Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 11:32, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі жағдайына сипаттама беру және даму перспективасына анықтау болып табылады.
Аталған мақсатқа жетуде төмендегі мәселелерді қарастыруды жөн көрдік:
Нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы кезіндегі салық жүйесінің экономикалық мәні мен мазмұны және атқаратын рөлі;
Салық жүйесінің жүзеге асырылу механизмі мен мақсаттық бағыттарын қарастыру;
Қазіргі кездегі салық салу жүйесінің қызмет ету механизміне сипаттама беру;
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болатын мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны;
Бюджетке салықтардың толықтай және уақытылы түсуіне салық әкімшілігінің тигізетін әсерін пайымдау;
еліміздің салық салу саясатын болашақта оңтайландыру жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………6
1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәні мен мазмұны және оның қалыптасуы………………………………………………………………….8
1.1 Салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және құрылуының теориялық негіздері……………………………………………………………………………...8
1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық қызметі органдарының қалыптасуы…………………………………………………………………………14
1.3 Салық жүйесінің қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі……………………..19
2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі даму жағдайы (Есіл аудандық салық басармасы мысалында)……..………….…24
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бүгінгі күнгі қызмет ету механизмі……………………………………………………………………...…….24

2.2 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау…………………………………………………….……….……29
2.3 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсімдерге талдау....37

3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………….47
3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму
перспективасы……………..………………………………………………………47
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамытудың стратегиялық жоспары……………………………………………………………………………..55

Қорытынды ………………………………..…………………………………….66
Пайдаланылған әдебеиттер.................................................................................69

Работа состоит из  1 файл

ДР-салык жуйеси.doc

— 690.00 Кб (Скачать документ)

          Көптеген мемлекеттердің дамуының ерте кезеңінде салықтық төлемдерді жинаудың біршама кең тараған  түрі делдалдарды (откупщик) қолдану болды. Рим провинцияларында  мемлекет баж бен қосымша салықтарды, орнына белгілі бір соманы төлеуді талап етіп, делдалдыққа беретін болған.  Византия империясында салықтарды жинаушылар белгілі бір уақытқа тағайындалатын, сол уақыт аралығында оларға белгілі бір аумақтан салықтық түсім алу үшін откуп берілетін. Франция мемлекетінде біздің эрамыздың алғашқы мыңжылдығының ортасында жекелеген салықтарды жинаумен делдалдар айналысатын. Олар корольге белгілі соманы жеткізіп беруге міндетті болатын, және ол үшін өзінің бір мүлкімен жауап беретін[9].

          Ортағасырлық мемлекет-қалаларда  да салықтар откупщиктердің көмегімен  алынатын. Флоренцияда 14 ғасырда саудадан және қалалық жиыннан салық жинау, қазынаға үлкен баға ұсынған адамға тапсырылатын. Откупщик бұл соманы бірден, өзінше жалға алу ақысы ретінде төлейтін де, нәтижесінде салықтың бағамдық сомасы мен салықтық түсімдердің нақты көлемінің арасында  айырмашалық арқылы пайда түсіру мүмкіндігіне ие болатын. Құрлықты Еуропа елдерінде салықтық төлемді жинаудың  бұл әдісі 18 ғасырдың ортасына дейін кең көлемде қолданылып келді.

          Қазынаны толтыру  үшін жергілікті басқару орындары мен  «откупщиктерді» қолдану, қалыптасу, даму, орталық биліктің нығаюы  кезеңінде  барлық мемлекеттерде болған.  Мемлекеттік  органдардың дамыған жүйесі және олардың өзара байланысының қалыптасқан механизмі болмаған кезде салықтық төлемдерді жинаудың осындай әдісін ғана жүзеге асыру мүмкін болды. Мемлекет бұл орайда өте көп қаражатын үнемдеді, өз шенеуніктерін қамтамасыз етуге кететін шығыннан ада болды және мықты, мерзімінен бұрын төленетін салықты кепілдікке алды. Сонымен қатар, откупщиктердің жеке мүддесіне негізделген, оларды пайдалану көп жағдайда мемлекеттік аппараттың жұмысынан әлдеқайда тиімді болды[10].

          1917 жылғы Қазан  Төңкерісінен кейін, 1918 жылы СНК Декретімен патшалық Ресейдің қаржылық органдары таратылып, салық жинау губерниялық және уездік атқарушы органдардың құрылып жатқан қаржы бөлімдеріне тапсырылды. 1921 жылы Халықтық Қаржы комитетінің құрамында мемлекеттік табыстар мен салықтар басқармасы құрылды. Осыған сәйкес, уездік қаржы бөлімдеріндегі алым-салық инспекторлары таратылып, салық төлеуді бақылау губерниялық қаржы бөлімшелерінің қарамағына жіберілген қаржы инспекторларына тапсырылды. 1930 жылғы реформаның барысында қалалық және аудандық қаржы бөлімшелері жүйесінде салық инспекциялары құрылды, олар 1959 жылы мемлекеттік кіріс басқармасы, бөлімі және инспекциясы  болып аталды. Бұл уақытта Қазақстан КСРО-ның құрамында одақтас республика боғандықтан, мұндай жағдай бізде де болды.

          Бюджеттің табысын  және салық түсімін бақылауды  қамтамасыз етудің негізгі жұмысын  қалалық және аудандық инспекциялар жүзеге асырып отырған, олар соған сәйкес атқарушы комитеттердің қаржы бөлімдерінің бөлімшелері болатын. Инспекцияда, қосымша табыс көзін іздейтін экономистер бар еді, олар салық төлеушілердің есебін жүргізіп, салық пен өзге де бюджеттің табыстарын жинауды көтеру жөнінде ұсыныстар жасап отырған.

    Жаңа  экономикалық жағдайда мемлекеттік  қазынаға тұрақты түрде қаржы  түсуін қамтамасыз ететін және өндірісті жан-жақты дамытуды жандандыратын қазіргі салықтық механизмді енгізу міндеттерінің шешілуі үшін, елде салықты басқаратын, тиімді жұмыс істейтін жүйе керек.

          Салықты басқаратын құрылым ішіндегі салық жүйесінде  басқару өзара байланысын сипаттайды және  оның негізгі элементтерінің сапасын салықтық әкімшілік түрінде басқаратын жүйе ішіндегі жүйеге (басқару субъектісіне) енгізеді және ол басқарып отырған жүйе ішіндегі жүйені (басқару объектісін) – салық төлеушілер мен  банк жүйесі ішіндегі жүйе арасындағы түрі ретінде, ал олар арқылы – соңғы басқару жүйесін -  атап айтқанда салықтарды сипаттайды.

          АҚШ, Англия, ФРГ секілді  дамыған елдердің салықтық мекемелерінің  даму эволюциясын қарастыратын болсақ, олардың мұндай құрылымы  салықтық қатынастардағы және соған сәйкес салық салу жүйесіндегі біртіндеп даму ерекшелігімен толық сәйкес келеді, ал бүгін оның табиғи түрдегі жалғасы,  бүгін де есептен шығарып тастауға келмейтін бұрынғы дәстүр қазіргі уақытқа сәйкес өзгерген[11].

          Қазақстанға келер  болсақ, бізде бәрі өзгеше болған: мемлекеттің өркендеуі үшін және нарықтық экономикаға өту кезінде оның халқының жақсы тұрмысы үшін маңызды экономикалық категория  салықты тәжірибе жүзінде шеттеткен 75 жылдан кейін барлығын жаңадан бастау керек болды. Республика экономикасын терең және ұзаққа созылған дағдарыстан алып шығу үшін, өте аз уақыт берілді және осы уақыт аралығында қателіктер жіберіп, оны түзетіп жатуға, соның нәтижесінде ғана жоғарыда аталған мемлекеттер секілді қоғам мен нарықтықтық қатынас талаптарына сай өте тиімді өркениетті салық жүйесін құруға әкелетін уақыт жетіспеді. Қазақстанда 3-4 жылдың ішінде білікті мамандар мен ақша қаражатының өте аз жағдайында, барлық саланы қамтитын салық реформасының негізін дайындап, құрып жүргізу, оны ұйымдастырушылардан негізгі назар мен қолдағы ақша қаражатын ең негізгі бағыттарға, соның бірі біздің жаңа заңға барабар салықтық әкімшілік механизмін  құру талап етілді.

           Ең алғаш бұл  ҚР Президентінің Жарлығымен  Қаржы Министрі мемлекеттік табыстарды  Басқару базасында 1990 жылдың 9 шілдесінде құрылған Мемлекеттік Бас Салық Инспекциясы (МБСИ) болатын. Оның қызметі біздің бұрынғы жалпы директивті-жоспарлы экономикасызға сай келетін, тек жоспарлы-бөлінген еді, мәжбүрлі бекітілген баға және оның құрамына енетін салық, өзге де бюджетке төленетін міндетті төлемдермен қатар, бірыңғай түрде төленетін.

    Нарыққа өту және жаңа салық саясатына  өту жағдайында БМСИ-ді түбірімен  жұмыс мазмұнын ғана емес, оның түрі мен әдісін де өзгертуге тура келді. Дегенмен, МБСИ құрылған соң, бір жарым  жылдан кейін өзінің жақында ғана алған тәуелсіздігін жоғалтып алды да, содан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бас салық инспекциясы болып атала бастады, сонымен қатар ол Қаржы министрлігінің Салық комитеттеріне және осы Министрліктің Салық полициясы Департаменттеріне көбейді.

    Сөйтіп,  1991 жылы Қазақстан Республикасының  Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік  салық комитеті құрылды. Салық органы тікелей вертикалды түрде сәйкесінше салық органына бағынады және жергілікті орндаушы органдарға жатпайды. Уәкілетті органдар салық органдарын басқаруды жүзеге асырып отырды.

    Мемлекеттің салық қызметін жетілдіру мақсатында Қазақсан Республикасының 1998 жылдың 12 қазанындағы № 4114 „Қазақстан Республикасының  мемлекеттік органдар жүйесін ары  қарай реформалау туралы” жарлығына сәйкес Мемлекеттік Кіріс Министрлігі құрылған болатын. Оның қарамағына Салық комитеті мен Кедендік комитеттің және Салық полициясы депортаментінің, іс - әрекеті және мүлкін басқару туралы өкілеттік пен қызметтер берілген, сондай – ақ, Қаржы Министрлігінен ”Кәсіпорындарды қайта құру мен тарату бойынша Агенттігі„ акционерлік қоғамы, энергетика, индустрия, сауда Министрлігінен – мүліктерін басқару бойынша өкілеттік және алкоголді өнімдер өндіруге  мемлекеттік басқару бойынша Комитетінің ісімен айналысу өкілеттігі тиген болатын. Осылайша, уәкілетті салық органы болып Қазақстан Республикасының мемелекеттік Кіріс Министрлігі тағайындалды. Ол Қаржы министрлігінен тәуелсіз, өз алдына қызмет етті[12].

    2001 жылдың тамыз айында ҚР 240-11 Заңына  сәйкес салық полициясы органдарының қызметіне мәселелеріне байланысты ҚР бірқатар заң актілеріне өзгерістер енгізілді, онда салық полициясының аты қаржы полициясы болып өзгертілді.

    2002 жылдың 28 тамызындағы № 934 „Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттік  басқару жүйесін жетілдіру” туралы Қазақстан Республикасын Жарлығы бойынша Мемлекеттік Кіріс Министрлігі оны Қаржы Министрлігіне қосу арқылы таратылды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық комитеті құрылдып, салық комитеті қайтадан Қаржы министрлігінің құзырына өтті.

          Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі, басшылықты жүзеге асырып отырған, заңмен қарастырылған  өкілеттік шеңберінде, мемлекеттік  бюджеттің орындалу барысын қадағалау  мен орындалу саласында сала аралық үйлестіруді жүзеге асырып отырған, ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Оның құзырына басқару, мемлекеттік меншіктің орындалуын қадағалау және есептеу,  шамасы жоқ қарызгерді жою жөніндегі соттан тыс процедураны және банкрот деп тану процедурасын жүргізеді, қаржылық есептің аудиті мен бухгалтерлік есеп жүйесін ретке келтіреді.

          Министрліктің мынадай  ведомствалары бар: Қазына комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік  және жекешелендіру комитеті, Шамасыз  қарызгерлермен жұмыс комитеті.

          Мемлекеттік орган  қызметін нақты бекітудің құқықтық басты маңызы бар: бұл органға заңмен бекітілген  хұқық және оған бекітілген міндет, тек қана оның қызметі мен міндетінің аясында ғана түсіндіріліп, жүзеге асырылуы тиіс, өйткені ол заңмен бекітілген.

          Қазіргі кездегі  барлық мемлекеттерде салықтың төленуін қадағалау, арнайы Мемлекеттік орган - салық қызметі органдарының құзырында. Олардың ұйымдастыру құрылымдарының бір-бірінен айырмашылығы көп. Көптеген елдерде салық органдары қаржы министрлігінің құрамына енгізілген және аймақтық-әкімшілік белгісі бойынша иерархиялық құрылысқа ие. Мысалы Ұлыбританияда 15 салық аумағында 600 салық ауданы бар,  ал АҚШ-та Ішкі табыстар қызметінің орталық аппаратына 7 аймақтық және 58 аумақтық салық басқармалары бағынады[13].

          Салық органдары  – салықтар мен төлемдер туралы заңның сақталуын қадағалайтын мемлекеттік басқару органдардың жүйесі. Салық органдары мынандай процесстерді бақылап отырады:

  1. салықтардың дұрыс аударылуын;
  2. төленген салықтың толықтығын;
  3. салықтың өз уақытында төленуін.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті ҚР

    «Салықтар және өзге де бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес мемлекет алдындағы міндетті төлемдердің  орындалуына салықтық қадағалауды  қамтамасыз етуді құзырына алған  Қаржы Министрлігінің ведомствасы болып табылады. Ол сондай-ақ, ҚР заңдарына сәйкес, бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен салықтардың түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының өз уақытында және толық аударылуын қамтамасыз ету саласындағы үйлестіру мен басшылықты жүзеге асырады.

          Комитеттің заңды тұлға болып табылатын аймақтық органдары бар, оған мыналар жатады: облыстар мен Астана, Астана қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудан, қала және қалалардағы аудан жөніндегі салық комитеттері, сонымен қатар арнайы экономикалық зоналардағы салық комитеттері.

    ҚР  Салық комитеті өзінің қызметін Қазақстан  Республикасының Ата Заңы мен  басқа заңдарына, Салық Кодексіне, Қазақстан Республикасы Президенті пен Үкіметінің актілеріне, өзге де құқықтық және нормативтік актілерге, сонымен қатар 2002 жылдың 9 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген № 1102 Салық комитеті туралы Ережеге  сәйкес жүзеге асырады.

          Салық комитеті мемлекеттік  мекеменің ұйымдастыру-құқықтық формасындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауы жазылған мөрлер мен штамптары, бекітілген үлгідегі бланктері және Қаржы Министрлігі қазынасының органдарында және банк шоттарында заңға сәйкес  бюджеттік шоттары бар. Комитет азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседі[14].

          Мұның барлығы қазіргі  кезге дейін Қазақстанда жалғасып келе жатқан салық реформасы әу бастан-ақ, мәжбүрлі түрде эволюциялық емес төңкерістік сипатта басталғанын  дәлелдей түседі. Сондықтан да ол өзінің барлық қатысушыларынан барынша  үйлесімді және батыл әрекеттер, барыншы жинақылықты, жеделдікті, күштілікті және ақша қаражатын басты бағыттарға бағыттауды, жақсы құрастырылған сәйкесінше, іштегі әсерлерге мұқалмайтын, біртұтастықты қамтамасыз ететін, салықты басқаруда ұйымдасқан тәуелсіз және экономикалық тиімді және республиканың барлық аймағында бірыңғай қолданылатын әрекеттерді күтеді.  
 
 
 

    1.3 Салық жүйесінің  қызмет етуінің  шет елдік тәжірибесі 

    Салық жүйесінің теориялық жаақтарын жан – жақты қарастырып және оның барлық жақсы жаман жақтарын талдай отырып, салық жүйесінің қызмет етуін шет мемлекеттермен салыстырып отыру қажет, өйткені, қазіргі ғаламдану жағдайында бұл шартты жағдай.

    ҚР-ның  салық жүйесін дамыту мақсаты елдегі жағдайды жақсарту, сол арқылы салық базасын кеңейту  болып табылады.

    Қазір Республикамызда салық саясаты бірнеше деңгейде өсті. Макроэкономикалық көрсеткіштер тепе теңдікке жетті. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып жылы салық заңын қабылдады. Бірақ салық жүйесінде бірқатар кемшіліктер де жоқ емес. Олар:

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары