Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 17:31, реферат
Көркем әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Ұста металды, суретші бояуды қандай жақсы білсе, жазушы тілді сондай жақсы білуі керек. Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды, өмір картинасын, адам образын жасай алмайды. Тіл, әрине, жалпы ұғым. Тіл – сан сөздердің жиынтығы. Ол сөздердің ішінде терең ой, сұлу сындар, нәзік сезім, асқақ көңіл, өжет ерлік, әдеп-әркен тағы басқа адам мінезіне тән ерекшеліктерді суреттеуге керекті тамаша көркемдері де, құлақ тұндырарлық дөкір, қоқыстары да бар.
Кіріспе.......................................................................................................................2
Негізгі бөлім
I. Төлен Әбдіковтің шығармаларындағы көркемдегіш құралдар...................3
1.1 Метафора.........................................................................................................5
1.2 Теңеу..............................................................................................................12
1.3 Синекдоха......................................................................................................17
1.4 Эпитет............................................................................................................21
1.5 Метонимя.......................................................................................................26
1.6 Портрет..........................................................................................................31
Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................35
3. «Молданың күңіренген, сазды даусы мен құранның түсініксіз құпия сөздері дүниеден ырыздық несібелері таусылып біткен жандардың соңғы тілек – талабындай қасиетті сезіліп, киіз үйдің ішінде лық толы адамның арасынан бұл үнді бұзуға ешкімнің батылы бармады». Осы сөйлемде сазды деген сөз эпитет болып қолданылған. Себебі, сөйлемді әсерлі, айшықты етіп көрсету үшін. Бұл – автордың көркем шығармада шебер қолданысы.(«Оралу» повесі, 75 бет)
4. «Құран біткенде әйелдердің арасынан тағы бір қарлыққан зарлы дауыс шықты». Осы келтірілген сөйлемде «зарлы» деген сөз эпитет болады. Өйткені, «зарлы» деген сөз арқылы сөйлемге айрықша өң беріп, дауыс мәнерін дәл өрнектеуге қызмет етіп тұр .(«Оралу» повесі, 75 бет)
5. «Сонда жүрегімді жып – жылы сезім билеп, өзімнің де тамағыма бір ыстық түйіншек тіреліп қалды». Келтірілген мысалда, «ыстық» деген сөз – эпитет. Себебі, «түйіншек» деген сөзді өзгеше түрде етіп, ерекше жекелеп көрсету үшін «ыстық» деген сөз көркемдік жұмысын атқарып, сөйлемге бейнелі – экспресивті көркемдік мән үстеп тұр.(«Оралу» повесі, 81 бет)
6. «Жастағы асау арман, үміт – дәме, сонау студент кездегі пофессорлардың «талант, болашағы мол» деген қолпаштау сөздері, болмашы сәтті туындылар – бәрі-бәрі жайына қалды». Осы сөйлемде «асау» деген сөз эпитет ретінде қолданылған. Яғни, сөйлемде адам қиялындағы арманды суреттегенде күнделікті жиі кездесетін, әркімге белгілі, былай қарағанда елеусіз көрінетін жайды айта отырып, сол арқылы қолға ұстатқандай айқын, бейнелі етіп сипатталған.(«Оралу» повесі, 95 бет)
7. «Жасыл жапырақты қалың ағаштың арасынан түскен күн көше жиегіне кесте төгіп тұрғандай...». Осы сөйлемде қолданылған эпитеттер сөйлемге айрықша өң беріп, өмір суреттерін дәл өрнектеуге қызмет етіп тұр. («Оралу» повесі, 100 бет)
8. «Қоңыр күз болатын. Ақ жауын себелеп тұр...».Осы сөйлемдегі «қоңыр», «ақ» деген сөздер күнделікті жиі кездесетін сөздер болып көрінгенмен, сөйлемді ерекше, әсерлі, бейнелі етіп өрнектеуге қолданылаған. Яғни, сөйлемде эпитет қызметінде. («Оралу» повесі, 73 бет)
9. «Қыста мойылдай қап-қара, атақты бәйге қарақасқасын, ал жер қарайысымен жұмыртқадай аппақ жорғасын мінетін». Осы сөйлемдегі «қап-қара» және «аппақ» деген сөздер – эпитет. Яғни сөйлемде заттың, өзгеше белгілерін көрсетіп, олардың бейнесін адамдардың көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылған. («Әке» повесі, 9 бет)
10. «Байлар қанша менсінбесе де Дүйсеннің мінезінен, өткір тілінен қатты сескенетін». Келтірілген мысалда, «өткір» деген сөз эпитет болып қолданылған. Осы эпитеттің адам бойындағы қасиеттерді сипаттап беруге үлкен мәні бар. Яғни, сөйлемде эпитет тамаша шеберлікпен қолданылған. («Әке» повесі, 16 бет)
11. «Әйелі шарадағы қымызды сырлы ағаш ожаумен сапырып отыр». Сөйлемдегі «сырлы» деген сөз – эпитет. Сөйлемге айрықша өң беріп тұр. Мұндай өң, рең болмаған жерде суреткердің тілі де көрер көзге солғын тартқан болар еді. («Әке» повесі, 17 бет)
12. «Торы атқа міне шаптым». Осы сөйлемдегі «торы» деген сөз эпитет болып тұр. Негізінен бұл түстің мағыналық қолданысы әр алуан. Ал, сөйлемде аттың сипатын бейнелеп, шебер және ұтымды пайдаланған көркем сөз. («Әке» повесі, 21 бет)
13. «Кенет осыдан жарты жыл бұрын соғысқа кеткен жалғыз баласынан қара қағаз келген Жәнібек шал кемсеңдеген күйі, өз тізесінен өзі ұрып қалды». Сөйлемдегі «қара» деген сөз эпитет болып қолданылған. Негізінен мысалдағы «қара қағаз» деген тіркес – «жаман хабар» деген тіркестің орнына ауыстырылып қолданылған. Осы тіркес арқылы автор жаңа рең, жас ажар бітіріп, өзінің творчестволық шеберлігін айқындамақ. («Әке» повесі, 43 бет)
14. «Әлдеқалай көңілім босап, көзіме ыстық жас тірелді». Сөйлемде қолданылған эпитет – «ыстық» деген сөз. Кейіпкердің қаншалықты қиналғанын ыстық жас арқылы оқырманның көз алдына елестетіп, сөйлемге бір құшақ мазмұн берген Төлен Әбдіковтің эпитет қолдану машығы тым қызық. («Әке» повесі, 64 бет)
15. «Сол әдетімен үнсіз тұқиып, қолдарының білеуленген тамырларын ұстап, ақ селеу сақалын сипап, ойланып отыр». Келтірілген мысалдағы «ақ селеу» дегн тіркес эпитет ретінде қолданылған. Сөйлемдегі эпитет жай ғана көріністі елестету үшін, образ жасау үшін қолданылып отыр. Сондықтан бұлар эпитет болады. («Қонақтар» әңгімесі, 294 бет)
16. «Ерекеңнің алқымына ыстық жас тірелді». Осы сөйлемде қолданылған эпитет сөйлемге айрықша өң беріп, өмір суреттерін дәл өрнектеуге қызмет етіп тұр. («Қонақтар» әңгімесі, 293 бет)
17. «Машинаның гүрілінен оянды. Шаңқай түс. Мысалда келтірілген эпитет – «шаңқай» деген сөз. Автордың шебер қолданысымен сөйлемге айшықты, бейнелі – экспресивті көркемдік бере отырып, өзінің образдылығымен суретін көз алдына елестету үшін қолданылған. («Қонақтар» әңгімесі, 295 бет)
18. «Қызыл жолақ дастарқан жайылып, майы шалқыған күрең бауырсақтар төгілді». Сөйлемдегі эпитеттер – «қызыл жолақ» және «күрең». Яғни сөйлемде заттың, өзгеше белгілерін көрсетіп, олардың бейнесін адамдардың көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылған. («Қонақтар» әңгімесі, 297 бет)
19. «Бағанағыдан да зор, айбарлы, биік үнмен...». Осы сөйлемдегі эпитеттер күнделікті қолданылатын сөздер болып көрінгенімен, «үн» деген сөзге ерекше бір образдылық үстеп тұр. Сондықтан да бұлар эпитет болады. («Қонақтар» әңгімесі, 300 бет)
20. «Тек төбесі шұрқ – шұрқ, ескі қораның ішіне еніп, қоңырсы иісі мүңкіген қара қошқыл, дымқыл қиға өткір жалпақ кетпенін құлаштай сермеп, жұмысқа кірісіп кеткенде ғана кәрі сіңірлері жазылып, құрыстары тарқап, көңіліндегі ащы уайымы да бірте – бірте жоғала бастағандай болды». Яғни, сөйлемдегі эпитеттер адам қиялындағы арманды суреттегендей күнделікті жиі кездесетін, әркімге белгілі, былай қарағанда елеусіз көрінетін жайды айта отырып, сол арқылы қолға ұстатқандай айқын, бейнелі етіп сипатталған. («Қонақтар» әңгімесі, 302 бет)
1.5 Метонимия.
Метонимия (гр. 'метонyміа' – ауыстыру, қайтадан атау) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Метафорада ауыспалы, астарлы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туындаса, метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады.
Метонимия сөз образдылығы мен ойды ықшамдау мақсатында қолданылады. Мысалы, Абай “Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға” дегенде сүйінші сұраған жандардың баспанасын емес, адамдарын айтады. Тілімізде мифологиялық метонимиялар да кездеседі: Парнас – поэзия мен музыка мекендейтін тау аты, Пегас – Зевстің қанатты тұлпары, ақындарды рухтандырушы. Метонимия тілге жаңа сөз қоспайды, бұрынғы бар сөзге жаңа мағына үстейді немесе оның қолдану аясын кеңейтеді. Метонимияда әдет-ғұрыпқа, діни ұғымға байланысты сөздер алғашқы атауымен айтылмай, басқа сөздермен ауыстырылады (табу, эвфемизм): Тетелес, Шырайлым, ит-құс, жан тапсырды, қолды болды, т.б. Метонимия заттар мен құбылыстар атауын нақты мағынадағы байланысына қарай алмастырады. Метонимия мен оның бір түрі меңзеудің арақатынасын білу аса маңызды, жалпының орнына жалқыны немесе бөлшегі арқылы бүтінді тану меңзеуге жатса, басқа ауыстырулар метонимия бола алады.
1.Қабдолов З. «Сөз өнері», Алматы: «Санат»,2007, - 360 бет | Метонимия (грекше metenymia – қайтадан атау) – өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. [225 бет]. |
2.Хасенов Ә. «Тіл білімі» , Алматы: «Санат»,2003, - 416 бет | Метонимия (гректің metenymia атын өзгертіп атау мағыналы сөзі) – белгілі бір заттар мен құбылыстардың сыртқы және ішкі мән-мағынасының реалды байланыстылығына қарай алмастыру амалы. [146 бет]. |
3.Оралбаева Н.,Мадина Ғ., Әбілқаев А. «Қазақ тілі », Алматы: «Қазақ университеті»,1993, - 336 бет | Метонимия – әр түрлі заттың бір-біріне қатыстығы негізіндебірінің мағынасын екіншісінің атауымен берілуі. [78 бет].
|
4.Аханов К. «Тіл білімінің негіздері», Алматы,2002, - 664 бет | Метонимия - бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың (заттардың не құбылыстардың) өз ара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып, ауысуы және, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы.[143 бет]. |
5.Жүсіпова М. «Қазіргі қазақ тілі», Алматы,2008, - 274 бет | Метонимия грек тілінің – metenymia атын өзгерту, қайта ат қою деген сөзінен, жасалған термин.[76 бет]. |
Мысалдар:
1. «- Ойға барып кел, Қапсаттардың үй ішінің амандығын біл».(“Әке” повесі, 11 бет). Бұл мысалда үй ішінің деген метонимия болып тұр.Бұл жерде үйдің өзі емес, сол үйде тұратын адамдар екені өзінен-өзі түсінікті.
2. «Талып барып, ұйықтап кетсем керек, таңертеңгі шайды алдыға алып жатқан кезде тұрдым». (“Әке” повесі, 12 бет).Бұл берілген мысалда «алдыға алып» деген метонимия. Ол шайды ішіп жатқан деген мағынаны үстеп тұр. Автор бұл жердегі ойындағы бірер сөзді айтпай-ақ, ол сөзді екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жіберген.
3. « - Әне, әне, - деді Қаби басын шайқай күліп, - өзі өлейін деп жатып, тілімен біреуді шағып жатады». (“Әке” повесі, 14 бет).Осы сөйлемдегі «тілімен шағып жатады» деген тіркес метонимия болып тұр. Бұл жерде шынымен адам тілімен шаға алады деген мағынада емес, хәл үстінде жатса да, басқа адамдарға тиісті жауабын қайыру мағынасында.
4. «Артынан тағы да қазан қайнады». (“Әке” повесі, 15 бет). Бұл сөйлемде «қазан қайнады» деген метонимия. Негізінен алғанда, қазан қайнамайды. Ал осы мысалда ол қазан ішіндегі ас қайнады мағынасында жұмсалып тұр. Метонимия туралы Әмеди Хасенов былай дейді: «метонимия – белгілі бір заттар мен құбылыстардың сыртқы және ішкі мән-мағынасының реальді байланыстылығына қарай алмастыру амалы». Осы пікір берілген мысалға айтылғандай екенін аңғарамыз.
5. «Күн еңкейген шақта жолдың шетінде шашылған адамның сүйегін көрдім». (“Әке” повесі, 30 бет). Берілген мысалда «күн еңкейген» деген тіркес метонимия болып тұр. Бұл тіркес «күн батқан» деген тіркеспен алмастырылып тұр. Осындай метония арқылы автор сөз тіркестерін мәнерлеп, көркемдеген.
6. «Немістер шегініп, біздің әскерлер жау қолында қалған қалаларды бірінен соң бірін азат етіп жатты». (“Оралу” повесі, 76 бет).Осы сөйлемде метонимия – «жау қолында». Сөйлемде бұл тіркес жаудың тұтқынында деген мағынада қолданылып тұр. Бұл жерде сөздің келтірінді мағынада қолданылуын көріп отырмыз. Яғни, автор осы мағынаны жеткізу үшін басқа сөзді алып отыр.
7. «Өзеннен өткен соң мектеп тиіп тұр». (“Оралу” повесі, 79 бет). Берілген мысалда «тиіп тұр» деген тіркес метонимия болады. Тиіп тұр деген сөзді жеке алғанда жанасып, тақалып тұр деген мағынаны білдіреді. Ал бұл мысалда ол жақын жерде деген мағынаны білдіріп тұр. Осыдан әр нәрсенің бар болмысын бір-ақ танытар шағын деталь – метонимия екенін білеміз.
8. «Бәтиманың үйден алып шыққан бір жапырақ нанын балалар талап әкетпес үшін сабақ жүріп жатқанда бөліп жейміз». (“Оралу” повесі, 79 бет). Бұл сөйлемде метонимия – «бір жапырақ нанын». Себебі бір жапырақ және бір кесек деген сөздер бір атауға телініп, бірінің орнына бірі алмасып қолданылып тұр.
9. « - Е-е, шырағым, ат-көлік аман ба?». (“Оралу” повесі, 98 бет). Осы сөйлемде «ат-көлік» деген сөз метонимия. Ол бәрі жақсыма деген мағынада қолданылған. Мұнда екі нәрсені бір-біріне баламайды да, теңемейді де, тек бірінің орнына екіншісін қолданады.
10. «Әлі есінде, кешкілік қыз-келіншектердің көзінше алтыбақан сыртынан келіп, ат үстінен «Жеңеше» әніне бір салған еді-ау». (“Қонақтар” әңгімесі, 293 бет).
11. «Кенет соншалықты зор, биік дауыспен шырқай көтеріп, тынып қалып, домбыраны қайта сөйлетті». (“Қонақтар” әңгімесі, 300 бет). Берілген сөйлемде метонимия – «қайта сөйлетті». Шынтуайтқа келгенде, домбыра сөйлемейді. Бұл мысалда домбыраны қайта тартты деген мағынада қолданылған. Осындай метонимиялар арқылы автор сөзге көрік беріп, өңдендіре түскен.
12. «Трибунаға арналған ондай ресми кеңесті мен де айта алар едім біреуге: «Талант дегеніміз махаббат», «Ұлы еңбек сезімнен ғана туады» немесе «халық алдындағы борышты сезінуден туады». Түу, қандай тәтті сөздер». (“Бассүйек” әңгімесі, 311 бет). Берілген үзіндіде автор «тәтті сөздер» деген метонимияны қолданған. Сөздің дәмін тату мүмкін емес. Осы сөйлемде тәтті сөздер дегені жақсы, құлаққа жағымды естілетін сөздер мағынасында жұмсалған.
13. «Терезеден құлаған ай сәулесі стол үстіндегі бас сүйекке жартылай жарық түсіріп тұр». (“Бассүйек” әңгімесі, 311 бет). Осы мысалда «құлаған ай сәулесі» деген тіркес метонимия болып тұр. Ай сәулесінің түсуін автор ай сәулесінің құлауымен алмастырып отыр. Яғни, екі құбылыстың өзара іргелестігі негізінде атаулардың орнын ауыстырған, соған орай, сөз ауыспалы мағынада жұмсалған.
14. «Кенет осыдан жарты жыл бұрын соғысқа кеткен жалғыз баласынан қара қағаз келген Жәнібек шал кемсеңдеген күйі, өз тізесін өзі ұрып қалды».(“Әке” повесі, 43 бет). Берілген үзіндіде «қара қағаз» деген метонимия болады. Себебі сол қағаздағы жаман хабарды қара деген сөзбен алмастырып, сөйлемді ойды жеріне жеткізіп тұр.
15. «Түс кезінде Ошақтыда отырған өзіміздің назарымбет Жалғасбайлардан бір шай ішіп алып, бұлаң құйрықпен күн бата ойға құладым». (“Әке” повесі, 11 бет). Осы мысалдағы «ойға құладым» деген сөз тіркесі метонимия болып тұр. Автордың ойға құладым деп жазғаны – ойландым деген мағынаны үстеп тұр.
16. «Бес ұлының бесеуі де қасқыр, айтқаныңызды қағып алады».(“Әке ” повесі, 23 бет). Берілген сөйлемде «қасқыр», «қағып алады» деген сөздер метонимия болады. Автордың қасқыр дегені ұлдарының мінезін қасқырдың мінезімен салыстыра отырып, атын өзгерткен. Ал қағып алу деген метонимия тез түсініп алады деген мағынада қолданылған. Осыдан біз заттар аты кеңістік немесе уақытқа қатысты байланысы негізінде де алмастырыла беретінін көріп отырмыз.