Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 20:07, реферат
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізгі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгереді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар - ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрлымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Айналыс сферасында салықтар бағалардың механизмі арқылы аударылады.
Корпорациялық табыс салығы кәсіпорын өнімін тұтынушыларға неғұрлым жоғары бағалар есебінен немесе ресурстарды жеткізушілерге ресурстарға төмендетілген бағалар есебінен аударылуы мүмкін. Акционерлік қоғамдық нысанында ұйымдастырылған шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысына салық салынатын жағдайда акционерлерге ауыстыру субъектілер төленген бүкіл соманы немесе оның үлесін жабатын бөлігінде оларға тым төмен дивидендтер төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Меншікке салынатын салық ішінара ауыстырылады. Мәселен, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңи тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты төлеген кезде жеткілікті сұраным жағдайында таза табысты салық сомасына жоғарлатуға және сөйтіп оны өнім мен қызметтерді тұтынушыларға ауыстыруға болады. Жеке тұлғалар - мүліктің майда иелері - пәтер иелері оны жалға берген жағдайда ғана салықты аудара алады, ал олар негізінен мүлікке салынатын салықтың түпкілікті төлеушілері болып табылады.
Ұқсас жағдайда табыс есебінен төленетін тура салықтар - жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық ауыстырылады.
Жанама салықтар аударуға қабілетті болып келеді.
Қосылған құнға салынатын салық түгелдей тұтынушыға ауысады, өйткені ол өнім мен қызметтердің едәуір ауқымын қамтиды және тұтынушыларға бұл салық салынбайтын тауарды таңдай алмайды. Акциздер мен импорттық кеден баждары салынғанда мұндай таңдау болады, өйткені тұтынушылар акциздер мен баждар салынбайтын орнын басатын тауарлар мен қызметтерге қайта бағдарлана алады. Мұндай жағдайда сатушы оның тауарына сұранымның төмендеуіне байланысты бағаны түсіруге мәжбүр болады және салық ауыртпалығы бөлінуі мүмкін - ішінара тұтынушыға ауысуы мүмкін.
Тура, сондай – ақ жанама салық салу кезінде жалпы салық салу тауарлар мен қызметтерді өндірушілерге тұтынушыларға теріс әсер етеді, бұл бағаның өсуінен және өндіріс көлемінің қысқаруынан көрініп, білінеді. Өспелі баға тұтынушы сұранымын қысқартады қалпына келеді, бұдан тауарларды шығарудың азайтады. Нарықтық сұраным мен ұсыным, бірақ тепе - теңдік нүктесін жаңа, неғүрлым жоғары деңгейге ауыстырылуы арқылы келтіріледі.
Өндірушілер мен тұтынушылар арасында салық ауыртпалығын бөлу сүраным мен ұсынымның икемділігіне байланысты болады.
Ұсынымның тұрақты жағдайында тауарға деген сұраным икемділігі азырақ болса, тұтынушылар соғұрлым салықтың үлкен бөлігін төлейтін болады және, керісінше, сұраным икемділігі көбірек болса өндірушілер тарапынан соғұрлым көп салық төлемдері болады.
Сұранымның тұрақты жағдайында ұсыным икемділігі төмен болса, өндірушілер соғұрлым салықтың үлкен бөлігін төлейтін және, керісінше, ұсыным икемділігі көп болса, салықтың үлкен бөлігін тауарды тұтынушылар төлейді.
Сұраным мен ұсыным икемділігінен басқа, тауарлар мен қызметкердің бағасы арқылы салықтарды аударудың мүмкіндігі мен дәрежесі көп жағдайда экономикалық айналсоқпа циклге байланысты болады: өрлеу кезінде бағаны көтеруге неғұрлым қолайлы жағдай жасалады және салықты аудару неғұрлым интенсивті жасалады және, керісінше дағдарыс кезінде өндірістің құлдырауымен, жұмыссыздықтың өсуімен, халықтың төлем қабілеті бар сұранымының азаюымен байланысты аудару қиындайды.
Кіріспе
«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңы 1991 жылы желтоқсанның 25 – інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. «Салық» ұғымы « салық жүйесі» ұғымымен тығыз байланысты. Салық дегеніміз - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде, белгілі бір кезеңде төленетін міндетті төлем.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық - экономикалық құрылысы мен саяси іс - бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізігі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерімен және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар - меншіктің мөлшерлері бойынша белгіленгендіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдаланудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.
Қазақстанның
салық жүйесі салықтардың
және басқа міндетті
төлемдердің түрлері
бойынша тым сараланған.
Салық салу жүйесіне
ортақ заңдылықтың
болатынын есте ұстау
қажет: экономиканың
дағдарысы жағдайында,
тұралаушылықта - өндірістегі,
саудадағы және экономиканың
басқа секторларындағы
тоқырауда - салық
салуды тұтынысқа
объективті қайта
бағдарлау болады.
Жоспар
Кіріспе-----------------------
I тарау. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
1.1 Салық
ұғымы және оның әлеуметтік
- экономикалық мәні--------------------------
1.2 Салық
жүйесі------------------------
II тарау. Салық алуды ұйымдастыру
2.1 Салық
салудың ұғымы-------------------------
2.2 Корпорациялық
табыс салығы------------------------
2.3 Жеке
табыс салығы------------------
2.4 Салықтарды
аудару------------------------
Түйін-------------------------
Пайдаланған
әдебиеттер
Пайдаланған
әдебиеттер
Қазақстан
Республикасының Ғылым және
Білім министрлігі «Тұран -
Астана» университеті
Тақырыбы:
« Қазақстан
Республикасының
салық жүйесінің
құрамы»
Орындаған: Өтегенова А.Қ.
Тексерген:
Тәжіғұлова А.Ж.
Астана 2008
Информация о работе Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні