Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 18:56, курсовая работа
Бүгін таңда Қазақстан өз дамуының қоғам ауқаттылығының өсуі адам капиталын құрайтын жеке қабілеттілік пен мүмкіндікке тәуелді болатын жаңа кезеңіне өтіп жатыр. Бұл кезең еліміздің әлеуметтік-экономикалық қүрылымдары тез өзгеріп, нарықтық іс-әрекеттердің институционаландыруымен, ескі кәсіби білім беру жүйесін өзгертетін жаңа әлеуметтік қатынастардың қалыптасуымен ерекшеленеді. Яғни адамның біліміне, білігіне, мүмкіншілігіне, әлеуетіне, сипатына жаңа талап-тілектер қоюымен қалыптасып отыр.
КІРІСПЕ ...........................................................................................................3
І. АДАМ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Экономикалық ойлар тарихы – ғылым ретінде..............................................5
1.2 Адам капиталы теориясының тұжырымдамалары....................................9
1.3 Нарықтық қатынастар дамуындағы адам капиталының рөлі....................12
ІІ. АДАМ РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Адам ресурстарын басқарудың атқаратын қызметтері................................14
2.2 Басқару қызметкерлерін бағалау....................................................................2
2.3 Қызметкерлерді басқарудың тиімділігі.........................................................23
ІІІ. Адам капиталын нығайту...............................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................34
Егер 40-70 – ші жылдары кейнсианизм батыс экономистері мен саясатшылар арасында үстемдік құрса кейінгі жылдары, ол рейгономиканың, тэтчеризмнің экономикалық саясатының негізін құраған, неоконсервативтік теориялар мен жарыста оған жол беруіне тура келді.
Бил Клинтон үкіметінің экономикалық саясаты экономикалық дамудың жаңа бұтағында (витки) өзіндік кейнсиандық - монетаристік синтезге сүйенетіндігін көрсетті.
Сонымен,
экономикалық ілімдер тарихы экономикалық
ғылымдардың даму эволюциясының жалпы
бағытын, оның басты бағыттарының трансформа-циялануын,
стратегиялық және жедел шешімдер қабылдаумен
экономикалық саясаттың өзара байланысын
түсінуге көмектеседі.
1.2 Адам капиталы теориясының тұжырымдамалары
Енді осы адам өмірінің құндылығы жөніндегі көзқарастарға тоқталсақ, адамның шаруашылық іс-әрекетін "экономикалық адам" теориясының шеңберінде үлгілеу әрі экономикалық, әрі әлеуметтік проблемеларды терең қамтуымен сипатталған. Осы теорияларда:
Біріншіден, адам тәуелсіз әрі тұрақты артықшылықтары бар дараланған тұлға ретінде көрінеді. Ол өзінің нақты әлеуметтік байланыстарынан тыс табиғат берген өзіндік бір "орташа қалыпты" адам ретінде қарастырылады, жеке пайдасын ойлайтын өзімшіл болып табылады.
Екіншіден, бұл адам ұқыпты: өзінің пайдасы қайда екенін біле тұра, ол өз мақсатын таңдап алады да, белгілі бір таңдауының салдарына қарай салыстырмалы шығынға бататынын пайымдайды.
Үшіншіден, бұл жақсы хабардар адам. Ол өзінің қажеттерін біліп қана қоймайды, сол қажеттерді қалай қанағаттандырудың жолдары туралы да оның ақпараты жеткілікті". Осындай У. Петтидің идеяларын А. Смит ілгері дамытты. Ол адамның қабілет-қарымын ел байлығының аса маңызды кезі деп санады: "Пайдалы еңбек өнімділігінің артуы, ең алдымен, жұмыскердің ептілігі мен іскерлігінің артуына, ал содан кейін ғана машиналар мен аспаптардың жақсаруына байланысты". Ол негізгі капитал деп машиналардың, еңбек қаруының, үй-жайдың, жердің өндірістік жиынтығын, сондай-ақ "қоғамның барлық тұрғындарының немесе мүшелерінің үйренген әрі пайдалы қабілеттерін" санауды ұсынған.
А.
Смиттің аса маңызды
Бұл пікірдің біздің қоғам үшін маңызы зор, керемет деген жаңалықтар, жаңа технологиялар адамдардың күшімен, даму деңгейімен, қабілетімен, іскерлігімен жүзеге асады. Сондықтан да адамның білім, еңбек ету, яғни мамандану қабілетіне инвестиция салу бірінші орында тұру қажет.
А. Смиттің идеяларын оның ізбасары Д. Рикардо дамытты. Ол ғылыми айналысқа "жұмыс күші" санатын тұңғыш рет енгізді, оны жалдану арқылы жұмыс істейтін адамдардың өзі деп білді. Еңбек ету қабілетінің ұдайы өндірісі, Д. Рикардоның айтуынша, халықтың ұдайы өндірісі барысында сол халықтың өзінің тұрмыс игіліктерін тұтынушы.
Адам капиталы теориясын тұжырымдаудың алғы шарттары К. Маркстің еңбектерінде де кездеседі. Ол былай деп жазды: "Егер шектеулі буржуазиялық формасын былай қойсақ, байлық дегеніміз қажеттіліктердің, қабілеттердің, тұтыну құралдарының, өндіргіш күштердің және т. б. индивидтердің әмбебап айырбасы тудырған әмбебаптығы болмағанда, не? Байлық дегеніміз табиғат күштеріне, яғни "табиғат" деп аталатынның күштеріне де, оның өз табиғатының күштеріне де биліктің толық дамуы болмағанда, басқа не? Байлық дегеніміз адамның творчестволық дарынының бұрынғы өткен тарихи дамудан басқа ешқандай алғышартсыз... барынша айқын көрінуі емей, не?". К. Маркс тікелей өндіріс үрдісі тұрғысынан қарағанда, жұмыс уақытын үнемдеуді негізгі капитал өндірісі деп қарауға болатынын жөне сол негізгі капиталдың өзі — адам екенін баса айтады.
К. Маркстің ілімі өзі өмір сүрген кездегі қоғамның міндеттерін түсіну аясында шектелгенін ескеру қажет. Сондықтан сол қоғамды зерттеудің іргелі негіздерінің бірі — капиталды белгілі бір катынастар жиынтығы деп, ал оның негізін жалдамалы жұмысшыларды қанау құрайды деп қарастыру болды. Мұның өзі зерттеу барысында парасатты күрделі еңбекті абстрактылы түрде қарапайым дене еңбегімен орайластыруға жол берді.
XX
ғасырдың 50—60-жылдарында адам
Біздің ойымызша, "адам капиталы" мен "жұмыс күші" ұғымдарының мәндік өрістері өзара қиылысады, бірақ үйлеспейді.
Біріншіден, жұмыс күші дегеніміз қоғамның әлеуметтік құрылымының өлшем бірлігін — жұмыспен қамтылған халық ұғымын білдіреді, ал ол, өз кезегінде, кәсіби біліктілігі, жас шамасы және т. б. сипаттары бойынша жіктеледі. Осы мәнінде жұмыс күші қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш ретіндегі адам капиталымен жақындасады. Дегенмен, жұмыс күші ұғымы ықтималды адам капиталына барлық кіретін барлық ресурстарды қамтымайды.
Өздерінің
қалыптасу сипаты мен қоғамға
мәнділігі жағынан жұмыс күші
мен адам капиталының біршама
ортақ белгілері бар екені
даусыз: ол, әдетте, ресурс шығындау арқылы
және материалдық өндірісті қысқарту
мен жинау есебінен жүзеге асырылады;
жұмыс күші мен адам капиталының деңгейі
қоғамның болашақтағы әлеуметтік-экономикалық
дамуының серпінді үрдісін айқындайды;
жұмыс күші мен адам капиталы өздерінің
сипаты жөнінен ұзак мерзімді ресурс.
1.3
Нарықтық қатынастар
дамуындағы адам капиталының
рөлі
Нарықтық
қатынастар дамуының және азаматтық
қоғам қалыптасуының белгілі
бір жағдайында жұмыс күші адам капиталына
айналатынына мүмкіншіліктер туды. Әлеуметтік
орта өндірістің, меншіктің және табысты
белудің жүйесінен
"Адам
капиталы" ұғымы әр түрлі теориялық
тұрғыдан зерттелгенімен, көптеген
авторлар іс жүзінде оны
Сонымен, жалпы алғанда, әлеуметтанушылық теория ұғымы ретіндегі адам капиталы негізгі үш компоненттен тұрады, олар — парасаттылық, біліми және биологиялық компоненттер. Олардың әрқайсысы өздігінен кемелдену, ұдайы өсіп-өну және қорлану қабілетіне ие. Адам капиталының әр бөлігі адамның тұтыну үрдісінде ұлғаймалы ұдайы өсіп-өнуі нәтижесінде қалыптасады, бұл оның денсаулығын қалпына келтіруінен, білім байытуынан, машықтануынан, жекелеген адамдардың пайда алу мақсатымен қоғамның экономикалық игіліктерінің ұлғаймалы үдайы өндірісінде осы қабілеттерді таныта білуінен көрінеді.
Биологиялық адам капиталы отбасы бюджетіне, денсаулық сақтау мен дене тәрбиесіне салымдар салу жолымен қалыптастырылады. Ол ықтималды адам капиталының биологиялық өзіндік дамуына және ішінара биологиялық нысаналы дамуына жағдай туғызып, оны табыс табу немесе пайда алу мақсатымен одан әрі пайдалану арқылы жүзеге асады. Биологиялық адам капиталын қалыптастыру халықтың денсаулық деңгейі мен еңбек етуге деген дене қабілеті тұрғысынан коғамның әлеуметтік саралануын бейнелейді.
Парасатты біліми адам капиталы көбінесе қоғамның ғылыми-біліми институттар жүйесіне салым салу арқылы қалыптасады да, екіұдай үрдісті: жаңа білімдер мен ақпарат ағындарын нысаналы түрде өндіруді және еңбек субъектісінің жеке адам, ұжым, қоғам деңгейіндегі парасатты-біліми қасиеттерін нысаналы түрде дамытуды қамтиды. Ол парасатты-біліми, өзіндік дамуға және нысаналы дамуға жағдай жасап, оны кәсіби мәртебеге, билікке, табыс табу мен пайда алу мақсатында одан әрі дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Парасатты-біліми
адам капиталын қалыптастыру, қоғамның
білім мен ақыл-парасат
ІІ. АДАМ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Адам ресурстарын басқарудың атқаратын қызметтері
Адам
ресурстарын басқару
Дамыған елдерде бұл мәселені зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, АҚШ-та «мамандарды (қызметкерлерді) басқару» пәні 200-ге жуық жоғары оқу орнында оқылады. Ірі корпорациялардағы мамандардың 30%-на жуығының магистр дәрежесі бар. Жапондықтар өздерінің өмір сүруін табиғи ресурстарға емес, адам ресурстарына байланысты деп түсінеді және де олар өздеріндегі ең басты байлық адам деп есептейді.
Қолданылатын ресурстардың көп түрлілігіне қарамастан оларды әдетте негізгі 3 топқа бөледі:
- натуралды немесе табиғи (жер, т.б.);
- материалды (капитал);
- адам ресурстары (еңбек).
Ресурстарды басқару ұйымды басқаруға негіз болады. Адам ресурстарын басқару кез келген ұйым үшін материалды және табиғи ресурстарды басқарумен катар, жалпы басқа-рудың бір құраушысы болып табылады. Алайда өз қасиет белгілеріне қарай адам ресурстары баска ресурстардан өзгешеленеді де, басқарудың ерекше әдістерін қажет етеді. Басқару процесінде адам ресурстарының өзіндік ерекшелігін ескерген жөн. Оның мәні мынада:
Біріншіден, өндіріс құралдарына қарағанда (машиналар, шикізат) адамдардың сапасы бар, соған сәйкес олар сыртқы әсерге сапалы тұрде жауап бере алады. Яғни, ұйым мен қызметкер арасындағы өзара байланыс процесі екі жақты болып табылады.
Екіншіден, сапалы болғандықтан адамдар үнемі жаңарып дамып отыруға қабілетті. Технологиялар мен оған қоса кәсіптік білім бірнеше жылдың ішінде ескеріп отыратын ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі жағдайында қызметкерлердің үнемі дамып, жаңарып отыру қабілеті кез келген ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың аса маңызды да ұзақ мерзімді көзі болып табылады.
Үшіншіден, қазіргі заманғы қоғамдағы адамның еңбек ету өмірі 30-50 жылды құрайды, осыған байланысты ұйым мен адамның ара қатынасы ұзақ мерзімдік сипат алады.
Төртіншіден, материалды және табиғи ресурстарға қарағанда адамдар ұйымға белгілі бір мақсаттармен, саналы түрде келеді де, ұйымнан осы мақсаттарына жетуде көмек күтеді.
Мамандарды басқару адамзат қоғамының даму тарихында ежелден бастау алады. Туыстық ұйымдарға біріккен сонау ежелгі адамзат қоғамының алғашқы өкілдері-ақ өздерінің өте шектеулі ресурстарын пайдалану мәселесін күнделікті шешіп отыратын, күнделікті еңбек бөлінісі, еңбек уәждемесі (мотивация) және тәртіп мәселелерімен кездесіп отыратын.
Мамандарды басқару да кез келген объектіні немесе процесті басқару секілді ұйымдық қызмет болып табылады.
Ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуімен, нарықтық қатынастардың одан әрі дамуымен және бәсекенің өрши түсуімен сипатталған XX ғасырдың соңғы жылдары мамандар алдына адам ресурстарын басқару саласында жана мәселелер туындатты. Бұл мәселелер қатарында мыналарды атап өтуге болады:
- қызметкерлердің қазіргі заманғы экономика талаптарына кәсіптік деңгейі мен білімінің сай келу мәселесін шешу;
Информация о работе Адам және экономика, адамның экономикалық іс-әрекеті