Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 17:31, реферат
Көркем әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Ұста металды, суретші бояуды қандай жақсы білсе, жазушы тілді сондай жақсы білуі керек. Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды, өмір картинасын, адам образын жасай алмайды. Тіл, әрине, жалпы ұғым. Тіл – сан сөздердің жиынтығы. Ол сөздердің ішінде терең ой, сұлу сындар, нәзік сезім, асқақ көңіл, өжет ерлік, әдеп-әркен тағы басқа адам мінезіне тән ерекшеліктерді суреттеуге керекті тамаша көркемдері де, құлақ тұндырарлық дөкір, қоқыстары да бар.
Кіріспе.......................................................................................................................2
Негізгі бөлім
I. Төлен Әбдіковтің шығармаларындағы көркемдегіш құралдар...................3
1.1 Метафора.........................................................................................................5
1.2 Теңеу..............................................................................................................12
1.3 Синекдоха......................................................................................................17
1.4 Эпитет............................................................................................................21
1.5 Метонимя.......................................................................................................26
1.6 Портрет..........................................................................................................31
Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................35
21. «Жаюлы сөреден құрт алып үлгерген аяқ-қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы ұл бала табалдырықты кесіп тұра қалды». Осы сөйлемдегі теңеу – «шидей». «-дей» деген жұрнақ арқылы жасала отырып, сөйлемнің көркемдік образдылығын күшейту үшін қолданылып, автордың шеберлігін айқындай түсті. («Қонақтар» әңгімесі, 295 бет)
22. «Қала қыздарына тән епсіздікпен кішкентай қиықша көрпенің үстінде қалаай отырарын білмей, біресе қолымен жер тіреп, бір жамбастап, жұрттың сөздеріне толық түсіне қоймай, әркімге бір қарап, үнсіз отырды». Мысалдағы теңеу – «қиықша». Себебі, 1) «-ша» жұрнағы арқылы жасалып тұр; 2) Осы теңеу арқылы оқырманның көзіне көрпенің сипатын суреткерлік шеберлікпен қолданып, бейнелі көрсету үшін қолданылған. («Қонақтар» әңгімесі, 297 бет)
1.3 Синекдоха
Бұл метонимияға жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Мұның метонимиядан айырмасы мынада: метонимияда сандық айырмашылық болмайды; ал синекдохада сандық айырмашылық болады. Егер сан жағынан айырма болмаса, синекдоха болмайды. Синекдохада бір ұғымды екінші ұғымға ауыстырғанда: бірі — үлкен, екіншісі — кіші; бірі — жалпы, екіншісі — жалқы; бірі — бүтін, екіншісі — бөлшек болуы қажет. Әрине, үлкені — кішінің орнына қолданылғанда, мағынасы тараяды да, кішісі — үлкенінің, орнына қолданылса, мағынасы зораяды, кеңиді. Мысалы, Жүз бас қой, Жиырма тұяқ мал, Көп қол жұмысты өндіріп жібереді т. б. Осы сөйлемдердегі бас, тұяқ, қол деген сөздер бір бүтін дененің бір-бір ғана бөлшегі болып тұрған жоқ, сол кішкене бөлшекті білдіретін сөздің мағынасы зорайып, белгілі бір бүтін дененің орнына ауысып қолданылып тұр. Шынында, жәндіктердің, оның ішінде осы тіркесте қойдың басы деген бір мүшенің атын білдірмей, бүтін қойдың өзін түгел қамтып, бір бүтін мал деген, яғни қой деген ұғымды білдіріп тұр. Ал, тұяқ деген сөз бүтіндей бір мал деген мәнде; қол деген сөз жұмысшының бір мүшесі емес, жұмысшы адам мағынасында айтылып тұр. Сөйтіп, осылар сияқты бөлшектің мағынасын білдіретін сөздер бүтін орнына жұмсалса, синекдоха болады. Ал колхоз бес машина алды дегендегі машина — автомобиль деудің орнына дара мағынада жұмсалып тұр. Қазіргі күнде колхоздың бәрі моторлы (техника); Магазиннен кездеме алды (сиса, жібек, торғын т. б.) дегендегілер — синекдоха мағынасының жалпыдан жалқыға қарай ауысқан түрлері. Нағыз синекдоха әдетте келеке, қалжың ретінде жұмсалады. Мысалы, Ең шебері — анау мұрт, Осының бәрі — мына сақалдың ақылы деген тәрізді сөйлемдер де қолданылады. Әрине, мұндағы сақал, мұрт дегендер адам орнына жұмсалып тұр.
1.Қабдолов З. «Сөз өнері», Алматы: «Санат»,2007, - 360 бет | Синекдоха (грекше synecdoche – арақатынасын ашу) – бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше. [226 бет]. |
2.Хасенов Ә. «Тіл білімі» , Алматы: «Санат»,2003, - 416 бет | Синекдоха (гректің synecdoche – бірге жобалап, нобайлап, шамалап түсіну мағыналы сөзі) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны (дараны), үлкеннің орнына кішіні немесе, керісінше, жалқының орнына жалпыны, бөлшектің орнына бүтінді қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы. [149 бет]. |
3.Оралбаева Н.,Мадина Ғ., Әбілқаев А. «Қазақ тілі », Алматы: «Қазақ университеті»,1993, - 336 бет | Синекдоха – белгілі бір затты оның бөлшегіне қойылған атаумен атау арқылы пайда болатын ауыспалы мағына. [78 бет].
|
4.Аханов К. «Тіл білімінің негіздері», Алматы,2002, - 664 бет | Синекдоха - бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны (дараны), үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы. [145 бет]. |
5.Жүсіпова М. «Қазіргі қазақ тілі», Алматы,2008, - 274 бет | Синекдоха – сөздерді ауыстырып қолдану арқылы көп мағыналы сөздер тудырудың бір тәсілі. [78 бет].
|
Мысалдар:
1. «Әпсаттар, Қапсаттар, Нұржан, Дүйсендерден айырылып, соқа басым қалғанда да жаны құрғыр бөлек болған соң ербиіп, тіршілік етіп жүре бердік қой, - дер еді әкем әңгімесіне кіріспей тұрып».(“Әке” повесі, 24 бет). Берілген мысалда «Әпсаттар, Қапсаттар, Дүйсендер» деген синекдоха болып тұр. Әпсаттар, Қапсаттар, Дүйсендер деген олардың өздері және қасындағы адамдар .
2. « - Біз кедей адамбыз. Мол жылқы болмайды. Азғантай үш үйлі жанға біткен бар тұяғымыз осы, - депті қазақшалап».(“Әке” повесі, 11 бет). Осы сөйлемде «тұяғымыз» деген синекдоха болады. Бұл сөйлемдегі тұяғымыз азғандай малымыз бар деген мағынада қолданылған.
3. «- Олар патшаның әскерлері ғой, қызылдардан жеңілген соң қытайға ауып барады ». (“Әке” повесі, 12 бет). Осы мысалдағы синекдоха – «қызылдардан». Автордың қызылдар деп тұрғаны соғыс кезіндегі құрылған әскер. Себебі осы сөзден синекдоха тәсілімен ауысып қолдану арқылы осындай мағына қалыптасып отыр.
4. «Бір жылы екеуі ат қосамыз деп керейлердің асына барып, бір жұмадан кейін Құсайын жалғыз өзі қайтып келді». (“Әке” повесі, 14 бет). Берілген мысалдағы «керейлердің» деген сөз синекдоха болады. Бұл сөйлемде керей руының адамдарының асына деген мағынада тұр.
5. «Біз секілді қара халыққа жер қаздың не, шөп шаптың не - бәрібір». (“Әке” повесі, 19 бет). Осы сөйлемде «қара халыққа» деген синекдоха болып тұр. Қара халық деген тіркес қарапайым халықтың орнына қолданылып тұр.
6. «Маңайдағылар енді әкеме басу айтып жатты». (“Әке” повесі, 7 бет). Берілген мысалдағы синекдоха – «маңайдағылар». Бұл синекдоха сөйлемде қасындағы адамдар деген мағынада қолданылып тұр.
7. ««Осы бір жаман болмаса, соншама жерден кім іздеп келер еді», «Артыңда, құдайға шүкір, тұяқ бар», «Балаң келсе, қуаныштан жазылып кететін бір әдетің бар еді ғой»».(“Әке” повесі, 7 бет).Берілген сөйлемде «тұяқ» - синекдоха болып тұр. Тұяқ деген сөз бұл сөйлемде синекдоха тәсілімен ауысып қолдану арқылы ұрпақ, бала деген мағынада тұр.
8. «Біздің тұқымға тіл-көз тиді. Мінеки, сол тұқымына құт дарыған Жармағамбеттен жалғыз қалдым». (“Әке” повесі, 34 бет). Осы мысалда «тұқым» деген сөз синекдоха болып тұр. Ол сөйлемге ұрпақ, бала деген мағынаны үстеп тұр.
9. «Сонда Әйнекібай екеуміз ауыл адамдарын жиып, қол бастап, ұйықтап жатқан орыстарды байлап тастап кеттік». (“Қонақтар” әңгімесі, 295 бет). Берілген сөйлемде «қол бастап» деген синекдоха. Қол сөзі әскер, жасақ деген ұғымы басында бүтіннің бөлшегі ретінде ауыспалы мағынада жұмсалса, кейіннен олар тұрақты мағынаға ауысқандығы белгілі.
10. «Ерекең сыртқа шығып, қой-ешкілерін жинап, бір семіз тоқтысын ұстап, бауыздап, «қолыңның қаруы бар ғой» деп кепкесін теріс киген бір жігітке терісін іреттіріп, мүше-мүшеге бөлдіріп, қалғандарын қатындарға тапсырып, үйге кіргенде бағанағыдай емес, әңгіме қыза түсті». (“Қонақтар” әңгімесі, 296 бет). Осы үзіндіде «қой-ешкілерін» деген синекдоха болады. Ол сөйлемде ұсақ мал мағынасында қолданылған.
11. « - Әке жолын қуса, мына менің жолымды қусын! Ие болсын мына қу шаңыраққа!» (“Қонақтар” әңгімесі, 298 бет). Бұл мысалда «қу шаңыраққа» деген синекдоха болып тұр. Синекдоха сөйлемде жалғыз отбасыға деген мағынаны білдіріп тұр.
1.4 Эпитет
Көркем әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Ал көркем тілдердің түрлері сан алуан. Олар өмір құбылысын сурет арқылы көзге елестету міндетін қойса, өз мағынасында қолданылатын сөздерге ол міндеттер қойылмайды. Солардың бірі – эпитет.
Эпитет ең алдымен өмір құбылысын сурет арқылы көрсететін көркем сөздер саналалы және әдеби шығармаларда жиі кездеседі. Басқа тілдердегі тәрізді, қазақ тіліндегі эпитеттер де негізінде сын есім арқылы анықтауыш, т.б. жолдармен де жасалынады. Сосынғы бір түрі - көсемше мен өткен шақтық есімше. Сөйлемнің мүшесі жағынан көпшілігі анықтауыш, кейде толықтауыш, пысықтауыш болып келеді. Бұлар алдыңғы анықтауыш болып келетін эпитетке қарағанда, анағұрлым аз, анағұрлым сирек. Эпитеттің шығу тарихын зерттеуші дүниежүзінің ғалымдарының қайсысы болсын мейлі, эпитет поэтик тілдің кәрі замандардан бері келе жатқан адам баласының сәбилік дәуірінде өзінің ой-пікірін сурет арқылы берумен байланысты жарыққа шықты деп таныса, қазақ фольклоры да бұл пікірдің дұрыстығын растайды. Қазақтың ескі заманнан сақталынып келген фольклор нұсқауларын алсақ, эпитет, әсіресе тұрақты эпитеттерді жиі кездестіреміз. [1]
Ғылымдағы тың тұжырымдардың байыпты бағалануы және дәйекті дәлелденуінің бір негізі эпитеттерге байланысты болып келетіні, көркем дүниелерімізден соны танудың жолдарын түсіндіретін ізденістер барлығына көз жеткізе түстік. Соның енді бірі – академик З. Ахметовтің еңбегі. Ғалымның жалпы рухани мұрамыздың сөз кестесі мен тіл өрнегіне қатысты байыпты пікірлері ғылымда қуатталып, көркем шығармалардың поэтикалық тілдік ерекшеліктеріне қатысты тексерулерде орынды аталып жүр. З. Ахметовтің еңбегінде эпитетке қатысты мынадай пікір айтылады: «Көркем шығармада белгілі бір ұғымға үнемі қатарласып айтылатын тұрақты эпитеттер көп кездесетіні белгілі. Мұның өзі кездейсоқ құбылыс емес».
1.Қабдолов З. «Сөз өнері», Алматы: «Санат»,2007, - 360 бет | Эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, анықтайтын суретті сөз.[218 бет] |
2.Әдебиет теориясы, Алматы: «Мектеп!,1969, - 243 бет | Эпитет – адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой – қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөздер.[106 бет] |
3.Жүсіпова М. «Қазіргі қазақ тілі», Алматы,2008, - 274 бет | Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз.[108 бет] |
Мысалдар:
1. «Шаңы бұрқылдаған, қуықтай тар көше бойымен малта тастарға шоқалақтап, ағаш көпірден өтіп, поселканың сыртына шықтық». Осы сөйлемде малта деген сөз эпитет болып қолданылып тұр. Өйткені тастың ерекше бір сипатын, сапасын көретеді. Яғни тасты ерекшелеп, ажарлай түсу үшін «малта» деген көркем сөз үстемелей қосылады.(«Оралу» повесі, 65 бет)
2. «Рульге сәл еңкейе түсіп, екі жағына ақ түбіт боз өскен тастақ жолға селсоқ қарап, үнсіз отыр». Сөйлемде түбіт деген сөздің сапасын анықтау үшін қолданылған. Қолданылуы бойынша, эпитеттің бұл үлгілері көп те, орынды да, ол өз алдына.(«Оралу» повесі, 65 бет).