Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 11:32, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі жағдайына сипаттама беру және даму перспективасына анықтау болып табылады.
Аталған мақсатқа жетуде төмендегі мәселелерді қарастыруды жөн көрдік:
Нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы кезіндегі салық жүйесінің экономикалық мәні мен мазмұны және атқаратын рөлі;
Салық жүйесінің жүзеге асырылу механизмі мен мақсаттық бағыттарын қарастыру;
Қазіргі кездегі салық салу жүйесінің қызмет ету механизміне сипаттама беру;
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болатын мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны;
Бюджетке салықтардың толықтай және уақытылы түсуіне салық әкімшілігінің тигізетін әсерін пайымдау;
еліміздің салық салу саясатын болашақта оңтайландыру жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………6
1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәні мен мазмұны және оның қалыптасуы………………………………………………………………….8
1.1 Салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және құрылуының теориялық негіздері……………………………………………………………………………...8
1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық қызметі органдарының қалыптасуы…………………………………………………………………………14
1.3 Салық жүйесінің қызмет етуінің шет елдік тәжірибесі……………………..19
2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі даму жағдайы (Есіл аудандық салық басармасы мысалында)……..………….…24
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бүгінгі күнгі қызмет ету механизмі……………………………………………………………………...…….24

2.2 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау…………………………………………………….……….……29
2.3 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсімдерге талдау....37

3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………….47
3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму
перспективасы……………..………………………………………………………47
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамытудың стратегиялық жоспары……………………………………………………………………………..55

Қорытынды ………………………………..…………………………………….66
Пайдаланылған әдебеиттер.................................................................................69

Работа состоит из  1 файл

ДР-салык жуйеси.doc

— 690.00 Кб (Скачать документ)
  1. Салық сатысында бірнеше шешілмеген мәселелер бар, бұл мемлекеттік бюджеттен түсетін қаражат қажет істерге жетіспеуінен;
  2. Салық жүйесінің толық қанды еместігі кәсіпкерлер, шетел инвестициялары, қарапайым халық салық талаптарын орындамайды. Соның себебінен көлеңкелі экономика дамиды.
  3. Шетелдерден келген үлкен кәсіпорындар да салық төлеуден жалтарады. Ал бұл халықаралық валюта қорына кіретін қаражат;
  4. Айтарлықтай бұхгалтерлік қателікті көрсетпеу, салықтан жалтару мақсатында кірістерін жасырушылар әлі де бар;
  5. Төлеушілердің уақытылы салық сомаларын төлемеуінен қарызкерлердің көбеюуі, осы қарыздарды жинағанда мемлекеттің бюджеттік жағдайы жақсарар еді.
  6. Салық төлеушілердің құқығы әлсіз және сот төрағасының білімі төмен.
  7. Шетелден Қазақстан территориясына өте көп тауар әкелінуі Республиканың экономикалық жағдайына кері әсер етіп отыр.

    Осы мәселелерді шешу үшін бірнеше жұмыс  істелу қажет:

  1. Салық жинауды ұтымды түрде ұйымдастырғанда ғана, бюджет кірісі тепе-теңдікке жетеді.
  2. Салық базасын кеңейту;
  3. Салық жүйесін жұмсарту;
  4. Жергілікті бюджетті қамтамасыз ету қажет.

    Салық жүйесін қатаң сақтау төлем тәртібін жоғарылатады деп айтуға болмайды. Салық төлеу объектілерін толығымен есепке алмағандықтан – салық төлеушілері көп[15]. Салық жүйесін өзіндік тұрақтылыққа жеткізу үшін және реформалау үшін мына шараларды қолдану қажет:

    • салық жүйесінің тұрақтылығын қамту керек;
    • бюджет жағдайын ЖІӨ 30% жеткізу керек;
    • салық жүйесін бір жүйеге келтіру;
    • кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік бақылау.

    Барлық  өзгерістер тек бюджеттің құрамымен  өтуі қажет. Мемлекеттік бюджетке  салықтық түсімдер деңгейін сақтап тұру үшін, өзгерістерді жиілетпеу шарт. Жуық арада валюта заңын бұзушыларға қарсы қатаң шаралар енгізілуі керек,  қаржылық валюта операцияларын күшейту мақсатында 5-7 жыл арасында өзгерістер енгізілуі керек.

    Енді, шет елдік тәжірибеге, оның артықшылықтары мен кемшіліктеріне көз жүгіртіп өтетін болсақ, онда көптеген Батыс еуропалық елдерде салық жүйесі әр түрлі болып келеді, бірақ Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан салық  реформалары олардың кейбір жақтарын бір біріне жақындата түсті. Көптеген елдерде салық жүйесі үш денгейлі сипатқа ие, жалпы мемлекеттік немесе федералдық салықтар, жергілікті – провинциялар мен автономды территориялардың салықтары және жергілікті немесе муниципалды салықтар алынады. Кейбір елдердің салық жүйелерінің ерекшеліктерін қарастырып көрейік.

    Салық салу ғылымының отанында салық жүйесі 19 ғасырда дамып жетілген еді. Бірақ  та ол көптеген өзгерістерге ұшырап келеді. Салық реформалары 1965, 1973 жылдары  өтті және 90-шы жылдары өткен реформалар елеулі өзгерістерді енгізді. Ұлыбритания салық жүйесі екі деңгейлі: жалпымемлекеттік және жергілікті салықтардан тұрады. Негізгі жалпымемлекетік салықтарға мыналар жатады: жеке тұлғалардан алынатан табыс салықтар, корпорациялар табысына салынатын салықтар,  капитал өсіміне салынатын салықтар, мұнайдан түскен табысқа салынатын салықтар, мұрагерлікке салынатын салықтар, қосылған құн салығы, баждар, гербтік алымдар. Олар салықтық түсімдердің 90%  береді. Ал жергілікті салықтар үлесіне 10% және олар негізінен мүлікке салынатын салықтар[16].

    Табыс салығы жылдық жиынтық табысты құрайтын заңмен белгілеген жеңілдік пен шегерімдерді есептегенде табыстан алынады. Табыс  салығының үш  ставкасы қызмет етеді. Олар: 2500 фунт стерлингке дейінгі табыс - 20%, 2501-23700 фунт стерлинг - 25%, 23700-ден жоғары - 40%. Капитал өсіміне салынатын салықтар негізінен капитал активтерін өткізуден түскен пайдаға салынады. Олар: жеке автокөліктер, тұрғын-үй, ұлттық жинақ сертификаттары, облигациялары және т.б.

    Мұрагерлікке  салынатын салық алғашқы 150 мың фунт стерлингке салынбайды, кейін ставка 40% мөлшерінде алынады.

    Қосылған  құн салығы жанама салықтардың ішінде бірінші орынды алып отыр. Ел бюджетінің 17% құрайды. Салық ставкасы – 17,5%. Аталған  салық кітаптар, дәрі-дәрмек, импорт және экспорт тауарларына салынбайды.

    Акциздер  жанама салықтардың ішінде екінші орынды алып отыр. Акцизді тауарларға мыналар  жатады: алкоголь сусындары, темекі өнімдері, транспорт құралдары. Ставкасы 10-30% шамасында алынады.

    Одан  басқа жанама салықтарға кеден баждары, гербтік алымдар, ойын бизнесіне салынатын салықтар. Елдегі салық жүйесін реттеу мен басқаруды Қазынашылық атқарады.

    АҚШ-ның  салық жүйесі 200 жыл бойы даму мен  жетілу үстінде және нарық қатынастарды реттеуші құрал ретінде қызмет етеді. Елде салық жүйесі ел экономикасының дамуын реттеу құралы болып келеді. Салықтар федералды бюджеттің ірі және негізгі түсімдерді қамтамасыз етеді, және  шығыс пен кірістің 70% келеді.

АҚШ федералды бюджетінің кіріс бөлігін  келесі салықтардың 5 түрі құрайды  Олар:

  • Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы. Табыстардағы олардың үлесі 45% шамасында.
  • әлеуметтік сақтандыру қорларына аударымдар. Олардың үлесі 36-37%.
  • Корпорация табысына салынатын салықтар. Олардың үлесі 8-10%.
  • Акциздер – 4-5%
  • Кеден баждары - 1%.

  Әлеметтік сақтандыру қорларына  аударымдар – федералды бюджетінің екінші үлкен статьясы. Олар  жұмыс берушілер мен жалдап істейтін қызметкерлермен жасалынып отырады. АҚШ-да әлеуметтік сақтандыру жүйесінің екі мемлекеттік нысаны бар: федералды зейнетақы жүйесі мен жұмыссыздық жөніндегі сақтандырудың федералды-штатты жүйесі.

Корпорациялар табысына салынатын салықтардың  ставкасы - 34%, . Алғашқы 50 мың долл. үшін 15%, 25 мың долл. үшін  - 25%, ал қалған сомаға 34% шамасында салынып отырады.

Жергілікті салықтар АҚШ-да жеке роль атқарады. Мемлекет тек белгілі мөлшерде  ғана субсидия беріп отырады. АҚШ-да салықтарды төлеу жөніндегі мәселелермен Қаржы Кіріс Министрлігінің Ішкі қызметі айналысады.

Францияның  салық жүйесі өте қызықты, өйткені  осы елде алғаш рет 1954 жылы қосылған құн салығы енгізілген болатын.

Францияда алынатын салықтардың негізгі  ірі 3 топқа  біріктіруге болады:

  • Табыс салығы – табысты алған кезде салынады,
  • Тұтынуға салынатын салықтар – осы табысты жұмсаған кезде салынады;
  • Капиталға салынатын салықтар – мүліктен алынып отырады.

  Бюджеттік жүйенің негізгі   көзі - қосылған құн салығы алып  отырады.

Францияда қосылған құн салығының негізгі 4 ставкасы қызмет етеді. Негізгі салық  ставкасы – 18,6%. Көтермелеген ставка - 22% және ол мына тауарларға салынады: автокөліктер, кинофото тауарлары, алкоголь, темекі өнімдер, парфюмерия және т.б. Төмендетілген ставка - 7%. Ең төмен ставка – 5,5%.

    Табыс салықтары жеке тұлғалармен және кәсіпорындармен де төленеді. Кәсіпорындарда салық таза табыстан алынады. Салық ставкасы – 34%.  Кейбір жағдайларда бұл ставка 42%  болу мүмкін.  Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының Франция бюджетіндегі үлесі 18% және мына мөлшерде алынады: 0-56.8%. 18140 франктан аспайтын табысқа салық салынбайды.

Францияның  бюджетіне елеулі табысты мүліктен алынатын салықтар әкеледі.

Жергілікті  салықтар жүйесінде мына төрт салықты  алға шығаруға болады: салынған учаскелерге жер салығы; салынбаған учаскелерге жер салығы; тұрғын-үйге салық; арнайы салық.

   Францияның  басты салықтық басқарма Экономика және қаржы Министрлігінің құрамында. Бүкіл ел территориясында 830 салық орталықтары мен 16 ақпараттық орталықтар орналасқан. Салықтан жалтарыну жағдайларында салық екі еселенген мөлшерде алынады.

   Жапондық салық жүйесі 19 ғасырда-ақ қалыптасқан болатын. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Шалп профессорының есімімен аталған реформа жүргізілген еді. Ал қазіргі салық жүйесі 1989 жылдың 1 сәуірінен өз күшіне енді. Ол еуропалық салық жүйесінен айтарлықтай ерекшеленеді. Жапонияда мемлекеттік және жергілікті салықтар қызмет етеді. Мемлекеттік түсімдердің 64 % мемлекеттік салықтар есебінен қалыптасады, ал қалған бөлігі – жергілікті салықтар.

   Барлығы Жапонияда 25 мемлекеттік және 30 жергілікті салық бар. Оларды негізгі 3 топқа жіктеуге болады:

  • жеке және заңды тұлғаларға салынатын тікелей салықтары;
  • мүлікке салынатын тура салықтар;
  • тура және жанама тұтыну салықтары.

Бюджеттің негізгі бөлігін тура салықтар алып отыр.

   Мемлекетке  ең көп табыс әкелетін жеке және заңды тұлғаларға салынатын табыс  салығы. Кәсіпорындар мемлекеттік ұйымдар өз пайдасынан мемлекеттік табыс салығын 33,48%, және префектуралық табыс салығын – 1,67% мөлшерінде төлейді. Жеке тұлғалар мемлекеттік табыс салығын 5 пайыздық ставка бойынша төлейді:10, 20, 30, 40 және 50. Сонымен қатар, префектуралық табыс салығының 3 ставкасы –5, 10 және 15%.

   Тұтыну  салықтарының ішінде қосылған құн салығына ұқсас 3% ставкамен алынатын сатудан  алынатын салық.

   Одан  басқа бюджет мына салықтар есебінен толықтырылады: автокөлік иелеріне салынатын салық, темекі, алкоголь, мұнай, газ, бензинге салынатын акциздер және т.б[16].

   Сонымен, жоғарыда қарастырылған кейбір дамыған  елдердің салық жүйесін қарастыра  келе, түйіндегеніміз олардың салық  жүйесінің жан-жақтылығы да бар  және ұқсастықтары да жоқ емес, мысалға  көптеген елдерде бюджеттің кіріс көзін құрау жағынан табысқа салынатын салықтар мен жанама салықтардың басқа салықтарға қарағанда үлесінің жоғарылығы. Артықшылықтарына келетін болсақ, мысалға меншікке салынатын салықтар бойынша біздегі сияқты меншік түрлеріне салынатын салықтар  шектеулі ғана емес, әсіресе мұраға салынатын салықтардың дамығандығы басқа тікелей салықтар бойынша ауыртпалықтың азаюына жағдай жасайтын еді және мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін молайтуға мүмкіндік беретін еді.

   Сонымен бірге, Жапония сияқты елдердегі жанама салықтар ставкасының төмен болуы, бұл тауар мен қызмет түрлерінің бағасының төмен болуына, яғни халықтың салық ауыртпалығын аз тартуына мүмкіндік беріп отыр. Ал, бізде әлі де болса жанама салықтар фискалды қызметінен ауытқи қойған жоқ. Бұл, болса енді көтеріліп келе жатқан кәсіпкерлір мен шаруашылық жүргізуші субъектлердің жан –жақты дамуына аз да болса кедергі болады.

   Тағы  да айта кетерлік жағдай, қосылған құн  салығы бойынша, көптеген елдерде тамақ, алғашқы қажетті тауарлар, ауыл шаруашылық өнімдеріне салық ставкалары өте төмен мөлшерде қолданылады, ал бізде тек қана бір-ақ түрлі ставка қызмет етеді.

   Сондай-ақ, басқа елдердегі салықтық құқық  бұзушылыққа қолданылатын шаралардың қаталдығы, мысалға Францияда салықтан жалтарыну жағдайы болған кезде, салық сомасы екі еселеніп төленеді. Осындай тәжірибені біздің де салық жүйемізде қолдану салықтық түсімдердің толықтай және уақытында түсуіне мүмкіндікті молайтатын еді.

 

     2  Қазақстан Республикасындағы  салық жүйесінің  қазіргі кездегі  даму жағдайы (Есіл аудандық салық басармасы мысалында) 

   2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бүгінгі күнгі қызмет ету механизмі 
 

    Салықтарды  пайдалану экономикалық басқарудың және кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің коммерциялық жалпы қоғамдық мүддесін біріктіруді қамтамасыз етудің белгілі бір әдісі болып табылады.

    Салықтардың көмегімен мемлекет қоғамдық функцияларын орындауға керекті ресурстарды  өз иелігіне алады. Салықтардың көмегімен  кірістердің бөлінуін өзгеріске  түсіретін әлеуметтік қамтамасыз ету  шығындары қаржыландырылады.

    Жалпы, салық жүйесі дегеніміз мемлекетпен  белгіленген және қаржы ресурстарының  орталықтандырылған  жалпы мемлекеттік  қоғамдық қорлар салықтар мен басқа  да міндетті төлемдердің жиынтығы, сондай-ақ салықтарды алудың әдәстері мен тәсілдерінің, нысандары мен қағидаларының және салық қызметі органдарынын тұрады.

     Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының  салық жүйесінде  салық кодексіне  сәйкес, төмендегідей салық түрлері:

  1. Корпорациялық табыс салығы.
  2. Жеке табыс салығы.
  3. Қосылған құн салығы.
  4. Акциздер.
  5. Экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын ренталық салық.
  6. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
  7. Әлеуметтік салық.
  8. Жер салығы.
  9. Көлік құралдары салығы.
  10. Мүлік салығы.
  11. Тіркелген салық
  12. Ойын бизнесіне салық
  13. Бірыңғай жер салығы

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары