Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 20:07, реферат
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізгі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгереді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар - ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрлымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Жанама салықтар - бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай – ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнның айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүлделерін білдіреді.
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне) қосылғандығында, кіріктірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланысты болмайды.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органга қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы) болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырландыры және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).
Оъектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алынған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар - бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен үстап қалу, патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Мағлұлмдамада салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдері көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданатын заңи тұлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 - наурызына дейін береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:
төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрлыс материалдарын сатып алуды іске асырғанда;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегіне тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар табыс етеді.
Әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ұсынады.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыруға мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент - арнаулы салық режімін қолдану құқығының куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.
Салықтық есептің екі әдісі қолданылады: кассалық және есептеу әдісі.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі - салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын кіріктіреді.
Қазақстан Республикасының салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды кіріктіреді:
1.Корпорациялық табыс салығы.
2.Жеке табыс салығы.
3.Қосылған құнға салынатын салық.
4. Акциздер.
5.Жер
қойнауын пайдаланушылардың
6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.
7. Әлеуметтік салық.
8. Жер салығы.
9. Көлік құралдарына салынатын салық.
10. Мүлікке салынатын салық.
11. Қазақстан
Республикасының жасалған келісімшарттары
бойынша өнімді бөлу жөніндегі
үлесі.
1. Заңи тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын
алым.
2. Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
3.
Жылжымайтын мүлікке
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
8.
Дәрілік заттарды мемлекеттік
9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Консулдық алым.
12. Жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
13.
Телевизиялық және радиохабар
ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат бергені
үшін алым.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Қазақстан Республикасының бюджет кодексі» мен тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түрлері бойынша тым сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құықтық нормалар Қазақстан Республикасының Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық службасы органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.
Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарнамаларының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
«Салық»
және «салық салу» ұғымдарын
ажырата білген жөн: бірінші
жағдайда - бұл экономикалық
және қаржы категориясы, екіншісінде
- экономикалық - құқықтық механизмді
пайдалана отырып салық төлемдерін
өндіріп алу процесі.
Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай – ақ олардың қолданудың тәртібі мен әдәстерін, іс - қимылының тәсілдерін кіріктіретін салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі, салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі (единицасы), салық мөлшерлемесі, үлес (квота), салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәтібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.
Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол - салықтвы және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизімі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға - салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Информация о работе Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні