Адам және экономика, адамның экономикалық іс-әрекеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 18:56, курсовая работа

Описание

Бүгін таңда Қазақстан өз дамуының қоғам ауқаттылығының өсуі адам капиталын құрайтын жеке қабілеттілік пен мүмкіндікке тәуелді болатын жаңа кезеңіне өтіп жатыр. Бұл кезең еліміздің әлеуметтік-экономикалық қүрылымдары тез өзгеріп, нарықтық іс-әрекеттердің институционаландыруымен, ескі кәсіби білім беру жүйесін өзгертетін жаңа әлеуметтік қатынастардың қалыптасуымен ерекшеленеді. Яғни адамның біліміне, білігіне, мүмкіншілігіне, әлеуетіне, сипатына жаңа талап-тілектер қоюымен қалыптасып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ ...........................................................................................................3
І. АДАМ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Экономикалық ойлар тарихы – ғылым ретінде..............................................5
1.2 Адам капиталы теориясының тұжырымдамалары....................................9
1.3 Нарықтық қатынастар дамуындағы адам капиталының рөлі....................12
ІІ. АДАМ РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Адам ресурстарын басқарудың атқаратын қызметтері................................14
2.2 Басқару қызметкерлерін бағалау....................................................................2
2.3 Қызметкерлерді басқарудың тиімділігі.........................................................23
ІІІ. Адам капиталын нығайту...............................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................34

Работа состоит из  1 файл

Адам жане экономика.DOC

— 163.50 Кб (Скачать документ)

    Адам  және экономика, адамның  экономикалық іс-әрекеті 
 

    ЖОСПАР 
 

КІРІСПЕ ...........................................................................................................3 

І. АДАМ  КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ  ТЕОРИЯЛАРЫ

1.1 Экономикалық  ойлар тарихы – ғылым ретінде..............................................5

1.2 Адам капиталы теориясының тұжырымдамалары....................................9

1.3 Нарықтық қатынастар дамуындағы адам капиталының рөлі....................12 

 ІІ. АДАМ РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Адам ресурстарын  басқарудың атқаратын қызметтері................................14

2.2 Басқару қызметкерлерін  бағалау....................................................................20

2.3 Қызметкерлерді  басқарудың тиімділігі.........................................................23 

ІІІ. Адам капиталын  нығайту...............................................................................26 

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................34 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

    Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастарға негізделген азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті құру процесінде әлеуметтік дамудың барлық болмысы адами өлшемдерді қажет етеді. Қазақстан үшін қазіргі жаңа әлеуметтік-экономикалық саяси кезеңге өту барысы сан қырлы күрделі процесс. Сон-дықтан да мемлекетіміздегі алға қойылып жатқан мақсат-мүдделерге жетудің негізгі алғы шарттарына білім, ғылым, адам өмірінің толыққандылығы, қазақстандықтардың өз творчестволық әлеуетін еркін жүзеге асыру мүмкіншіліктері жатады.

    Бүгін таңда Қазақстан өз дамуының қоғам  ауқаттылығының өсуі адам капиталын  құрайтын жеке қабілеттілік пен мүмкіндікке тәуелді болатын жаңа кезеңіне өтіп жатыр. Бұл кезең еліміздің әлеуметтік-экономикалық қүрылымдары тез өзгеріп, нарықтық іс-әрекеттердің институционаландыруымен, ескі кәсіби білім беру жүйесін өзгертетін жаңа әлеуметтік қатынастардың қалыптасуымен ерекшеленеді. Яғни адамның біліміне, білігіне, мүмкіншілігіне, әлеуетіне, сипатына жаңа талап-тілектер қоюымен қалыптасып отыр.

    Сонымен, өтпелі кезеңнің бағыты, мақсаты қоғамның, адамның құндылығын, жетістіктерін  аша түсетін, гүлдендіретін, сыйлайтын  жағдайға жеткізу үшін, мемлекеттік және жеке мүдделерді сол адамның азаматтық бейнесін тұрақтандыруға, білімі мен біліктілігінің мазмұны мен сипатын, құрылымын жетілдіруге, ғылыми-творчестволық әлеуетін дамытуға жұмылдыру керек.

    Қазіргі уақытта жекелеген елдер арасындағы капитал қозғалысы кеңінен дамып отыр. Бұл елдердің әрқайсысы бір мезгілде капиталды шетке шығарушы да, капиталды әкелуші де болады, яғни капиталдардың елдер арасындағы ауысуы жүзеге асады. Бұл жағдайда шетке капитал шығару өз елінде капитал қорлары жетіспеген кезде де жүзеге асырылады, ал шетел капиталының келуі бәсекелік қабілеті төмен ұлттық капиталды ығыстырады. Шетке капитал шығарушы немесе шеттен капитал әкелуші елдердің ара жігін айыру өте қиын. Капитал негізінен кәсіпкерлік және қарыз формасында шетке шығарылады. Кәсіпкерлік капитал шет елдерге тікелей инвестиция түрінде шығарылады. Тікелей инвестиция өз өндірісін құру үшін немесе жергілікті компаниялар акцияларының бақылау пакетін сатып алу мақсатында капитал жұмсау арқылы жүзеге асады. Қарыз капиталы қарыз өсімін әкелетін заемдар, несиелер түрінде шығарылады. Қазіргі уақытта әр түрлі салаларды қаржыландыратын шетел инвестициясының жедел даму тенденциясы байқалып отыр. 1993 жылы дүние жүзіндегі қаржы капиталының көлемі орасан зор мөлшерге — 3 трлн. долларға жетті. Бұл ақшалар дүниежүзілік қаржы рыногының негізін құрайды.

    Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған  елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас  ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады,

Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарды технология мен тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады.

    Курстық жұмыстың мақсаты. Адам және экономика, адамның экономикалық іс-әрекетін анықтай отырып, тақырыпты зерттеу.

    Курстық жұмыстың міндеттері:

    - адам мен экономиканың мәнін,  арақатынасын анықтау;

    - адамның экономикалық ортадағы  орнын бейнелеу;

    - адам капиталын зерттеу. 
 
 

    І. АДАМ  КАПИТАЛЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ  ТЕОРИЯЛАРЫ

    1.1 Экономикалық ойлар  тарихы – ғылым  ретінде

    Қоғамдық  өндірістің қалыптасуы мен даму тарихын, сондай ақ адамзат қоғамының даму эволюциясының барысындағы экономикалық тұжырымдамалардың (идеялар мен  ой, пікірі, көзқарастар) пайда болу, даму кезеңі мен алмасуының тарихи процесін зерттеу экономикалық ілімдер тарихының пәні болып саналады.

    Экономикалық  ілімдер тарихы экономикалық процесстерге деген көзқарастар эволюциясын, экономикалық теориялар мен мектептердің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді, оларға талдау жасайды, аса көрнекті экономистердің көзқарастарын жүйеге келтіріп және оны ашып береді. Бұл курс ғылым ретіңде идеялардың жалғастығы мен өзара байланысын, келістер (көзқарастар) мен қорытындылардың трансформациялануын бөліп көрсетеді.

    Экономикалық  ілімдер тарихы экономика ғылымының  даму эволюциясының жалпы бағыттаушылығын, оның басты бағыттарының трансформациялануын, стратегиялық және жедел шешімдер қабылдаумен, экономикалық саясаттың өзара байланусын түсінуге көмектеседі.

    Қоғамдағы шаруашылық өмірінің өзіндегі өзгерістер мен қарама қайшылықтар, таптар мен  әлеуметтік топтардың өзара байланысты іс - әрекетімен күресі, сондай-ақ экономика  ғылымының өзінің ішіндегі және экономикалық теориялар арасындағы қарама қайшылықтар, экономикалық ілімдер тарихының сыннан өткен тұжырымдамаларына сәйкес, экономиалық идеялардың даму көздері болып саналады.

    Оның  тарихын ғылыми тұрғыдан негіздей отырып, кезең- кезеңге бөлу, экономикалық ілім прогресінің келісті (түзу) суретін жасаудың қажетті жағдайы болып саналады. Мұндай кезең – кезеңге бөлудің ғылыми негізі - әлеуметтік – экономикалық қатынастарды, қоғамның таптық құрылымдарын және бүкіл саяси қондырманы түбірінен жұлып, үзіп тастау арқылы, қоғамдық – экономиялық жүйені алмастыру (ауыстыру) туралы ілім болып табылады.

    Әлем  тарихының қандай бір уақыт үзігінде формациялардың қайсысы үстемдік етуші  болып саналатындығына қатымысты. Тарихи дәуірлер бөлініп көрсетіледі, мысалы, кұлиелену дәуірі немесе капитализм дәуірі.

    Қандай  бір формациялар шегінде таптардың мүделері мен олардың идеаларының (ғылымдарының) экономикалық көзқарастары – қалыптасу, толысу немесе пайда болу сатыларына қатысты өзгеретін құбылыс (факті) экономикалық ілімді кезең – кезеңге бөлу айрықша маңызға ие болады. Таптар күресінің кең құлаш сермеуі мен бағыты, қоғам мүшелерінің  мүдделерін қорғаудың прогрессивтілігі немесе керітарушылығы (реакционность), тура осыған қатысты болады.

    Саяси экономияда классикалық мектептерінің  пайда болуы, оның “жас” буржуазияның саяси үстемдігін жүргізу үшін феодализімнің ескілік қалдықтарына қарсы күресімен байланысты айрықша ғылым ретінде қалыптасуын аса құрметпен атап көрсетіледі.

    Дәуірлер  бойынша, қоғамдық – экономикалық формациялар  мен олардың сатылары бойынша  экономикалық ойларды кезең - кезеңге бөлу шеңберінде таптық бағыттарды (мысалы, буржуазиялық, ұсақ буржуазиялық), ал олардың шеңберінде – теориялық ағымдарды, ілімдерді, жекелеген мектептерді бөліп көрсету қажет.

    Қазіргі жағдайда ғылыми талдау  жасаудың басты  міндеттері әртүрлі экономикалық ағымдар мен мектептерді зерттеу, сынау, мүлде жоққа шығару емес, олардағы бөлініп көрінетін, тарихи тәжиребеге қарама-қайшы келетін және теріске шығаратын дәлелдер мен нақты аспектілерді ерекшелеп көрсететін ғылыми талдау болып саналады.

    Көптеген  елдердің үкіметтері реформаларды жүзеге асыру кезінде пайдаланатын ұсыныстарының  белгілі бір тәжиребелік мәні, қазіргі батыстың экономикалық теориясында  кезең - кезеңге жүйелі түрде бөлудің  дұрыс, ұтымды элементтерінің бар екендінігінің  айқын дәлелі болып саналады. Тура осы тәжиребелік мәнді, экономикалық теорияларды қазіргі дамыған мемлекеттерде пайдаланады. Белгілі бір шекте бұл ұтымды аспектілер, ұсыныстар ТМД – ның бүкіл елдері үшін қызығушылықтар туғызады. Әсіресе нарық проблемалары, банк - қаржы жүйесі, инвестиция мәселелері, интеграциялар және т,б,

    ХХ  ғасырдың 50-60 –шы жылдарынан бастап, біздің экономикалық әдебиеттерімізде қаншалықты географиялық қана емес, соншалықты әлеуметтік және идеологиялық мағыналарға  ие болған “батыс экономика теориясы” түсінігі кең таралды.

    Бұл “батыс экономика теориясы” түсінігі, мемлекеттік реттеуге сүйенбейтін, нарық пен жеке меншікке иелік  етуге негізделген аралас  экономикалық жүйелер тұжырымдамасының  жиынтығын  білдіреді. Олардың арасында терең  алшақтық, айырмашылықтар болғанымен, бұл түсінікке бүкіл батыс экономистері қосылады. Кейбір экономистер тұтастай нарыққа сене отырып, мемлекеттік реттеуге қарсы болды, басқалары жеке меншік және мемлекеттік секторлардың әртүрлі үйлесіміндегі (жарастығындағы) мемлекеттік интервизионизімді күшейтуді жақтады.

    Жоғарыда  айталғандай тарихи экономикалық ғылым, әрбірі методолгиялар, әлеуметтік тұжырымдамалар, ақпарат пен тәжиребелік ұсыныстардың ерекшеліктерімен сипатталатын қазіргі  батыс экономика теориясындағы  бірнеше негізгі бағыттарды (кезеңдерді) бөліп көрсетеді.

    Мәселен, өзінің дамуын ХІХ ғасырдағы маржиналисттік теоретиктерден (яғни Л. Вальрастан,        А. Маршалдан), бастаған неоклассикалық бағыт  методологиялық негізге индивидуализмді (микроэкономиканы) алды. Осы методологияға сәйкес, тұтынушының немесе өндірушінің жеке дара шаруашылығында тауарлар мен қызметтердің пайдалылығын бағалау идеясы туды. Еркін бәсекелестік осы элементерді нақты нарықтық бағаларға, табыстарға трансформациялайды. Экономикалық субъектілерге мұндай бағдарланыс шынайы (сенімді) шаруашылық шешімдерін қабылдауға мүмкіндіктер береді.

    Дәл осы неоклассиктер, “кәсіпкерлік еркіндік”  доктринасының жақтастыры, монетаристер (М. Фридмен), ұсыныстар теориясының (М. Фельдстайн), ұтымдылықты күтушілік  мектептерінің (Р. Лукас) өкілдері нарықтық экономика тұрақты  динамикалы тепе – теңдіктің тұрақты ішкі  тетіктеріне ие, мемлекет тарапынан көмекті қажетсінбейді деп болжам жасады. Егер үкімет ақша – несие және бюджет аясында ақпаратқа, инфляцияға қарсы қатаң бағыт жүргізетін болса, неоклассиктер айтқандай, қалған проблемаларды нарық дербестік жағдайда өзі шешеді.Тәжиребеде,  неоклассиктердің тұжырымдамалары әлемнің көптеген елдерінің үкімет шеңберінде кең түрде қолдау табуда.

    Мәселен, әлеуметтік мұқтаждарды бюджеттік қаржыландыруды ең жоғары көлемде қысқарту және шаруашылық жүргізудің мемлекеттік секторын қолдай отырып кейбір экономистер - неоклассиктердің оңшыл үкіметтерінің (М. Фримен – М. Тетчердің, Р. Рейганның және т.б.)   кеңесшілеріне айналды.

    Неолибералдардың неоклассиктерден өзгешелігі, олар нарықтық шаруашылықтың автоматизмДІ (А. Смиттің “көрінбейтін қолы”) ережелерін пайдалануды мүмкін емес деп санады. Себебі нарық, егер оны мемлекеттің көмегімен құрса, ол өзінен - өзі сол автомотизімге келеді. Мемлекет нарыққа  өзін - өзі реттеуді беру керек деді.

    Неолибералдар, сондай ақ ішкі нарықтық ауытқулармен белсенді күресіп, монополияға қарсы  саясатты  жақтады. Олар әлеуметтік (зейнеткерлерді, мүгедектерді, оқытушыларды және т.б.) қолдау саясаты  үшін күресті.

    Германиалық неолиберализм “Жалпыға бірдей байлық әкелуші мемлекет”, өзіндік үлгі (күшті және қуатты адамдар бәсекелестікте жоғары табыстарға қол жеткізеді, ал әлсіздер – мемлекеттен көмек алады) жобасы бойынша неоклассиктер мен кейнсиандықтар арасындағы аралық жағдайды қолдады. Кейнсиандық батыс экономика  теориясы әлеуметтік мектептердің ортасында болды. Олардың пікірі бойынша капиталистік экономиканың негізгі проблемасы экономикалық сұраныстың тапшылығы, осыдан мемлекеттік бюджет шығыстары мен белсенді несие – ақша саясаты есебінен оны қолдау қажеттілігін шығарды.

Информация о работе Адам және экономика, адамның экономикалық іс-әрекеті