Көркемдегіш құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 17:31, реферат

Описание

Көркем әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Ұста металды, суретші бояуды қандай жақсы білсе, жазушы тілді сондай жақсы білуі керек. Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды, өмір картинасын, адам образын жасай алмайды. Тіл, әрине, жалпы ұғым. Тіл – сан сөздердің жиынтығы. Ол сөздердің ішінде терең ой, сұлу сындар, нәзік сезім, асқақ көңіл, өжет ерлік, әдеп-әркен тағы басқа адам мінезіне тән ерекшеліктерді суреттеуге керекті тамаша көркемдері де, құлақ тұндырарлық дөкір, қоқыстары да бар.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
Негізгі бөлім
I. Төлен Әбдіковтің шығармаларындағы көркемдегіш құралдар...................3
1.1 Метафора.........................................................................................................5
1.2 Теңеу..............................................................................................................12
1.3 Синекдоха......................................................................................................17
1.4 Эпитет............................................................................................................21
1.5 Метонимя.......................................................................................................26
1.6 Портрет..........................................................................................................31
Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................35

Работа состоит из  1 файл

Норматив.doc

— 197.00 Кб (Скачать документ)

8.      «Марттың басында келген екінші повеска ештеңеге қаратқан жоқ, жездеммен бүкіл ауыл болып, жылап қоштастық». (“Оралу” повесі, 70 бет). Бұл сөйлемдегі «марттың басында» метафоралық тіркес. Автор марттың алғашқы күндерін басында деген сөзбен алмастырып тұр. Мұндай нысандардың өзгешелігі ұқсастықты тануға, айқындауға көмектеседі. Автор қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстар өзгешелігімен оқырман қауымға әсерлі болып отыр.

9.      «Хаттың қарсы бетіне жауды жеңерміз, оралармыз, қауышармыз деген сөздерді шала-шарпы ұйқастырып, екі шумақ өлең жазып жіберіпті». (“Оралу” повесі, 78 бет). Осы келтірілген мысалда «хаттың бетіне» деген метафоралық тіркес болып тұр.Төлен Әбдіков бұл сөйлемде хат жазып жатқан қағаздың келесі бетіне деген тіркестің орнына қолданған.

10. «Сәлен кемпір мен ауырып жатқанда бір-ақ күннің ішінде сырқаттанбастан қайтыс болып, кішкене қызды шешесі төркініне алып, кетіпті». (“Оралу” повесі, 83 бет). Бұл сөйлемде «күннің ішінде» - метафора. Себебі автор сөздерді айрықша мәнерлеп, көркемдеп айту мақсатымен дағдылы қалпынан басқаша етіп қалыптастырған. Сондықтан да образды метафора адамның айналадағы болмысты танып білуінің логикалық тәсілі, өмірдегі шындық құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды сарапқа салудың, ой қорытудың, пәлсафалық пайымдау жасаудың құралы деп те қарауға болады.

11. «Сырттағы күзетшісі де үйге кірді. Одан ет келді». (“Әке” повесі, 10 бет). Берілген мысалда  «ет келді» деген метафора. Бұл жерде етті әкелді деген мағынада жұмсалып тұр. Яғни, мазмұнын тереңдетіп, ойды жеріне жеткізіп айтуға себепкер болып тұр.  Осындай метафора тілде елеулі қызмет атқарады. Ол сөзге атау беріп, жаңа мағына тудырады, көркем образ жасайды, сөз мағынасына көркемдік түр беріп қана қоймай, айтылған ойға терең, жанды сипат береді.

12. «Тым әріде, көз нұры, көңіл құрығы жетпейтін тым әріде қалған бейшара бір сағыныш жүрегінің түбін әлсіз түртіп, онсыз да қаусағалы тұрған әдіре қалғыр ит жанын күйзелткендей болды» (“Қонақтар” әңгімесі, 293 бет). Осы сөйлемде көз нұры, көңіл құрығы, жүрегінің түбі деген тіркестер метафора болады. Метафораның тәсіл ретіндегі басты мақсаты заттар мен құбылыстарға атау беру болғандықтан, олардың жасалуында ұқсастық заттар мен нәрселер  көмегімен жүзеге асырылған.

13. «Өткен ғасырдың аяғында ғана сынып, қан төгілген мына беймаза төбе енді ешқандай сойқан көрмегендей, ешкімді білмейтіндей, тыныш қана, иесіз, үнсіз жатты». (“Бассүйек” әңгімесі, 305 бет). Бұл мысалдағы метафора – «ғасырдың аяғы». Негізінен алғанда, ғасырда «аяқ» деген мүлдем болмайды. Бірақ бұл сөйлемде ғасырдың аяғы дегеніміз ғасырдың соңы.

14. «Бірақ мүсінді ел көзіне – ортаға қойғанда күтпеген жағдай болды».(“Бассүйек” әңгімесі, 308 бет). Берілген сөйлемдегі «ел көзі» - метафора. Себебі ел көзіне, яғни, сол елде тұратын адамдардың көзіне деген мағынаны үстеп, алмастырып тұр.  Метафоралық тіркестер бейнелеп суреттеуге шеберлікті аңғартады. Айтайын деген ойдың әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де құбылту тәсілі керек. «Құбылту – сөздердің тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті ойды өңін айналдырып айту» - дейді академик З.Қабдолов өзінің «Сөз өнері» еңбегінде.

15. « - Жоқ, мен антро... – деп Хамит бірдеңені дәлелдемек болса да, санасының түкпірінде өзінің бірдеңеге түсініп қалғанын сезе кетті». (“Бассүйек” әңгімесі, 309 бет). Осы мысалда «санасының түкпірінде» деген тіркес метафоралық тіркес болып тұр. Шынтуайтқа келгенде, сананың түкпірі болмайды. Алайда бұл сөйлемде санасының ойында деген мағынаны білдіріп тұр.

16. «Жаз бойы денесіне су тимей, кезерген құрғақ дала көзі жаңа ашылғандай, жан біткендей бусанып жатыр». (“Бассүйек” әңгімесі, 314 бет). Бұл берілген мысалда «дала көзі» метафора болып тұр.Міне, осы тұрғыдан тіл табиғатындағы метафораның сырын, жасалу жолдарын, заңдылықтарын ашып беру керек. Заттар мен құбылыстардың атауын белгілі бір сөз арқылы бекітулі болады. Бірақ ол сөз – сол зат пен құбылыстың өзі емес, оның белгілі бір қатынастағы көшірмесі, “сәулесі”. 

17. «Бұлар қабір басына жеткенде күзгі қорғасын бұлттың арасынан күн көзі жылт етіп, төбешік басындағы қалың зиратқа сәулесін түсірді».(“Бассүйек” әңгімесі, 314 бет). Осы келтірілген мысалда қабір басына, күн көзі метафоралық тіркестер. Себебі, сөз мәнін ажарландыра, өңдендіре түсу үшін автор осы тіркестер арқылы ауыстырып, мазмұнын тереңдете түскен.

18. « - Чемоданның аузын жаба алмаған болып біраз қиналды, - таттанып қалған ба немене?...» (“Қонақтар” әңгімесі, 301 бет). Бұл берілген мысалда «чемоданның аузын» деген метафора болып тұр. Негізінен алғанда чемоданның аузы болмайтыны бізге мәлім. Алайда оны біз адамның аузымен тіптен салыстыруға болмайды. Осы екі нәрсенің ұқсастық заңынан осындай метафора қолданылып тұр.

19. «Еттің үстінде Кенжебек бізге тағы ішкізді». (“Әке” повесі, 28 бет). Осы мысалда метафора – «еттің үстінде». Оның негізгі мағынасы – ет жеп отырған кезде. Метафораның түп тамыры тілдің, сөздің туу тарихымен тікелей байланысты. Метафора тілді байытады, оған бұрын болмаған жаңалықтар енгізіледі, бірде-бір нәрсенің атаусыз қалмауына көмектеседі, әсіресе жеке қаламгердің қаламынан туған қолданыстар.

20. «Өмірзақ домбырасының басын бұлғалақтатып: Төрде отырған қайын атаң, Сейсен шалға бір сәлем, - деген кезде Кәмшат қайтер екен деп жүрегім дүрсілдеп, қарап қалдым». Бұл сөйлемде «домбырасының басын» деген метафоралық тіркес болады. Себебі, домбырасының басын деген тіркес домбыраның тиегі орналасқан бөлігін деген мағынада  жұмсалып тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         1.2 Теңеу

         Жазушының бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін, ол нәрсенің өзгешелік белгілерін көрсетпей-ақ, оны екінші нәрсемен салыстырып та суреттей алады. Бұл салыстыруды теңеу деп атайды. Теңеудің өзіне тән ерекшелігі – белгісіз нәрсені белгілі нәрсеге салыстыру арқылы көзге елсетету.[1]

         Қай теңеуді алмайық, суреттеліп отырған нәрсені не құбылысты тура біздің көз алдымызға әкеліп, олар туралы дәл, нақты ұғым қалыптастырады. Бұл ретте теңеу белгісіз затты белгілі затқа айналдырып, шығармадағы авторлық идеяға қолма-қол көркемдікшешім тауып тұрғандай.[1]

 

1.Қабдолов З. «Сөз өнері», Алматы: «Санат»,2007, - 360 бет

Теңеу – суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей – ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді. [221 бет]

2.Әдебиет теориясы, Алматы:«Мектеп!,1969, - 243 бет

Теңеу – жазушы бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін, ол нәрсенің өзгешелік белгілірін көрсетпей-ақ, оны екінші  нәрсемен салыстырып та суреттей алу тәсілі. [110 бет]

 

 

Мысалдар:

1.      «Қыста мойылдай қап-қара, атақты бәйге қарақасқасын, ал жер қайырысымен жұмыртқадай аппақ жорғасын мінетін». Осы сөйлемдегі «мойылдай» және «жұмыртқадай» деген сөздер теңеу ретінде қолданылып тұр. Себебі: 1) –дай деген жұрнақ арқылы жасалып тұр; 2) Ахмет Байтұрсыновтың тұжырымдамасы бойынша: «Теңеу, көріктеу, нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанымен, нәрсенің бейнесін суреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз» дегендей, осы сөйлемдегі теңеулер белгісіз затты белгілі затқа айналдырып, сөйлемдегі авторлық идеяға қолма-қол көркемдегіш шешім тауып қолданылған. («Әке» повесі, 9 бет)

2.      «Жапағы құлағы қалқиған, қалақтай, мұртты қара екен». Осы сөйлемдегі «қалақтай» деген сөз – теңеу. Өйткені: 1) – тай деген жұрнақ арқылы жасалған; 2) Бұл теңеу – көркемдік заңдылыққа бағындырылған ажарлаудың белгісі. («Әке» повесі, 18 бет)

3.      «Өзі сарнайтын бақсыдай көзін бағжаңдатып: «Бабам қайда, бабам», - дейді әлсін-әлсін». Келтірілген мысалдағы «бақсылай» деген сөз теңеу ретінде қолданылған. –дай деген жұрнақ арқылы жасалған. Теңеу оқырман түсінігі айқындалу үшін және өнер туындысының эстетикалық әсері күшейе түсіру үшін қолданылған. («Әке» повесі, 18 бет)

4.      «Құйрығын шикідей шараға салып әкелді». Осы сөйлемдегі теңеу – «шикідей» деген сөз. –дей деген жұрнақ арқылы жасалып, сөйлемдегі «шикідей» деген теңеу арқылы көзімізге белгісіз құйрықты елестетеміз. Бұл – теңеудің өзіне тән ерекшелігі. («Әке» повесі, 18 бет)

5.      «Бірақ өзінің де шақшадай басы шарадай болды». Осы сөйлемдегі «шақшадай» және «шарадай» деген теңеулер өте ұтымды пайдаланылған. Себебі, адамның көз алдына елестетіп, әсерлі көрсетуі үшін қолданылған. («Әке» повесі, 19 бет)

6.      «Шіркін-ай, ұрпақ қалмай қояр ма деп қорқып жүруші едім, тоба, құдайдың жасаймын десе, жақсылығы аз ба» - деп жаулықтай шұбатылған бет орамалымен көзін сүрткен». Мысалдағы «жаулықтай» деген сөз теңеу ретінде қолданылған. –тай деген жұрнақ арқылы жасала отырып, сөйлемнің көркемдік образдылығын күшейту үшін қолданылып, автордың шеберлігін айқындай түсті. («Әке» повесі, 23 бет)

7.      «Кенет Кенжебек мәлік болған сиырдай ала көзденіп бізге қарап тұрды». Осы сөйлемдегі теңеу – «сиырдай». Мысалдағы теңеу әдеттегісінен тыс жаңа қолданыстарға, ішкі иірімдерге, нәзік ишараға, дәмді тұспалға, мағыналық астарға ие болады. («Әке» повесі, 27 бет)

8.      « - Не мынаны ішесіңдер, не дін жолын қуған қожа-молданың құйыршығымыз деп мойындайсыңдар – екінің бірі, - деп Кенжебек шегір көзі тікенектей қадалып, тұрып алды». Осы сөйлемдегі «тікенектей» деген теңеу сөйлемнің мазмұны мен көркемдік сипатының түрленуін, сұңғылы мен тереңдігін дөп басып, әрі нақтылап көрсетеді. («Әке» повесі, 27 бет)

9.      «Тіл–аузың тасқа тигір, көгермегір жұрт маңдайына арыстай бес ұл берген». Мысалдағы «арыстай» деген сөз – теңеу. Себебі, 1) – тай деген жұрнақ арқылы жасалған; 2) Мысалда автор теңеуді көркемдік мақсатқа пайдаланып, көркемдік қызметін, гармониялық үйлесімін шеберлікпен қолданады.  («Әке» повесі, 34 бет)

10. «Әкем бақташы. Ермектің әр хаты біздің үйде тұмардай сақталады». Зәки Ахметов: «Салыстыру, теңестіру дегеніміз ойлау, сезінудің нәтижесі болғандықтан, оған негізделіп жасалған астарлы мағынасы бар көркем бейне оқушының ой-сезімін қозғап күшті әсер етеді...»,-дегендей, мысалдағы «тұмардай» деген теңеуде оқушының ой-сезімін қозғап, әсер ету үшін пайдаланылған. («Әке» повесі, 38 бет)

11. «Құдияр термесін бітіріп, тағы айтатын адамдай жөткірініп алды». Сөйлемдегі «адамдай» деген сөз теңеу ретінде қолданылған. «Тағы да айтатын адамдай»деп теңеп суреттеп тұр. Теңеу сөйлемде сөзге айрықша өң беріп, үстеме мағына қосады. («Әке» повесі, 42 бет)

12. «Екі көзі бұлаудай». Осы сөйлемдегі «бұлаудай» деген теңеу өте ұтымды, шебер қолданылған. Себебі, теңеу сөйлемнің мазмұнын тереңдетіп, ажарландырып, суретті көрінісін түрлендіреді. («Әке» повесі, 43 бет)

13. «Екі көзім алақандай болды». Сөйлемдегі теңеу – «алақандай». – дай деген жұрнақ арқылы жасалып, адамның көзін алақанға теңей отырып, эстетикалық әсер бере отырып ұтымды қолданылған. («Әке» повесі, 50 бет)

14. «Асқар таудай әкеңнен айырылдық қой, жалғызым-ай». Мысалдағы «таудай» деген сөз теңеу ретінде пайдаланылған. Сөйлемде әкені асқардай тауға теңеп, сөйлемге көркемдігімен қатар, ерекше әсер беруімен айқындала түсті. («Әке» повесі, 59 бет)

15. « - Тай-құлындай бірге өскен Сейсен өліп жатқанда жаннан қорқып жүрейінбе?» Берілген мысалдағы теңеу - «-дай» деген жұрнақ арқылы жасалып тұр. Автордың бұл теңеуді қолданудағы мақсаты – оқырманның көз алдына суреттелетін оқиғаны суреттеп, бейнелі түрде жеткізу. («Әке» повесі,  61 бет)

16. «Шаңы бұрқылдаған, қуықтай тар көше бойымен малта тастарға шоқалақтап, ағаш көпірден өтіп, поселканың сыртына шықтық». Осы сөйлемдегі «қуықтай» деген сөз теңеу ретінде пайдаланылған. Көшені сипаттауда қолданылып,теңеп, шеберлікпен пайдаланылған. («Оралу» повесі, 65 бет)

17. «...тілім-тілім болған беттеріне тұзы жоқ сары май жағып, киіз үй ішінде таң бозындай алагеуім сәуле шашып тұрған ошақ отына аяқ-қолын жылытып, қайнап жатқан қазанға мең-зең қарап, белгісіз бір себеппен жылап отыратын ауру қатындар елестейді». Осы сөйлемдегі теңеу «-дай» деген жұрнақ арқылы жасалған. Таңның сәулесін бозға теңеп, теңеуді суреткерлік шеберлікпен қолданған. («Оралу» повесі, 71 бет)

18. «Ат тырма жүргізетін Бағила деген келіншек бетін шиедей етіп тырнап тастапты». Сөйлемдегі «шиедей» деген сөз теңеу ретінде қолданылған. Яғни, «-дей» жұрнағы арқылы жасалып, теңеуді ұтымды пайдалануымен қатар, сөйлемдегі ой мен ұғым, сыр мен сезім дәлдігін әсерлі эмоциялық шеберлікпен қолданған. («Оралу» повесі, 74 бет)

19. «Күмістей аппақ сақалына сорғалаған жасты саусағымен қалай қағып қалып отырғанын байқап қалдым». Мысалдағы теңеу «-тей» жұрнағы арқылы жасалған. Теңеу оқырман түсінігі айқындалу үшін және өнер туындысының эстетикалық әсері күшейе түсіру үшін қолданылған. («Оралу» повесі, 74 бет)

20. «Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтеріліп, ат жақты, қапсағай сары жігітті құшағына қысты». Келтірілген мысалдағы теңеу «-ша» жұрнағы арқылы жасалған. Осы сөйлемде теңеу адам образын жасауда айрықша қызмет етіп, адамның жан-дүниесін барынша тереңдей, мейлінше ашуға жұмсалған. («Қонақтар» әңгімесі, 295 бет)

Информация о работе Көркемдегіш құралдар