Көркемдегіш құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 17:31, реферат

Описание

Көркем әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Ұста металды, суретші бояуды қандай жақсы білсе, жазушы тілді сондай жақсы білуі керек. Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды, өмір картинасын, адам образын жасай алмайды. Тіл, әрине, жалпы ұғым. Тіл – сан сөздердің жиынтығы. Ол сөздердің ішінде терең ой, сұлу сындар, нәзік сезім, асқақ көңіл, өжет ерлік, әдеп-әркен тағы басқа адам мінезіне тән ерекшеліктерді суреттеуге керекті тамаша көркемдері де, құлақ тұндырарлық дөкір, қоқыстары да бар.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
Негізгі бөлім
I. Төлен Әбдіковтің шығармаларындағы көркемдегіш құралдар...................3
1.1 Метафора.........................................................................................................5
1.2 Теңеу..............................................................................................................12
1.3 Синекдоха......................................................................................................17
1.4 Эпитет............................................................................................................21
1.5 Метонимя.......................................................................................................26
1.6 Портрет..........................................................................................................31
Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................35

Работа состоит из  1 файл

Норматив.doc

— 197.00 Кб (Скачать документ)

17. «Атағы жер жарған Естөрені де көрдік».(“Әке” повесі, 24 бет). Сөйлемде берілген метонимия – «жер жарған». Тура мағынада адамның атағы жер жара алмайтыны бәрімізге мәлім. Ал ауыспалы мағынада атағы жер жару деген бәрі естіген, бәрі танитын деген мағынаны білдіреді.

18. «Әпсаттардың өлігі көз алдыма келсе, осы күні де кейде екі қолымды төбеме қойып, безіп кеткім келеді».(“Әке” повесі, 30 бет). Бұл мысалда «төбеме» деген сөз метонимия болып тұр. Автор төбеме деген сөзді басыма деген сөздің орнына алмастырып қойған.

19. «Біздің жалпақ бастарға өнеге болсы, айта отыр, - деді Дүйсенге қарап».(“Әке” повесі, 32 бет). Берілген үзіндіде «жалпақ бастарға» деген метонимия болып тұр. Бұл метонимия байларға деген сөздің орнына алмастырылып қолданылған. 

20. «”Құлынымдап” зарлаған апамның ашы айқайы шыққанда барып жаманат хабардың мағынасына толық түсіндім». (“Әке” повесі, 43 бет). Бұл сөйлемде  «ащы айқайы» деген тіркес метонимия болып тұр. Ащы айқайы деген қатты құлаққа жағымсыз айқай мағынасында жұмсалған. Яғни, бір құбылысты екінші бір құбылыспен алмастырып тұр

             1.6 Портрет

         Әдеби образдың ішкі жан дүниесі мен сыртқы түр-тұрпаты арасындағы үйлесімді не кереғарлықты суреттеу, жекелеген ситуациялардағы ішкі психологиялық күй өзгерістерінің тысқы қимыл-ишарат, қалып-күй арқылы оны беруін бейнелеу сиякты маңызды істерді жүзеге асыруда кейіпкер кескіндемесі елеулі роль атқарады. Сондай-ақ Ә.Нарымбетовтың: «Жазушы ойының түпкі қазағы, кейіпкерге деген оның негізгі көзқарасы, суреткерлік позициясы осы портрет арқылы да жобаланып жатады», - деген үстеме пікірі де аталған компонеттің идеялық – көркемдік мәе қабаттарынажырата, айқындай түседі.[1]

         Шығармадағы портреттің құрылымдық-стилистикалық тұрғыда берілу жолдары тікелей авторлық идеяға, суреткерлік нысанаға байланысты. Кез келген көркем шығармадағы портреттік суреттемелер өздерінің толымдылық дәрежесіне қарамастан, аяқталағн сипатқа ие деп қабылданады. Сондықтан қаламгердің суреткерлік даралығының көрсеткіші болып табылатын егжей-тегжейлі толық портреттер де, тұтас бейненің қай детальдарын іле суреттеулер де – бірдей дәрежеде қорытылған, толымды пішіндемелер. Портреттегі толымдылық  пен нақтылық көркем туындының жанрлық ерекшелігіне де тәуелді. М.И.Андроникова «Прототиптен образға» атты монографиясында: «Әдебиеттегі реалды нақты адамдардың мейлінше сәтті овраздарының құпиясы, жақсы қылқалам портреттерінің құпиясы сияқты, адамның ішкі, сыртқы мәнді ерекшеліктеріне қайта жан бітіруде жатыр...», - деп, Голсуори пікіріне ортақтастық білдіреді.

         Төлен Әбдіковтің шығармалары, негізінен, қаһарманның көркем портреті жиі кездеседі. Мысалы:

1.      «Жанымдағы шоферіме көз тоқтатып қарап ем – бетінің аздаған секпілі бар, етжеңді жүзінен сәбилік аңқаулық байқалатын, шіп-шикі бала екен. Біртүрлі мұңды, қалың қабағы мен онша қиюласпай тұрған дүрдек еріндері, солбырайған ауыр бас бітімі көп сөйлемей, іштей ойлауға түсіп, дағдыланған адамның кейпін танытады». («Оралу» повесі, 65 бет) Портреттік үзіндінің кейіпкер кескіндемесін суреттеумен қатар мінездемелік мақсатқа жақындығы айқын аңғарылады. Яғни автордың негізгі ойы шофердың сыртқы бітімімен қатар ішкі болмысында нышан бере отырып, ерек жаратылыс – мінезін аңдату.

2.      «Бәтима деген жалғыз қыз менімен шамалас...Шашы жалбыраған, талдырмаш, ақсары қыз. Шашы көзіне түсе берген соң, басын әлсін-әлсін кейін серпіп, сілкіп тастай беруді әдет қып кеткен».(«Оралу» повесі, 72 бет) Портреттік үзіндіде, ең бірінші кейіпкердің жасын анықтауға және сырт келбетіне анық және нақты кескіндеме, суреттеме берілген. Осы үзіндіде автор «ақсары» деген эпитетті де қолданған. Яғни, осы тұста автордың шеберлігін бірден аңғаруға болады.

3.      «Күйеуінің өте мұқият таралған бұйра шашы, объективке тесіле қараған өткір көздері, денесін тым тік ұстауы, жалпы түріндегі өте көркем болып түссем деген сіресу белгісі оның Бәтимамен бірге, өзінің де бой-басымен қатты бағалайтынын білдіріп тұр». ».(«Оралу» повесі, 98 бет) Осы портреттік үзіндіде кейіпкердің сыртқы болмысымен қатар ішкі болмысында бірге аңғаруға болады. Портретте автор «өткір» деген эпитетті де қолданған. Осы эпитетті қолдану арқылы портретке образдылығымен қатар көркемдік суреттемені де айқындай түседі.

4.      «Одан соң омырау, жеңдері ашық, шұбар көйлек киген, шашын қидырған топ-толық, ақсары, ажарлы келіншекті  шіміркеніңкіреп, маңдайынан сүйген болды». («Қонақтар» әңгімесі, 299 бет) Осы үзіндіде кейіпкерді сырт келбетімен қатар, қосымша кейіпкердің іс-қимылымен бірге суреттелген. Автор өзінің шеберлігімен екі кейіпкерді жанастыра суреттеді.

5.      «Иегі шығыңқы, ірі, қапсағай жігіт кішкене ескі домбыраның ішектерін арбиған саусақтарымен еріне шертіп, құлағын бұрады. Біраз даңылдатып отырып, сен үшін айтып отырмын дегендей Сапабекке қарап, жуан қоңыр дауыспен жеңіл бір әнді былқылдатып бастап кетті». («Қонақтар» әңгімесі, 299 бет) Осы үзіндіде кейіпкердің сыртқы келбеті сипатталған, онымен қоса сол кейіпкердің іс-қимылы да бейнеленген. Портретті сипаттауда автор эпитетті кеңінен қолданған. Олар: қапсағай, қоңыр. Мұндай қолданыс суреттемеге өң, көрік береді; ойды жеріне жеткізіп айтуға себепкер болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Қорытынды

         Төлен Әбдіков шығармаларындағы  көркемдегіш құралдар көп кездеседі. Халық тілінің байлығын жете меңгерген Төлен Әбдіков бейнелі де астарлы көркем құралдарды пайдалана отырып, әдебиетімізді өңдендіріп, ерекше бір реңк берді. Өзінің осындай ажарлау тәсілдері арқылы оқырмандарға түсінікті және қызықты етіп жазған повестері мен әңгімелері халқымыздың әдебиетінде ерекше орын алады. Төлен Әбдіковтің шығармаларының өзіндік стилі бар. Стиль – адам.  Ендеше, адамды ұзағырақ уақыт бірге тұрып, бірге жүріп, оның мінез-құлқын, ой-арманын, іс-әрекетін неғұрлым молырақ байқасақ, соғұрлым анығырақ танитынымыз сияқты, стильді де жазушы шығармасын неғұрлым толық, неғұрлым терең тексерсек, соғұрлым айқын анықтай аламыз.

         Қысқасы, шын мәнінде ірі жазушының стилін оның суреткерлік бітімінен бөліп қарауға, оның бүкіл әдеби беті мен бағытын, бүкіл шығармасының мазмұны мен рухын белгілеген өзге «құпиялардан», айталық, ағымнан, не әдістен ажыратып әкетуге тіпті де болмайды.

         Шеберлік әр суреткердің тек өз шығармашылық мүмкіндігі мен ерекшелігіне байланысты; әр суреткер тек өз қабілеті мен талантының жеткен жеріне дейін ғана шебер. Олай болса, біз Төлен Әбдіковтің шығармаларын оқи отыра, оның  қаншалықты талантты, дарынды адам екенін түсінеміз. Бұдан жазушының жаңа қырынан, шеберлігінен танимыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.      З.Қабдолов. «Сөз өнері».-Алматы: «Санат», 2003, 528 бет

2.      «Әдебиет теориясы».-Алматы: «Мектеп», 1969, 244 бет

3.      Т.Әбдікұлы. «Оң қол».-Алматы: «Атамұра, 2002, 352 бет

4.      Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиұлы. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы».-Алматы, 1997, 256 бет

5.      З.Ахметов, Т.Шаңбаев. «Әдебиеттану терминдер сөздігі».-Алматы, 1998, 384 бет

 

 

2

 



Информация о работе Көркемдегіш құралдар