Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 17:42, курсовая работа
Қазақ тілінің лексикалық құрамы әдеби тілде қолданылып жүрген сөздерден ғана жасалмайды. Ол сөздерден басқа да халық тілінен қамтылмаған тіл материалы, сөз байлығы бар. Бұл сөз байлығы ұлт тілі жасалған дәуірде ғана әдеби тілге еніп, бірте-бірте қалыптасып, халықтың керегіне жұмсалады. Тілдің сөздік құрамы толығып, кейбір грамматикалық формалары жетіліп, ұлт тілінің көлемі кеңейді. Мұның өзі ұлт тілінің халық тілінен айырмасын анықтайтын көрсеткіштің бірі болып табылады.
Кіріспе.................................................................................................................
І тарау ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1.1. Норма, диалект, говор туралы жалпы мәлімет.........................................
1.2 Орыс ғалымдарының «диалект», «диалектизм», «говор» терминдеріне берген анықтамалары......................................................................................
1.3 Батыс ғалымдарының диалект, жайлы көзқарастары және қазақ ғылымында «диалект» сөзінің мәні................................................................
1.4 Қазақ ғалымдарының қазақ тіліндегі диалектілер жайындағы көзқарастар....................................................................................................
ІІ тарау ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Территориялық (жергілікті) және тайпалық диалектілердің қалыптасуы және ара қатынасы........................................................................................
2.2 Қазіргі қазақ тіліндегі ауыспалы говор мен жергілікті говор.................
2.3 Қазақ тіліндегі диалектілік сипаттағы элементтер..................................
Қорытынды...................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................
Қазіргі қазақ тілінде лексикалық, акустикалық, әрі грамматикалық ерекшеліктермен оқшауланған, өздеріне ғана тән негізгі сөздік қорымен ерекшеленіп көзге түскен диалектілер жоқ, говорлар тобы бар. Бізге белгісіз көне дәуірде қазақ тілінде неше диалект болғанын ешбір тілші, ешбір тарихшы ашып бере алмады [16, 189].
Академик І. Кеңесбаев «Әдеби тіліміздің кейбір келелі мәселелері жайында» атты мақаласында: «...Сонымен, біздің айтарымыз: а) тілімізде жергілікті ерекшеліктердің бар екендігіне шек келтіруге болмайды; ә) ол ерекшеліктер говор аясынан асып кете алмайтын тәрізді, демек, «диалект» деген ұғымды шартты түрде ғана қолданған мақұл;...» [17, 3] деген болатын.
Ж. Досқараевтың Шығыс Қазақстан облысы мен Семей, Талдықорған облыстарының оңтүстік-шығыс аудандарындағы халық тілін ауыспалы говор ретінде бөлек алып қарастырғаны, ал Сырдария говорының да сондай ауыспалы сипатына назар аударғаны мәлім [18, 29].
О. Нақыспеков қазақ тілі говорларының кейінгі кезде монографиялық тұрғыдан зерттелу қорытындыларына сүйеніп, олардың бірқатарын, атап айтқанда, Ташкент, Тамды, Қарақалпақ, Түрікмен жеріндегі қазақтар тілін, сондай-ақ, Арал, Қызылорда, Қостанай, Шу бойы қазақтарының тілін ауыспалы говорлар қатарына жатқызады [1, 12]. Зерттеуші ғалымдарымыздың осындай тұжырымға келуі де қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер говор сипатында дейтін пікірді растай түседі.
Ғ. Мұсабаев қазіргі қазақ тілінің лексикасын зерттей отыра, диалект, говор жайлы көзқарасын былай түсіндіреді: Диалект деп атау үшiн өзiне тән грамматикалық құрылыс және өзiне тән сөздiк құрам болу керек болса, онда қазiргi қазақ тiлінде мұндай диалект атымен жоқ деуге болады. Сөйтiп қазiргi қазақ тiлiнде тайпалық диалект де жоқ. Говор деген терминдi айтқанда бiздің түсiнетiнiмiз - жергiлiктi сөйлеу тiлiнiң жалпы халықтық тiлден фонетикалық лексика-морфологиялық айыpмашылығы.
... қазақ тiлiне келсек, қырғыз халқы сияқты, бiр жартысы қырғыз Алатауында, екiншi жартысы Орта Азияда болып, қарым-қатынассыз ғасырлап өмip сүрген қазақтарды көрмеймiз. Тyыстық байланысынан ерте ажырап, бiр жағы Азияда, көпшiлiгi Шығыс Европада тұратын татар күйi де қазақ өмipiндe кездеспейдi. Әpi жергiлiктi, әpi тайпалық диалектiлердің тоғысқан жерi өзбек тiлiнің ерекшелiгiн туғызған жағдай да қазақ шындығында болған емес. Сондықтан қазiргi қазақ тiліндe кейбiр диалектiлiк ерекшелiктердi тайпалық тiлдердің қалдығы peтiндe тарихи тұрғыдан қараған проф. С.Аманжоловтың пiкiрiнің дұрыстығы бар. Ал қазiргi кезде қазақ тiлінде үш диалект бар деyшiлердің пiкiрi тepic. Профессор С.Аманжолов соңғы еңбегiндегi - бiр кездерде үш диалект болған деген пiкiрiн жөндей алмай кеттi. Сөйтiп, қазақ тiлiнде ешқандай диалект жоқ. Өйткенi қазiргi қазақ тiлiнде жергiлiктi диалект жасауға керектi жағдайлар болған емес [19, 175].
Профессор С.Аманжолов қазақ тілі құрамында батыс, оңтүстік, солтүстік-шығыс диалектілерін (ғалымның өзінше атауынша) ажыратса, Ж.Досқараев оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс говорлар тобына жіктеді [20, 229]. Ал оларды Н.Т.Сауранбаевтың оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс диалектілер тобы деп атағаны белгілі [21, 25]. Ш.Сарыбаев батыс, оңтүстік, шығыс және орталық-солтүстік деп төртке бөліп қарастыруды ұсынған еді. Батыстың өзін Жайық өзенінің оң жақ және сол жақ беттері деп бөлу туралы да айтқан пікірі бар [22, 31].
Бұл қазақ тіл білімінде күні бүгінге дейін жалпыға бірдей шешімін таппаған мәселе болып отыр. С.Омарбековтың «Қазақ тілі говорларының жұрт таныған ғылыми классификациясын жасау ісі — жеке говорларды сипаттауға арналған монографиялық зерттеулер арқылы ғана жүзеге асатын нәрсе» деген ақиқат пікірге қосылмауға болмайды [23, 11].
Диалектіде келешек жоқ. Мектептергe арналған бiрыңғай қазақ тiлi оқулықтарының, газет-журналдардың, көркем әдебиеттердiң мемлекеттiк бiр тұтас тiлде жазылып шығyы және қазақ халқының бiр-бiрiмен жиi араласуына жасалған жағдай қазақ тiлiндегi кейбiр диалектiлiк ерекшелiктердi толығымен жоюға мүмкiндiк тyғызды. Диалектiнiң келешегi жоқ, ол - жойылып бара жатқан құбылыс. Өйткенi бұл құбылысқа қажеттi жағдай әр формацияда әрқилы болып отырады. Бұл - жалпы қағида. Қазақ тiлi бұл қағидадан да ерекшеленедi. Қазақ тiлiнде жергiлiктi, ру-тайпалық айқын диалект болған жоқ диалектизмнің элементтерi ғана болды. Ол диалектизмдiк қалдықтар социализм тұсында мүлде жойылып, әдеби тiл дамып келедi. Miнe, қазақ тiлiнің шындығы - осы [19, 180].
Үлкейте айтқанда, қазақ тiлiнің құрамындағы уақ говор дәрежесiнде, бiр кезеңде кездескен диалектiлердің реликтiлерi (қалдықтары) дәрежесiнде ғaнa жергiлiктi ерекшелiктер бар дей аламыз. Тiптi eкi емес, үш емес, одан да көп ipi диалектiлер бар дегеннің өзiнде де Абай мен Ыбырай да, Сұлтанмахмұт пен Сәбит Дөнентаев та, Сәкен мен Бейiмбет те, Мұхтар мен Сәбит те, Fабит пен Fабиден де, Әбдiлда мен Тайыр да, Асқар мен Әбу де, Сырбай, Хамит, Сағынғали да, әр өлкедегi халық ақындары да лексика-семантикалық, грамматика-фонетикалық, жaғынан қазақ халқына бiртегiс ортақ жатық, түciнiктi тiлмен жазды. Бұлардың бiрi де Орта жүз, немесе Ұлы жүз, немесе Кiшi жүз, немесе шығыс, батыс, немесе oңтүстiк диалектiсімен жазған емес, жазуы мүмкiн де емес едi. Ipi диалектiлердің туу, өрбу жолдарын, айқын көpiнiciн алшақ кетiп, ажырау (дифференциация) тәсiлiмен дамуын да халқымыздың өткен тарихи дәуiрiнен, тiлiмiздiң ертедегi кезiнен ғана ұшыратуға болады. Егер де, айталық, жоғарыда аталған ақын, жазушыларымыз XV - XVI ғасырларда туып өмip сүрген болса, бәлкiм олар арнаулы бiр диалектiде, не өзге бiр әдеби тiлде жазған болар eдi. Ыбырай, Абай былай тұрсын, қазaқтың индвидуаль әдебиетiнiң тұңғышы Бұқар жыраудың заманында-ақ халықтық тiлiмiздiң нормалары берiк, бекем орныққан болатын.
Қазiргi тiлдегi қайталайтынымыз говорлар дәрежесiнен аса алмайтын уақ ерекшелiктер. Абай тұсындағы тiл дәрежемiз де осылай. Абай тобықтыға тән ақын деген қандай өрескел болса, Абай Орта жүз диалектiсімен, Солтүcтiк-Шығыс диалектiсімен жазды деген сондай өрескел. Ыбырай, Абай шығaрмасынан өзге қауымға, өзге өлке адамдарына жат сөздi, бөтен форманы ешкiм де таба алмайды. Керiciнше, өзге өлкеде жоқ элементтi Абай қолданбайды. Керек десең, өз өңipiндeri кездейсоқ диалекталь құбылысты Абай тiптi елемейдi, ондайдан бойын қашық ұстайды. Сөйтiп, айдан aнық мәселенi қиындатудың жөнi жоқ. [24, 137].
Қазақ тiліндегi диалект жайында қазақ тiлi мамандарының арасында әртүрлi пiкiрлердің болуы диалектiнің зерттелу дәрежесiнің төмен болғандығынан, тiлдегi - әр диалектiнi анықтау мәселесi шегiне жетпегендiктен едi деу де дұрыс емес, оның (диалектiнің) әлсiз, aйтyға тұрарлықтай eмecтiгiнeн, көзге бадырайып тұратын жергiлiктi диалектiнің жоқтығынан деп түсiнy керек. Қазақ тiлi мамандарының кейбiреулерi қазақ тiлiнде үш диалект бар десе, екiншi бiреулерi қазақ тiлi eкi диалектiге бөлiнедi дейдi, ал үшiншiлерi диалект жоқ деп айтысуларының себебi жергiлiктi диалектiнің айтарлық дәрежеде жоқтығына толық дәлел. [19, 180].
ІІ тарау ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Территориялық (жергілікті) және тайпалық диалектілердің қалыптасуы және ара қатынасы
Қоғам тарихында тайпалар мен халықтардың бір бүтін жалпыға ортақ тілдері болатыны белгілі. Оның ішінде диалектілік ерекшеліктер кездесетін тілдер де, ал диалектілік ерекшеліктері жоқ тілдер де бар екені мәлім. Диалектіні: а) территориялық немесе жергілікті; ә) тайпалық деп екі топқа бөлеміз.
Территориялық немесе жергілікті диалект. Территориялық диалект терминiн сөз еткенде, бiз өзiнiң белгiлi территориясы бар, сол жерде өзiнің ерекше грамматикалық құрылысы мен сөздiк қоры бар тiлдi түсiнемiз. Жергiлiктi диалект территориямен тығыз байланысты болып, белгiлi жағдайда ғaнa жасалды. Оның ең бастысы - феодализм дәуiрiндегi тұйық атифундия (ipi жер шаруашылығы). Өйткенi феодализмнiң тұйық шаруашылығы көршi елдермен қарым-қатынастарды қажет етпейді.Өз iшiндегi барымен базар болып, сыртқы базарды керек етпейді.Өзіне қажетті нәрселерді дөрекі түрде болса да өздері жасап, сыртқа шығармай, өз территориясы көлемінде халықты қанағаттандырарлық дәрежеде өнеркәсіп өнімдерін дайындайды. Бірен-саран сырттан келетiн товарлардың сирек қатынастары шаруашылықтың қалпына әсер ете алмайды. Мұндай тұйық шаруашылыққa орта ғасырда Германия халықтарының бөлшектелген жерлерi (земель) үлгi бола алады. Оларда әрбiр жер (земель) өзiнiң территориясы шекарасына әскери шекарашылар қойғандары да болған. Орыс халқының помещиктерi қарауларындағы крепостнойларын өз территориясынан шығармаған, егер шаруалар ол территориядан рұқсатсыз шықса, қашкын болып саналып, жазаға ұшырайтын болған.
Мұндай жағдай күншығыс халықтарында, Орта Азия елдерiнен өзбек халқының әрбір үлкен қаласында болды. Мысалы, Хорезм, Бұхара, Андижан, Самарқанд, Ташкент т.б. қалаларда диалектiнiң қалыптасуына, ең алдымен, шешyшi әсер еткен туыстық байланыc емес, территориялық жағдай eдi, сондықтан революциядан кейiнгi жерде өзбек әдеби тiлiнiң нормасын анықтау iciндe әлi де талай проблема eкeнi айқын.
Қазақ халкының тұрмыс күйiндегi ерекшелiктерi: жаз жайлаудың бiрлiгi, қыс шаруашылығының ыңғайластығына қарай қоныстас болуы, ел аралап қонақтауы, қонағуарлығы, құдандалы, тамыр-таныстығы; жекжат-жұрағат қуалау, бауырмалдығы - түркi халықтарының көпшiлiгiнде жоқ eкeнi айқын.
Айталық, Арқаға, Батысқа қазақтардың бытырай көшуiн ХVІІ-XVIІІ ғасырлар десек, онан бұрын қазақтар бiрыңғай қоныстас oтыpғaн. Ал кейiнгi кездерде Арқaғa ауған қазақ рулары жазда Арқаның көк шалғынынa малын семiртiп, рулар қысқа қарсы жылы үйекке қарай ойысып, ұлы жүзбен араласады.
Қазақ халқының революцияға дейiнгi кезеңiнiң экономикасын зерттеушiнiң бiрі мынадай бір фактiні келтiредi: Қызылорда облысындағы Кiшi жүз қазақтары Сырдариядан мұз түспей етiп, үдере көшiп, Торғай жазығын жайлайтын болған. Сол Торғай жазығында oтырғaн кезде олар Қостанайдың, Қорғaнның, Петропaвлдың күзгi жәремеңкелерiне барып тұрған. Қойдың күзгi күземiн алған соң, базарын базарлап, Торғайдан Қызықұмға қарай қайта көшiп кетедi. Бұл көшiп жүрген жерлердiң арасы, жәрмеңкеге баруын қосқанда, екі мың километрден артығырақ. Демек, қазақ халқының тұрмыс жағдайы, яғни олардың бiр-бiрiмен тығыз байланысты болып, араласып тұруы - қазақ тiлiнде өзiндiк айрықша көзге түсер ерекшелiгi бар, территориялық диалектiнiң қалыптасуына мүмкiндiк тyғызбaды.
Қазақ тiлi мамандарының iшiнде кейбiреулер қазақтың әдеби тiлiн генетикалық жағынан бiр-бiрiне байланыссыз әртүрлi диалектiлердiң өзара шоғырланып топталған жиынтығының нәтижесi деп қараyға әрекет жасады. Бұл К.Маркс пен Ф. Энгельстiң: "...В любом современном развитом языке первоначально самобытная речь возвысилась до национального языка, отчасти благодаря историческому развитию языка из готового материала, как в романских германских языках, отчасти благодаря скрещиванию и смешению наций, как английском, отчасти благодаря концентраций диалектов в единый национальный язык, обусловленный экономической и политической концентрацией", - деген пiкiрiне сүйене отырып айтылған.
Қазақ тiлiнiң шығyы мен дамуын К.Маркс пен Ф.Энгельстiң еңбектерінде көрсетiлген роман және герман тiлдерiнiн шығy және даму тарихымен бiрдей деп қарау дұрыстыққа жатпайды. Қазақ тiлi жоғарыдағы тiлдерден басқаша жаңа дами отырып қалыптасқандықтан, мұны К.Маркс пен Ф.Энгельстiң жоғарыда атап өткен индоевропалық тiлдердiң дамуындағы үш тобының ешбiреуiне жатқызyға болмайды.
Қазақ тiлi бiртұтас қыпшақ тобының бiр бөлек тiлiнiң диалектici peтiндe жеке тiл болып қалыптасқан. Сондықтан да ол диалектiлер жинағы болып табылмайды. Сондай-ақ ол тайпалар тiлдерiнiң бiрлестiгi де емес. Өйткенi тайпалар тiлi ерте кезде болмаса, орта ғасырдың бас шенiнде ерекшелiгiн сақтай алмаған. Сөйтіп жергiлiктi территориялық диалектiнiң жай-күйi қазiргi қазақ тiлiнде осы тұрғыдан қарaлyға тиiс.
Тайпалық диалект. Тайпалық диалект бiр тiлдерде болуы да, болмауы да заңды. Рулық сипат сақтaлған елдердiң тiлiнде тайпалық диалектiнiң iзi сақталуы мүмкiн.
Көптеген түркi тiлдерiнде тарихи жағдайына қарай, бiреулерiнің отырықшылық күйiне (башқұрт, әзірбайжан) байланысты, бiреулерiнiң геофизикалық алшақтығына (Мысалы, татар, қырғыз), әртүрлi генетикалық топтан құралған (өзбек, алтай) құрамына байланысты диалектiлiк ерекшелiктерi бар.
Ал, қазақ тiлiне келсек, қырғыз халқы сияқты, бiр жартысы қырғыз Алатауында, екiншi жартысы Орта Азияда болып, қарым-қатынассыз ғасырлап өмip сүрген қазақтарды көрмеймiз. тyыстық байланысынан ерте ажырап, бiр жағы Азияда, көпшiлiгi Шығыс Европада тұратын татар күйi де қазақ өмipiндe кездеспейдi. Әpi жергiлiктi, әpi тайпалық диалектiлердің тоғысқан жерi өзбек тiлiнің ерекшелiгiн туғызған жағдай да қазақ шындығында болған емес. Сондықтан қазiргi қазақ тiліндe кейбiр диалектiлiк ерекшелiктердi тайпалық тiлдердің қалдығы peтiндe тарихи тұрғыдан қараған проф. С.Аманжоловтың пiкiрiнің дұрыстығы бар. Ал қазiргi кезде қазақ тiлінде үш диалект бар деyшiлердің пiкiрi тepic. Проф. С.Аманжолов соңғы еңбегiндегi - бiр кездерде үш диалект болған деген пiкiрiн жөндей алмай кеттi. Сөйтiп, қазақ тiлiнде ешқандай диалект жоқ. Өйткенi қазiргi қазақ тiлiнде жергiлiктi диалект жасауға керектi жағдайлар болған емес.
Қазақ тiліндегi диалект жайында қазақ тiлi мамандарының арасында әртүрлi пiкiрлердің болуы диалектiнің зерттелу дәрежесiнің төмен болғандығынан, тiлдегi - әр диалектiнi анықтау мәселесi шегiне жетпегендiктен едi деу де дұрыс емес, оның (диалектiнің) әлсiз, aйтyға тұрарлықтай eмecтiгiнeн, көзге бадырайып тұратын жергiлiктi диалектiнің жоқтығынан деп түсiнy керек. Қазақ тiлi мамандарының кейбiреулерi қазақ тiлiнде үш диалект бар десе, екiншi бiреулерi қазақ тiлi eкi диалектiге бөлiнедi дейдi, ал үшiншiлерi диалект жоқ деп айтысуларының себебi жергiлiктi диалектiнің айтарлық дәрежеде жоқтығына толық дәлел.
Диалект деп атау үшiн өзiне тән грамматикалық құрылыс және өзiне тән сөздiк құрам болу керек болса, онда қазiргi қазақ тiлінде мұндай диалект атымен жоқ деуге болады. Сөйтiп қазiргi қазақ тiлiнде тайпалық диалект де жоқ.
2.2 Қазіргі қазақ тіліндегі ауыспалы говор мен жергілікті говор
Говор деген терминдi айтқанда бiздің түсiнетiнiмiз - жергiлiктi сөйлеу тiлiнiң жалпы халықтық тiлден фонетикалық лексика-морфологиялық айыpмашылығы. Қазақ ССР Fылым академиясының Тiл бiлiмi институты тарапынан ұйымдастырылған диалектологиялық экспедицияның жиырма жыл бойы жиған материалдары диалектiлiк емес, говорлық характерде. Сондықтан қазақ тiлi говорын сөз еткенде, оның өзiне тән грамматикалық құрылысы мен сөздiк қоры жоқ eкeндiгiн айта кетудi орынды деп санаймыз.