Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 11:32, дипломная работа
Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі жағдайына сипаттама беру және даму перспективасына анықтау болып табылады.
Аталған мақсатқа жетуде төмендегі мәселелерді қарастыруды жөн көрдік:
Нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы кезіндегі салық жүйесінің экономикалық мәні мен мазмұны және атқаратын рөлі;
Салық жүйесінің жүзеге асырылу механизмі мен мақсаттық бағыттарын қарастыру;
Қазіргі кездегі салық салу жүйесінің қызмет ету механизміне сипаттама беру;
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болатын мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны;
Бюджетке салықтардың толықтай және уақытылы түсуіне салық әкімшілігінің тигізетін әсерін пайымдау;
еліміздің салық салу саясатын болашақта оңтайландыру жолдарын қарастыру.
Кіріспе………………………………………………………………………………6
1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәні мен мазмұны және оның қалыптасуы………………………………………………………………….8
1.1 Салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және құрылуының теориялық негіздері……………………………………………………………………………...8
1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық қызметі органдарының қалыптасуы…………………………………………………………………………14
1.3 Салық жүйесінің қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі……………………..19
2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі даму жағдайы (Есіл аудандық салық басармасы мысалында)……..………….…24
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бүгінгі күнгі қызмет ету механизмі……………………………………………………………………...…….24
2.2 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау…………………………………………………….……….……29
2.3 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсімдерге талдау....37
3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………….47
3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму
перспективасы……………..………………………………………………………47
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамытудың стратегиялық жоспары……………………………………………………………………………..55
Қорытынды ………………………………..…………………………………….66
Пайдаланылған әдебеиттер.................................................................................69
2.2 Есіл аудандық салық
басқармасы бойынша
салық жүйесінің қызмет
ету жағдайына талдау
Салық жүйесінің қызмет етуін жергілікті деңгейде қарастыратын болсақ, Астана қаласы Есіл аудандық салық басқармасын қарастыруға болады. Есіл аудандық салық басқармасы жаңа құрылған салық органдарының қатарына жатады. Бірақ, онда салықтарды уақытылы және толықтай жинауда көптеген жұмыстар жүргізілді. 2008 жылы 5 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың №637 «Қазақстан Республикасы елордасы – Астана қаласында «Есіл» ауданын құру туралы» Жарлығы шықты. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының жалпы ауданы 31,2 мың гектар жер бөлігін қосумен «Есіл» ауданының әкімшілік шекарасы белгіленді.
2008
жылы 28 қарашада Қазақстан
«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитеті Астана қаласы бойынша Салық Департаментінің Есіл ауданы бойынша Салық Басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы №1101 Қаулысына сәйкес 2008 жылы 12 желтоқсанда №833 Бұйрық қабылданды. Осы Бұйрықта Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитеті Астана қаласы бойынша Салық Департаментінің бастығы А.Ж. Еңсегеновке 2008 жылғы 26 мамырдағы №372 Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің бұйрығымен бекітілген Үлгі Ережеге сәйкес жеті күн мерзімінде «Қаржы Министрлігі Салық Комитеті Астана қаласы бойынша Салық Департаментінің Есіл ауданы бойынша Салық Басқармасы» мемлекеттік мекеме туралы Ережені бекіту және оның заңнамамен бекітілген тәртіпте әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз ету жүктелген[19].
Басқарманың
заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Тұран
даңғылы, 19/1. Басқарманы қаржыландыру
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
жүзеге асырылады.
Тұрғындар саны – 180 мың адам. Ауданның
алып жатқан аумағы – 32 мың.га. ал, нақты
салық төлеушілер санына келетін болсақ,
оны төмендегі кестеден көруге болады.
Кесте 1
Есіл
аудандық салық басқармасы бойынша
салық төлеушілер саны
Көрсеткіштер | Белгіленген мерзімге |
Салық төлеушілердің жалпы саны | 11 232 |
Заңды тұлғалардың жалпы саны | 85 |
Жалпыға бірдей салық режимі бойынша | 73 |
Оңайлатылған декларация бойынша | 12 |
Оның ішінде, қызмет ететіндер | 85 |
Жеке кәсіпкерлердің жалпы саны | 619 |
Жалпыға бірдей салық режимі бойынша | 10 |
Патент негізінде | 43 |
Оңайлатылған декларация бойынша | 559 |
Бірыңғай жер салығы бойынша | 1 |
Бір жолғы талон негізінде | 6 |
Оның ішінде қызмет етушілер саны | 619 |
Жалпы орта және шағын бизнес субъектілерінің саны | 704 |
Жеке тұлғалар саны | 11 004 |
Жалға берілген жер учаскелер саны | 1 738 |
Ескерту-Есіл аудандық СБ мәліметтерінен |
Есіл ауданы бойынша Салық Басқармасы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің толықтығын, міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы аударылуын қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру аясында, өз құзыреті шегінде акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері мен мұнай өнімдерінің өндірілуі және айналымы саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға өкілеттендірілген Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитеті Астана қаласы бойынша Салық Департаментінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылықа алады.
Басқарма
мемлекеттік мекеменің
Басқарманың құрылымы және штат санағының лимиті Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Жауапты хатшысымен бекіткен штат санағының лимиттері шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитеті Астана қаласы бойынша Салық Департаментінің Бастығы бекітеді. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың қызметі болып табылатын міндеттерін орындауда шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Есіл аудандық салық басқармасында салық заңнамасымен белігленген салық бақылауының барлық нысандары жүзеге асырылады.
Бүгінде салық төлеушілер үшін Астана қаласы салық департаментінің (77-31-90) және Есіл ауданы салық басқармасының (67-81-31) сенім телефондары жұмыс істейді. Азаматтар мен шаруашылықты жүргізуші субъектілер осы телефондарға хабарласып, салық органдарының лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі туралы ақпараттар берулеріне болады.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес заңында салық органдарына қаржы бақылау шараларын іске асыру тапсырылған. Кодекстің 532 бабында, мемлекеттік лауазымдағы, сондай-ақ келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың, сол сияқты, аталған адамдардың жұбайының зайыбының кірістер, мүлік туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәліметтерді бермеуі, дер кезінде бермеуі, мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін үш жыл бойы жыл сайын декларация беріп тұрмауы, немесе толық емес, жадған мәліметтерді беруі фактілері бойынша салық органдарының лауазымды адамдары хаттамалар толтырылып, сотқа қарауға жібереді сонымен қатар салық органдарының Кодексте қаралған әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жөніндегі 533-535 баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы анықталған фактілер бойынша хаттамалар жасап, сотқа жіберуге құқығы бар. Осы орайда 532 бабына сәйкес 16 мемлекеттік қызметкердің құжаттары сотта қаралды. Оның 5 әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 әкімшілік жауапкершіліктен босатылды, 5 тоқтатылған, 2 қарастырылуда.
Осы орайда Есіл ауданы Салық басқармасы келесі ұсыныстарды жолдайды:
- тұрақты түрде мемлекеттік қызметкерлер арасында семинарлар, лекциялар өткізу қажет және теледидарларга, радиоларга сұқбаттар, ақпарат құралдарын мақалалар беру керек. Сонда ғана әр бір мемлекеттік қызметкер Сыбайлас жемқорлық құқығын бұзудың түбірі қандай жағдайға алып келетіндігін түсінеді.
- мемлекеттік қызметкерлердің материалдық жағдайын көтеру.
Жоғарыда айтылғандай мемлекеттік қызметкердің жағдайы жөнді болған мақсатта естіп, тыңдап, оқып, көріп жүрсе адам заттың сана сезіміне жетуі тиіс.
Бір
жыл бұрын құрылған Есіл ауданы Салық
басқармасында сыбайлас жемқорлықпен
күрес жолында басқарма басшылығымен
және Астана қаласы бойынша Салық
департаментімен бірігіп
Басқарма Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
а) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;
ә) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;
б) резидент
еместің Қазақстан
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары