылыққа жеткізу үшін және реформалау үшін мына шараларды  қолдану қажет:

    • салық жүйесінің тұрақтылығын қамту керек;
    • бюджет жағдайын ЖІӨ 30% жеткізу керек;
    • салық жүйесін бір жүйеге келтіру;
    • кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік бақылау.

    Барлық  өзгерістер тек бюджеттің құрамымен  өтуі қажет. Мемлекеттік бюджетке  салықтық түсімдер деңгейін сақтап тұру үшін, өзгерістерді жиілетпеу шарт.

 

     Қорытынды 

    Мемлекет  нарықтық экономиканың  дамуын жүзеге асыратын көптеген экономикалық құралдардың  арасында салық маңызды орын алады. Нарықтық қатынастар жағдайында және нарыққа өтпелі кезеңде, салықтық жүйе маңызды эекономикалық  реттеушілердің бірі, экономиканы мемлекеттік реттеу механизімінің қаржылық-кредиттік негізі болып табылады. Салық, бүкіл салықтық жүйе секілді нарықтық жағдайында экономиканы басқарудың күшті құралы болып табылады. Салық салу жүйесінің қаншалықты дұрыс құрылуына, бүкіл халық шаруашылығының тиімді  қызметі тәуелді.

    Сондықтан, жоғарыда жұмысты жаза келе келсі  тұжырымдар жасауға болады.

    1.Салықты қолдану-басқарудың экономикалық әдістерінің бірі және ведомоствалық бағынуы мен кәсіпкердің ұйымдасқан-құқықтық меншігінен тәуелсіз, жалпы мемлекеттік мүдде мен кәсіпорынның немесе кәсіпкердің  коммерциялық мүддесінің арасындағы өзара байланыс.  Салықтардың көмегімен шет ел инвестициясын тартуды қоса алғанда, сыртқы экономикалық қызмет реттеледі, шаруашылық есептік табыс пен кәсіпорынның пайдасы жасалады. Салықтардың көмегімен мемлекет өзінің қоғамдыөқ қызметтерін орындау үшін қажетті ресурстарды өз қолына алады. Салықтарды есебінен табыстар бөлінісі өзгертетін, әлеуметтік қамтамасыз етуге жұмсалатын шығын қаржыландырылады. Салық салу жүйесі адамдар арасындағы табыстардың бөлінуі жүзеге асырылады.

    2.Салықтық жүйе-жүзеге асырып жатқан экономиканың ең күрделі мәселенің бірі. Ол Қазақстанның экономикалық дамуындағы  маңызды құрамдас жағдайы болып табылады. Қазіргі кезде салықтар қоғам алдында тұрған негізгі міндеттерді шешуге бағытталған реформалардың кешенді жүйесінің бір бөлігі болуы тиіс. Салықтық саясаттың негізін қалай отырып, ҚР үкметі төтенше күрделі проблеманы шешу қажеттілігін түсінді. Оның маңыздылығы сонда,  бір уақытта көптеген жағдайлар мен факторларды ескеруі қажет.

    Өте маңызды өзгерістер қатарына  салық жүйесін реформалау жатқызылады.  Мұндағы ең басты жетістік  ол жүйенің кеңейтілуі және  бұл жүйеге көп төлемдер санының қосылуы. Қосылу себебі, біріншіден мемлекеттің өзінің қаржылық базасын қатайту мақсатында, екіншіден, осы мақсатта әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер ету механизмін үлкейту, күшейту қажеттілігінде болды. Өкінішке орай, бұл әрекет толық орындалмады. Салық жүйесінде салық салудың фискалдық бағытына қарай өтті, бұл бюджетке керекті қаражат әкелмеді, ал салықтық реттеу және ынталандыру қызметтері тиімсіз құрылды, соның ішінде меншіктік төленбеген төлемдік баға жүйесі бәсекелестігі жоқ қатынастардың реттелмеушілігінен туындады.

 3. Салық заңын қабылдау алдында салықтық жүйенің кемшіліктері бірден көрінеді. Бұл салықтар санының өте көп болуы және көлемінің өте үлкен болуы, шаруашылық субъектілері табысының жалпы сомасынан алынатын салықтық төлемдер үлесінің тым көптігі, соның салдарынан салықтық ауыртпалықтан құтылудың жолдарын іздеуге мәжбүрлік туындайды. Мұнда коммерция саласы анағұрлым маңызды, өйткені мұнда қаражат айналымға тез түседі. Бірақ мұнда да, қаржылық-кредиттік жағдай тұрақсыз, алықтар банкрот болу мүмкіндігін соншалықты ұлғайтатындықтан, кәсіпкерлерді көлеңкелелі шаралар қолдануға итермелейді. Осылайша салықтық жүйе көлеңкелі операциялардың өздігінен көбейуіне негізделеді.

   4. Кейбір дамыған елдердің салық жүйесін қарастыра келе, түйіндегеніміз олардың салық жүйесінің жан-жақтылығы да бар және ұқсастықтары да жоқ емес, мысалға көптеген елдерде бюджеттің кіріс көзін құрау жағынан табысқа салынатын салықтар мен жанама салықтардың басқа салықтарға қарағанда үлесінің жоғарылығы. Артықшылықтарына келетін болсақ, мысалға меншікке салынатын салықтар бойынша біздегі сияқты меншік түрлеріне салынатын салықтар  шектеулі ғана емес, әсіресе мұраға салынатын салықтардың дамығандығы басқа тікелей салықтар бойынша ауыртпалықтың азаюына жағдай жасайтын еді және мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін молайтуға мүмкіндік беретін еді.

 5. Жергілікті деңгейде салық жүйесінің қызмет етуін бағалау аудандық салық басқармаларының қызметін талдау арқылы жүзеге асыруға болады. Жалпы, Есіл аудандық салық басқармасы салық заңнамасы мен уәкілетті органдар бектікен заңнамалық актілер негізінде қызмет ететін Астана қаласының жаңадан құрылған (2008  жылы құрылып, 2009  жыдан бастап қызмет еткен) салық басқармасы болып табылады. Соған қарамастан, өзіне тиісті қызметтердің барлығын уақытылы және толықтай атқраып бюджет түсімдерін қалыптастыруға зор үлес қосып отырған салық басқармаларының бірі ретінде саналады.

     6. Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсім алдыңғы жылмен салыстарғанда әлде қайда жоғары орындалған, өткен жылмен салыстырғанда 2010  жылы салықтық түсім 7,5 есеге артық орындалған. Ол Есіл аудандық салық басқармасының 2009  жылы  жаңадан ашылуымен тікелей байланысты. Сарыарқа және Алматы ауданы бойынша салық басқармасынан ауысып келген салық төлеушілер мен салық объектілерінің толық қалыптаспауының себебінен болып отыр. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 148176271 мың теңгені құраған. Жоспарланған сома 132705082 мың теңгені құраған, оның орындалуы 111,7 пайызды құраған. Оның ішінде, жергілікті бюджет түсімі 20991 млн теңге болса, республикалық бюджетке түсім 126506 млн теңгені құрайды. Ол салық басқармасының жұмыс жасау уақытының аз болуы себебінен салық төлеушілердің басқа аудандық басқармалардан ауысып келу жағдайына, сөйтіп салық базасының жоғарылауына тікелей байланысты және басқармада салық бақылауы қызметі өз деңгейінде жүзеге асырылады, дегенмен бірқатар мәселелер де жоқ емес, яғни салық қызметі органдарының салықтық бұзушылықтардың алдын-алу және оларды анықтау бойынша қарыз - кәсіпорындармен  белсенді қызмет етіп отырғандарына қарамастан, кәсіпорындардағы күрделі қаржылық-шаруашылық жағдайы мен шағын бизнес субъектілерінің тұрақты қызмет жасамауы алдыңғы жылдардан қалып келе жатқан қарыздарды өндіріп алуға кері әсерін тигізіп отыр.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары