Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 11:32, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі жағдайына сипаттама беру және даму перспективасына анықтау болып табылады.
Аталған мақсатқа жетуде төмендегі мәселелерді қарастыруды жөн көрдік:
Нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы кезіндегі салық жүйесінің экономикалық мәні мен мазмұны және атқаратын рөлі;
Салық жүйесінің жүзеге асырылу механизмі мен мақсаттық бағыттарын қарастыру;
Қазіргі кездегі салық салу жүйесінің қызмет ету механизміне сипаттама беру;
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болатын мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны;
Бюджетке салықтардың толықтай және уақытылы түсуіне салық әкімшілігінің тигізетін әсерін пайымдау;
еліміздің салық салу саясатын болашақта оңтайландыру жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………6
1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәні мен мазмұны және оның қалыптасуы………………………………………………………………….8
1.1 Салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және құрылуының теориялық негіздері……………………………………………………………………………...8
1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық қызметі органдарының қалыптасуы…………………………………………………………………………14
1.3 Салық жүйесінің қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі……………………..19
2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі даму жағдайы (Есіл аудандық салық басармасы мысалында)……..………….…24
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бүгінгі күнгі қызмет ету механизмі……………………………………………………………………...…….24

2.2 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау…………………………………………………….……….……29
2.3 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсімдерге талдау....37

3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………….47
3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму
перспективасы……………..………………………………………………………47
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамытудың стратегиялық жоспары……………………………………………………………………………..55

Қорытынды ………………………………..…………………………………….66
Пайдаланылған әдебеиттер.................................................................................69

Работа состоит из  1 файл

ДР-салык жуйеси.doc

— 690.00 Кб (Скачать документ)

                  Салықтық тексеру барысында салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару фактілері, сондай-ақ қылмыс белгілерін көрсететін әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді.

    Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды.

    Басқармаға  жүктелген қызметін атқаруда келесі құқығы бар:

  • салықтық бақылауды жүзеге асыруға;
  • салық төлеуші осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік құпия болып табылатын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімі мен (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық агентінен) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жуйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге;
  • салық төлеушіден салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстаудың және аударудың) уықытылығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақытылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушінің қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент – салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін беруін талап етуге құқылы.

   Салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы еодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге құқылы.

   Нұсқама негізінде объектінің тұрған жеріне қарамастан, салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруге, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуге;

   банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтайды;

   Кодексте  белгіленген тәртіппен салық  салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен  айқындауға;

   Салықтық  тексерулерге мамандарды тартуға;

   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талаптар қоюға;

   Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жүктелген міндеттерді іске асыруды Салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға;

   Қоғамның  салық мәдениетін және салық заңнамаларының мәселелері жөнінде ақпараттылығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге;

   Кадрлар біліктілігін арттыру бойынша әс-шаралар  жүргізуге.

    Басқарма  тікелей Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитеті Астана қаласы бойынша Салық Департаментіне бағынады және жергілікті атқарушы органдарға қатысты емес.

    Басқарманы  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі  Салық Комитетінің Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын  Бастық басқарады.

    Басқарма  Бастығының Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитеті Астана қаласы бойынша Салық Департаментінің Бастығы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын үш орынбасары бар.

    Басқарма  Бастығы Басқарма жұмыстарын ұйымдастырады  және оған басшылық жасайды және Басқармаға жүктелген функциялардың орындалуына  жеке жауап береді. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

     Астана  қаласы Есіл ауданы бойынша салық  басқармасының қазіргі құрылымы 1- суретте көрсетілген.

      
 

    

    

    

    Сурет 1 Есіл ауданы бойынша салық комитетіның құрылымы 

    Жоғарыдағы  аталғандарды қорытындылай келе Есіл аудандық салық басқармасы салық  заңнамасы мен уәкілетті органдар бектікен заңнамалық актілер негізінде  қызмет ететін Астана қаласының жаңадан  құрылған (2008  жылы құрылып, 2009  жыдан бастап қызмет еткен) салық басқармасы болып табылады. Соған қарамастан, өзіне тиісті қызметтердің барлығын уақытылы және толықтай атқраып бюджет түсімдерін қалыптастыруға зор үлес қосып отырған салық басқармаларының бірі ретінде саналады. 

     2.2 Есіл аудандық  салық басқармасы  бойынша салықтық  түсімдерге талдау 
 

    Салықтарды  экономикалық тұрғыдан талдау мемлекеттің  салық механизміндегі қаржылық –  экономикалық зерттеудің негізгі элементі болып табылады.

    Салық жүйесінің қызмет ету жағдайына бүгінгі күні баға беру үшін, жалпы салықтық түсімдердің бюджет кірісіндегі атқаратын рөлі мен жалып ішкі өнімдегі оның алатын орнын қарастыру арқылы анықтауға болады.

    Өндіргіш  күштердің дамуына, ұлттық байлықтың  өсуіне қарай қоғамдық өндіріске  қатысушылардың – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың және мемлекеттің табыстарын қалыптастыру, бөлу және пайдалану бойынша қоғамдағы қаржылық қатынастар да жетілдірілуде. Бастапқы табыстар тауарлар мен қызметтер өндірісі сферасында қалыптасады және елде жасалынған жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) құнын құрайды. Қаржылық қатынастардың басқа бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бастапқы табыстарын бөлу сферасын қамтиды.

     ЖІӨ-ге салықтық төлемдердің оңтайлы үлесі  мемлекеттің қаржылық ресурстарға деген қажеттіліктерімен және экономиканың тиімді қызмет ету жүйесін сақтау (жасау) қажеттілігімен анықталады.

    2010 жылы мемлекеттік бюджетке 5,2 трлн жиынында түсім түсті, оның ішінде кірістер 4,2 трлн теңге, ал салықтық түсімдер 2,9 трлн.теңгені құраған[20].  

     Кесте 2

Қазақстан Республикасының  бюджетіндегі салықтық түсімдердің  үлес салмағы 

Жылдар Барлық кірістер (млн.тг.) салықтық түсімдер салықтық түсімдердің  үлесі (%)
2008ж 4034410 2 819 509 69,8
2009ж 3505345  2 228 681 63,5
2010ж 4 299132 2 934 081 68,2

     *ҚР ҚМ Статистикалық бюллетені, желтоқсан 2010ж. 

    Сандық  мәліметтерден көріп отырғанымыздай, 2010 жылы салықтық түсімдер жалпы кірістердегі үлесі 68,2% болып отыр, 2009 жылмен салыстырғанда 5,3 %-ға жоғарылаған, ал, 2008 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға төмендеген.

    Соңғы жылы салықтық түсімдердің көбейгені, біріншіден салық базасының артқанын айғақтайды, ал, салық базасы ел экономикасының тұрақтандырылып, халықтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің төлем қабілеттілігінің өскенін дәлелдейді. Сонымен қатар, салық базасының өсуіне салық саясатының да дұрыс жолға қойылғандығының да атқаратын маңызы зор[21].

    Сонымен бірге, экономикадағы бюджет түсімдерінің, оның ішінде салықтық түсімдердің атқаратын  рөлін байқайтын болсақ, онда жалпы  ішкі өнімдегі салықтардың үлесі де жыл өткен сайын өсіп отыр. ЖІӨ-ге %-бен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке жалпы түсімдердің үлесі, 2008 жылы -17,7% болды, 2009 жылы -14,2%, 2010 жылы -13,6 құрайды (кесте). 

    Кесте 3

 Бюджет  кірістері мен салықтық түсімдердің ЖІӨ-дегі үлесінің өсу деңгейі 

  Жалпы ішкі өнім, млрд теңге Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда %-бен Мемлекеттік бюджетке түсімдер ЖІӨ-ге % Мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер ЖІӨ-ге %-бен
2008ж 15907,0 103,2 18,6 17,7
2009ж 15887,0 99,8 15,1 14,02
2010ж 21513,5 135,5 20,0 13,6
Ескерту- ҚР ҚМ статистикалық бюллетені, 2008-2010ж.
 

    Байқап  отырғанымыздай, жалпы ішкі өнімдегі бюджет түсімдері мен салықтық түсімдердің  жалпы ішкі өнімдегі үлесі жылдан жылға азайып келе жатыр, биылғы жылы алдыңғы жылмен  салыстырғанда 0,8 пайызға төмендеген, жалпы ішкі өнімнің өсімі де алдыңғы жылмен салыстырғанда 35,5 пайызға жоғарылаған. Егер, 2008-2010 жылдар аралығында жалпы ішкі өнімнің орташа өсімі 9-10 пайызды құраса, 2008 жылы орташа өсім 3,2 пайызды құраған. Ал, 2009 жылы 3,4 пайызға төмендегенін көруге болады, бұл, жалпы әлемдік қаржы нарығының Қазақстандағы экономикалық жағдайға кері әсер еткендігін көрсетеді. Ал 2010 жылы көтерілгенін көруге болады.  Бұл өсуге инфляция деңгейінің жоғарылауы әсерін тигізуі мүмкін.

     Салық жүйесінің қызметі етуін нақты  салық органында қарастыру үшін Астана қаласы Есіл ауданы бойынша  салық басқармасын қарастырамыз.

     Жалпы, Есіл ауданы бойынша салықтық түсім 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 148176271 мың теңгені құраған. Жоспарланған сома 132705082 мың теңгені құраған, оның орындалуы 111,7 пайызды құраған. Оның ішінде, жергілікті бюджет түсімі 20991 млн теңге болса, республикалық бюджетке түсім 126506 млн теңгені құрайды.

     Өткен жылмен салыстырғанда 2010  жылы салықтық түсім 7,5 есеге артық орындалған. Ол Есіл аудандық салық басқармасының 2009  жылы  жаңадан ашылуымен тікелей байланысты. Сарыарқа және Алматы ауданы бойынша салық басқармасынан ауысып келген салық төлеушілер мен салық объектілерінің толық қалыптаспауының себебінен болып отыр. Әсіресе жеке шоттардың дұрыс жүргізілмеуі себебінен қателіктер жіберілген, сәйкесінше салық төлеушілерден түсетін салықтық түсімдердің дұрыс орындалмауы орын алған[21].

       Кесте 4

     Астана  қаласы Есіл аудандық СБ бойынша бюджет деңгейлеріне түскен салықтық түсімдердің орындалуы 

Бюджет  деңгейлеріне салықтық түсімдер, млн тг 2009 жыл 2010 жыл өсу қарқыны,%
жоспар нақты % жоспар нақты % жоспар нақты
Мемлекеттік бюджет 15643 19620 125,4 132705 148176 111,7 848,3 947,2
Республикалық бюджет 9297 12687 136,5 111713 126506 113,2 1201,6 997,1
Жергілікті  бюджет 6345 6932 109,3 20991 21670 103,2 330,8 212,6
Ескерту-Есіл аудандық салық басқармасының мәліметтерінен

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары