Адам және экономика, адамның экономикалық іс-әрекеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 18:56, курсовая работа

Описание

Бүгін таңда Қазақстан өз дамуының қоғам ауқаттылығының өсуі адам капиталын құрайтын жеке қабілеттілік пен мүмкіндікке тәуелді болатын жаңа кезеңіне өтіп жатыр. Бұл кезең еліміздің әлеуметтік-экономикалық қүрылымдары тез өзгеріп, нарықтық іс-әрекеттердің институционаландыруымен, ескі кәсіби білім беру жүйесін өзгертетін жаңа әлеуметтік қатынастардың қалыптасуымен ерекшеленеді. Яғни адамның біліміне, білігіне, мүмкіншілігіне, әлеуетіне, сипатына жаңа талап-тілектер қоюымен қалыптасып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ ...........................................................................................................3
І. АДАМ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Экономикалық ойлар тарихы – ғылым ретінде..............................................5
1.2 Адам капиталы теориясының тұжырымдамалары....................................9
1.3 Нарықтық қатынастар дамуындағы адам капиталының рөлі....................12
ІІ. АДАМ РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Адам ресурстарын басқарудың атқаратын қызметтері................................14
2.2 Басқару қызметкерлерін бағалау....................................................................2
2.3 Қызметкерлерді басқарудың тиімділігі.........................................................23
ІІІ. Адам капиталын нығайту...............................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................34

Работа состоит из  1 файл

Адам жане экономика.DOC

— 163.50 Кб (Скачать документ)

      ТМД елдері ішінде Қазақстан  ғылымды дамытуда Ресей мен Украинадан кейін үшінші орынды алады. Ал, адам ресурсының сапалық деңгейінің көтерілуі – тек ғылымға жете көңіл бөлгенде ғана пайдалы болатындығын естен шығармаған жөн. Бүгінгі таңда дамыған елдерде ұлттық байлықтың 72,2 пайызын адам капиталы құрайтынын ескерсек, біздің елімізде қолға алатын мәселелер әлі де көп екендігін байқау қиын емес.

      Мемлекет Басшысы кадрлар жөнінде  болған мәжілісте: «Қазір мемлекеттік  органдар балабақшаға айналып  кетті», – деген сөзінің астарында  үлкен мән жатыр. Біздің елімізде  тамыр-таныстық жолымен 25-ке келген  жас жігіттер кәсіпорын немесе  департамент басшылығының креслосына қонжиған. Ал, Батыс елдерінде оның ішінде Францияда ең төменгі жасы 45-ке келген тәжірибелі адамды қызметке тартады. Бұл адам капиталындағы ең маңызды орын алатын нәрсе. Өмір көрген, айналасына адамгершілік нұрын шашатын қызметкерлер қашанда өз ұлтының намысын ойлайды, мемлекеттің мүддесімен санасады. Тіпті, жанында жүрген адамның тағдырын ойлайды. Жастың аты жас қой, олар көп қыдыруды қалайды. Егер жас жігіт басшы болса, ол адам жанына қаяу түсіретіндігін ойламайды. Адам капиталына нұқсан кел­тіру дегеніңіз нағыз осы емес пе?

      Адам капиталы тұрғысынан ғылымға,  білімге, бір адамға жұмсалатын  қаржыны есептегенде біз, әрине,  әлі де болса жоғары деңгейге  көтеріле алмай отырмыз. Бүгінгі  таңда тек білім-ғылым, жаңа  технология салаларына бөлінетін  қаржы Американың ішкі жалпы өнімінің 26 пайызын құрайды екен. Ресейде бұл көрсеткіш – 8 пайыз болса, Қазақстанда – 6,5 пайыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы Жолдауында айтылғандай, қазір Қазақстанда индустриялық-инновациялық бағдарлама жүзеге асып жатыр. Осыған орай, 162 жоба іске аспақ. Оған 6,5 трлн. теңге қаржы бөлінеді. Тек соңғы 3 жылда 200 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Ол тек жұмыс орны емес, оған жоғары деңгейлі инженерлер, жоғары деңгейлі жұмысшылар ауадай қажет.

      Міне, сондықтан адам капиталының әлеуетін көтеретін кез келді. Осы ретте «Нұр Отан» партиясының еліміздің экономикасын дамытуға мүмкіндік беретін адам капиталын дамыту жолында интеллектуалдық элита қалыптастыру мақсатында халықаралық конференция өткізуі өте құптарлық іс. 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ

    Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III съезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев дер кезінде айтылған есте қаларлық ой-толғамын былайша  білдірген еді: «...дағдарысқа тек  материалдық тұрғыдан қарсы тұруды қарастыру тым тар өрісті болар  еді.

    Санадағы  өзгерістерсіз, моральдық нормалар мен биік адамгершілік қағидаттарды қатаң сақтаусыз дағдарысты еңсере алмайтынымызға мен сенімдімін!»

    ХХI ғасырда біздің де, сондай-ақ әлемдік  экономиканың да перспективасы өндірістік күштерді дамытудың жаңа кезеңіне көшумен айқындалады, онда экономикалық тиімділікке, бірінші кезекте, жоғары білікті кадрларды, жаңа білімдерді, технологиялар мен басқару әдістерін пайдалану арқылы қол жеткізіледі.

    АҚШ-та адам капиталына жиынтық салым жалпы  ішкі өнімнің 26% құрайды. Дегенмен бұл деңгейдің өзі де ғылыми-техникалық инновацияда АҚШ-тың жетекші орынға шығуына жеткіліксіз деп саналады. 2009 жылғы 27 сәуірде американың Ұлттық ғылым академиясының жыл сайынғы жиналысында АҚШ Президенті Барак Обама былай деп мәлімдеді: «Біз іргелі және қолданбалы зерттеулерге қаржы салу, жеке инновациялар үшін жаңа ынталандырулар жасау, энергетика мен медицинадағы серпінді қолдау, және математика мен жаратылыс-ғылыми білім беруді жақсарту арқылы ғарыштық жаппай қарулану уақыты деңгейіне жетіп қана қоймай, одан жоғары өрлейтін боламыз».

    Қытайдың  стратегиялық жоспарлауында халықтың әл-ауқатын арттырудың шоғырланған  шараларына ерекше орын берілген. 2020 жылдарда Қытай орташа дәулетті қоғамға айналуды, ал 2050 жылдары дамыған елдер деңгейіне  қол жеткізуді ойластырып отыр. Қала тұрғындарының саны 2000 жылдан 2020 жылға дейін 36,2-ден 56%-ға дейін өсуге тиіс.

    Малайзия, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты табысты  елдер де өз уақытында адам капиталына инвестиция салуға баса назар аударды, соның нәтижесінде олар «білім экономикасының» үлгілерін құра алды.

    Қазақстанда адам капиталына жиынтық салым көрсеткіші ЖІӨ-нің 9% деңгейінде. Өткен жылдар енжарлығы тағы бар. Экономиканың ресурстық  интенсивті секторы инвестицияның  негізгі бөлігін тартып отыр. Ал шикізаттық экономикаға сапалы адами капиталдың қажеттігі шамалы. Оған жаппай сұранысты инновациялық экономика білдіреді. Қазақстанда кәсіпкерлер технологиялық (интеллектуалдық) рента емес, шикізаттық және әкімшілік рента алуға бағдар ұстанған.

    «Нұр  Отан» ХДП ХII съезінде алға қойылған елді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі жаңа стратегиялық міндеттер осы бағыттағы одан арғы елеулі ілгерілеуді және аталған мәселені шешудің негізгі тәсілдерін ретке келтіруді талап етеді.

    Жеделдетілген экономикалық жаңғыру еңбек әлеуетінің сапасын жақсарту үшін ілгерілемелі әлеуметтік жаңғыртумен қоса жүргізілуге тиіс. Адам капиталы елдің стратегиялық ресурсына айналады. Оны жинақтау мен сақтау экономика мен мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Және де, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғанындай, адам капиталына инвестиция салу ұлттық игіліктің материалдық-заттық элементтерінен гөрі, тезірек ұлғайғаны жөн.

    "Адам  капиталы" ұғымы әр түрлі теориялық  тұрғыдан зерттелгенімен, көптеген  авторлар іс жүзінде оны әлеуметтік  оңтайлы немесе экономикалық қажетті білімдердің, машықтардың, сапалардың, қисындардың, қабілет-қарқынның жиынтығымен байланыстырады. Бұл ретте адам капиталы ұғымы тар шеңберлі-экономикалық мәнінде және кең мағынасында қарастырылды.

    Адам  ресурстарын тиімді жоспарлау біркатар мақсаттарға қол жеткізуге орай ұйымның нәтижесіне келесідей ықпал етеді.

    Біріншіден, мамандарды пайдалануды оңтайландыру, жан-жақты, терең жоспарлау, қызметкерлердің жасырын, қолданылмай қалған әлеуметін айқындап, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған міндеттемелерді ұлғайту, қызметкерлерді басқа жұмыс орындарына ауыстыру және өндірістік процестерді қайта ұйымдастыру арқылы қол жеткізуге болады.

    Екіншіден, жұмысқа қабылдау процесін жетілдіру. Жоспарлау ұйымның мамандарға деген мұктаждығы жөніндегі ақпарат көзі болып табылады. Бұл кандидатгарды жоспарлы негізде іздестіріп, таңдауға мүмкіндік береді.

    Үшіншіден, кәсіптік оқуды ұйымдастыру. Адам ресурста-ры бойынша жасалатын жоспар компаниядағы кәсіптік оқытуды жоспарлау мен өткізуге негіз болып келеді.

    Төртіншіден, мамандарды басқарудың басқа бағдарламаларын дамыту үшін негіз жасау. Мамандар санының серпінділігі, кәсіптік құрылымындағы өзгерістер мен тенденцияларды жетік білу - адам ресурстары бөліміне жәрдем ақы, кәсіптік дамьпу, т.б. салаларда ұзақ мерзімді бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді.

    Бесіншіден, еңбек нарығындағы алдын ала жан-жақты ойластырылған, белсенді саясат есебінен жұмысшы күшіне жұмсалатын жалпы шығындарды азайту. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Бердалиева  К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері».

         Алматы -2001 ж., 126 бет

  1. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2002 ж, 225
  2. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы». Алматы 2003 ж., 445 бет
  3. Мамыров Н.К. «Халықаралық экономикалық қатынастар», 172 бет
  4. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003  ж, 213 бет
  5. Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2001
  6. Сәбден О., Тоқсанова А. «Шағын  кәсіпкерлікті  басқару», Алматы – 2002 ж,  234 бет
  7. Сахариев С.С «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж., 365 бет
  8. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы  экономикалық теория», Алматы – 2002 ж.

10.   Петти У. Экономические и статистические работы. М., 1940. С. 2.

11.  Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. М.,

1962. С. 490.

12.  Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т. Ч. 2. С. 476.

13. Шөптібаева  Г. /"Адам капиталы" мәселесінің интерпретациясы/ Саясат – 2004-4, 48-50 бб.

  1. Экономикалық саясат», Экономика –Алматы, 2002 ж, 168 бет

Информация о работе Адам және экономика, адамның экономикалық іс-әрекеті